- Учителю
- Урок по истории Казахстана на тему 'Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі' (6 сынып)
Урок по истории Казахстана на тему 'Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі' (6 сынып)
Пән
Тарих Сыныбы: 6 Күні: 9.01.15
Тақырыбы:
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сабақтың мақсаты:
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі туралы мағлұмат
Оқиғаларға өздігінен талдау жасай білуге үйрете отырып, оқушылардың өзіндік ой-пікірін, көзқарасын қалыптастыру
Отанын, елін сүюге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
Сақ тайпаларының тәуелсіздік күресімен танысады.
Оқушылыр тақырыпты өз беттерімен меңгереді.
Өз ойын еркін жеткізе біледі.
Негізгі түйіні:
Топтық жұмыс.
Тапсырмалар:
1. Сахналық көріністер
I топ-Кир патша мен Томирис
IIтоп-Шырақтың ерлігі
2. Сұраққа жауап беріңіздер
I топ-Сақтардың парсы жаулаушыларына қарсы күресі туралы қандай деректер бар?
IIтоп-Александр Македонскийдің жорығы қалай аяқталды?
Модуль:
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Сыни тұрғыдан ойлау
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту
Білім берудегі басқару және көшбасшылық
Білім беруде АКТ пайдалану
Деректер:
Ежелгі қазақстан тарихы: оқулық Төлебаев Т., Құсайынова Р.,
Дәкенов М.
Алматы: «Атамұра»,2011
Оқыту әдістемесі Құсайынова Р., Дәкенов М. «Атамұра», 2002
Мұғалім:
Сабақтың басталуы:
Тыныштық сәті
Пысықтау:
Үйге тапсырма:
Рефлексия:
Бағалау
Оқыту құралдары:
Мұғалім үйлестіруші. Топтардың өзара байланысын ұйымдастыру, жұмысты бақылау және қате жағдайда көмекке келу.
Сәлемдесу, сабақтың тақырыбымен,мақсатымен, нәтижесімен, идеясымен таныстыру
Сабақтың жоспары тақтаға жазылады
.
.
.
Үй тапсырмасын тексеру:
«Сақтар» тарауына арналған жұмбақтар
1. Қадам бас алға сүрінбей
Болашақ кілті - білімде.
Қандай мағына береді,
«Сақ» сөзі парсы тілінде?(Құдіретті еркектер)
2. Басынан кешкен шақтарды
Тарихшы тізіп ақтарды
Кімдер деп тағы атады.
Грек Геродот сақтарды? (Массагеттер)
3. Көгенге құлын байлады,
Бес қаруды да сайлады.
Айтып берші, қай сақтар,
Арал мен Сырды жайлады? (Парадарайа)
4. Тарихты жаттап кешегі,
Саналы ұрпақ өседі
Аргипейлер қай жерде,
Мекен қылып көшеді? (Аралдың солтүстік шығысы)
5. Білімді алтынға теңедік,
Достарға ашық, кең едік.
Әйгілі сусын жасаушы,
Сақтарды кімдер деп едік. (Хаомаварга)
6. Арайлып таңы атады,
Маужырап күні батады.
Түйе сүтін балмен тең,
Сақтар қалай атады? (Шұбат)
7. Бел - белестен асады,
Өр сақтардың жасағы.
Тиграхауда сақтары,
Қай жерді мекен жасады? (Жетісуды)
8. Кең болып түзде түлеппін,
Шарапаты мен ізгі тілектің,
Көшпелілер қалай аталды,
Деректерінде гректің? (Дайлар)
9. Еңселі ел көпке танылды,
Ізгі ниеттілерде ағылды.
Егінші сақтар мекені,
Қай қала маңынан табылды? (Алматы)
«Жұлдызды сәт» ойыны
1. Тарихтың атасы кім?(Геродот)
2. Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атады? (массагеттер)
3. Сақ қоғамында ақ түсті киім кигендер (абыздар)
4. Сақтар неше топқа бөлінді? (үш)
5. «Алтын адам» қай қорғаннан табылды? (Есік)
6. Сақтар қоғамы неше топқа бөлінеді?(жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер)
7. Теңіздің арғы жағындағы сақтар (сақ-парадарайа)
8. Суару каналдарының іздері табылған қоныс?(Шірік - Рабат)
9. Сақтардың діни нанымдары мен ғұрыптарының негізгі бағыты?(ата - баба аруағына сиыну)
10. Сақтардың негізгі шаруашылығы (мал шаруашылығы)
Үй тапсырмасын қорытындылау
Мұғалім: (Оқушылардың тақырыпты жақсы түсінуі үшін сахналық көріністер арқылы театрландырылған сабақ элементтері көрсетіледі.Сынып оқушыларына алдын ала рөлдік тапсырмалар берілді.)
Әр түрлі жазба деректер мен археологиялық қазба жұмыстары б.з.б . VIII-VII ғ. сақ тайпалары туралы мәлімет береді. Сақтардың ежелгі Ассирия мен Мидия өркениеттерімен, ал б.з.б.VI ғ. ортасында Ахеменид әулетімен (Иран) қарым қатынаста болғанын көрсетеді.
Сақтар көптеген әлемдік тарихи оқиғаларға қатысқан. Олар Ираннан бастап Жерорта теңізіне дейінгі аралықтағы елдерге жорық жасады. Жеңілмейтін парсы патшасы Кирді жеңіп, Ахеменид әулетінің патшаларымен де шайқасты.
1. Сахналық көріністер көрсетіледі
Оқушыларға тапсырмалар ұсынылады:
Оқушылар тапсырмаларды орындайды, өзара талқылайды,бірінің
білмегенін бір-біріне айтады
Жаппай талқылау. Топтар есеп береді
және дайын материалмен сынып алдына шығады.
Оқушылардың жауабы тыңдалады, толықтырылады
«Нұрға бөлену»
«Тыныштық сәті» ─ релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді.
Оқушының ойлану әрекетіне көңіл бөлу
Мына сөздерді кімдер айтқан?; сөзжұмбақ, «Ескендір» поэмасынан үзінді
Мына сөздерді кімдер айтқан?
Сөзжұмбақ
«Ескендір» поэмасы
Поэма Шығыста деген атпен белгілі, Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызга құрылған. Ескендірді акындары да, Шығыстың , , , сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде тәрбиешісі болтан ұлы философ-гуманист кіргізеді. Әңгімеде жауыздыкка жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды.
«Ескендір»
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары - оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды.
Сұмдықпен ғаскер жиып қаруланды,
Жақын жерге жау болды, тұра аттанды.
Көп елді күтінбеген қырды, жойды,
Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.
Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,
Дарияның суындай қандар ақты.
Шапқан елдің бәрін де бодан қылып,
Өкіметін қолына тартып апты.
Ескендір елде алмаған хан қоймады,
Алған сайын көңілі бір тоймады.
Араны барған сайын қатты ашылып,
Жердің жүзін алуға ой ойлады.
Параграф 16,бет 71-71 сұрақтар мен тапсырмалар.
-Не білдім?
-Не білгім келеді?
Топ басшысы бағалайды
Сызба, cуреттер, энциклопедия «Ежелгі Қазақстан», қосымша материал, презентация
Тақырыбы: Сақтар.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ата - тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі, сақ топтары және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.
Көрнекіліктер: сақ туралы суреттер, слайд, кестелер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйде: Көшпелі бақташылық - шаруашылықтың негізгі түрі.
«Көк» - бұдан 3000 жыл бұрын пайда болған мейрамды атаңыз?
«Қызыл» - Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында қандай шаруашылық дамыды?
«Сары» - көктемгі жайылым қалай аталды?
«Қоңыр» - көшпелілер ең дархан мезгілді қалай атады?
Енді үй тапсырмасын қорытындылайық.
Қазір қай мезгіл?
Көшпенділер осы мезгілде қайда көшті?
Қыстау сөзінің мағынасын кім түсіндіреді?
Сонымен біз кімдердің өмірімен таныстық? Көшпенділер
Көшпелі мал шаруашылығы қашан қалыптасты? Б. з. б. 2мж
Көшпелі мал шаруашылығының түрлерін ата? Жылқы, қой, сиыр, түйе.
Ертедегі темір өндірудің қарапайым тәсілін ата? Пеш - көрік
Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың темірді ашу және кеңінен пайдалана бастаған кезеңі? Б. з. б 8 ғасыр
Көшпенділердің баспанасын атаңыз? Киіз үй
Бүгін біз ерте темір дәуірінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, ру - тайпалардың ішкі - сыртқы қарым - қатынастары Қазақстан жерінде алғашқы тайпалық одақтардың құрылуына әкелді. Қазақстан аумағын б. з. б. 8 - 3ғ мекендеген сақтар сондай тайпалық одақтардың бірі болды. Сендер 5 - сыныпта сақтар жайлы не білесіңдер сөзжұмбақты шешіп көрейік.
1. Сақ патшасы кім?
2. Сақтармен соғысқан ел?
3. Ер жүрек сақ жауынгері?
4. Геродот сақтарды қалай атады?
5. Шошақ бөріктілерді қалай атады?
6. Сақтарды аса жоғары құрметтеп, әлемдегі ең әділ ең шыншыл халық деп кім айтқан?
Томирис
Парсы
Шырақ
Массагет
Тиграхауда
Гректер
Қазақ халқының ата - тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман деректерде аты елге әйгілі болған. Қазақ тарихын зерттеген ғалымдар қазақ халқының арғы тегі Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары екен. Сақтар б. з. б. 1мың жылдықта Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан жерінде мекендеген. Олар Сырдария, Әмудария, Ертіс, Есіл, Нұра, Жетісу өңірінде мекендеген. Бүгін біз ерте дәуірінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, ру - тайпалардың ішкі - сыртқы қарым - қатынастары Қазақстан жерінде алғашқы тайпалық одақтардың құрылуына әкелді. Қазақстан аумағын б. з. б. 8 - 3ғ мекендеген сақтар сондай тайпалық одақтардың бірі болды. Ендеше мына кестеге қарайық. Сендер Сақтар жайлы не білесіңдер.
Сақтар
Білемін Білгім келеді Білдім
Кітаппен жұмыс.
1. Сақтар б. з. б І мж қай жерде мекендеген? Орта Азия мен Қазақстан.
2. Геродот сақтарды қалай атаған? Массагет
3. Сақ сөзі парсы жазбаларында қалай атаған? Құдіретті еркек.
4. Хаумаварга кімдер?
5. Тиграхауда, парадарайа қайда мекендеген?
6. Арал теңізінің солтүстік - шығыс жағасында мекендеген сақ тайпаларын қалай атады?
7. Сақ қоғамы неше топқа бөлінді?
Картамен жұмыс.
Дәптермен жұмыс.
Сақтар
Сақтар қай жерде мекендеген? Орта Азиямен Қазақстан жерінде мекендеген.
Сақ қоғамы неше топқа бөлінді? Жауынгер, абыздар, малшылар.
Парсылар сақтарды қалай атаған? Парадарайа, тиграхауда, хаумаварга.
• Сақ туралы қай елдің деректерде жазылған?
• Геродот жазбаларында сақтарды қалай атады?
• Сақ сөзінің парсы жазбаларында мағынасы қалай?
• Сақтарды басқарған патшайым?
Бас қатырғыш.
ҚЫШРА - Шырақ
АТИДАГРХУА - Тиграхауда
ОТИМСИР - Томирис
ІСТЕЖУ - Жетісу
ТОГЕРДО - Геродот
«Сақтар» туралы жұмбақтар.
1. Қадам бас алға сүрінбей
Болашақ кілті - білімде.
Қандай мағына береді,
«Сақ» сөзі парсы тілінде?(Құдіретті еркектер)
2. Басынан кешкен шақтарды
Тарихшы тізіп ақтарды
Кімдер деп тағы атады.
Грек Геродот сақтарды? (Массагеттер)
3. Көгенге құлын байлады,
Бес қаруды да сайлады.
Айтып берші, қай сақтар,
Арал мен Сырды жайлады? (Парадарайа)
4. Таихты жаттап кешегі,
Саналы ұрпақ өседі
Аргипейлер қай жерде,
Мекен қылып көшеді? (Аралдың солтүстік шығысы)
5. Білімді алтынға теңедік,
Достарға ашық, кең едік.
Әйгілі сусын жасаушы,
Сақтарды кімдер деп едік. (Хаомаварга)
6. Арайлып таңы атады,
Маужырап күні батады.
Түйе сүтін балмен тең,
Сақтар қалай атады? (Шұбат)
7. Бел - белестен асады,
Өр сақтардың жасағы.
Тиграхауда сақтары,
Қай жерді мекен жасады? (Жетісуды)
8. Кең болып түзде түлеппін,
Шарапаты мен ізгі тілектің,
Көшпелілер қалай аталды,
Деректерінде гректің? (Дайлар)
9. Еңселі ел көпке танылды,
Ізгі ниеттілерде ағылды.
Егінші сақтар мекені,
Қай қала маңынан табылды? (Алматы)
Енді балалар осы Алматының күншығыс жағында 50шақырымдай жерде, Іле Алатауының бауырайындағы жазықта 40 - тан астам оба орналасқан. Соның ішінде «Есік обасы» бар. «Есік обасы» б. з. б 5 - 4 ғасырларға жатады. Есік обасында жерленген адам - 17 - 18 жас шамасындағы сақ ханзадасы. Есік қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына қарап, бұл мәйіт «Алтын киімді адам»деп аталды. «Алтын киімді адам» сақ мәдениетінің бірегей үлгісі.
Сонымен Сақтар: Дұшпанға - қатал
Досқа - адал болған.
Ол үшін біз не істеуміз керек? Білім алумыз керек. Сонымен бүгін сендердің білімдеріңді бағалайық
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сақтардың парсыларға қарсы күрестегі ерлігі мен тәуелсіздік үшін күрескен даңқты қолбасшылар Томирис, Спитамен, сақ жауынгері Шырақтың ерлігі туралы қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Қосымша құжат, деректер және әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды намысшылдыққа, ерлікке, өз елінің ұлтжанды патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сұрақ - жауап, баяндау, тапсырмалар.
Сабақтың әдісі: интерактивтіоқыту
Сабақ көрнекілігі: слайд, карта, қосымша әдебиеттер.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.
Сыныпты үш топқа бөлу.
Оқушыларға физминутка жасату
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.
«Ой қозғау»
1. Тарихтың атасы кім?(Геродот)
2. Сақтардың өмірінде қай түлік маңызды орын алды?(қой, ешкі)
3. Сақтар қандай баспаналарда тұрған?(киіз үй, қыста ағаш үй)
4. Сақтардың қосымша кәсібі?(балық аулау)
5. Сақтардың қазандары мен құрбандық табақтары қай өңірлерден табылды? (Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Іле аңғары, Ыстықкөл маңы)
6. Сақтар қоғамы неше топқа бөлінеді?(жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер)
7. Геродот сақтарды қалай атаған?(құдіреттіеркектер)
8. Суару каналдарының іздері табылған қоныс?(Шірік - Рабат)
9. Сақтардың діни нанымдары мен ғұрыптарының негізгі бағыты?(ата - баба аруағынасиыну)
10. Сақтардың қыш ыдыстары қай қорғаннан табылды?(«Есік» қорғанынан)
Жаңа сабақ
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.
Қызығушылықты ояту
Сақтардың патшайымы кім? (Томирис)
Ендеше Томирис туралы бейнефильм көрейік.
ІІІ топқа тапсырма беремін. Сақтар туралы не білеміз? 5 сыныпта өткен
тақырыптарды еске түсірейік.
Ендеше балалар жаңа тақырыпқа көшеміз. Ол үшін тәуелсіздік дегеніміз не сол сөздің мағынасын ашып алайық.
Ассосация «Тәуелсіздік» Әр топ жеке, жұппен, топпен орындайды, бір оқушы тақтаға шығып қорғайды.
Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ. Бұл жолда қазақ халқы алапат шығындарға ұшырады, сан мыңдаған боздақтар қаза тапты, аштан қырылды, зиялы қауымын жоғалтты. Бірақ түптің түбінде аңсаған арманға қол жетті.
- Тәуелсіздік жолында біздің аға - апаларымыз да өз өмірлерін құрбан етті. Олар кімдер? Білемізбе? (Желтоқсан жұлдыздары: Қайрат, Ләззат, Сәбира)
Ұлы Отан соғысының батырлары (Әлия, Мәншүк апаларымыз). Осындай ер жүрек батырлар сақ тайпаларында болған. Олар өздерінің тәуелсіздігі үшін күресті. Сақ қоғамында әйелдерді құрметтеп сыйлаған. Тайпа көсемдері болып та сайланған.
Томиристің ұлы Спаргапис жаудың соңынан қуып, тәжірбесіз жас болғандықтан торуылға түсіп қалады.
1. Спаргапис бастаған жауынгерлердің қателігі неде?
2. Томирис деген кім екен?
3. Сақтар қандай елдермен соғысты?
4. Елінің тәуелсіздігі үшін Шырақ қандай ерлік көрсетті?
Ендеше өз ойларыңды қорытындылап, дәптерге 5 жолды өлең жазыңдар.
1. зат есім. 1 сөз. Тақырыптың атауы.
2. сын есім 2сөз. тақырыптың сипаты.
3. етістік. тақырып туралы қимылды білдіретін 3 сөз
4. тақырыпқа қарсы 4 сөзден тұратын сөз орамы.
5. 1 сөз тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
Презентация қорғау (фильм қосу)
1 топқа «Шырақтың ерлігі» тақырыбында
2 топқа «Сақтардың сыртқы жауларға қарсы күресі»
3 топқа «Сақ шаруашылығы»
Бекіту сұрақтары:
1. Сақтар қандай елдермен соғысты?
2. Шырақтың орнында болсаң сен осындай әрекетке барар ма едің?
3. Спаргапис кім?
4. Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың тобы?
«Екі жұлдыз, бір пікір» әдісі. Оқушыларға стикерлер тарату.
Үйге тапсырма:
Сақтар тақырыбында эссе жазу.
Бағалау. Оқушыларды смаликтермен бағалау.
Қорытынды.