- Учителю
- Поурочный план по всемирной истории на тему: 'Ұлыбритания' (10 класс)
Поурочный план по всемирной истории на тему: 'Ұлыбритания' (10 класс)
Сабақтың тақырыбы: Ұлыбритания.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлыбритания үкіметі, әлеуметтік қозғалыстар, ұлттық үкімет саясаты, Ұлыбританияның сыртқы саясаты туралы, түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге, талдау, салыстыруға баулу.
Тәрбиелік: Балаға шетел тарихын таныстыру.
Көрнекілігі: дүние жүзінің саяси картасы, тірек-сызба, кесте.
Әдісі: Тірек-сызба арқылы дамыта оқыту.
Пәнаралық байланыс: География.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту:
№1 тапсырма. Тірек-тақырыптармен жұмыс.
№2 тапсырма. «Жылдар да сөйлейді».
№3 тапсырма. Тірек-сызбамен жұмыс.
ІІІ. Бекіту сұрақтары.
ІҮ. Үйге тапсырма беру.
№1. Тапсырма: Тірек-тақырыптармен жұмыс:
-
Ллойд Джордж үкіметі.
-
Әлеуметтік қозғалыстар.
-
Р.Макдональд үкіметі.
-
Ұлттық үкіметтің саясаты.
-
Ұлыбританияның сыртқы саясаты.
№2. Тапсырма: «Жылдар да сөйлейді».
-
1863-1945 жж. - Дэвид Ллойд Джордж өмір сүрді.
-
1918ж-1922ж. - Ллойд Джордж бастаған коалициялық кабинет Кеңес Одағына қарсы интервенция ұйымдастырушылардың бірі болды.
-
1918ж. - Жаңа сайлау заңы қабылданды.
-
1920ж. - Англия бір жылға созылған экономикалық дағдарысқа шалдықты.
-
1919ж. тамыз - Ауғаныстандағы интервенция сәтсіздікке ұшырап, сол елдің егемендігін мойындады.
-
1921ж - Иран халқы әділетсіз ағылшын-иран келісімінің күшін жойды.
-
1922ж. 19 қазан - Ллойд Джордж қызметінен кетті.
-
1923ж. - Консервативтік үкімет кезектен тыс Парламент сайлауын өткізді.
-
1924ж. 22 қаңтар - Англияда бірінші лейбористік үкімет құрылды.
-
1924ж. 8 қазан - Макдональд лейбористік кабинеттің қызметтен кеткенін мәлімдеді.
-
1924ж. қараша - Англияда Стэнли Болдуин бастаған бірыңғай консерваторлар үкіметі құрылды.
-
1927ж. ақпан - Консерваторлар үкіметі «Өндірістегі шиеленістер және тред-юниондар туралы» заң шығартты.
-
1929 ж. - Р.Макдональд лейбористердің екінші үкіметін құрды.
-
1932ж .- Англияның фашистік партиясы - Британия фашистерінің одағы құрылды.
-
1935ж. - Р.Макдональд үкіметі құлады.
№3 тапсырма: тірек-сызбамен жұмыс.
Бекіту сұрақтары:
1.Англия үшін І дүниежүзілік соғыстың салдары қандай болды?
2. Ұлы дағдарыстың Англияға салдары?
3. 30-ж. Ұлыбританияның Еуропадағы сыртқы саясатының ерекшеліктері қандай?
Үйге тапсырма беру: тақырыпты оқу.
«Ұлыбритания» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.