- Учителю
- 'ҚАзақ хандары мен билері' (5-сынып)
'ҚАзақ хандары мен билері' (5-сынып)
Қордай ауданы
№28 Ш.Уәлиханов
атындағы орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі
Балмуратова Айнур Болсыновна
Сыныбы: 5 сынып
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандары мен билері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, қазақ халқының бұрынғы сот төрелігі, билік айту жүйесімен таныстыру, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, өнегелі істері жайында мәлімет беру.
Дамытушылық: Өткен ғасырлардағы қазақ елінің сот жүйесі төрелік ету дәстүрімен таныстыра отырып мемлекет, билік жайында мәліметтерін кеңейту, құқықтық түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ хандарының ұлт мемлекеттігінің негізін салуы мен нығайту жолындағы ерлікке толы еңбектеріне баға бере отырып, олардың Қазақ хандығын жауға бермей, ұлан-ғайыр жерді ұрпаққа мұра етіп қалдыруда атқарған қызметін үлгі етіп, оқушылардың бойларына сіңіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
- сұрақ-жауап, көрнекіліктер арқылы түсіндіру.
-
БҮҮ тәсілі
Бағалау түрлері:
-
БҮҮ - өзін-өзі бағалау.
-
«Маған не ұнады?» кері байланыс парағы.
Сабақтың көрнекілігі:
-
портреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1.Сәлемдесу.
2.Түгендеу.
3.Назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Кесте толтыру.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Дәуір
Тайпалар
Антропологиялық типі
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіруге даярлау.
ІV. Жаңа сабақ
Хан- орта ғ-ғы Қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы. Бұл билік атадан балаға мұра ретінде қалдырылып отырды. Елді басқаруда хан ұлыс сұлтандары мен билерден тұратын Кеңеске сүйенген. Аса маңызды мәселелерді шешу үшін Құрылтай шақырылған. Ханның жеке шаруашылығын жүргізетін, орданы қорғайтын адамдарды төлеңгіт деп атаған.
Жошы- Шыңғысханның үлкен ұлы. Шешесінің аты-Бөрте. Шыңғысхан өзі жаулап алған жерін төрт ұлына бөліп береді. Үлкен ұлы Жошыға Ертістен Еділге дейінгі жерлер тиеді. Бұл өлке Дешті Қыпшақ аталды. Жошы 1227 жылы қайтыс болады. Оның күмбезі қазіргі Жезқазған қаласынан алыс емес, Кеңгір өзенінің бойында орналасқан.
-
ХАН
-
СҰЛТАН
-
БИ
-
АҚСАҚАЛ
-
АУЫЛБАСЫ
-
БАТЫРЛАР
-
ТӨЛЕҢГІТТЕР
Билер
-
Қазыбек би
-
Төле би
-
Әйтеке би
Қазақ хандарының әулеті Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыдан тарайды. Ал осы Жошы ұрпақтары қазақтың төре руын құраған. ХҮ ғ. орт. Керей мен Жәнібек Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Жетісу жеріне келеді. Бұл екеуінен кейінгі хан Бұрындық қана Керейдің ұрпағы. ХҮ ғ. Жәнібектің баласы Қасым ханы кезінде қазақ қоғамы «Қасым ханның қасқа жолы» атты заңдар ережесінің аясында өмір сүрді.
Тәуке хан-1680-1715 (1718) жылдары билік етті. Тәуке ханның билігі тұсында қазақтардың әдеттік- құқықтық жүйесі «Жеті жарғы» деген атпен бір жүйеге келтірілді.
Қазақ билері
Әйгілі билер
Өмір сүрген уақыты
Төле би
1663-1756ж.
Әз Тәукенің «Жеті жарғысын» жасауға қатысқан. Ұлы жүздің басшысы.
Қазыбек би
1667-1764 ж.
Елші ретінде бірнеше сыртқы елдерге барды. Орта жүздің бас биі.
Әйтеке би
1682-1766 ж.
Қазақ хандығының бірігуі, біртұтас әрі күшті мемлекет болуы үшін, әділетті қоғам жолында күресті. Кіші жүзді биледі.
ІҮ. Бекіту
сұрақ - жауап
1. Ханның атқаратын қызметіне баға беріңдер.
2.Хан болу үшін қандай басты талап қойылды?
3.Қазақтың қандай хандарымен, олардың ерлік істерімен таныстыңдар?
4.Төле, Әйтеке, Қазыбек билер қазақ қоғамын, хандықты нығайтуда қандай рөл атқарды?
Бағалау: «Басбармақ» арқылы.
БҮҮ тәсілі:
Білемін
Үйрендім
Үйренгім келеді
«Маған не ұнады» кері байланыс парағы.
V. Үйге тапсырма беру: п. 13
VІ. бағалау.