- Учителю
- Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы,«Абай атындағы орта мектебі» ММ тарих пәні мұғалімі К.Мусаева
Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Мақсаты:
Қазақ хандығының құрылуы,тарихи маңызы,этникалық құрамы,көрші елдермен қарым-қатынасы туралы мағлұмат беру.
Оқушыларды тарихи оқиғаларды оқып-үйренуге,қорытынды жасау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту,алған білімдерін одан әрі тереңдету.
Еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға,елін,жерін сүюге,қорғауға баулу.
Көрнекілігі: Слайдтар,Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнетаспа,үлестірмелер
Әдісі: Ауызша баяндау,сұрақ-жауап,топпен жұмыс
Түрі: Аралас
Жүрісі: 1.ұйымдастыру бөлімі
Сынып «Керей»,«Жәнібек»,«Қазақ хандығы» болып 3 топқа бөлінеді.
2.Үй тапсырмасын үлестірмелер арқылы сұрау.
3.Керей мен Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы атты қөрініс (Мұхаммедрасулах, Нұрсұлтан,Жалғас)
4.Бейнетаспа
5.Жаңа сабақты меңгерту
Жоспар:
1.Қазақ хандығының негізін салушылар
2.Этникалық құрамы мен аумағы
3. Көршілес елдермен байланыс
Қазақ хандығының іргесін нығайтып, оның күщ-қуатын арттыру, оны дербес мемлекетке айналдыру билеуші топтардың мүддесіне сай келді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы тайпалардың басым көпшілігі xv ғасырдың 40-50 жылдардың өзіңде-ақ Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасқан еді.
Керей мен Жәнібектің Жетісуға келуін тарихшы М.Х.Дулати 1465-1466 жылдар деп жазады. Сұлтандар Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, 1465-1466 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды.
Хандықтың алғашқы алып жатқан жері Қозыбасы мен Шу аумағы болған.
XIV-XV ғасырларда Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа,Алтайдан Каспий мен Аралға дейінгі кең-байтақ даланы қоныстанған еді.Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін,қыпшақ,маңғыт,керей,т.б тайпалар болды.Бұл тайпалар экономикалық,әлеуметтік-мәдени жағынан бір-біріне толық сай келген этникалық топтар еді.
Қазақ хандығының алғаш қарым-қатынас жасаған елі Моғол хандығы болды.Қырғыздармен де тату-тәтті қатынас жасады.
Сергіту сәті: «ия» немесе «жоқ»
Қазақ жерін мекендеген ру-тайпалардың этникалық,саяси жағынан топтасуы күшейе түсті. Ия.
Қазақ хандығының алғаш тағына отырған Жәнібек хан. Жоқ.
«Тарихи домино» ойыны (сөздерді ретімен қою).
Бекіту сұрақтары:
1.Сұлтандардың Жетісуға қарай көшудегі мақсаты неде?
2.Хандықтың этникалық құрамы қандай ру-тайпалардан тұрды?
3.Қазақ хандығының алғаш қарым-қатынас жасаған елі?
6.Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу және тәуелсіз Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзі елдерімен байланысы атты шағын шығарма жазу.
7.Бағалау.