7


  • Учителю
  • Открытый урок 'Қазақстан-бейбітшілік пен келісім жері'

Открытый урок 'Қазақстан-бейбітшілік пен келісім жері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Еңбекшілдер орта мектебі

Дайындаған: Байгабулова Г.А.

Жунусов Ж.З.

2015-2016 оқу жылы

Іс шараның мақсаты:

Білімділік: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: ізденімпаздық, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, жаратылыстану пәндеріне қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: безендендірілген зал, нақыл сөздер, слайдтар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Негізгі бөлім:

Жүргізуші: -Армысыңдар, бүгінгі " Қазақстан - бейбітшілік пен келісім жері" атты сайысға жиналған қауым! Бүгінгі біздің іс шараға қош келдіңіздер

Бүгінгі іс шарамызға 9 10 11 сынып оқушылары қатысады.

Жаса елім, жаса достық бірлікпен,

Көштен қалма, қалма және тірліктен.

Елім менің - Қазақстан Отаным,

Алға өрле үшінші мың жылдықпен

Тек достықпен, өзгеде ел - халықпен - деп бүгінгі іс шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл 20 жыл толды. Қазақ хандығының 550 жылдығы. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - ХХІ ғасырдың ең басты заңы - татулық дейді.Ал сіздер осы бейбітшілік,татулық жайлы өз ойларыңызды айтып көріңдерші.

Бірінші 10 сынып оқушылары ақпаратпен алмасады.

  1. Қазақ хандығының 550 жылдығы-Қайролла Жанерке 10 сынып оқушысы

  2. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы-Салық Жадыра, Карина 10 сынып оқушылары

  3. ЭКСПО-2017-Вика 10 сынып оқушысы

Екінші Қазақстан бейбітшілік туралы видео

Үшінші мақал-мәтелдердің мағынасын ұғындыру

  1. Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
    Адал адам Отанын сүйеді.

  2. Отан елдің анасы,
    Ел ердің анасы.

  3. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

  4. Отан үшін еңбек етсең
    халқыңның сүйген ұлы боласың.

  5. Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.

  6. Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды.

  7. Опасызда oтан жоқ.

  8. Отан оттан да ыстық.

  9. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл

  10. Ер - елінде, гүл - жерінде.


  1. Родной край - сердцу рай.

  2. Нет в мире краше Родины нашей.

  3. Человек без Родины, что соловей без песни.

  4. Одна у человека мать, одна у него и родина.

  5. У народа один дом - Родина.

  6. Нет сына без отчизны.

  7. Родина - всем матерям мать.

  8. Родина - мать, чужбина - мачеха.

  9. Береги Родину, как зеницу ока.

  10. Будь не только сыном своего отца - будь и сыном своего народа.

Төртінші сұрақ жауаптар

  1. Мемлекет деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  2. Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қашан құрылды? 1991жылы 8 желтоқсан

  3. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің сайлауы нешінші жылы болды? 1991жылы 1 желтоқсан

  4. Қазақстан Республикасының бірінші конституциясы қабылданған жыл? 1993 жылы 28 қаңтар

  5. Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады? 15 қараша 1993 жыл

  6. Қазақстан халқы Ассамблеясы нешінші жылы құрылды? 1995 ж 1 наурыз

  7. Еліміздің рәміздерін атаңыздар? Елтаңба, ту, әнұран.

  8. Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік күні қашан? 16 желтоқсан

  9. ҚР Конституциясы неше бөлімнен неше баптан тұрады? 9 бөлім, 98 бап

  10. Қазақстан Республикасын Тілдер күні мерекесі қашан тойланады? 22 қыркүйек

Бесінші КСРО құрамында болған одақтас республикалардың ақшаларын қай мемлекеттікі екненін орналастырындар

А) лит

Б) сом

В) крона

Г) гривна

Д) драм

Е) манат

Ж) теңге

З) лат

И) лей

К) сум

А) Литва

Б) Қырғызстан

В) Эстония

Г) Украина

Д) Армения

Е) Әзербайжан

Ж) Қазақстан

З) Латвия

И) Молдавия

К) Өзбекстан

Қорытынды: Қадірменді ұстаздар мен оқушылар және сайыскерлер осымен сайысымыз аяқталды. Баршыңызға сәттілік тілеймін!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал