7


  • Учителю
  • Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістемелері

Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістемелері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістемелері


Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінде жағымды, жағымсыз жақтары болатыны белгілі. Сондықтан да оқушыларды тұлғалық қасиеті тұрғысынан зерттеуге арналған жұмыстардың әдіс-тәсілдеріне тоқталайық. Оқушы бойындағы бір күн байқалмаған қасиет екінші күні байқалып отыратындық-тан оқушыларға арналған күнделік жүргізу керек деп ойлаймыз. Онда жыл бойы әр бала туралы мәлімет жазылу керек. Ол әрі қысқа нақты, жазылады. Оқу жылы соңында «мен қандай оқушымын» - деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізіп, жазылған психологиялық күнделікпен оқушыны таныстыруға болады.

Әр оқушының мінез-құлқына талдау жасап, сенің бойыңда мынандай жақсы қасиеттер бар, сол үшін сені жұрттың бәрі ұнатады, сенің бойыңда мынандай жағымсыз қасиеттер бар - деп оның зиянды екенін түсіндіріп отыру қажет.

Оқушылардың мінез-қүлқындағы қиыншылықтарды анықтау үшін сынып жетекшілерімен, ата-аналармен мектеп психологы тығыз қатынаста болуы керек. Ең алдымен біз сынып жетекшілеріне оқушыларға арналған гистограмманы ұсындық.

Гистограмманың мақсаты: мұғалімнің бағалауы бойынша оқушының мінез-құлқындағы ерекшеліктерді анықтау.

Жекіншек жастағы балалардың арасында суицидтік проблеманың туындауы, мектеп жасындағы оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерімен байланыстырады. Көптеген психологтар өз зерттеулері бойынша жеткіншектердің отбасында дұрыс тәрбие алмауы, ата-анасының мейірімін көрмеген, отбасындағы шиеленіскен жағдайлар салдарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады:

- Отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы, жеткіншек жастағы

баланың өз қатарынан кем қалуы;


- Баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы қарауы, баланың жан

дүниесін түсінбеуі, баланың ата-ана тарапынан өте қатты қысым көруі;


- Қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі ана баланың тек қана

материалдық жағдайын қамтамасыз етіп, бала өзінің үлкендерге

керексіз екенін сезінуі.


- Шектен тыс қамқорлық, баланың әр қылығын қанағаттандыру, жеткіншектің қыңыр болып өсуі.

- Жеткіншек жастағы балалардың бір-біріне қысым көрсетуі;


Жеткіншек жас сыныптарында кез-келген мұғалімнің оқушылары 30 немесе одан да көп болуы мүмкін. Олардың әрқайсысын зерттеп білу өте қиын. Өзінің жұмысын жеңілдету үшін неғұрлым жүйелі және белгілі тәртіппен бақылап, оқушылардың мінез-құлқынан байқалған көріністерді қысқаша жазып жүрген дұрыс болады. Мұндай бақылау күнделігі әрбір баланың ерекшелігін дәл анықтауға және оған мінездеме үшін мәліметтер жинауға мүмкіндік береді.


  1. Өзін - өзі ұстай алмайтын, тез қозғалатын, құрбыларымен жиі дау -дамайға түсетін оқушылар.

  2. Тез ашуланатын балалар, әдетте бұл балалардың көп нәрсеге көңілі толмайды, біреуге ренжісе көпке дейін есінде сақтайды. Бұл топтағы балалар қарым-қатынасы ұнатпайды.

Оқушылардың осы 2 топтың қайсысына жататындығын анықтау үшін олардың оқу үрдісі кезеңінде, үзіліс кезінде, қоғамдық жұмыстар жүргізіліп жатқан кезеңдерде мұқият бақылау керек.

Психолог Н.Д.Левитов ұсынған оқушының мінез-құлқының бар ерекшелігі - шыдамдылықтың қалай көрінетініне қысқаша бақылау жоспарын мысал ретінде келтіреміз:

1. Үзілістен кейін оқушы сыныпқа қалай кіреді және партаға қалай отырады?

2. Оқушының зейіні сабаққа бөлінген бе, ол басқа бір нәрсемен айналысып отырған жоқ па?

3. Одан сабақ сұрағанда, тақтаға шақырғанда, оқушы жинақы қалыпта ма?

4. Сәтті, сәтсіз жауаптан соң, оқушы өз эмоциясын қаншалықты
дәрежеде ұстайды?

5. Сөйлеп тұрғанда, оқушы өзін - өзі қалай ұстайды ? Сөйлегенде артық асығыстық жасай ма, шектен тыс көп сөйлемей ме, анайы сөздерді қолданбай ма?

6. Кейбір ерекше жағдайларда (мысалы, оның зейіні бөлетін
терезеден қызық бір нәрсе көргенде немесе сыныпта бөтен кісі
отырғанда) шыдамдылығы қандай, оқушы сабақта өзін қалай
ұстай біледі?

7. Шыдамдылық оқушының дағдылы, табиғи жағдайы ма, жоқ

әлде ол одан біршама күш жұмсауы қажет етіп тұр ма? Әр түрлі жағдайларда мінездің көрінуін жіті тексеру үшін ұзақ та жүйелі жүргізілетін бақылау өте құнды болады.

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, қиындықтар не себептен пайда болатынын мына кесте арқылы көруге болады.

Бала психикасының көріністері оның мінезіне, темпераментіне, жеке даралық өзгешеліктеріне байланысты:

Мінез белгілерінің көпшілігі мынадай:

1.Эмоциялық (қызбалық, құштарлық, нәзіктік, жабырқаушылық,

т.б.);

2. Моральдық (адалдық, көпшілдік, қоғамдық борышты сезіну, жауапкершілік, ілтипаттылық, зейінділік, т.б.);

З. Еріктік (шешімділік, табандылық, ерлік, өзін-өзі ұстау, байсалдылық, мақсатқа талпынушылық, белсенділік, батылдық, сенімділік, төзімділік, т.б.) болып бірігеді.

Баланың жасына қарай психикалық дамуында болатын өзгерістердің бірі - темперамент ерекшеліктері. Мұның белгісі баланың қылығынан айналысатын ісінен, ойынынан, сөйлей бастаған сөзінен көрініс береді де, сангвиник, флегматик, холерик және меланхолик деп 4 типке бөлінеді.

Сангвиник- қуатты, тұрлаулы, ширақ тип, ойнақы, еті тірі, бірақ кез келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері - іс жоқ кезде сылбыр, күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайттар.

Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып, мұңаяды. Бет жүзінен көңіл-күйі, заттар мен адамдарға болған қатынасы білініп тұрады. Сезімталдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсері болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейді.

Жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт талып шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін таңдаған обьектіге тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса, өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті жедел, ақыл-ойы икемді , тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйлері, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса қайта үйреніп, жаңа дағдыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субьектив пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді обьектив бағамдауға бейім, экстраверт.

Холерик - бұл сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді.Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділікпен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан- ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан- толық экстраверт.

Нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбіне ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келеді. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп, сылқ түсетін кездері де болады.

Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде -интроверт.

Осы темпераменттің осал жері- қимыл қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.

Меланхолик - өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп-толық интроверт.

Тұйықтық, өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық-осы тампераменттің ең бір нашар жағы.

Әр адамның темперамент типі тума екендігі қаотқысыз дәлелденген, ал қасиеттер түріне байланысты белгілі типтің ұйымдасу проблемасы -әлі ғылыми шешімін таппаған.

Сангвиник темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Ол ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, оптимист, өмірсүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Сыныпта мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика, пантомимика) жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.

Флегматик темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым-ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераментіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.

Холерик темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Бұл ұшып қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл-әрекетті сүйеді. Әдетте оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды, онда ой-әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой-әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл-қозғалыстарын билей алмай, қабынып, «күйіп-пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан түрлі әсерге тез беріледі, ызақор келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.

Меланхолик темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жайбасар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен, онысы терең және ұзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақыртып есеп шығатса, мұның өзі оған кейде әлдеқандай зор әсер етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім кластағы балалардың көзінше оған ұрысатын болса (бұлай ету әрине дұрыс емес) мұндайда бала әрине төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайдға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып белсенді сөз айтудан қалады. Бұл темпераменттегі оқушы, көбінесе өз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана жүріп- тұрғанды ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бір бет, қыңыр қисық ке




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал