- Учителю
- Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы.
Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы.
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §1. Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы.
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларды XVIII ғасырдағы қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсету;
-
Бұрынғы алған деректермен жұмыс істеуге , көтерілген мәселе бойынша деректерге сүйене отырып, талдау жасауға үйрету;
-
Туған өлкенің тарихына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекіліктер: карта , «Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы» схемасы (кесте), терминологиялық сөздік.
Жаңа материалды бұрынғы өткен тақырыпты қайталай отырып, оқыту. (білімді бекіту.)
Негізгі ұғымдар: қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік теңсіздік, класс, иерархия, конфессия, адат, құн, құрама, тархан, төлеңгіт, құл, диалект.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
«Хабар» ел жаңалықтарына шолу /сұрау/
Үй тапсырмасын сұрау:
7-сыныпта өткен материалдарға шолу
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
-
Қазақстардың саны мен орналасқан жерлері.
-
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері
Қазақстан аумағындағы тайпалардың орналасуымен Қазақ хандығындағы әлеуметтік құрылым жөнінде оқушыларға 7-сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы қурсынан таныс болғандықтан , бұл жөнінде алдын ала сұрап, естеріне түсіремін
№1 тапсырма: Картамен жұмыс.
-
Төмендегі жүздердің құрамына қай тайпалардың кіргенін естеріңе түсіріңдер.
А) Ұлы жүз:
Ә)Орта жүз:
Б)Кіші жүз:
2. Картадан орналасқан аумақтарын көрсетіңдер:
А) Ұлы жүз-
Ә)Орта жүз-
Б)Кіші жүз-
3) ХVIII ғасырда Қазақ хандығы қандай мемлекеттермен шекаралас болды? Олармен қарым-қатынасына тоқталыңдар.
Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіремін. Бұл жерде Қазақ хандығының осы кездегі саяси дамуынанң ерекшеліктерін , қазақстардың басқару жүйесін міндетті түрде айту керек. Сонан кейін оқушыларды деректермен жұмыс істету және оларға талдау жасай отырып, өз ойын айтқызу мақсатында тапсырма беріледі (өздігінен жұмыс)
№2 тапсырма:
-Оқулықтағы тақырыпты пайдалана отырып, ХVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін бейнелейтін кесте (схема) құрыңдар.
Берілетін жауаптар үлгісі:
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның классикалық құрылымын көрсетеді:
-
Феодалдар класы (тобы):
-
Шыңғысханның ұрпақтары- (хандар мен сұлтандар)
-
Рулық және тайпалық ақсүйектер;
-
Қожалар, имамдар, қожалар;
-
Патриархалды-феодалдық ақсүйектер оөкілдері (бектер, байлар, батырлар).
-
Шаруалар класы (тобы) :
-
Қарапайым малшылар, егінші шаруалар;
-
Егінші малшылар.
-
№3 тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Тақырыпты оқып шығып, төмендегі терминдардің анықтамасын айтыңдар:
-
Құрама
-
Қожа
-
Құрылтай
-
Ханталапай
-
Төлеңгіт
-
Құн
-
Адат
-
Тархан
№ 4 тапсырма:
-Қазақстан тарихы бойынша хрестоматия материалар пайдалана отырып, әр топ (класс) өкілдерінің қандай міндеттерін мен құқықтары болғандығын атап көрсетіңдер.
Онан әрі мұғалім сабақты төмендегідей етіп жоспарлайды.
-
Хан сайлау дәстүрі
-
Сұлтандар әулетінің артықшылықтары.
-
Қожалар мен олардың қазақ қоғамындағы рөлі
-
Қазақстар қандай еңбек үшін тархан атағын алған?
-
Әлеуметтік мәртебесі-қоғамның ерікті мүшесі.
-
Төлеңгіт деген кімдер?
-
Қазақ қоғамындағы құлдардың жағдайы.
Жаңа сабақты бекіту үшін берілетін сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Картадан Қазақ хандығының аумағын және оның ішіндегі әр жүзді орналасқан жерлерін көрсетіңдер.
-
XVIII ғасырда Қазақ хандығықандай мемлекеттермен шекаралас болды?
-
Осы кезеңдегі Қазақхандынының сыртқы саяси жағдайы жөнінде не айта аласыңдар?
-
Оқулықтың 13-бетіндегі құжатпен жұмыс (Г.Н.Потанин. Таңдамалы шығармаларының үш томдығы. Тарих, этнография және фольклор жөніндегі еңбектер. Павлодар, 2005, 3-том, 30-31-беттер)
Үй тапсырмасы:
-
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының таптық құрылымының ерекшеліктеріне баға беріңдер (Хрестоматия. Коншин Н. «Павлодардан Қарқаралыға дейін»).
-
Халықтың кейбір топтарының қандай артықшылықтары болды? Сендердің ойларыңша неліктен