7


  • Учителю
  • Жаңа технологияның ақпараттық – коммуникациялық ерекшеліктері (баяндама)

Жаңа технологияның ақпараттық – коммуникациялық ерекшеліктері (баяндама)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Алжанов Саржан Тарих пәнінің мұғаліміЖаңа технологияның ақпараттық – коммуникациялық ерекшеліктеріМемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Заман талабына сай жас ұрпаққа білім беру саласында көптеген өзгерістер
предварительный просмотр материала

Алжанов Саржан

Тарих пәнінің мұғалімі

Жаңа технологияның ақпараттық - коммуникациялық ерекшеліктері

Мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. Заман талабына сай жас ұрпаққа білім беру саласында көптеген өзгерістер болып жатыр. Балаларды жан-жақты дамытып, жаңа заманның азаматын тәрбиелеу, соның нәтижесінде қазақ елін алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер қатарына қосу - ұстаздар алдында тұрған басты міндет.

Жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдану , білім саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру - оқыту мен тәрбиелеудің ақпараттық технология-ларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан қамтамассыздандыру.

Жаңа ақпараттық технологиялар білім беруде ең алдымен мектептерде тәжірибелі ұстаздардың білімін игеруге , жан-жақты білім алушылардың санын көбейтеді. Қазіргі кезде кез-келген тақырып бойынша мәліметтерді алу үшін ғаламторды пайдалануда өте бай тәжірибелерге қол жеткізуде.

Ақпараттық - комуникациялық технологиясын ағылшын тілі сабағында қолдану ерекшеліктері: Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдау, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу-оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу. Оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғы тұлғаны қалыптастыру оқу, тәрбие жүйесіндегі инновациясын технологияларды соның ішіндегі ақпарат технологиясын ағылшын тілі сабағында қолдану өз тәжірибенің өзекті мәселесі ретінде туындауы үлкен жетістіктерге жетелейді деп ойлаймын.

Жаңа ақпараттық технология мәтіндік редактор, электрондық кесте мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және комуникациялық технологиямен сипатталады.

Ақпараттық технология үрдісі өз бетінше іздене білуге, өзгерте білуге, білімді ақпараттық технологиялар және техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білуді үйретеді. Қоғамның басты бағыттарының бірі-білім беру үрдісін ақпараттандыру. Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділіг мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі-оқытудың жаңа технологиясын енгізу , бүкіл әлемдік коммуникация желісіне қосылу.

«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» делінген Елбасы жолдауында.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал