7


  • Учителю
  • Жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары деструктивті культтердің ықпалына түсіп қалмау

Жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары деструктивті культтердің ықпалына түсіп қалмау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 18 қазан -Рухани келісім күні.1992-ші жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа тал
предварительный просмотр материала

Құрметті ата-аналар!

18 қазан -Рухани келісім күні.

1992-ші жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну,жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады. 1992-ші жылдан бастап бұл күн Қазақстанда ұлттық мейрам ретінде атап өтіледі.

Жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары деструктивті культтердің ықпалына түсіп қалмау


Елбасымыз Н.Назарбаев 2012 ж 14 желтоқсан жолдауында айтып өткендей:«Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген.Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - Ислам дінін қадірлей отырып,ата дәстүрін ардақтағаны абзал».

Біздің заманымызда жастар арасында дінді тану қажеттілігі пайда бола бастады. Деструктивтік культтердің назар аударатын аймағы - жастар.Өмірді жаңа тани бастаған жастар жаңа нәрселерге әрқашан жақын болады. Өмірлік тәжірибенің аздығынан жастар дәстүрлі емес культтерді ортақ белгілер бар. Олар: құдайшылдық, өздерінің лидерлеріне тікелей бағыну.

Деструктивті діни культтер - бұл тұлғаның рухани, психологиялық және физикалық жағдайын бұзатын авторитарлық діни ұйым.

Жастардың Деструктивті культтерге кіруінің негізгі себептері:

- Жағдайы нашар отбасынан шығуы

- Жасөспірім кезіндегі психологиялық дағдарыс

- Өмірдің қиыншылығынан қорқуы немесе өзіне сенбеушілігі

- Ертеңгі күнге деген қорқынышы

- Қоғаммен қарым-қатынаста өзін жалғыз сезінуі

Жасөспірімдерге айналадағы адамдар әрқашан оны түсінбейтіндей көрінеді. Егер де ата-анасы баланың жеке позициясын, рухани қызығушылығымен бөліспесе? Ол өз өмірінде жалғыздықты сезіне бастайды.Осы уақытта сіздің балаңыздың деструктивті культтердің ықпалына түсу қаупі арта бастайды.

Мұқият болыңыздар!

Деструктивті ғибадат сипатындағы діни ағымдар қатарларына жаңа адамдарды қосып алу үшін өздерінің тәжірибелерінде көптеген әдіс-тәсілдерді қолданады. Ғибадат ықпалында көп уақыт бойы болған адамның енді қалыпты өмірге бет бұруы қиын болады.

Сіздердің жақындарыңыз бен туысқандарыңыздың мінез-құлқында кішігірім өзгерістер байқалған кезде? Оған уақытында мән беру өте қажет.

ЕГЕР:

  1. Адам барлығына немқұрайлы қараса, егер оны отбасындағы шаруалар қызықтырмаса және ол достарымен араласуды қойса.

  2. Адамның мінезі тұйық, барын ішіне сақтаса, күнделікті шаруаларға ұқыпсыз болса және агрессивті жауап беретін болса.

  3. Оның сөйлеу әдетінде белгілі бір өзгерістер байқалатын болса немесе оның лексиконында жаңа сөздер мен түрақты тіркестер, цитаталар пайда болып жатса. Сөйлеу мәнерінің өзі жатталған мәтін ретінде болса. Дауысы бірсарында, зарлау сипатына ие болып жатса.

  4. Адам өзіне тән күнделікті өмір салтын өзгертеді: көп уақытты кітап оқуға жұмсайды, медитациямен немесе дұға мәтіндерін оқумен айналысады, оған тән тамақ жеу тәртібін ұстанады.

  5. Адамда жаңа қарым-қатынастар пайда болса және ол түрлі кездесулерге, жиналыстар мен семиналарға және т.б. жиындарға бара бастады. Оқумен және жұмыспен байланысты емес іс-сапарлар пайда болуы мүмкін.

  6. Адамда ақша шығындары көп болып жатса, егер ол банкіден немесе туыстарынан қаражат сұрайтын болса, бұған ерекше назар аудару қажет.

Егер Сіз келтірілген тармақтар бойынша белгілі бір өзгерістер байқайтын болсаңыздар, онда абай болыңыздар, мүмкін деструктивті культпен алғашқы қарым-қатынас болып қалған шығар.

АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС: Әрқашан балаңызды қадағалаңыз. Қандай да бір мәселе болса, жалғыз қалдырмай, қолұшыңызды беріңіз.Балаңыздың көңіл-күйіне қарап жүріңіз.

Егер де балаңыздың көңіл-күйі болмай жүрсе, бірінші болып көмектесуге тырысыңыз. Өйткені көптеген діни культтердің бірінші кезектегі қаруы- ол адамдарды жақын көңілмен, туғанындай қарсы алып, іш-бауырына кіріп тұратынқасиеттерімен адамдық әлсіздіктерді өте тиімді қолдана біледі.

Егер де сіздің балаңыз, жарнамаға, сыйлыққа қызығып, рухани семинарға барғысы келсе, оның орнына басқа жерге бірге баруды ұсыныңыз. Мысалы: кино, театр, концерт және т.б.

Егер де сіздің балаңыз тұйықталып, психологиясы өзгере бастаса - ашық сөйлесуге шақырыңыз, қандай мәселе болғанын білуге тырысыңыз.

Мектебінде, достары арасында қандай жаналық бар екенін сұраңыз.

Егер сіздің балаңыздың жаңа танысы пайда болғанын немесе ол дінді уағыздайтын орталықтарға барып жүргенін білсеңіз, тез арада демалыс алып балаңыздың жанында болыңыз.

Балаңызбен демалуға барып келсеңіз де болады.

Балаңызбен әңгімелесу болмаған жағдайда, кәсіби психологтың көмегіне жүгінуге болады.

Егер де сіздің балаңыз деструктивті культтердің ықпалына түсіп қалса:

  • Өзіңізге балңыздың жаңа достары туралы жаман айтуға жол бермеңіз.

  • Балаңызға айғайламай, тыныш түсіндіруге тырысыңыз.

  • Балаңызбен ұрыспауға тырысыңыз, сіздің ұрыстарыңыз діни ұйымдардың мүшелеріне тиімді болады.

  • Баланың сөйлеген сөздеріне немесе қылықтарына көңіл аударыңыз.

  • Қарым-қатынасыңызды нығайтуға тырысыңыз.

  • Қолыңыздан келгенше тыныштық сақтаңыз, өмірде болған қызық жағдайларды еске түсіріп, балаңыздың көңілін аударуға талпыныңыз.

  • Әңгіме барысында ол діни ұйым туралы толық ақпарат жинап алыңыз.

Балаңызды қандай әдістермен ұстап тұрғанын білуге тырысыңыз.

Мәселенің түп негізін біліп, оны қолыңыздан келгенше шешеуге ұмтылыңыз;

  • Сондай жағдайға түскен сіз сияқты адамдармен қарым-қатынасты нығайтыңыз;

  • Кәсіби мамандардың көмегіне жүгініңіз. Мысалы білім басқармасы, конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығына хабарласуыңызға болады.

Еліміздің ертеңі мұнан да жарқын, тәуелсіздігіміз баянды бола түссін десек, бізге бірлік пен ынтымақ, тыныштық пен өзара түсіністік ауадай қажет. Олай болмаса, ниет-пиғылы жат, іс-әрекеті алауыздық пен дүрдараздық туғызуға бейім дін атын жамылған ағымдар мен секта, топтардан, бойымызды аулақ салайық!
Саңырауқұлақтай қаптаған түрлі ағымдардың арбауына түсіп қалудан бір Аллаһ тағала сақтағай!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал