- Учителю
- Сабақ жоспары Қазақстан тарихынан
Сабақ жоспары Қазақстан тарихынан
Сабақ №33
4-6/02/2015ж Қысқа мерзімдік жоспар
Қазақстан тарихы 9 «А,Ә» сынып
Сабақтың тақырыбы
Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991).
Мақсаты
Экологиялық проблемалардың асқынуы, Арал апаты, демографиялық үдерістер туралы мәлімет беру. Сабаққа ынтасын арттыру, қызығушылығын ояту.
Сілтеме
Тарихи терминдер, Қазақстан тарихы оқулық. Интернет, эниклопедия, газет, журнал материалдары. Жазушылардың шығармалары.
Оқу нәтижесі
Тақырыпты оқи отырып, экологиялық проблемалардың асқынуы, Арал апаты, демографиялық үдерістер туралы топпен талқылап, шығармашылық ізденістерін арттырады. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, топпен бірлесіп проблема шешуге, ынтымақтаса жұмыс жасайды.
Негізгі идеялар
Экология, демография, Арал, Балқаш.
Сабақта қолданылатын материалдар
Қазақстан картасы, плакаттар, маркерлер, стикерлер, тест тапсырмалар, карточкалық тапсырмалар. Тірек-сызбалар.
Оқыту әдістері
Оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, СТО, «Ақыл тас» әдістемесі, БҮҮ кестесі. Доп лақтыру стратегиясы, даталар сөйлейді. Ол кім? Бұл не? Жылдарда сөйлейді.
Дереккөздер
Интернет, оқулық, энциклопедия.
Тапсырмалар
Миға шабуыл, шығармашылық жұмыс қорғау, БҮҮ кестесін толтыру, сұрақ-жауап, т.б.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Жоқ оқушыларды түгелдеу
1,2,3 сандары арқылы топқа бөлемін.
Тайм кипер сайлайды.
Бағалау парақшасын таратады.
Мұғаліммен амандасады
Жоқ оқушыларды айтады
Мұғалімнің нұсқауымен топқа бөлінеді.
Тайм кипер сайлайды.
Үй тапсырмасын сұрау
Топтарға «миға шабуыл» стратегиясын пайдаланып сұрақтар қоямын.
Топқа сыни ойлауды қалыптастырамын.
Сұрақтарға жауап береді, белсенділік танытады,мұғалім тарапынан берілген тапсырмаларды орындайды.
топтар бір-бірін бағалау үшін критерийлерді пайдаланады.
Жаңа тақырып
Үй тапсырмасымен байланыстыра отырып жаңа сабаққа қысқаша түсіндірме жүргізу.
Мұғалімді тыңдайды,
Оқушылар өз бетінше тақырыпты оқиды, топта талқылап, бір-біріне түсіндіреді.
күрделілігі әр түрлі тапсырмаларды орындайды.
Шығармашылық жұмыс
Әр топқа өз бетінше тапсырма береді. Яғни, әр топ бір-біріне жаңа тақырып бойынша А4 форматты парақшаға тапсырма береді.
Тарихи сынақ хат жазады.Оқушылар мұғалім нұсқауы бойынша әр топ бір-біріне А 4 форматты парақшаға тапсырма береді. Тапсырманың қандай болуын әр топ өздері шешеді.
Қорытындылау
Ол кім? Бұл не? Жылдарда сөйлейді тапсырмасын орындау арқылы және топ лақтыру стратегиясы арқылы сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау.
Мұғалім нұсқауы бойынша берілген тапсырмалардың қайсысы қай конвертке жататынын анықтап, орындайды. Және допты бір-біріне лақтырып сұрақтар қояды.
Үйге тапсырма
Үйге тапсырма береді.
Тақырыпқа сай материал жинақтап келу.
Бағалау
Топ бойынша, жеке жұмыс жасау барысында критерийларга сәйкес бағалау.
«Екі жұлдыз, бір тілек» Ұнады, ұнамады, ұсынысым.
Рефлексия
Смайликтер таратады.
Тақтаға түрлі түсті смайликтерге сабақтан алған әсерлерін жазып жабыстырады.