- Учителю
- 'Қазақ хандары, билері мен батырлары'
'Қазақ хандары, билері мен батырлары'
Бекітемін: Ж.С Жалмуханбетова
Күні: 08.12.2015ж
Сабақтың тақырып: Қазақ хандары, билері, батырлары.
Сабақ мақсаты: Қазақ хандары, билері, батырлары туралы білім беру.
Міндеттері: -Танымдық сипаттағы тапсырмалар арқылы ой - өрісін арттыру,
- Қазақ хандары, билері, батырлары туралы ойларын кеңейтіп, тұжырымдауға жетелеу;
- Ғылыми жаңалықтарға қызығушылықтарын ояту;
- Қазақ хандары, билері, батырлары тақырыбы бойынша жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушыларды диалогқа түсуге,
ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: «Серпілген сауал», «Тұлғаны танып біл », « Сыйқырлы сандық», «Ретімен орналастыр», «Жадыны дамыту», «Тест».
Оқыту формасы: жеке, жұппен, топпен.
Көрнекілігі : компьютер, фотоппарат, видео, А-3 , тақырыпқа сай суреттер,маркелер, өшіргіш, қарындаш,
Сілтеме : 5сынып Қазақстан тарихынан әңгімелер Ж. Артықбаев, А. Сабданбекова
Күтілетін нәтиже : - Қазақ хандары, билері, батырлары туралы білед
Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты қызыл, жасыл, көк түске боялған қоржынға салынған асықтар арқылы үш топқа бөлдім.
1) Қазақ хандары ( қызыл түс)
2) Қазақ билері (жасыл түс)
3) Қазақ батырлары (көк түс)
Үй тапсырмасын сұрау
«Серпілген сауал» әдісі арқылы үй жұмысын тексердім
Оқушылар берілген суреттерді құрастырып үш топқа бөлініп отырады.
Сыныптасының атын атап допты лақтырады және сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы қойылған сұраққа жауап береді .Егер жауап бере аламаса сұрақты келесі оқушыға қайталап қояды.
-
Монғол мемлекеті қашан, қалай құрылды?
-
«Отырар шайқасы» туралы не білесің?
«Басбармақ» арқылы бағалайды.
Әр топқа қима қағаздар арқылы тапсырмалар беремін, соны топ болып орындайық.
Хандар тобының тапсырмасы:
Хан дегеніміз кім?
Қандай қызмет атқарды?
Сонымен хан дегеніміз, қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы. Бұл билік атадан балаға мұра ретінде қалып отырды. Ханның негізгі қызметі мен өкілділігіне тоқталсақ: сяси - экономикалық мәселелерді шешумен қатар өз атынан бұйрық шығарып отырған. Ел басқаруда өз кеңесшілеріне сүйенген. Жаугершілік соғыста қол басқарған.
Билер тобының тапсырмасы:
Қазақтың әйгілі билері
Өмір сүрген уақыты
Бата, нақыл сөздері
Қазақтың негізгі үш биі өзімізге белгілі Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би. Қазыбек - қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, мәлімгері және Орта жүздің бас биі болған. Жеті жарғыны жасауға көмектескен. Ол жастайынан шешендігімен көзге түседі. 1740 жылдары Малайсарымен және басқалармен бірге 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып алады. Жоңғар ханы оған шешендігі үшін «Қаз дауысты Қазыбек»- атағын берген.
Батырлар тобының тапсырмасы:
Бөгенбай батыр (1710 - 1757жж)
Қабанбай батыр (1706 - 1781жж)
Наурызбай батыр (1680 - 1778жж)
Баян батыр (1691 - 1769жж)
Жоңғарларға қарсы күреске шыққан қазақ батырлары көп. Солардың негізгілеріне тоқталсақ: Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Баян батырлар. Олардың ерлігі үшін әр түрлі атақтар берген. Олар жастайынан батырлығы мен ерекше көзге түскен. Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, сардарлық қызмет атқарған. Қазіргі таңда осы батырларды құрметтеп жыл сайын тойланып отырады және қала ауыл және маңызды көшелер атарын беріп дәріптеп отырады.
Тапсырмаларымызды орындап болып оқимыз
«Тұлғаны танып біл» әдістемесі оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.
Әрбір оқушы берілген тақырыпты жұбымен оқиды талдайды, тұлғалыр туралы постер жасайды.
Мен оқушыларға бағыт-бағдар бердім.
«Тұлғаны танып біл » әдістемесі
Оқушылар мәтінмен танысады.
Оқушы қадамдары :
-
Оқиды,
-
жұппен талдайды
-
постерге түсіреді
«Бағдаршам » арқылы бағалау
«Сыйқырлы сандық»
Сыйқырлы сандық әртүрлі сұрақтармен толтырылады.Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып дауыстап оқып,жауап береді де , 5,4,3 балдық жүйе бойынша тиісті бағасын алады. Алған бағалырын есептеп ойын соңында 1,2,3 орындарды анықтайды. Ойын барлық оқушылардың тапқырлығы бойынша алған білімін анықтайды.
Сергіту жаттығуы
«Сыйқырлы сандық»
1.Тарихта қазақ елінің хандары қандай қызмет атқарды?
2.Хандарға ел басқаруда ,маңызды мәселелерді шешуде кімдер көмектесті?
3.Неліктен Тәуке хан билік еткен заманды
«Алтын ғасыр» деп атады?
4.Жоңғар мемлекеті қалай құрылды?
«Хандарды билік ету ретімен орналастыр»
Хақназар
Керей мен Жәнібек
Қасым
Тәуекел
Абылай
Жәңгір
«Қолпаштау»
«Жадыны дамыту» арналған әдіс - тәсіл
Монархия , хан, сұлтан, төлеңгіт,батыр,тархан,
Оларды жаттау үшін, сендерде 2 минут бар.
«Жадыны дамыту» арналған әдіс - тәсіл
Монархия -әкеден балаға мұра ретінде қалдырылып отыратын мемкеттік билік. Хан -орта ғасырлардағы Қазақ мелекетінің билеушісі
Сұлтан -ханның мұрагері
Төлеңгіт- ханның малын бағатын адам батыр -жеке ерлігімен ерекше көзге түскен ер жүрек, қаҺарман адам
Тархан - әскер басы, елші азаматтарға берілген.
«Қолпаштау»
«Тест »
1.Қазақ хандығы құрылар қарсаңында Ақ Орданы кім биледі
А. Жошы в. Керей с. Әбілқайыр д. Жәнібек
2.Ханның мұрагерін қалай атаған
А. Жауынгер в. Төлеңгіт с. Сұлтан д.би
3.Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң
А.Төре бітігі в.«Жеті Жарғы»с. Қылмыстық заң д.Жарғы
4.Төмендегі батырлардың қайсысы М. Жұмабаевтың кейіпкері
А. Бөгенбай в. Наурызбай с. Батыр Баян д. Қабанбай
5.Қазақ хандығының аумағын кеңейтіп,хандықты іргелі мемлекетке айналдырған:
А.Хақназар в.Тәуекел с. Есім д. Қасым
6.Абылай хан өмір сүрген кезең.
А.1711-1781 в.1718-1788 с.1711 - 1791 д.1701-1781
7.Дарабоз атанған батыр.
А. Бөгенбай в.Наурызбай с.Баян батыр д.Қабанбай
8.Қазақ хандығы құрылған жыл.
А. 1227 ж в.1466 ж с. 1659 ж д. 1778 ж
9. Жаугершілік заманда 50 жылдан астам қазақ қолын бастаған батыр.
А.Қабанбай в.Наурызбай с. Бөгенбай д.Жәнібек
10. Тәуке хан билік еткен жылдар
А.1680-1718 в. 1982 - 1766 с. 1663- 1756 д.1711 -1781
Оқушылар берілген тапсырманы орындайды. Топпен дәптер алмастыру арқылы бір - бірлерін тексереді.
Стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын «Екі жұлдыз ,бір тілек » арқылы жазады.