- Учителю
- 'Ел басы' тақырыбында өткен сыныптан тыс іс-шара (9 сынып)
'Ел басы' тақырыбында өткен сыныптан тыс іс-шара (9 сынып)
Тақырыбы: Біздің Елбасы
Мақсаты: 1) қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
2) елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
3) шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту құрметтеу
Парламент 1991 жылдың 1 - ші желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдап 1 - ші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні деп жариялады.
Өмірбаяны
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелелең), Шамалған ауылында дүниеге келген.
Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы.
1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп,
1960 жылы май айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді.
1969 - 1973 жылдары Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1977 - 79 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы, 1979 - 84 жылдары Қазақстан КП ОК хатшысы,
1984 - 89 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы,
1989 - 91 ж. Қазақстан КП ОК - нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан - сәуір) болды.Қазақстанның қайта құрылуы
Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі - 1991 жылдың 10 желтоқсанда қол қойылған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы» заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР - і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.
1991 ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойып, 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпы халықтық сайлауөтіп, Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланысымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойып, жаңатәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады.
1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана).
«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» көп томдық кітапта жас мемлекеттің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қайта өрлетудегі Елбасының ұлан ғайыр еңбегін, дүниежүзілік қауымдастықтың осыны қалай мойындап отырғанын дәлелдейтін құжаттарға, дерекнамаларға негізделген.
ΙΙ. Өлеңоқу «Аман жүрші, атамыз»
ΙΙΙ. Қорытынды.