- Учителю
- Қазақстан тарихы 'ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН НЫҒАЮЫ'
Қазақстан тарихы 'ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН НЫҒАЮЫ'
МҰҒАЛІМ: Аманжолова Гульшат Аманжоловна
ПӘНІ: Қазақстан тарихы
СЫНЫБЫ: 10
Сабақтың тақырыбы: ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН НЫҒАЮЫ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының негізінің қалануы тарихымен, Жәнібек пен Керей хандардың халқына, жеріне, еліне сіңірген қызметімен таныстыру.
Дамытушылық: Қазақ хандығының тарихтағы орнын, зерттелуі туралы ой - өрісін кеңейту, тарихи танымын молайту.
Тәрбиелік: Өз еліне деген патриоттық сезімін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: топпен жұмыс жасау дағдылары дамиды, басқалар пікірін тыңдай білуге үйренеді, интербелсенді және қалыптастырушы бағалау тәсілдері арқылы тақырыпты өздіктерінен оқып үйреніп, өз ойын ашық айтып, дәлелдеуге дағдыланады.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР: Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,пікір -алмасу, тапсырмаларды орындату.
КӨРНЕКІЛІКТЕР: интерактивті тақта, слайд, бағалау парағы.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: аралас сабақ
САБАҚ БАРЫСЫ:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
-
Үй жұмысын сұрау.
Қазақ халқының этникалық құрамы
-
Жаңа сабақ мазмұны (Электронды оқулық)
1.Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары.
2.Қазақ жұртының Өзбек ұлысының бөлінуі.
3.Қазақ хандығының құрылуы.
4.Қазақ хандығының нығаюы,зерттелуі.
-
Топпен жұмыс
№1 топ Әлемнің саяси картасында жаңа мемлекеттің-Қазақ хандығының пайда болуы экономикалық,саяси,этникалық сипаттағы тұтас себептер кешенінің бір мезгілдегі ықпалынан туындаған.
Оның негізін қалаушыларды,алғашқы даму кезеңіндегі оның аумақтық шекараларын атаңыз.
№2 топ Сіздің көзқарасыңыз бойынша Моғолстан ханы Есен бұға неліктен мәртебелі ханзадаларды құрметпен және ақ ниетпен қарсы алуға "келісім" берді.
№3 топ Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарихи-и-Рашиди" еңбегі бірегей шығарма болып табылатындығы жалпыға танылған.Ерте және орта ғасырдағы Қазақстан,оның ішінде Қазақ хандығы жөнінде аса бай материалдар көп.Қазақ хандығының құрылғаны хижраның 870 жылы деп көрсетілген.Григориан жыл санауы бойынша бұл дата қай жылдарға сәйкес келетініне жауап бер.
5 Шығармашылық жұмыс
Бір тақырыпты таңдай отырып, шешендік сөйлеу мәнерін көрсетеді
-
«Ауылымның көркеюі үшін ....»
-
«Болашақ мектеп»
-
«Жастар іс басында»
-
«Қазақстан-2030»
6.Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып, сұрақтарға жауап беру «Қазақ хандығы-Қазақстан Республикасы Президенті» хан құрылу жүйесін салыстыру.
7.Оқушыларды бағалау.
8.Рефлексия
«Мен үшін бүгінгі сабақ…»
Оқушыларға жеке парақша беріледі, олар үш бағыт бойынша өз жұмысы бойынша қажет сөздің астын сызу керек.
Сабақ
Мен сабақта
Қорытынды
1. қызық
1. жұмыс істедім
1. материалды түсіндім.
2. қызықсыз
2.демалдым
2. білетінімнен де көп білдім.
3.енжарлық басым
3.басқаларға көмектестім.
3.түсінбедім