- Учителю
- Урок по казахском языке 'Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері'
Урок по казахском языке 'Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері'
11-сынып Қазақстан тарихы
Тақырып:Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың жалпы сипаттамасы,ерекшеліктері
Мақсаты:
Білімділігі:Ұлт-азаттық қозғалыстарға жалпы сипаттама беріп,ерекшеліктерімен таныстыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды туған жерге сүйіспеншілікке,ерлікке,бауырмал болуға тәрбиелеу
Дамытушылығы:Оқушылардың ой-өрісін,жеке қабілеттерін дамыту
Пән аралық байланыс:әдебиет
Көрнекілігі:ДЖ.саяси карта,суреттер,қабырға газеті
Сабақтың түрі:дәстүрлі емес
Әдісі:п.а
Сабақтың барысы:
А)Ұйымдастыру кезеңі
Ә)Жаңа тақырыпты баяндау
Жоспар:
1.Ұлт-азаттық озғалыстардың мақсаттары.
2.Ұлт-азаттық қозғалыстардың ерекшеліктері.
Ұлт азаттық қоғалыстардың мақсаты-ұлтты отарлық езгіден азат ету,ұлттық мүддені қорғайтын мемлекеттілігін,тәуелсіздігін қалпына келтіру болып табылады.Онша узақ болмайтын,белгілі бір аймақты қамтитын ,сонымен аймағы ұлғайып бүкілхалықтық дәрежеге көтерілсе,ол ұлт-азаттық қозғалыс дәрежесіне жетеді.
Академик М.Қозыбаев ұлт-азаттық қозғалыстарды жеті кезеңге бөледі.
І-кезең.Сібір жұртын жаулап алуға қарсы қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың азаттық қозғалысы.Оны Ешім даласында Көшім хан басқарды.Қазақ сұлтаны Мұртазаның баласы Көшім мен балалары Ешім,Абылай,Дәулеткерей 30 жылдан астам 1590-1617 ж дейін қарсылық көрсетті.
ІІ-кеэең.Қазақ елінің оңтүстігі -Жетісу,Сыр бойы жоңғарларға ,Қоқан,Хиуа хандарына тәуелді болды.Жоңғарлармен соғыс Отан соғысына айналып,үш жүзді біріктірді.
ІІІ-кезеі.Әбілқайыр ханның Кіші жүздің бір бөлігімен Ресей құрамына өтуден басталды.Ресей империясы елімізді отарлауына қарсы соғыстық.
IV-кезең.Қазақ даласы тоналды.Хандық билікті жойды.Шаруалар жерінен айырылып,шөл жерлерге қуылды.Сырым Датұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс болды.
V-кезең.Хан Кене басқарған ұлт-азаттық қозғалыс лаулады.ол үш жүздің басын қосты
VІ-кезең.Қазақ зиялы қауымның бір бөлігі-демократия мен дамудың еуропалық бағытын,екінші бөлігі социал-демократиялық дамудың радикалды бағытын қстады.
VІІ-кезең.Ұ:а.қ.мен 1917 ж Ақпан революциясы және Қазан төңкерісі үлкен көтеріліске ұласты.Бұл күшпен ұжымдастыру 372 шаруалар қозғалысының жеңілісімен аяқталды.
Үй тапсырмасын сұрау,бағалау.
1.Бұл қай тарихи тұлға?
Ол жоңғарларға қарсы жүзден астам шайқасқа түскен.Әйелі мен қызы да барлаушы болып ерлік көрсеткен.Ол кім?
2.Бұл қай шайқас?
Ол Бұланты өзені бойында болып,оған Әбілқайыр қолбасшылық еткен 60 мығдай әскер қатысқан?
3.Бұл қайсы хан?
Олның атағы қалмақ ханы Аюкенің үстінен жеңіске жеткен соң шыға бастады.1730ж Ресей патшайымына елші жіберген.
Жаңа тақырыпты пысықтау. 6 3 8
1.Хронологиялық кестені тап 1 8 0
7 4 2
2.Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістердің патша өкіметі тұсында да,Кеңес өкіметі кезінде де бола беруі неліктен?
Қорытындылау.
Бүкіл халық болып жұмыла кіріскеннен елімізді отарлық езгіден азат еттік.Тәуелсіз еліміздің кһк туының биіктен желбірей беруі біздің қолымызда екенін ұмытпаған жөн.
Үйге тапсырма:Тақырыпты оқу.Ұлт-азаттық қозғалыстар болған аймақтарды картадан табу.