7


  • Учителю
  • ҚАзақ Автономиялы Кеңес Социалистік Республикасының құрылуы

ҚАзақ Автономиялы Кеңес Социалистік Республикасының құрылуы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қысқа мерзімді жоспар

Сынып: 9 «А»


Мерзімі:

Тақырыбы:

§13. Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының (Қазақ АКСР-і) құрылуы.


Мақсаты:

ОқушыларғаҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы жайлы жан-жақты талдата отырып,қазақ халқының аумақтық бірігуі мемлекеттілікті нығайтып, республиканың экономикалық және мәдени дамуы үшін маңызы зор болғанын түсінулеріне ықпал ету.

Күтілетін нәтиже:

Оқушыларды оқулық мәтіні және картамен өздігінен топ болып жұмыс істеуге, сондай-ақ тарихи оқиғаға, фактілерге сүйеніп, өз көзқарастарын дәлелдеуге ықпал ету.

Әдіс-тәсілдер:

«Миға шабуыл», «Жұптық әңгіме», картамен жұмыс,терминдермен жұмыс, «Есте сақтау қабілеттілігі» ойыны.

Түйінді идея:

Оқушылардың материалды тұжырымдап, жүйелі ойлау, түйінің таба білу дағдыларын дамыту.

Уақыты:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

2 минут

Ұйымдастыру:

Оқушылармен амандасамын

Оқушыларға бағалау парағы беріледі

Амандасады

Оқушылар құралдарын жинақтап сабаққа дайындалады


7 минут

Үй тапсырмасын тексеру:

«Миға шабуыл» әдісі

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, жеке тапсырманы орындау

1. Азамат соғысы қай жылдар аралығында болды ? ( 1918-1920 ж)
2. Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастаған атаман:
(1918ж. маусым. Дутов)
3. Ташкентті басып алуға кім аттанды ? (Жетісу майданына атаман Анненков)
4. 1919 ж. қаңтарда Қызыл Армия қай жерлерді азат етті?
Орынбор мен Оралды
5. Солтүстік Жетісудағы ең маңызды шайқас :
(Черкасск қорғанысы .1918 ж. маусым - 1919 ж. қазан
6. Шығыс майданның 5 - армиясының қолбасшысы кім ?
М.Н. Тухачевский
7. Оңтүстік топты кім басқарды?
М.В. Фрунзе
8. Әскери коммунизм саясатының көрінісі:

Азық-түлік салғырты

9.Азамат соғысы жылдарында қабылданған саясат

«Әскери коммунизм»

10. 1920 жыл-ғы аштықтан қаза тапқандар саны

1 млн-ға жуық

Әр оқушы жеке сұраққа жауап береді

Инетртақта

10 минут

Жұптық әңгіме» әдісі

Постер қорғау




Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке оқып шығып жұппен талқылайды, ортаға шығып өз жұмыстарын қорғайды.

Плакаттар, маркерлер

5 минут

Картамен жұмыс

1)Қазақ АКСР-інің аумағына 1917 жылға дейінгі қандай облыстар енгізілді.


Тарихи карта,

Инерактивті тақта


5 минут

Термин сөздермен жұмыс

Декрет- Интервенция - ҚазРефком- Автономия- Съезд -

Берілген терминдерге оқушылар өз бетінше оқулықпен жұмыс жасай отырып жауаптарын дәптерлеріне жазады.

Интертақта

7 минут

«Есте сақтау қабілеттілігі» ойыны (Жылдармен жұмыс)

Интербелсенді тақтадан бүгінгі тақырыпқа қатысты маңызды жылдар көрсетіледі. Оқушылар жылдар мен сол жылы болған оқиғаларды ретімен 5 минут ішінде барынша тез жаттап алулары керек.

Көрсетілетін маңызды жылдар мен оқиғалар:

1.1919 жылы 10 шілде - Қырғыз (Қазақ) Ревкомы құрылды

2.1920 жыл 9 наурыз -Алашорданы тарату туралы шешім шықты

3.1920 жылы 26 тамыз -РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Республикасын құру туралы» декрет шықты

4.1920 жылы 4 қазан - РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды

5.1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР-і Кеңестерінің Құрылтай съезі болып өтті.

6.1924 жылы - Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді

7.1925 жылы- Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-іне өзгертіледі

8.1926 жылы -Қазақ АКСР-де халық саны 5 млн 230 мың

Оқушылар оқулық пен дәптерлерін жауып, толықтай назарларын интербелсенді тақтаға аударады.

7 минут өткеннен кейін постерлерге әр оқушы жылдар мен оқиғаларды шатаспай, ретімен жазуға тырысады.

Интертақта

Кеспе қағаздар

Плакат, маркерлер

2 минут

Бағалау: Өзін-өзі бағалау парағы арқылы

Әр оқушы сабақтың әр кезеңінде қаншалықты белсенді қатысып отырғанын бағалайды

Бағалау парағы

2 минут

Үй тапсырмасын беру.

§13. Қазақ Автономиялы Кенестік Социалистік Республикасының құрылуы тақырыбында тест сұрақтарын дайындап келу. (89-93 бет)

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады


5 минут

Рефлексия (Қорытынды)

Бүгінгі тақырып бойынша мен білдім

1. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Декретке сай Ревкомның басқаруына қандай облыстар қарады.............................................................................

2. Қазақ өлкесін басқару Комитетіне (Қазревком) алғашқы құрамына кімдер енді................................... ........................................................................................

3. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің Қырғыз АКСР-інің атын Қазақ АКСР-і және Ақмешіттің атын Қызылорда деп өзгерту туралы Қаулысы шықты.........................................................

Оқушылар өтілген тақырып бойынша қорытынды жасайды


Кеспе қағаздар





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал