7


  • Учителю
  • Разработка урока 'Қазақ хандығының құрылуы'

Разработка урока 'Қазақ хандығының құрылуы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы

Мақсаты:

Б. Қазақ хандығы құрылуына ықпал еткен факторларды саралайды, саяси оқиға- ларды зерттейді.

Д . логикалық ойлау, өз пікірін еркін жеткізу,ізденгіштік және салыстыру қабілеттерін дамытады.

Т . Оқушыны бірлікке,ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі:Дәстүрлі емес сабақ

Әдісі:Топпен жұмыс,СТО, АКТ, дарынды оқушымен жұмыс,диалогтау

Көрнекілігі: XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан картасы, суретті карта, деңгейлік тапсырмалар,сөзжұмбақ,тірек сызба, хандар кестесі.

Пәнаралық байланыс:Қазақ әдебиеті,география

Базалық ұғым:Қазақ хандығы,алғашқы қазақ хандары, қым-қиғаш саяси оқиғалар

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) сынып әзірлігін,оқушылар дайындығын тексеру

б) оқушыларға жаңа материалды меңгеруге уәж тудыру

II. Жаңа сабақ жоспары:

Тақтадағы «хижраның 870 жылы» постерімен «Алтын Орда - Ақ Орда - Әбілхайыр хандығы - .................» тізбегі арқылы жаңа тақырыпқа оқушылар өздері шығады.

Сабақтың мақсатымен және өтілу жоспарымен таныстыру.

1. Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары.

2. Алғашқы қазақ хандарының ішкі және сыртқы саясаты.

3 Көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы, жер аумағы кеңеюі.

4. Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ күрес басталуы

5. Қазақ хандығы басқару жүйесі қалыптасуы


Қазақ хандығы құрылуына ықпал еткен факторлар мен алғышарттарын оқушылар

дайындаған баяндама мен ИБ тақтадағы картаға жасалған сызу мен белгілер негізнде түсіндіріледі.

Қазақстан жер аумағы


Ноғай Ордасы


Ақ Орда



Әбілхайыр хандығы



Топтарға тапсырмалар: Жәнібек пен Керей хандардың шығу тегі мен олардың Ақ Орда хандарының тікелей ұрпақтары ретінде осы жер аумағында хандық ету құқығы Әбілхайыр хан мен Темір әулетінен басымырақ болғандығын Қадырғали Жалайыридің «Жылнамалар жинағынан» іздеп табу.

Әбілхайыр хандығының әлсіреу мен дағдарысының негізгі себептерін жүйелеп көрсету.

Моғолстан ханы Есен бұғаның қазақ сұлтандарына жер бөліп беруі мен саяси қолдау көрсетуі себептері.

Қазақ хандығына Сырдария бойындағы қалаларды бағындырудың нендей қажеттілігі болды.

Әр топ өз тапсырмаларын постерге салынған сурет не сызба түрінде қорғайды.

Топ жетекшілері дарынды оқушыларға арналған жеке тапсырманы орындау барысында жасаған тест пен кеспе түрінде Шыңғыс ұрпақтарының билік үшін күресте өзара араздығы,керіснше немере туыстар Жәнібек пен Керейдің татулығы туралы мәлімет береді.

Орыс хан



Тоқты Қия


құйыршық








 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал