- Учителю
- 'Қазақстан - егемен мемлекет' тақырыбына сабақ жоспары (5 сынып)
'Қазақстан - егемен мемлекет' тақырыбына сабақ жоспары (5 сынып)
С.М. ЖАКСЫМБЕТОВА,
«Қазан жалпы орта
білім беретін мектеп» ММ
тарих пәнінің мұғалімі.
Май ауданы,
Павлодар облысы.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан - егеменді мемлекет
Мақсаты:
• Білімділік: оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы білімдерді меңгеру үшін жағдай туғызу.
• Дамытушылық: Қазақстанның тәуелсіздік алып, егеменді ел болуының маңыздылығын үйрету, тарихи оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: өз елінің өткен тарихын құрметтеуге үйрету, Отан мен қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін арттыруға көмектесу, Отанға, еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Тәуелсіздік, егемендіктің маңыздылығын түсінеді, тарихи оқиғаларға баға бере алады
Сынып: 5 «а»
Сабақтың түрі: аралас
Әдістері: интерактивті
І. Ұйымдастыру кезеңі
- амандасу
- түгендеу
-Психологиялық ахуал туғызу: «Машина, поезд, ұшақ» ойынын ойнап, көлік түрлерінің қимылдарын көрсету арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Ұшақ» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру: қағаздан ұшақ жасап, бір жақ қанатына сұрақ жазып, бір-біріне ұшырады. Ұшақты ұстап алған оқушы екінші қанатына жауап жазып қайтарып береді. Сұрақтар үлгілері: Ғарыш сөзі араб тілінен аударғанда қандай мағына береді? (кеңістік, космос); Әлемде тұңғыш ғарышқа кім және қашан ұшты? (Юрий Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде); Түңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров) т.б.
ІІІ.Жаңа тақырып:
Оқушыларға тақырып негізгі ұғымдары жазылған карточкалар таратылады: КСРО, 1922 жыл, одақтас республикалар, 1979 жыл, 1986 жыл, 1991 жыл, 16 желтоқсан, республика, егемендік, Н.Ә.Назарбаев, президенттік сайлау.
Дұрыс жауаптары: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы; КСРО 1922 жылы құрылды; КСРО құрамында 15 одақтас республика болды; 1979 жылы Целиноградта (Ақмола, бүгінгі Астана) қазақ жастарының кеңестік жүйеге қарсылығы болып өтті; 1986 жылы КСРО-ның отаршылдық, әкімшіл-әміршіл саясатына қарсы қазақ жастарының наразылық қимылы. Орталық үкіметтің езгісіне шыдамаған қазақ жастары сол күндері ереуілге шағып, қазақ елі басшысының қазақ азаматы болуын талап етті; 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады; 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні; республика - мемлекет басшысын халық немесе арнайы сайлау алқасы сайлайтын басқару жүйесі; егемендік - мемлекеттің саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті; президенттік сайлау - республика өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін мемлекет басшысын сайлау мақсатында 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, халықтың бірауыздан қолдауымен Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.
Әр топ осы тіректі ұғымдарды топпен талқылап, тақырыпты өздігінен меңгереді. Топтар дәптерлерімен өзара алмасып, бір-бірін тексереді.
«Конверттегі сұрақтар»: әр топқа конверттер таратылады. Конверт ішіндегі сұрақтарға топ ішінде 1 минут ойланып жауап беру ұсынылады. Сұрақтар:
1-топ: Неліктен Қазақстан КСРО құрамында өз экономикасын еркін дамыта алмады? ( КСРО құрамында болғанда Қазақстан бірде-бір мәселені өз бетімен шеше алмады. Үнемі Мәскеуден берілген нұсауды ғана орындауға тиіс болды. Экономикалық жағынан да Қазақстан өз байлығын өзі ие бола алмады. Қазақстанның мемлекеттік қорына тапқан табысының 1 %-ы ғана түсті).
2-топ: Қазақ халқының өз рухани байлығынан айырылу қаупін неден көруге болатын еді? (Ұлттық ерекшеліктер ескерілмей, құқықтары аяққа басылды. Қазақтар өз тілін, салт-дәстүрін, дінін ұмытып, мәңгүрттену қаупі төнді, т.б.).
3-топ: Бүгінде Қазақстан әлем алдында егемен ел ретінде қандай жетістіктерге жетіп отыр? (Бүгінде Қазақстанды әлемнің 120 мемлекеті танып, 70-тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаған. БҰҰ-ның мүшесі, мемлекеттік рәміздеріміз қбылданды, ұлттық теңгемеіз 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді, Ата Заңымыз 1995 жылы 30 тамызда қабылданды, т.б.).
ІҮ. Бекіту. Жеке жұмыс: тест
-
КСРО-ның өмір сүрген уақыты
А) 1922-1986 жылдары
В) 1917-1991 жылдары
С) 1919-1990 жылдары
Д) 1923-1990 жылдары
-
Қазақстан тәуелсіздік қашан алды?