7


  • Учителю
  • Разработка урока по истории Казахстан в 5 классе с казахским языком обучения Қазақстанның тұрғындары.

Разработка урока по истории Казахстан в 5 классе с казахским языком обучения Қазақстанның тұрғындары.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Разработка урока по истории Казахстан в 5 классе с казахским языком обучения "Қазақстанның тұрғындары."·        Білімділік: «Отан» туралы түсінігін кеңейту және «халықтар арасындағы ұлттаралық келісім» туралы түсініктерін қалыптастыруда жұмыс жүргізу.·        Дамыту
предварительный просмотр материала

Нурканова Бакытжан Жамбырбаевна

Учитель истории и географии

СШ №2 г. Тайынша

Тайыншинского района СКО

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §5. Қазақстанның тұрғындары.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: «Отан» туралы түсінігін кеңейту және «халықтар арасындағы ұлттаралық келісім» туралы түсініктерін қалыптастыруда жұмыс жүргізу.

  • Дамытушылық: Қазақстан тұрғындарының тарихи оқиғалар,деректері арқылы шыңдықпен баяндап өткенге ғылыми көзкарас қалыптастыру.

  • Тәрбиелік: Қазақстан халықаралық келісімін, татұлығын, достығын көрсетіп, оқушыларды сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу. Қазақстандық патриотизм сезімін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі:

1. Дүние жүзі саяси картаны,Қазақстан картаны,кестені, иллюстрацияларды пайдалану.ҚР-ның Ата заңы.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Қазақстанның табиғат жағдайы туралы нені білесіңдер?

2.Еліміз қандай қазба пайдаларға бай?

3. Өлкедегі өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрін білесіңдер?

4. «Қызыл кітап» деген не? Оған нелерді еңгізеді?

Тест.

1.Қазақстанның жер көлемінің неше пайызы биік таулар алып жатыр?

А)10(дұрыс жауап)

В) 9

С) 15

Д) 20

2.Қазақстанның жерінде қандай ірі өзендер бар?

А)Жайық,Лепсі,Орал.

В) Ертіс,Жайық, Есіл,Іле, Сырдария,Шу. (дұрыс жауап)

С) Шу, Жем, Қаратал.

Д) Ақсу, Сырдария,Амудария.

Үй тапсырмасын қорытындылау

Қазақстанның табиғаты әдемі,көркем,байлықтары көп. Солардың қазақстандықтарына үшін маңызының зор екендігін айтып қорытындылаймын.

Осылайша үй тапсырмасын тексеріп, өткен сабақтың бүгінгі өтетін жаңа сабақпен де байланысты екенін айтып өтіп, жаңа тақырыпқа көшемін.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа сабақты мына жоспармен жүргіземін.

1.Біртұтас Қазақстан халқы.

2.Қазақстан- ортақ Отанымыз.

3.Мәдени орталықтар.

1. Біртұтас Қазақстан халқы.

«Отан»- -әр адамның туып-өскен жері, атамекені, ел-жұрты. Біздің отанымыз- Қазақстан.(слайд)

Сұрақтар:

  • Қазақстан Республикасының байырғы тұрғыны кім?

  • Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

  • Біздің мектепте, сыныпта қандай ұлт өкілдері бар?

Қазақстанда 16 миллион астам адам тұрады.ҚР- ның мемлекет құрушы негізгі ұлт- қазақтар.

Қазақстан Республикасының Конституциясында біздің елде мекен ететін барлық ұлттар дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан тең екендігі айтылған.

2. Қазақстан- ортақ Отанымыз.Халықтар арасындағы татулық пен достық қатынас республикамыздың өркендеуінің басты кепілі.

Дәптермен жұмыс «Кестені толтыр»


Қазақстанда қандай ұлттың өкілдері бейбіт қатар, достық қатынаста өмір сүріп жатыр?

ЖАУАП:қазақ,украин, белорус, орыс, түрік,неміс, поляк, т.б.

Бекіту:

1.Тақырыпты бекіту үшін оқұлықтағы сурет бойынша жұмыс жасауды ұсынамын.

Сұрақтарға жауап бер:

-Қазақстанда халықтарының Ассамблеясы туралы не білесіңдер?

-Астанада қандай ғимаратта Ассамблея өтеді?

-Қалай ойлайсыңдар,осы жиналыста қандай маңызды мәселелр шешіледі?

2.Оқұлықтағы мәтінді оқып, талдау жаса. («Білімпаздар үшін»-41 бет)

Қорытынды: Қазақстандық тұрғындарының Отанға деген сүйіспеншіліктен бастау алатынын айтып, өздерінің туған өлкелерінде қандай ұлт өкілдері бар,қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанына тоқталамын.

Бағалау:

Үйге тапсырма: 12-параграфты оқып келу.

«Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындау.

«Менің досым-орыс»-деген тақырыпқа кішкене эссе жазу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал