7


  • Учителю
  • Открытый урок по истории на тему '1989 ж. Жаңаөзен көтерілісі'

Открытый урок по истории на тему '1989 ж. Жаңаөзен көтерілісі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: 1989 ж.Жаңаөзен көтерілісіСабақтың мақсаты:Білімділік:Оқушыларға Жаңаөзен қаласындағы 1989 ж көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі жайлы мағлұмат беру.Дамытушылық:Оқушылардың саяси көзқарастарын,тарихи танымын қалыптастыру,ой-өрісін дамыту.Тәрбиелі
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: 1989 ж.Жаңаөзен көтерілісі


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға Жаңаөзен қаласындағы 1989 ж көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық:Оқушылардың саяси көзқарастарын,тарихи танымын қалыптастыру,ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік:ізденімпаздыққа,ұлтжандылыққа,отансүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ типі: Жана білім беру

Сабақ әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: География

Көрнекілігі: карта,мультимедиялық тақта,слайдтар

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен салемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күрестері

ХVIII-XXғ.ғ. Қазақ жерінде болып өткен көтерілістер

1.Кімдер бастаған?

2.Қай жылдары?

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1986 ж. Желтоқсан оқиғасы

ІІІ:Үй тапсырмасын қорытындылау

1.ХХ ғ.20-80 жж. қандай көтерілістер,қозғалыстар болды?

2.1929-31ж.ж.шаруалар көтерілісінің себептері қандай?

3.Теміртау қаласындағы оқиға қашан болды?

4.Қазақстанда «Неміс автономиясын» құру туралы шешім қашан қабылданды?

5.1986 ж.Желтоқсан оқиғасының себебі неде?

6.Қазақстан Орталық партия Комитетінің І хатшылығына 1986ж кім сайланды?

7.Желтоқсан оқиғаларын тексеру комиссиясының төрағасын ата

8.Қ.Рысқұлбековке қандай айып тағылды?

9.Қ.Рысқұлбековке кесілген жаза?

10.1996ж 9 желтоқсанда Қ.Рысқұлбековке берілген атақ


IV.Жаңа сабақ: 1989 ж.Жаңаөзен көтерілісі

Алматыдағы желтоқсан оқиғалары партия басшылығын жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді шешудің тәсілдері мен жолдарын іздестіруге мәжбүр етуі тиіс еді.Осындай шешімін таппаған түйіннің бірі-1989 ж.маусымдағы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы ірі толқу.Бұл-кеңестік қызыл империяның Қазақстандағы үстемдігінің соңы 1989 ж.Жаңаөзен қаласында болған еді.Оған қатысушылар түгелге жуық Жаңаөзен қаласы мен оның маңындағы ауылдардың қазақ жастары.Горбачевтің қайта құру және демократиялық саясатына алданған қала жастары кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы бас көтерді.Көтерілістің негізгі себебі -Кеңес өкіметі басшыларының жергілікті халықтың мүддесімен санаспауы еді.

Толқудың себептері:

Жергілікті тұрғындар арасындағы жұмыссыздық.

Орталық ведомстволардың жұмыс қолдарын вахталық әдіспен сырттан әкелуі.

Тұрғын үй алу және балабақшаға орналастыруда бұрмалаушылыққа жол берілді.

Сауда,қоғамдық тамақтандыру,тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысындағы кемшіліктер.

Үй бөлудегі,азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын бөлудегі әлеуметтік әділеттік ұстанымдарының жиі бұзылуы.

Сауда орындарындағы заңсыздықтарды ашына жазған халықтың арыз-шағымдарына ішкі істер органдары мен заң орындары құлақ аспаған.Осындай қиянат пен тұрмыстағы әділетсіздіктер қала жастарының бас көтеруіне түрткі болды.Ал көтерілістің негізгі себебі тереңде жатыр,ол Коммунистік партия мен Кеңес өкіметінің жергілікті халықтың мүддесін ескермей,оның талап-тілегімен санаспай,ұлт саясатын көп жылдар бойы бұрмалағандықтың салдары еді.

Бұл ереуіл кезінде де кейбір әпербақан басшылар ереуілшілерге қарсы жаппай суық қару қолдануға әрекет жасаған.Осы оқиға күндері Жаңаөзенде жүрген Қазақ КСР-інің Ішкі істер министрі генерал Князевтің Мәскеуден халыққа оқ атуды қиылып сұрағаны туралы деректер сақталған.Жаппай қару қолданылмағанмен ереуілшілерді тарату мақсатында күш қолданған.Соның салдарынан осы көтеріліс күндері 3 қазақ,2 лезгин қаза болып,40 адам жарақат алды.Осы көтеріліс күндері қаза болған қазақ жігіттері Нұрберген Тілеубердиев (1953-1989жж),Төлен Жанаевтың(1952-1989жж),Оңдасын Отарғалиевтің(1968-1989 жж) ерлік істерін Жаңаөзен жастары мәңгі есте сақтайды.


V.Жаңа сабақты бекіту.

Сұрақ-жауап арқылы бекіту

VI.Қорытынды.


VI.Үйге тапсырма: 1989 ж.Жаңаөзен көтерілісі


VIII.Бағалау

№46.А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі












Тақырыбы: 1989 жылғы Жаңаөзен көтерілісі


Пәні: Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Б.Баржикова










2013-2014 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал