7


  • Учителю
  • разработка открытого урока по казахской литературе 10 класс

разработка открытого урока по казахской литературе 10 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөліміА.М.Горький атындағы гимназияҒылым декадасы Қазақ әдебиеті  Ашық сабақ10 сыныпМұғалім: Ақышева Балайым Жансейітқызы Сабақтың тақырыбы:  ­Қазақ әдебиетіне саяхат. Сабақтыңмақсаты:    а) білімділік: Алдыңғысабақтаалған білімдер
предварительный просмотр материала

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі

А.М.Горький атындағы гимназия

Ғылым декадасы

Қазақ әдебиеті

Ашық сабақ

10 сынып

Мұғалім: Ақышева Балайым Жансейітқызы


Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдебиетіне саяхат.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Алдыңғы сабақта алған білімдерін тексеру, мақал мен мәтел, олардың ерекшеліктері туралы алған білімдерін тексеру мақсатында түрлі тапсырмалар бере отырып, алған білімдерін еске түсіру және бекіту.

сөздік қорларын кеңейту, күнделікті өмірде жай сөздердің орнына тұрақты тіркестерді пайдалана білуге үйрету.

ә) тәрбиелік: Тіл, Отан, достық тақырыбындағы мақал-мәтелдерді бере отырып, өз тілін құрметтеуге, туған жерін, Отанын сүюге, досын, ата-анасын қадірлеуге тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Үйге берілген тапсырманы орындата отырып, өз бетімен еңбектенуге, топпен жұмыс жасауды білуге дағдыландыру. Екі топты жарыстыру, ребустар шештіру арқылы шапшаң ойлау, есте сақтау, ойын жүйелі жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: суреттер, тақта.

Сабақтың түрі: Аукцион сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі : Топтық жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі.

- оқушылармен амандасу, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу, оқу құралдарының түгелдігін қадағалау, топқа бөлу

Бүгінгі сабақта біз қазақ әдебиетіне саяхат жасаймыз. Саяхат қызықты болсын деп оны аукцион түрінде өткіземіз. Өтілген тақырыпттарды есімізге түсіре отырып ойымызды жинақтау, алған білімімізді бекіту.

-Бүгінгі біздің сабағымыз сайыс түрінде өтпек, сынып оқушылары үш топқа бөлінді.

Аукцион болғандықтан сендерге бірнеше лот ұсынылады.

І лот - «Кейіпкерлер». Шарты: тақтадағы кейпкерлерді атау, қандай шығармадан екенін айту.

ІІ лот - «Мақал-мәтелдер». Шарты: сурет бойынша мақал ойлап табу.

ІІІ лот -«Сұрақ - жауап». Шарты: ақын - жазушылардың өмір жылдарын дұрыс айту. (Абай - 1845-1904; Ыбырай Алтынсарин -1841-1889; Шоқан- 1835-1865; Мұрат Мөңкеұлы - 1843-1906;Сүйінбай Аронұлы - 1815-1898;Дулат Бабатайұлы - 1802-1871; Махамбет Өтемісұлы -1803-1846; А: Байтұрсынов - 1873-1938; С.Сейфуллин - 1894-1938; І. Есенберлин - 1915-1983;)

ІV лот - «Досым, ұстазым» Шарты: бұлар кімдердің жақын достары: Исатай Тайманов, Григорий Потанин, Е.П. Михаэлис, В.В. Григорьев, Құрманғазы, Сүйінбай Аронұлы, Зере,

V лот - «Шығармалар білгірі» Шарты: қандай шығармадан алынғанын айту:

  • Баяғы өткен заманда Қара теңіз жағалауындағы Жағалбайлы елінде Базарбай деген бай боыпты. Оның үш әйелі , тоғыз ұлы болыпты. Елге оба ауруы келгенде тоғыз ұлдың бәрі өледі. Содан Базарбайдың қартайған шағында кіші әйелі періште сипатты ұл туады... («Қыз Жібек»)

  • Бір байдың Төрткөз, Мойнақ төбеттері, өздері ит болса да, әдепті еді. Түнде үріп, күндіз үрмей, жай жататын, болады әдепті иттің әдеттері... («Иттің достастығы» А. Байтұрсынов)

  • Ресейге бағыну - қала салдыру ғана емес. Бұл үлкен саясат, - деді Әбілқайыр. ... түбі қазақ елі толып жатқан ақымақтардың қолында бөлшектеніп жүргенше, бір ақылдының қолында тұтас отырған ыжөн емес пе? («Көшпенділер» І.Есенберлин)

  • Кәрім деген мешер, өзі жұмысқа тәуір жігіт те болса, жуынып, кірсіз көйлек киіп, таза жүруімен ісі жоқ еді. Әркім айтушы: « Саған не болды? Кіріңді ағызып жүргенше, жуынсаң болмай ма? ...» («Салақтық» Ы.Алтынсарин)

  • Жапырақ - жүрек, жас қайын! Жанымды айырбастайын. Сен адам бола бастасаң, мен қайын бола бастайын. Келісесің бе, жас қайын! («Өмір сүрейік алмасып» М. Мақатаев)

  • Абай Пушкин мен Лермонтовқа көп үңіледі. Оларды кейінгі ұрпаққа қалай жеткізуді ойланады. («Абай жолы» М. Әуезов)

  • «Аһ!...» , - деді декөл селк етті, «Аһ!...», - деді аққу, - жаным - ай!» қыларын оқ қылып кетті; ... «Мені де ат!» - деп жалынды. ... аққу бетін жаспен жуды, көкке шықты күйініп; сұр мергенді қоймай қуды. («Аққудың айырылуы» С.Сейфуллин)

  • Білем анық: жанға жайлы май сұлу, жарк - жұрқ еткен майда найзағай сұлу. Қызықты орман, көңілді еркін кең дала, күміс табақ көкте жүзген ай сұлу! ... («Сен сұлу» М.Жұмабаев)

VI лот - «Әдеби теориясы» Шарты: пейзаж, портрет, тақырып, жоспар, талдау - терминдерін түсіндіру


Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

Үй тапсырмасы.

Қазылар алқасын тыңдау.

Қорытынды



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал