- Учителю
- Урок по историй на тему'Тың игеру'
Урок по историй на тему'Тың игеру'
«№4 орта мектебі » мемлекеттік мекемесі
Қазақстан тарихы 5-сынып
Тақырыбы: Тың игеру
(ашық сабақ)
Дайындаған: Кемалова А.
2012 жыл
Сабақтың күні: 13.04.2012
Сабақтың тақырыбы: Тың игеру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік- Республика индустриясының және ауыл шаруашылығының 1950-60 жылдардағы дамуы туралы білім алу және тың игеру жұмысының барсы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық - Оқылған материалдан ең бастысын ажыратып ала білу, алған білімін нақтылай алу, салыстыра отырып ой қорыта білу.
Тәрбиелік- Еңбек адамдарына деген сый құрмет, тың игерушілер туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру. Өз ойын еркін жеткізе алуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндірмелі
Сабақтың көрнекілігі:
Карта
Интерактивті тақта,слайд.
Тірек-сызба: 1. Тың игеру
2. Хроногиялық диктант
3. Үлестірмелі материалдар
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: -Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Сәлемдесу.
Таныстыру.
Сынып оқушыларын түгендеу.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
II. Үй тапсырмасын сұрау: -Үйге қандай тапсырма берілді
&51 Ұлы Жеңіске қосылған үлес (174-177беттер)
Хронологиялық диктант
Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО ______ млн азаматынан айырылды,оның шамамен _____ мыңы қазақстандықтар.______ қала,____ мыңдай ауыл-селолар қирады.Соғыс жылдары КСРО бойынша _____ дей адам ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды.Соның ______ сі қазақстандықтар,ал _____ сі қазақтар болды.
«Бәйге» жарысы (шарты: сұраққа тез жауап беру)
Б.Момышұлының қандай еңбектерін білесің?
Ә.Молдағұлова қайда тәрбиеленді?
М.Мәметова 1942жылы қайда оқып жүрген еді?
М.Мәметова қай қалада дүниеге келді?
Ә.Молдағұлованың дүниеге келген жері
Үш пулеметті қатарынан қойып,жауды үш сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған батыр
Жазушы,Кеңес Одағының Батыры кім?
Ұшқыш болуды жастайынан армандап,кейін авиация училищесінде білім алған Кеңес Одағының Батыры
Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыр
1941-1945 жылдары қаншаға жуық ақын-жазушылары қатысты?
Жаңа сабақ.
Күн жады: Сәуірдің он үші. §52 Тың игеру
Жоспар:
1. Қазақстандағы тың игерудің мақсаттары мен міндеттері
2. Тың және тыңайған жерлерді игерудің қиындықтар мен қателіктері
3. Бүгінгі күнде тың игерудің маңызы.
Жаңа тақырыпқа кіріспе: тірек- сызба арқылы түсін
Тың көтеру
КОКП Орталық Комитетінің 1954 жылғы қаңтар - наурыз
Солтүстік Кавказ
Орал
Қазақстан
Сібір
Қазақстан тың игерілген облыстар:
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, 1100-1200 млн.
Көкшетау, Торғай, Павлодар. пұт астық
Жағымды
Жағымсыз
Экспортқа бидай шығару.Қазір бір адмға Қазақстанда жылына 2 мың кг. астықтан келеді, ал дүниежүзілік тәжірибеде әр адамға 1 мың кг. астық жеткілікті, яғни Қазақстан шетке астық шығара алады.
Бес жүз совхоз құрылды, бұлардың арасында тас жол, байланыс жүргізілді.
1954-56 жылдары 391 мың механизатор, 50 мың құрылысшылар, 3 мың дәрігерлер, 1500 мұғалім, т.б. келеді.
Осы жылдары 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 78 мың машинаны алды.
Тың жақсы өнімді уш- ақ жыл берді: 1956, 56-57, 58 жылдары. Ал 1962 жылы КСРО ашаршылық алдында тұрды.
1957-58 жылдары Павлодар облысында 9 млн га жер қуаңшылықққа ұшырады. Қазір 25 млн. га жердің 14-15 млн жарамсыз.
Қазақ ауылдары тозды. Түкпір
-түкпірдегі қазақ ауылдары ірі совхоздарға қосылып кетіп, ондағы 700 мектеп жабылды.
4. 1954-60 жылдарда Қазақстанға тың игеруге батыстан 2 млн. аса келді. Нәтижесінде қазақтар саны 29% ғана қалды.
Жаңа сабақты пысықтау
Тестпен жұмыс
«Тың және тыңайған жерлерді игеру» жоспары қашан қабылданды?
А) 1955 ж қаңтар- наурыз В) 1954 ж. ақпан-наурыз
Б) 1958 ж. ақпан- наурыз С) 1957 ж. наурыз- сәуір
2. Қазақстанда тың игерілген аймақты көрсетіңіз.
А) Атырау В) Шымкент
Б) Ақтөбе С) Торғай
3. 1954- 1965 жылдарда КСРО бойынша қанша гектар жер жыртылды?
А) 25 млн.га В) 6,5 млн га.
Б) 42 млн. га С) 9 млн. га
4. Қазақстанға тың игеру жылдарында қанша ұлт өкілдері келі қоныстанды?
А) 2 млн. В) 5 млн
Б) 3 млн
Қорытынды. Тың игеру-КСРО басшылығының елде астықты және басқа ауылшаруашылық өнімі өндірісін шұғыл арттыру жоспары.Қазақстанның тың жерлерін игеруге 1954-1959жылдары 20 млрд-тай сом қаражат жұмсалды. Нәтижесінде ел астықты алқапқа айналды.
Бағалау.
Үй тапсырмасын беру
1.§52 (178-180 беттер)
2.Сұрақтар мен тапсырмалар (181бет)