7


  • Учителю
  • Урок по истории 'Ата заң ' ә класс

Урок по истории 'Ата заң ' ә класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала




Ақтөбе облысы

Әйтекеби ауданы

Жамбыл селосы







Тақырыбы : «АТА ЗАҢ және менің құқығым»


(Тәуелсіздікке арналған бастауыш сыныптарда өткізілген қысқа - тренинг)















Өткізген:Кенжеғалиева Р.А





2015-2016 оқу жылы







Тақырыбы: «Ата заң»


Мақсаты:

Білімділік:Құқықтық көзқарас қалыптастырып,бастауыш сынып оқушыларына Ата заңның мағыздылығын ұғындырып,түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушыларды өз құқығымен және өзгенің құқығын сыйлауға дағдыландыру.

Тәрбиелілік:Өз елінің ата заңын сыйлап,өзге мен өз құқығын тең қоятын оқушы тәрбиелеу.

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіздер ме,оқушылар! Мен осы мектептегі тарих пәнінің мұғалімі кенжеғалиева Раушан Абдіғаниқызымын!Бүгінгі біздің кездесуіміз бала құқығы мен ата заңымызға арналып ортыр.Біз тек сендердің білімдеріңді ғана тексеру үшін емес,сонымен қатар білмейтін,сендерге жаңа мәліметтер де бермекпіз.Қане,біз осы жаңа мәліметтерді игеруге дайынбызба?

ІІ.Тренинг.

  1. Егер сендер қандай мемлекетте тұрып жатқандарыңды білсеңдер,бір қадам алға басыңдар.

  2. Егер сендер біздің президентіміз кім екенін білсеңдер,орынымызда тұрып секіреміз.

  3. Егер президенттің есімін білсек,екі қолдарыңды көтеріңдер.

  4. Егер үйде ата - аналарыңа көмек берсеңдер,қолдарыңды алға созыңдар.

  5. Егер сендер өз сыныптастарыңды ренжіткен болсаңдар,онда қол соғамыз (Шапалақтаймыз).

  6. Егер сендер мектепте өздеріңді қалай ұстау керек екенін білсеңдер,онда бір қадам артқа басамыз.

  7. Егер де сендер Адам құқығы не екенін білсеңдер,Бір орында тұрып секіріңдер.

Тамаша,жарайсыңдар балалар!!!


ІІІ.

  1. .Ал,балалар,біздің елімізде қандай мерекелер бар? (30 тамыз қандай мереке).

  2. Еліміздің рәміздеріне не жатады,білемізбе?(Елтаңба,Әнұран,Ту)

  3. Қазақстанның ұлттық валютасы бар ма?

  4. Қазақтардың ұлттық тұрғын үйі қалай аталған?(Киіз үй)

  5. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп,шегараласып жатыр?(Ресей,қытай,Өзбекстан,Қырғыстан,Түркменстан)

  6. Біздің еліміздің ең негізгі заңы қандай,ол қалай аталады? (Ата заң)

Топтастыру : «Ата заң» (Оқушылардың «Ата заң сөзін естігенде ең алғаш ойына не түсетінін жаздыру,топтастыру»)

ІV.Ертеде Хаммурапи деген патша болған.Ол ең алғашқы заңдар жинағын тасқа қашап жаздырған.Ал ,сендер сол заңды білгілерің келе ме?Сендерге оқып берейн бе?

--Егер адам патша немесе мінажат үйінің заттарын ұрлайтын болса,ол адамды өлтіру керек,және сол ұрланған затты алған адамды да өлтіру керек.

--Егер адам өтірік ант беріп немесе біреуді жамандаса,ол адамды өлтіру керек.

--Егер адам өзімен бірдей адамда ұрса,онда ол айып төлеуі керек.

--Егер бала әкесін ұрса,баласының қолын кесіп тастау керек.

--егер адамның қарызы болса,оның жұбайы,қызы,ұлы - үш жыл құлдықта болуы керек,тек төртінші жыл дегенде бостандыққа жіберіледі.

------Сендер бұл заңдарға қалай қарайсыңдар?(Оқушылардың өз ойын айтуға мүмкіндік туғызу)

----Я, балалар,бұл өте қатал заңдар.Ал,қазірде осы заңдар бар ма?

V.ҚР - ның конституциясындағы баптармен таныстыру

(Интерактивті тақта арқылы адам құқығы суреттелген суреттер көрсетіп,сол суреттегі құқықтармен балаларды таныстыру.Балалардың өз ойын айтуға мүмкіндік беру). V.Оқушыларға түрлі түсті ертегілерден суреттер таратылады.Олар бұл суретте қандай құқық бұзылғандығын тауып,айтуы керек.

VІ.Рефлексия.

Жоғарыдағы топтастыруға балалардың тағы не қосатынын сұрап,толықтыру.

--Бүгінгі біздің кездесуіміз сендерге ұнадыма,ұнаған болса,қане,қол соғайық.Сендерге бүгін бұрын білмеген мәліметтер ұсынылды ма?Егер бұрын білмегендеріңді бүгін біліп,таныссақ қолдарыңды көтеріңдер.

---Сендер бүгінгі кездесу туралы ата - аналарыңа айтасыңдар ма,егер айтатын болсаңдар қол соғыңдар.

--Сендер заңмен адам құқығын қорғау керек екніне сенесіңдер ме?

--Егер осы заңнамаға сенетін болсақ бірлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап «Алақай» деп үш рет қайталайық!!

----Ал, балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр,біз оны білеміз бе? (16.12.2015 - Тәуелсіздік күні).

Алда келе жатқан мерекелеріңмен құттықтаймын!!!!

Бүгінгі кездесуіміз аяқталды,сау болыңдар!!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал