7


  • Учителю
  • поу. План на тему' Ғұндар тарихы'

поу. План на тему' Ғұндар тарихы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: § 25. Ғұндар тарихы.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға Ғұн мемлекетінің ерте кезеңі, мемлекеттік құрылымы, ғұн тайпаларының бірлестігі туралы мағлұмат беру. Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген ынталарын арттыру, ой- өрістерін кеңейту, есте сақтау,
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: § 25. Ғұндар тарихы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ғұн мемлекетінің ерте кезеңі, мемлекеттік құрылымы, ғұн тайпаларының бірлестігі туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген ынталарын арттыру, ой- өрістерін кеңейту, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: білімділікке, достыққа, татулыққа, Отанын, елін, жеріне деген сүйіспеншілікке, туған елінің тарихын білуге, азаматтық- патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, бақылау.

Көрнекілік: карта, сызба, суреттер слайд,карточкалар, интерактивті тақта т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, математика

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Сәлемдесу. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: § 24. Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.

1) Тест тапсырмасы ( слайд )

1.Қаңлы мемлекетінің өмір сүру хронологиялық шеңбері

А) б.з.б. ҮІ ғасыр - б.з.б. ІІ ғасыр В) б.з.б. ІҮ ғасыр-б.з. І ғасыр С) б.з.б.ІІІ ғасыр - б.з.-дың ІІ ғасыры

D) б.з.б. ІІ ғасыр - б.з.-дың ІІІ ғасыры Е) б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар - б.з.-дың Ү ғасыры

2.Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері

А) Атасу, Шірік-Рабат В) Хантау, Таңбалы С) Қауыншы, Жетіасар, Отырар-Қаратау D) Беғазы, Отырар Е) Дәндібай, Қауыншы

3.Ежелгі қаңлылардың негізгі атамекені

А) Жетісу В) Ертіс өзені С) Еділ бойы D) Шу мен Талас аңғары Е) Сырдың орта ағысы

4.Қаңлы билеушісінің титулы

А) Патша В) Гуньмо С) Сұлтан D) Бек Е) Хан

5.Қаңлы елі ішінде әр иелікті басқарғандар

А) Уәзірлер В) Тархандар С) Кіші хандар D) Сұлтандар С) Бектер

6. Қаңлыларды дәнді және бау-бақша дақылдары өсірілген аймақ

А) Талас аңғары В) Шу бойы С) Іле аңғары D) Ертіс маңы Е) Сырдария аңғары

7. Қаңлылардағы металл өндірісінің орталығы болған аймақ

А) Зах В) Шаш-Илах С) Хан-арық D) Қойлық Е) Қостөбе

8. Қаңлылар жерінен табылған б.з. 3-4 ғ. соғылған теңгелер саны

А) 1300-дей В) 3300-дей С) 4000-дей D) 2100-дей Е) 2200-дей

9.Қытай теңгелері табылған Отырар алқабындағы қаңлы қорымы

А) Қойлық В) Тараз С) Талғар D) Қостөбе Е) Мардан

10.Қаңлыларға жататын өлген адамды киімімен жерлеу аймағы

А) Қауыншы мәдениеті В) Қаратау мәдениеті С) Жетіасар мәдениеті D) Қуаңдария мәдениеті Е) Отырар мәдениеті

2) «Қызықты жетілік» Дұрыс немесе бұрыс деп жауап береді. ( слайд )

Қойылатын сұрақтар: ( слайд )

1. Қаңлылар б.з.б. 3-2 ғасырлар-б.з. 5-ғасыры аралығында өмір сүрді (дұрыс)

2. «Вэсаканың ер жүрек ұлдары Канха қамалының алдында құрбандық берді деп жазған қытай тарихшысы Сыма Цянь( бұрыс. Ежелгі Ираннның б.з.б. 6 ғ жазылған «Авеста» қасиетті кітабы)

3. Қаңлылардың өмірі мен тұрмысы туралы қытай тарихшысы Сыма Цяньнің «Тарих жазбаларында», қытайдың «Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерде жазылған (дұрыс)

4. Тарихшы ғалымдар қаңлы ескерткіштерін зерттей келе 4- ке бөлді: Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар, Көк- Мардан ( бұрыс, 3-ке Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар)

5. Қаңлылардың негізгі қонысы Әмудария өзенінің орта ағысы, қазіргі Бішкек жерінен Қаратау жеріне дейінгі аралықты алып жатыр ( бұрыс, Сырдария өзенінің орта, төменгі ағысы, қазіргі Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласы, Қаратау бөктерінен Талас өзеніне дейінгі аралықты алып жатыр)

6. Қаңлы елінің билеушісі- хан, Астанасы- Битянь қаласы (дұрыс)

7. Қаңлыларда Алтын-асар, Көк-мардан, Пұшық-мардан деген қалалары болды? ( дұрыс)

Жаңа сабақтың жоспары: Виде ролик « Тарих айнасы »

Б.з.б. 1 мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның оңтүстігінде Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияны көптеген тайпалар мекендеген. Солардың бірі ғұн тайпасы. Қытай деректерінде ғұндар туралы б.з.б. 3 ғасырдың аяғынан бастап айтылады.

Қытай деректеріндегі «Ғұн» сөзінің атаулары



Сунну Гун руң Хун ю

Ғұндар кезеңі: б.з.б 4 ғасыр б.з 3 ғасыры аралығын қамтиды

Орналасқан жерлері, территорияларын картадан көрсету


Әскери жүйе бойынша бөлінді


Сол қанат Оң қанат Орталық қанат



Ғұндардың мемлекеттік құрылымы ( Ғұндар 24 рудан тұрған )


Шаньюй ( Ғұндардың басшысы )

Түменбасылар ( Шаньюйдің жақын- туыстары, бекзадалар)

24 түменбасы ( әрбіреуінде 10.000 атты әскері болған )

Мыңбасы

Жүзбасы

Онбасы

Ғұндардың қанша әскерлері болғанын шамамен есептеп шығарыңдар: 241 110 әскері болған.

Жылына 3 рет аксакалдар кеңесі болып тұрды.

Б.з.б. 3 ғасырда Цинь патшалығы солтүстіктегі көршілерінен қорғану мақсатында Ұлы Қытай қорғанын салды.

Ғұн тайпасының бір мемлекетке бірігіп, күшейген кезі б.з.б. 2-ғасырмен 1 ғасыр аралығында Мөденің билік тұсында болды.

Б.з.б. 1-ғасырдың ортасында, яғни б.з.б 55 жылы Ғұндар 2- ге бөлінді


Оңтүстік Солтүстік

Хань әулеті қол астында Чжи-чжи шаньюй басқарып

батысқа қарай жылжыды.

Б.з.б 2 ғасырдан бастап б.з. 4-ғасыры аралығында Батыс Европаға дейін қоныс аудара бастады.

Жаңа тақырыпты бекіту:

ПІКІРЛЕР

ИӘ

ЖОҚ

1

Ғұн билеушісін «хан» деп атаған


+

2

Ғұн мемлекеті 24 тайпадан құралды.

+


3

Цинь патшалығы сақтардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салды.


+

4

Шаньюден кейінгі басты тұлға «түменбасы» болды.

+


5

«Халықтардың ұлы қоныс аударуын бастаған» қаңлылар


+

6

Ғұндардың негізгі өмір салты -көшпелі өмір болды.

+


7

Халықтардың ұлы қоныс аударуы б.з.б II ғасырда басталып б.з. IV ғасырына дейін созылды.

+



Сәйкестендір

Ғұндардың билеушісі

Аттила

Ғұндардың тілі

Шаньюй

Еуропаға жорық жасаған ғұн билеушісі

Түрік

Мемлекет билеушісінің титулы

Мөде


Бағалау: Оқушыларды біліміне қарай бағалау
Үйге тапсырма: § 25 оқу, Ғұндардың қыш ыдыстарының суретін салып келу. Кестені толтырыңдар.

Тайпалық бірлестіктер

Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтардың атауы, қалыптасқан уақыты

Тарихи деректер мен мәдени орталықтары

Қоғамдық құрылымы

Шаруашылығы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал