7


'ҚАзақ билері ' (5 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектеп

Тақырыбы: Қазақ билері, батырлары

Пән мұғалімі: Асқар Айнұр



Қазақ билері, батырлары

5 сынып
Тақырыбы: Қазақ билері, батырлары
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға би, батыр ұғымдарының мәнін ашу және XVIII ғасырдағы қазақ билері мен батырларының қоғамдағы алар орны, қазақ халқының бұрынғы сот төрелігі, билік айту жүйесімен таныстыру, қазақ билерінің өмірі, өнегелі істері жайында мәлімет беру.
Дамытушылық: Өткен ғасырлардағы қазақ елінің сот жүйесі төрелік ету дәстүрімен таныстыра отырып мемлекет, билік жайында мәліметтерін кеңейту, құқықтық түсініктерін дамыту. Қазақ батырларының ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Қара қылды қақ жарған әділ билік айтқан билер мен батырлар өмірін мысалға келтіре отырып әділдікке, адамгершілікке, адалдыққа, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: интерактивті
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап
Көрнекілігі: слайд.
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру
II. Ой шақыру.
Қазақ хандығын кім басқарды?
Тарихта қазақ хандығын басқарған қандай хандарды білесіңдер?
Қазақ хандарының бойында қандай қасиеттер болған?
III. Үй тапсырмасын сұрау
Тарихта қазақ елінің хандары қандай қызметтер атқарған?
Алаша, Уыз, Жошы хандар жайында әңгімеле
Қазақ мемлекетінің алғашқы ханы кім?
Хандарға ел басқаруда, маңызды мәселелерді шешуде кімдер көмектесті?
Абылай хан қазақ ордасының ханы, қазақ мемлекетінің аса ірі қоғам қайраткері (еркін жазу)
Жаңа сабақ:
Қазақ билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
Ақылы асқан әз Тәуке
Жоңғар мемлекетінің құрылуы
Қазақ батырлары
Мағынаны тану:
Қазақ билерінен кімдерді білеміз?
Қазақ билерінің бойында қандай қасиеттер болған?
Шешен - ақылды, заңгер, ойшыл, дана, көреген, елші.

Қазақ батырларынан кімдерді білеміз?
Қазақ батырларының бойындағы қасиеттерді атаңыз?
Батыр - ақылды, ержүрек, қолбасшы, елін сүйген, ерен
Азаттық үшін күрескен

Ой толғаныс
Цифрлар сыры неде? (ойын)
Сәйкестендіру
Бөгенбай -------------- Дарабоз батыр
Қабанбай -------------- Батыр
Наурызбай ------------ Алатаудай Ақша батыр
Баян ---------------------- Шапырашты
Жәнібек ----------------- Шақшақ

Кім жылдам?
Ұлы жүздің биі
18 жасында мәмілегер қызметін атқарған кім?
Қазыбек би Жоңғар хандығына барып, қай ханды босатып алып келеді?
Әйтеке би кімдердің тәрбиесінде болған?
"Жеті жарғы " қай ханның тұсында жасалды?
Қабанбай батырдың шын есімі
Тархандық атақ кімдерге берілді?

Бекіту сұрақтары:
Билер қазақ қоғамында қандай қызмет атқарған?
Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің Қазақ хандығын нығайтудағы рөлі қандай болды?
Тәуке хан өмір сүрген замандағы тарихи жағдайға сипаттама бер
Неліктен Тәуке хан билік еткен заманды «Алтын ғасыр» деп атаған?
Жоңғар мемлекеті қалай құрылды?
Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ батырларының ерлігі қандай еді?
«Батырлар - ел қорғаны» эссе жазу
Қорытындылау:
Бүгінгі сабақта қандай әсер алдың? Өз ойыңды жаз
Бағалау
Үйге тапсырма:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал