7


  • Учителю
  • 'Азаматтық жауапкершіліктің бірі - ұят' дөңгелек үстел

'Азаматтық жауапкершіліктің бірі - ұят' дөңгелек үстел

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Азаматтық жауапкершіліктің бірі - ұят

дөңгелек үстел

Қатысушылар: 7,8,9 сыныптар

Мақсаты:

- «Азаматтық», « азаттық» құндылықтарының мәнін ашып түсіндіру.

- Қазақстанның тәуелсіздік алғалы 20 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып,түсініктерін кеңейту.

- Еліміздегі азаттық, бірлік, тәуелсіздік құндылығын бағалап, түсінуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қазыбек бидің суреті, Ту, елбасымыз Н. Назарбаевтың сөзі «Біздің алдымызда -демократиялық үрдістер мен заң үстемдігіне негізделген экономикасы, күшті әлеуметтік саясаты, орнықты саяси институттары дамыған, жеке бас және қоғам қауіпсіздігі, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етілген мемлекет болу, ұлан-ғайыр міндеті тұр».

Барысы: Ұйымдастырушылық кезең

Қазақстанның әнұран орындалады.

Кіріспе сөз:

-Құрметті оқушылар дөңгелек үстелді ашық деп жариялаймын. Бүгінгі біздің дөңгелек үстеліміздің тақырыбы «Азаматтық қоғам-азаттық қоғам». Сіздерден «Азаматтық қоғам» дегеніміз не екенін білмес бұрын, жалпы «Азамат», «азаматтық», «азаттық» дегенді қалай түсінетініңіздерді білейік.

Оқушыларға сұрақ:

1. Азамат деп кімді айтады?

2. Ал, азаматтық дегеніміз ...

3. Азаттық дегеніміз нені білдіреді?

4. Азаматтық қоғам дегеніміз қандай қоғам және оның міндеттерін атап өтіңіздер.

5. Яғни, «»Азаматтық қоғам» ұғымына қандай тағы сипаттама беруге болады.

6. Азаматтық қоғамның қандай үш саласын білесіздер?

Мұғалімнің сөзі

- Сонымен, азаматтық қоғам дегеніміз-қоғамда мемлекеттің араласуынсыз және мемлекеттік органдар арнасынан тысқары дамитын тұлғааралық қатынастардың, отбасылық, қоғамдық, экономикалық, мәдени, діни және басқадай құрылымдардың жиынтығы болып табылады.

1. Азаматтық қоғамның қоғамдық прогреске қандай қатысы бар?

2. Құқық дегеніміз не?

3. Сонда, адам құқығы дегеніміз...

4. Адам құқығы мен азамат құқығының арасында қандай айырмашылық бар?

5. Қазақстан Республикасының азаматтығы қай кезден бастап беріледі?

6. Азаматтық құқық дегенді қалай түсінесіңдер?

7. Азаматтық құқықтың қандай қағидаларын білесіздер?

8. Азаматтық қоғам қандай жағдайда қалыптасады?

Мұғалімнің сөзі:

-Сонымен, азаматтық-адамның мемлекетпен тұрақты құқықтық байланысы. Ал, адам құқығы- адамның өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға арналған іс-әрекеті мемлекет тарапынан қорғалып және қамтамасыз етілген мүмкіндігі.

Тек азат адамдар мен тәуелсіз халықтар ғана дүниеде шынайы жарастық орната алады. Өйткені халық бостаныққа жетпей тұрып, қоғам бостандыққа жете алмайды. Сондықтанда бүгін күллі жалпақ әлем бостандықты ту еткен жарастықты аңсайды. Ендеше, адамдар мен қоғамдардың, мемлекеттер мен халықтардың өз еркі өзіндегі тәуелсіздігі.

Оқушыларға тәуелсіздік жайында сұрақ:

1. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қай жылы қабылданды? (16 желтоқсан 1991ж.)

2. Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының мүшелігіне қай жылы өтті?(3 науырыз 1992ж.)

3. Мемлекеттің жаңа әнұраны, елтаңбасы, туы қай жылы қабылданды?

Оқушылардың жауаптары.

90-жылдары тәуелсіздік алған өзге мемлекеттердегідей, Қазақстан да мәдени интелектуалдық ой мен ғұрып шын мәніндегі тектоникалық өзгерістерге ұшырады. Ғасырлар бойы жаншылған, тепкі көрген халықтың ұлттық санасы оянды. Отарлық егізден шыққан қазақ халқы үшін осы тұста ұлттық-мәдени түлеу ауадай қажет болатын. Бұл, өз кезегінде, жаңа рухани құндылықтарды қалыптастыру, жаңа сападағы білім жүйесін жасау, адам капиталын дамыту арқылығана іске асырылатын еді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекет осы рухани мұқтаждықтың өтелуіне көп күш пен қаржы жұмсады. Ұлтымыздың жоғалуға айналған тілі мен діні, ділі қайта оралды.

Қызығушылығын ояту.

-Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан иелміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбағанелмііз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Осылай деп кім айтқан?

-Қаз дауысты Қазыбек би

Мағынаны тану

- Ия, осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толғалы отыр. 16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері жылдарға шолу жасайық.

1-оқушы: 1991 жыл- нарықтық экономикаға көшкен жыл.

2-оқушы: 1992 жыл- қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров ғарышқа ұшты.

3-оқушы: 1992 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.

4-оқушы: 1994 жыл- Еуразия одағын құру туралы конференция болды.

5- оқушы: 1995 жыл-Қ.Р. конституциясы қабылданды.

6- оқушы: 1996 жыл-Мемлекеттің жаңа әнұраны; елтаңбасы, туы қабылданды.

7- оқушы: 1997 жыл- жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.

8- оқушы: 1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

9- оқушы: 1999 жыл- ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.

10- оқушы: 2000 жыл- мәдениетті қолдау жылы.

11- оқушы: 2001 жыл- тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.

12- оқушы: 2003 жыл - Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.

13- оқушы: 2005 жыл- «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді.

14-оқушы: 2008-2009 жыл -Қазақстанда берілетін жәрдем ақы, айлық табыс, зейнетақы, көлемі жоғарлап, халықтың әлқуаты артты.

15-оқушы: 2010 жыл -Елбасы Назарбаевтың «жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстан жаңа мүмкідіктері» жолдауы жарияланып, ел экономикасы жоғарғы қарқында дами бастады.

Дөңгелек үстелді қортындылау.

Қазіргі азаматтық қоғам қойнауында жеке адамдардың әлеуметтік пісіп-жетілуіне, олардың әр түрлі формалары негізінде еркін дамуына мүмкіндіктер жасалады. Онда әрбір азаматтың мүддесін, еркіндікке, өмірге деген табиғи құқығын жан-жақты қорғауға , қоғамдық өмірдің барлық салалары қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге азаматтық қоғамда жекелеген адамдардың, топтардың қарым-қатынастары реттеледі, болуы мүмкін жанжал- қақтығыстарға жол берілмейді.

Тағы бір қоса кететінім, осы жетістіктеріміз бен еркіндігіміз тәуелсіздіктің арқасында ие болғанымыз анық. Азаматтық қоғам-азаттық қоғам болып қалыптасуына еркін азаматтар ғана біріккен саналы іс-әрекеттерінің нәтижесінде мұндай адами қауымдастықты жасай алатыны сөзсіз.

Тәуелсіздік - кез келген халықтың маңдайына жазылмаған, тағдыр -талайына бұйырмаған ғажап сый.

Мың жылдап күткен арманды бір күнде жүзеге асыра салмасымыз белгілі, ғасырлап аңсаған азаттық бәрімізді бір күнде бай қылып, барша мұратқа жеткізбей жатқаны рас. Бәрі де рас. Әзір орнай алмай жатқан молшылық пен әділет бәрібір орнамай қоймайды.ү Қай халық та ондай дәуренге , тек тәуелсіздіктің арқасында жетіп жатыр. Ал қолымызға әзер қонған азаттық құсын бір үркітіп алсаұ, қайта айналып қонғанша қашан?!.

Олай болса, уақытша қиындықтарға бола мәңгілік мұраттарымызды тәрк ете алмаймыз.

Міне тәуелсіздігімзді алып, елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде.

Тәуелсіз еліміздің көгеріп-көркеюі жолында күш- жігерді аямаймыз. Тарихтың қандай адал сынына да табандылықпен төтеп бере аламыз. Өйткені тәуелсіздік бәрінен қымбат, бәрінен ұлы!

Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал