- Учителю
- ҚАзақстан тарихы 'Қоғамдық құрлысы'
ҚАзақстан тарихы 'Қоғамдық құрлысы'
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық құрлысы
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік:
Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық құрылыс,жеке меншіктің пайда болуы,діни көзқарастары туралы баяндау.
-
Дамытушылық:
Жеке меншік, діни көзқарастартуралы кеңінен мәлімет бере отырып , Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік:
Білімділікке , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілік: суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
-
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1. Тас дәуірін алмастырған дәуір
А) темір дәуірі В ) қола дәуірі С) мыс-тас дәуірі
2. Беғазы-Дәндібай мәдениеті қай жерде орналасқан?
А ) Орталық Қазақстан В) Оңтүстік Қазақстан С) Батыс Қазақстан
3. Ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән қанша қонысты зерттеді?
А ) 30 В) 10 С) 50
4. Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба кен орнында қанша қалайы шығарылған?
А) 1130 тонна В ) 1100 тонна С) 1500 т онна
5. Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты?
А ) өзен, көл жағалауында В) тау етегінде С) қыстақтарда
6. «Саналы адам» қалай аталады?
А) неандерталь В ) кроманьон С ) синантроп
7. Гарпун не үшін пайдаланылды?
А) отын шабу В) егін егу С ) балық аулау
8. «Қыш құмыралар заманы» деп қай дәуір аталады?
А) палеолит В ) неолит С) мезолит
9. Қазақстан жерінде қола дәуірі қашан басталды?
А ) осыдан 4 мың жыл бұрын В) осыдан 3 мың жыл бұрын С) осыдан 2 мың жыл бұрын
10. Беғазы-Дәндібай обаларының етегі қалай бекітілген?
А) топырақпен В) қиыршық тастармен С ) қақпақ тастармен
11. Қола дәуірінде жертөле үйлердің төбесін немен жапқан?
А ) сырғауыл В) қамыс С) балшық
12. Қола дәуірінде қай малдың түрі көбейді?
А) қой, түйе В) жылқы, түйе С ) қой, жылқы
13. Зергерлік бұйым ретінде жыртқыш аңдардың тісін тізіп, мойындарына не таққан?
А ) тұмарша В) моншақ С) салпыншақ
14. Андрондықтардың сырт бет-бейнесін сипаттап жазған ғалым кім?
А ) В.П. Алексеев В) А.С. Иванов С) С.И. Андреев
15. Малдың төрт түлігін де өсірген кімдер?
А) ботайлықтар В ) андрондықтар С) шебірліктер
Жаңа сабақтың жоспары:
-
Жеке меншіктің пайда болуы
Жеке меншіктің пайда болуы
1-еңбек құра лдарының жетілуі
рулық,ұжымдық меншіктің орынына,
2-шаруаш-ң дамуы адам еңбегін қанау
Жекелеген отбасылар байыған сайын,қоғамдағы билігі артты.зерттеу нәтижесінде байлығымен қатар,дәрежесін де анықтады.
Экономиканың екі бағыты болды
1.мал шаруашылығы
2.металлургия
Рулық қауым ыдырады.
-
Қоғамдық құрылысы
Қоғамдық құрылысы
1.Аталық әулет
2.Жауынгерлер
3.Абыздар
4.малшылар мен егіншілер
Қола дәуірі кезінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары-абыздар пайда болды. Олар рудың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады.
3.Діни көзқарастары
Қарапайым болды. О дүниеде тіршілік жалғасады деген ұңғымда болған. Барлық затарын бірге көмген. Тотемизм,фештемизм,анаемизм сияқты ғұрыптар орын алған. Құдайлар аспанда ат жегілген еекі дөңгелекті арбамен жүреді деп сенген.
Сабақты бекіту:
Ойын ойнату
«Сөздер сөйлейді».( 3 минут)
Кезең шарты: терминдер жазылған карточкалар көрсетемін. Ойынның шарты бойынша ешкім үндемейді, қол көтеріп айтады.
-
Қола дәуірі- ( қола құралдардың өндіріске енген кезеңі)
-
Соқа( егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы)
-
Оба( қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік)
-
Жеке меншік( жекелеген отбасылардың байлығы)
-
Абыздар( рудың ежелгі салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады)
-
Тотемизм( шығу тегін жануарлармен байланыстыру)
-
Фетишизм( жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну)
-
Анимизм ( жанға, рухқа сену)
« Кім білгір, кім жылдам?». ( 7 минут)
Кезең шарты: жалпы оқушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші қолын көтерсе, сол жауап беру құқығын иеленеді.
1) Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? ( б.з.б. 2 мыңж.)
2) Андрондықтардың сырт бет - бейнесін сипаттаған академик? ( В.Алексеев)
3) Беғазы - Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? ( Орталық Қазақстан)
4) Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? ( 1946 жылы)
5) Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы ( Ә.Марғұлан)
6) Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? ( 3)
7) Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? ( Орталық және Батыс Қазақстан)
8) Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? ( өзендердің жағасында)
9) Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай - қандай? ( 2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер)
10) Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды? ( Шығыс Қазақастан Мало - Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу)
11) Қола шалғы табылған жер? ( Көкшетау жеріндегі Шағалалы)
12) Өлген адамдарды қалай жерледі? ( мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық заттарын жерлеген)
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 23. Оқу,мазмұндау.