- Учителю
- «Ғұндар тарихы. ҒұН мемлекетінің қалыптасуы» (ҚМЖ)
«Ғұндар тарихы. ҒұН мемлекетінің қалыптасуы» (ҚМЖ)
М. Жүнісов атындағы ЖОББ мектебі
Тақырыбы: «Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы»
Өткізген мұғалім: Карагойшина З.Т.
Сыныбы: 6а
Пәні: Қазақстан тарихы
Мақсаты: Ғұн мемлекеті туралы жан -жақты мағлұмат ала отырып үйрену.
Күтілетін нәтижелер: А. Ғұндардың тарихымен танысады.
Б. Ғұндардың қазақ тарихында алатын орынын анықтайды.
С. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы туралы ойларын қорытындылап, тұжырым жасайды.
Керекті жабдықтар: оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, жеке, топтық жұмыс.
Сабақ кезеңдері:
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
1. Оқушылармен амандасу.
2. Психологиялық дайындық. (Топқа сары, көк түсі арқылы бөлу. Әр түске анықтама беру)
3. Үй тапсырмасын тексеру. «Өрмекші торы» әдісі
Мұғаліммен амандасады.
Оқушылар ортаға шеңбер құрып тұрады. Бір - бірінің сұрақтарына жауап береді.
Топтарға бөлінеді.
Тұсау - кесер
«Бағытталған оқу»
-
Тақырыпқа қатысты оқиға айтылады, сұрақтар қойылады.
Оқушылар оқиғанын барысын талқылайды.
Сұраққа жауап береді.
Негізгі бөлім
ББҮ әдісі арқылы жеке жұмыстанады.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
1. Тақырып бойынша білетін материиалын «Білемін» бағанына жазады.
2. Тақырып бойынша білгісі келген сұрақтарды «Білгім келеді?» бағанына жазады.
3. Оқулықтағы мәтінмен танысады.
«Үйрендім кестесін толтырып, қойған сұрақтарына жауап алады.
Қорытынды
1 - тапсырма. «Жылдар сөйлейді»
Б.з.б І мыңжылдық -
Б.з.б 3 ғасыр -
Б.з.б 209 жылы -
Б.з.б 1 ғасырдың ортасы -
Б.з.б 1 ғасырдың аяғы -
Б.з - дың 1 ғасыры -
Б.з.б. 2 - б.з. - дың 4 ғасыры -
2 - тапсырма. «Сәйкестендіру кестесі».
-
Ғұн мемлекеті құрылды 1. Түменбасы
-
Ғұн басшысы 2. алан, ас
-
Бекзадалар 3. 5000 шақырым
-
Әр түменбасыда 4. Шаньюй
-
Ғұндар- Қытай соғысы 5. Әскери жүйеде
-
Қаспий теңізіне ығысты 6. 10000 - нан әскер
-
Ұлы Қытай қорғаны 7. 300 жылдан астам
Тақырыпта кездескен жылдармен интерактивті тақтада жұмыс
Сәйкестендіру кестесімен топ болып жұмыстанады.
Бағалау
Бағалау парағы арқылы, смайлик арқылы бағалау
Оқушылар өздерін бағалайды.
Үйге тапсырма
-
$ 25 оқып келу
-
Мөде қаған туралы қосымша мәлімет жинау
Берілген тапсырмаларды күнделіктеріне жазып алады
Рефлексия
Мен бұл сабағымда жаңа формат оқуы бойынша 6 модульді (оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер, сыни тұрғыдан оқуға үйрету, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, бағалау, көшбасшылық және АКТ) қамтыдым.
Кіріспе бөлімінде оқушыларыммен амандасып, ортаға шақырып, шеңбер болып дөңгеленіп тұрып, үй тапсырмасын «Өрмекші торы» әдісімен тексердім. Барлық оқушыларым белсенді қатысып, бір - біріне сұрақ қоя отырып, жауап берді және менің қойған сұрақтарыма толық жауап берді. Оқушыларым бұл бөлімде өз белсенділіктерін көрсете білуімен қатар, Қаңлылар туралы өткен екі тақырыпты толық түсінгенін көрсетті. Себебі, оқушыларымның бір - біріне қойған сұрақтарында екі тақырыпты толық қамти отыра қойған болатын. Сондықтан үй тапсырмасын тексеруде қолданған «Өрмекші торы» әдісім, уақыт жағынан ұтымды, әрі сәтті шыққан әдіс деп білемін.
Психологиялық дайындық ретінде, әрі топқа бөлу үшін, мен көк түсті жұлдызша түрінде, ал сары түсті смайлик түрінде қиып ортаға тастаған болатынмын. Әр оқушы өздері пішініне қарай емес түсіне қарай таңдап 2 - топқа бөлініп отырды. Көк түсті таңдаған топтағы оқушыларыма, «көк» түс - нақтылықты, ұқыптылықты білдіреді, ал сары түсті таңдаған топтағы оқушыларыма, «сары» түс - шынайылық пен жігерлікті білдіреді деп түстердің мағынасын ашып, алдағы сабаққа деген ынта - жігерін арттыруда осындай психологиялық дайындық жасадым. Бұл қолданған психологиялық дайындығым оқушылардың көңілін көтеріп, өз -өзіне деген сенімділігін арттырып, сабақта өзін еркін, әрі ашық ұстауға септігін тигізді. Өйткені, оқушыларым сабақ барысында сабаққа кіріп отырған басқа ұстаздардан еш қысылмай өз ойларын еркін, ашық айта отырып, сабағыма бар ынта - жігерімен қатыса білді.
Тұсау -кесер бөлімінде оқулықта жоқ, бірақ бүгінгі сабақтағы тұлғаның өміріне қатысты шағын әңгіме дайындап келіп, оқушыларыма « Бағытталған оқу» әдісін қолдандым. « Бағытталған оқу» әдісі өте сәтті шықты. Мен бұл әдісімде бағытталған сұрақтар қойғанымда барлық деңгейдегі оқушыларым өз ойларын айқын, нақты, жүйелі, еркін жеткізе білді. « Бағытталған оқу» әдісі уақытым көбін алса да, оқушыларымның бұл әдіске үйренгендігі соншалық, өз ойларын ашық, еркін және дәлелді жауаптармен айта білді және белсенді қатысты. Оқушылардың өз ойын жүйелі жеткізе білуі, тереңнен салыстыра отырып, ойлауы, өзіндік идеяларын тиімді ұсынуы сабақ барысында айрықша байқалып, қатысушыларды өздеріне еріксіз баурап алды. Бұл әдіс Тұсау -кесер бөлімінен Негізгі бөлімге көшу барысында өте тиімді әдіс деп білемін. Сондықтан уақытым көптеу кетсе де осы әдісімді сәтті шыққан әдіс деп толықтай айта аламын.
Негізгі бөлімде, «Білемін/ Білгім келеді/ Үйрендім» әдісін қолдандым. Бұл әдісті алу себебім, бұл тақырыпты оқушыларым 5 - сыныпта жалпылама оқып кеткен болатын. Сондықтан 5 - сыныпта өткен тақырыптан не естерінде қалғанын білу мақсатында осы әдісті алғанды жөн көрдім. «Білемін» бағанына оқушыларым: «Ғұн мемлекетінің негізін қалаған Мөде қаған. Олар қытайларға қарсы жорық жасады. Қытай елі ғұндардан қорғану үшін «Ұлы Қытай қорғанын» салған. Ғұндар соғысқа өте тиянақты дайындалған. Мөде өте тәртіпті, әрі қатал. Ғұндар үйсіндермен көршілес тұрған» деп жүйелі жауап берді. «Білгім келеді» бағанына оқушылар: «Қай елдермен соғысты? Көршілес елдермен қандай қарым - қатынаста болды? Діни -наным сенімдері қандай? Мәдениеті туралы білгім келеді? Халқыны, әскерінің саны қанша? Әйелі, балалары болды ма? Ғұн мемлекетінің алып жатқан аумағы қандай» деген сұрақтрды қойған болатын. «Үйрендім бағанында оқушылар осы сұрақтарға жауап алып жұмыстанды. Тақырыпта кездеспеген сұрақтарға жауапты үйге тапсырма ретінде беріп, қосымша мәліметпен жұмыстануға тапсырдым. Бұл әдісті қолдануым да көңілімнен шықты. Өйткені, мен бұл әдісті қолдана отырып, оқушыларға 5 сыныпта өткен тақырыпты естеріне түсіре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын кең ауқымда, толықтай ашуға мүмкіндік берді. Оқушыларым бұл бөлімде де өздерінің білім - білік дағдыларын толықтай ашып көрсете алды. Мен сол себепті бұл әдісімді сәтті шыққан әдіс деп білемін.
Қорытынды бөлімде, тарих сабағы болғандықтан 2 - тапсырма алдым, онын бірі «Жылдармен жұмыс». «Жылдармен жұмыс» тапсырмасында тақырыпта кездесетін барлық жылдарды қамтыдым. Берілген екі тапсырмада да оқушылар өздерінің шапшаңдықтарын, алғырлықтарын көрсете білді. Жауапты толық, нақты бере білді. Бұл тапсырмаларды орындауда Оқушылар арасында бәсекелестік пен белсенділік артты.
Бүгінгі өткен сабағымды бағалаудың екі түрін (кері байланыс парағы, смайлик) қолдандым. Бірінші бағалауда оқушылар өздерін бағаласа, екінші бағалау түрімен бүгінгі өткен сабақты бағалады. Екі бағалау түрінен оқушыларға бүгінгі сабақ өте ұнағаны көрініп тұр. Сабақтың оқушыларға ұнағанын тек сабақты бағалаудан ғана емес, сабаққа қатысуынан да көруге болады.
Үйге тапсырма ретінде осы тақырыпты оқуға және Мөде қаған туралы қосымша мәлімет жинап келуге бердім.
Сабақтан алған өз әсерімді қорытындылай келе, «Жаңа әдіс - тәсілдерді» сәтті пайдалана отырып, оқушыларды сабаққа бағыттауға зор ықпал тигізе отырып, психологиялық дайындықты шебер қолдана біліп, жүзеге асыруым менің бүгінгі сабақта көшбасшылығымды көрсетеді деп ойлаймын.
Бүгінгі сабағым құрылымы жағынан оқушыларымның жас ерекшеліктерін ескере отырып, АКТ мүмкіндіктерін ұтымды қолданып, «Сыни ойлауға үйрету» моделінің тиімді әдістерді қолданып, бағалауды жүзеге асыру көшбасшылық қабілеттің болуы деп білемін.
Бүгінгі сабақтың мен үшін орны ерекше.