- Учителю
- Урок по истории Казахстана для 6 класса«Ежелгі Қазақстан мәдениеті»
Урок по истории Казахстана для 6 класса«Ежелгі Қазақстан мәдениеті»
Өскемен қаласы әкімдігінің
«Ахмер орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
Ежелгі Қазақстан мәдениеті
Өткізілді: 6 сынып
Пән мұғалімі: Мусралинова У.С.
Өскемен қаласы
6 сынып - Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы
Ежелгі Қазақстан мәдениеті
Сілтеме
Қазақстанның саяси картасы, карточкалар, суреттер
Жалпы мақсаты
-
Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген көшпелі тайпалар, олардың өркениеті, Ұлы Жібек жолының сол кездегі қоғам үшін маңызын аша отырып түсіндіру;
-
картамен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру, қызметіне талдау жасау және баға беру арқылы оқушылардың логикалық ой-өрісін жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын дамыту;
-
ұлтжанды, мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.
Оқу нәтижелері
* Қазақстан картасын пайдалана отырып Ұлы Жібек жолының тармақтары, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер туралы айтылды;
* қазба жұмыстары кезінде бейнелеу өнеріндегі стильдер туралы аықтамалар берілді;
Түйінді идеялар
-
Тарихшылардың әр тайпа туралы айтқан түйінді сөздері;
-
Қазба жұмысының жетістіктері;
-
Ұлы Жібек жолының тораптары туралы білді ;
-
Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалар туралы ақпар алды;
-
Көшпелілердің олап тапқан заттары туралы білді.
Жаттығулар
Мәтінмен жұмыс
Даталармен жұмыс
Картамен жұмыс
Тақырыпта берілген мәтінге 4 жоспар құрастырып, соның мазмұнын айту
Қағазға жазылған әр тайпаның тарихи кезеңдерін жазып шығу
Қазақстан картасын пайдалана отырып Ұлы Жібек жолының бойындағы қалаларды салып көрсету (10 минут)
Сұрақ-жауап (қорытынды)
1.Көшпелілердің материалдық және рухани мәдениеттегі жетістіктері, жалпы адамзат тарихына қосқан үлесі қандай?
2. «Аң стилі» өнері қашан пайда болды? (б.з.б. 7-6 ғасырларда шыққан)
3. «Аң стилінде» жасалған бұйымдар қай жерлерде табылды? (Орта Азия, Қазақстан, Сібір, Оңтүстік-шығыс Еуропада)
4. «Полихром стилінің» аң стилінен айырмашылығын атаңдар?
Білгенім
Үйренгенім
Үйренгім келеді
«Қара жорға» биі - сергіту сәті - 5 минут
Бағалау
Бағалау парағы
Кезеңдер
5 балдық жүйе
Қойылған баға
Картамен жұмыс істеуі
Даталармен жұмыс
Мәтінмен жұмыс істеуде дұрыстығы
Сұрақтарға берілген жауаптардың нақтылығы және дәлелділігі
18-20 балл - «5» 17-15 балл - «4» 14-12 балл - «3»
Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топқа № сандарын беру. Топ жетекшілерін оқушылар өздері тағайындайды.