- Учителю
- ҚАзақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
ҚАзақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Сабақтың тақырыбы:Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
Сабақтың мақсаты:
1.Кеңестік дәуірдегі халқымыз бастан кешірген оқиғаларды саралап,пікірлесу арқылы талдай отырып,оқушылардың тарихи оқиғаларға баға беру алу дағдысын дамыту.
2.Оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденіс,дағдыларын сыни тұрғыдан қалыптастыру,еркін ойын айта білу мен сөйлеу мәдениетіне баулу.
3.Оқушыларға сол кезеңдегі қазақ халқының басына төнген ауыр қасіреттен шығудың жолын іздеген ел азаматтарының істерін үлгі ете отырып,патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Қорытынды сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,пікір-талас,пікірлесу.
Сабақтың көрнекілігі:
Суреттер,газеттер,трек схемасы,тарихи кітаптар.Плакатқа жазылған қанатты сөздер.
Қосымша әдебиеттері:
Көкіш Рысбайұлы «Қазақстан Республикасының тарихы».Алматы, 1999ж. Т.Омарбеков,ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының «өзекті мәселелері. А-2001ж.
Қосымша газет-журналдар:Ақиқат 1993ж.сәуір «Қарақұмдағы қарулы қарсылық», «Балқаштағы бас көтеру».
Сабақтың жоспары:
I. ұйымдастыру:(Сәлемдесу,оқушылар даярлығын тексеру)
II.Өткен тақырыпты қайталап,жинақтау.
I )«Күлтөбе»пікірлесу кезеңі.
1)Жүйелі сөз
2)Ұрымтал сөз
3)Кесімді сөз
4)Сарапшылар,сырт көз қонақтарына сөз беру.
III.Қорытындылау.
Қазақ елі тәуедсіздікке қол жеткізуіне байланысты тарих ғылымы таптық идиология бұғауынан босап,өткенімізді мұхият шындық тұрғысынан зерттеп зерделеуге мүмкіндік алып отыр.Осы орайда Ұлы Әл-Фараби бабамыздың «әке баласы үшін қандай жауапты болса,әр халық өз тарихының алдында сондай жауапты», деген сөзін басшылыққа ала отырып Қазақ халқының Кеңестік кезеңдегі тарихи ақиқатын таразылап көрейік.Кеңестік кезеңде халқымыз баскешкен оқиғаларды саралағанда халқымыздың тарихында орны толмайтын терең іс қалдырған,осы уақытқа дейін зардабы қалмай келе жатқан,сол бір асыра сілтеу уақыты зор демографиялық апаты мен халық шаруашылығы ащы тарихтын бір парағы ретінде халық жадында сақталуда.
Халқымыз басынан-кеткен ұжымдастырудың Қазақстанда жүргізу себебі неде? Кеңес үкіметі Қазақ еңбекшілеріне не берді?Ұжымдастырудың жеткен жетістігі көп пе№Әлде кеткен кемшілігі басым ба деген ұстанымдық мәселелерге келіп тірелеміз.
Бұл сауалдарға көптеген тарихшылар өз бағаларын,пікірлерін,білдіріп жатыр.Ал бүгінгі сабағымызда Қазақстан Республикасының болашақ ғалымдары,ғылым саласынан үміткер жастардың ойы,пікірі қандай екен.
Сонымен бүгінгі тақырыбымыз «Қазақстан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру».Сабақты үш кезеңге бөліп отырмыз.
1.Бұл бірінші кезең жүйелі сөз.Бұл кезеңде берілген сұраққа нақты шешімін білдіру керек.
2.Ұрымтал сөз.Осы кезеңде тыс материалдарға сүйене отырып,өз ойларын ортаға салу.
3.Кесімді сөз.Өз көзқарастарын,пікірін,тарихи бағдарлау,талдау арқылы жауап беру.
Бүгінгі біздің сабағымызда сырт көз қонақтары мен сарапшы қонақтарымыз,олар сабаққа өз пікірлерін,өз көзқарастарын білдіреді.
I кезең:
1.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қарсаңында қандай жағдайда болды?
2.ЖЭС қазақ шаруаларына не берді?
3.Күштеп ұжымдастыру барысы қалай жүрді?
4.Колхозға кіргісі келмеген шаруалар мен кедейлерге қандай жаза қолданды?
5.1930-32жж.Қазақстанда демографиялық жағдай қандай?
II кезең:
1.1930-32 жылдары тарихта «Ұлт жұт»ретінде не
себепті еніп отыр.
2.Абай атамыз «Қазақтың жауы-Қазақ»деп айтқан
екен.Осы пікірдің астарында қандай ой жатыр?
IIIкезең:
1.Ұжымдастырудың жетістігі мен кемшілігі?
2.Ұжымдастыру кезеңінде Кеңес өкіметі қазақ
еңбекшілеріне не берді?
IV кезең:
Сырт көзбен сарапшылардың
пікірлерін,сарапшыларын тыңдау.Оқушылар
ұжымдастырудағы жетістігі мен кемшілігін сараптап
тақтаға ілу керек.
Қорытынды сөз: Қызыл қанмен жазылған талай халықтың -деп Қалмұқан Әбуқадыров ағамыз айтқан екен шынында Кеңестің дәуірдегі халқымыздың тарихи қызыл қанмен жазылғандығы даусыз «Ақтабан шұбырынды алқа көл сұлама»кезеңінен кейін халықтың үштен екі бөлігі қырылып кетті.
Ал енді бүгінгі мақсатымыз тек Кеңес өкіметін жамандап,даттау емес.Осы орайда Мұзафар ағамыздың «Тарих жазушылардың қатесінің өзі де тарих» сөзін басшылыққа ала отырып,осы өткен тарихтың жақсысынан үйреніп,жаманынан жиреніп болашаққа сабақ алу болатын.
Кеңес өкіметі жүргізген саясатты академик М.Қозыбаев талдай келе «Патша жасап үлгермеген отаршылдықтын сорақысын кеңес империясы жасады». Кеңестік отарлық большевиктік жүргізген саясат отаршылдықтың шыңы болды.Міне,осындай ащы тарихи шындықты еліміздің әрбір азаматы білуі керек.
Оқушылар білімін бағалау:
Үйге тапсырма: