- Учителю
- Тәрбие сағаты: 'Кәсіпкерлік және бизнес'
Тәрбие сағаты: 'Кәсіпкерлік және бизнес'
1.Сабақтың тақырыбы: «Кәсіпкерлік және бизнес»
2.Сабақтың мақсаты:оқушыларға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып,
бизнес жасауға үйрету,кәсіптік бағыт-бағдар беру.
3.Тәрбиелік мәні: оқушыларды кәсіпкерлік еңбекке баулужетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақ әдісі:сұрақ-жауап,ой бөлісу.
Көрнекілігі: тақырып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы.
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру,түгендеу.
2. Кіріспе сөз:
К ә с і п к е р л і к-экономикалық іс-әрекет,мақсаты -пайда табу,табысқа ие болу.Кәсіпкерлік өз мақсатымен тәуекелге бел буатын,жеке табыс пен пайда табуға ұмтылған азаматтардың қызметтері болып табылады.
Кәсіпкерлік-кез-келген адам айналысуға болатын әрекет түрі. Бірақ құқы бар барлық адам кәсіпкер болуы тиіс.Табысты кәсіпкер болу үшін білім,іскерлік,қабілеттілік,күш-жігер,жауапкершілік,табиғи дарын болуы керек.Кәсіпкерлер әр түрлі іс-әрекетпен шұғылдана алады. «Әрбір кішкене жұмыстан түпкі мақсатқа жетудің баспалдағын көре білу-адамның идеалы болуының ең жақсы көрсеткіші».(Б.М.Теплов)Басқару саласындағы ірі маман Макс Вебер бизнесті ақыл-ойдың дәнін себуші ретінде бағалаған.Атақты ортағасырлық араб ғұламасы Ибн Халдун кәсіпкерлікті «Адамдардың өз мүмкіндігі мен адал еңбегі арқылы молшылыққа кенелу іс-әрекеті» деп бағалаған.
К ә с і п к е р- кез-келген уақытта өз бетінше шешім қабылдайтын,жаңалықтарын белсенді түрде тез іске асыратын,барынша тапқыр,тәуекелшіл,жігерлі,жауапкершілігі мол адам.
Ф и р м а- дербес шешім қабылдай отырып жоғары пайда табуға ынталанатын жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің ұйымдық-құқықтық формасы.Мұнай,газ, металл барлығы 5-7 пайыз адамдарға жұмыс береді. Барлық әлемде 90 пайыз халыққа жұмыс беретін-шағын және орта бизнес.Германияның дағдарыстан шайқалмай өтуінің себебі
бүкіл өнімнің 80 пайызын кіші және орта бизнес.
Б и з н е с- пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет,кәсіпкерлік.
Б и з н е с-ж о с п а р- идеясын іске асырып пайда алу үшін жасалатын кәсіпкер әрекетінің жоспары. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Президентінің «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу.Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы Мемлекеттің үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.
Бағдарламада нақты төрт бағыт қамтылған.
С у б с и д и я- бюджеттен берілетін қаражат түрі.
Қорытынды: Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында,ал кәсіпкерлерлер өз
мемлекетінің қолдауының арқасында өркендейді.
Кәсіпкерлік-мемлекет негізі,мемлекет тірегі.