7


  • Учителю
  • Авторская программа на казахском языке курса Қазақ құқығы

Авторская программа на казахском языке курса Қазақ құқығы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Түсінік хат



«Қазақ құқығы» қолданбалы курсы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша мектептің 10- сыныбында оқытылады. Бағдарлама «Құқықтану негіздері» пәні бойынша теориялық -практикалық және түрлі материалдардан тұрады.

Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі - адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр.

Курс бағдарламасы қазіргі замандық азаматтық білім негізде-рінің мәнін ашатын материалдарды негізге ала отырып құрастырыл-ған. Бағдарлы мектепте жүргізілетін қоғамдық білімдердің мазмұ-нына сай жасалған.

Курс азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастар, сайлау құқығы нормалары сияқты өзекті мәселелері сипатталады. Сонымен қатар Түрік қағанаты дәуірінен бастап тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясының баптарын терең түсінуге басты көңіл бөлінеді.

Оқушылар мынаны ескерген жөн: курс азаматтық қоғамның барлық мүшелері меңгеруге тиісті материалдарды қамтиды . Сондық-тан мұғалім оқушыларға құқық туралы кеңірек білім беруді көздейді.

«Қазақ құқығы» курсы бойынша оқушылар құқық туралы білім ала отырып, саяси сауаттылығын арттырып, қоғамда өз құқығын қор-ғауға және өзгенің құқығына қол сұқпауға қалыптасады. Конститу-циялық құқықты сақтайды,әрі дамытады.


«Қазақ құқығы» курсын оқытудың мақсаты:


  • Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету және саяси сауаттылығын арттыру, демократиялық мәдениетін дамыту;


  • Мәдениет пен саясаттан хабары мол, қоғамдық өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, іс-әрекеттерге талдау жасай алатын , сыншылдық қабілеттін дамыту;


  • Отанын жан-тәнімен сүйетін, белсенді және сауатты азаматтар тәрбиелеу.


«Қазақ құқығы» курсын оқытудың міндеттері:


  • Қазақстан Республикасының конституциялық және азаматтық құқықтарын сақтай білетін, оның саяси-құқықтық жүйесін , даму заңдылықтарын меңгерту арқылы құқықтық сауатты азамат тәрбиелеу;


  • моральдық, жалпыадамзаттық құндылықтарды, құқықтық жетілуге қажетті білімдерді меңгерту негізінде жас ұрпақ өкілдерін құқықтық қоғамда өмір сүріп , адал еңбек етуге , өзгелермен өркениетті қатынас жасай біуге үйрету;


  • оушыларды тұлғаны сыйлауға, адам еркіндігін және оның бостандықтарын қадірлеуге үйрету.


Оқушыларға қойылатын талаптар:


1.Қосымша ізденіп ,талдауға ұсынылған тапсырмаларды өз бетімен

оқып, мұғалім басшылығымен зерделеуді меңгеру.


2.«Қазақ құқығы »курсының маңыздылығын , оның басқа

пәндермен тығыз байланысын білу.


3.Өзінің ой-өрісін дамыта отырып, ғылыми тұрғыда сараптама

жасай білу.


4.Қазақ тарихында қолданылған құқықтық заңдарды және

Қазақстан Республикасының Конституциясын білу және оны

құрметтеу.


5.Қосымша материалдарды, БАҚ пайдалана отырып, ол арқылы

ғылыми-зерттеушілік іскерлігін кеңейту.


6. Саяси-құқықтық мәдениет жөнінде пікір алмаса білу.


7. Саяси тақырыптарда бір мақсатты көздей отырып қойылған

сұраққа жауап беруде өзіндік көзқарасын азаматтық белсенділік

тұрғысынан білдіре алуы.


8. Алған білімі мен дағдыларын тәжірибе , күнделікті өмірде

кездесетін теориялық және практикалық жаңалықтарды шешуде

қолдана білу.


9. Оқыған және ізденген тақырыптарына сүйене отырып өз бетімен

саяси пікір жаза білуі , сонымен қатар саяси тұжырымдар жасай

білуі тиіс.


Пәнаралық кіріктіру



«Қазақ құқығы» курсы басқа да пәндермен тығыз байланысты. Атап айтқанда ; «Құқық негіздері», «Қоғамдық білім негіздері », « Адам және қоғам »,« Адам.Қоғам.Құқық », «Әдеп», «Өзін-өзі тану», «Қазақстан тарихы» және т.б.


Кәсіпке бағдарлау.


«Қазақ құқығы» курсы оқушыларды заң және т.б. қоғамдық ғылымдарға бағыттайды.Мынадай мамандыққа бағыттайды:

Заңгер, Саясаттанушы, Әлеуметтанушы, Құқықтанушы.



Күтілетін нәтиже.

«Қазақ құқығы» курсы бойынша күтілетін нәтиже:

-әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтап, шешім қабылдайды;

-өзіне ыңғайлы іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдай алады;

- Түркі дәуірінен басталған құқықтық заңдарды толық біледі;

- ҚР Конституциясын біледі және оны құрметтейді;

- ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттерін біледі;

- Отанын,туған халқын шынайы сүйетін, халқына қызмет ететін саналы да тәрбиелі азамат болып қалыптасады.








«Қазақ құқығы» курсы бағдарламасы мазмұны:



қ/с



Т а қ ы р ы п т а р ы



Сағат саны

1.

Кіріспе

1 с

2.

Адам.Қоғам және Құқық.

3.

Мемлекет

4.

Түркі кезеңіндегі заң жүйесі

2 с

5.

Монғолдардың құқық жүйесінің ықпалы.

2 с

6.

Қазақ хандығының тірегі болған заңдар.

8 с

7.

Кеңестік кезеңдегі Конституциялар

4 с

8.

Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары

с

9.

Термин сөздер

10.

Қорытынды

1 с

Жылдық сағат саны

34 сағат



Оқу бағдарламасының мазмұны:


  1. Кіріспе ( 1с) Бағдарламаға шолу жасалады. Сабақ бөлімдер туралы түсінік алады.

  2. 1-бөлім. Адам.Қоғам және Құқық (4с). Тақырыптарда адамның қоғаммен қарым-қатынасы оқытылады. Бөлім адам, қоғам,құқығы туралы түсінік қалыптастырады. Оқушылардың саяси сауаттылығы артады.

  3. 2-бөлім. Мемлекет (3с). Мемлекет ұғымын түсіндіре отырып,қоғамдық өмір аясы,демократия және өркениеттілік идеяларын ұғынады,ой-өрісі артады.

  4. 3-бөлім. Түркі кезеңіндегі құқық жүйесі (2с). Құқық жүйесінің қайнар көзін, ұлттық құқық негіздерінің қалыптасуы тарихын оқып-біледі. Құқықтық саналылық қалыптасады.

  5. Монғолдардың құқық жүйесінің ықпалы (2с) Монғолдар жаулап алғаннан кейінгі Шыңғыс ханның «Жаса»заңының қазақ халқына өмір салтына тигізген әсерімен танысады.

  6. 4- бөлім. Қазақ хандығының тірегі болған заңдар(8 с). Мынадай тақырыптарды оқытылады: Қасым ханың «Қасқа жолы»,Есім ханның «Ескі жолы» және Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы». Қазақ хандығының негізгі тірегі болған заңдармен танысады. Құқықтық заңдар маңызын ұғынады.

  7. 5-бөлім. Кеңестік кезеңдегі Конституциялар (4 с). Қазақстан КСР-нің кеңестік жүйе ықпалымен 1937 жылы,1978 жылы қабылдаған Конституцияларын оқып танысады..

  8. 6-бөлім. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары(9 с) 1993жылғы,1995 жылғы Конституцияларды оқи отырып, бөлімдері мен баптарымен терең танысады. Азаматтық қоғамның мәні және ерекше белгілері. Азаматтық қоғам жағдайындағы мемлекет пен азамат арасындағы қаты-настарды оқидын түсінеді.Азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды жете түсінеді..

  9. Термин сөздер (1с) . Құқық саласында жиі кездесетін терминдердің мағынасын түсінеді және саяси сауаттылығы артады.

  10. Қорытынды (1с)

Оқушыларға арналған әдебиеттер:


1. Жеті жарғы. «Айқап» баспасы,1992 ж.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы.

3.Қазақстанда азаматтық қоғам құру тұжырымдамасы.

4.Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңы .А, 1995.

5.Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы » заңы.А,1998.

6.Қазақстан Республикасының «ҚР азаматтық туралы заңы». А, 1995.

7.Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі.

8.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» халыққа жолдауы.

9.Адам құқығы баршаға. А.Мұхтарова және басқ. (оқушыға арналған құрал). Алматы, Бастау-2000.

9.Баршаға арналған құқық .А.Мұхтарова және басқ.(оқушыға арналған құрал). Алматы, «ҚазМУ»,Баспа үйі,2002.

10.Демократия баршаға. А.Мұхтарова және басқ.(оқушыға арналған құрал). Алматы, Бастау-2000.


Мұғалімге арналған әдебиеттер:



1.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» халыққа жолдауы.

2.Экономикалық және саяси құқықтар туралы БҰҰ-ның Конвенциясы.

3. Н.Ә.Назарбаев Эпицентр мира.А. Атамұра,

4. Адам құқығы баршаға. А.Мұхтарова және басқ.(мұғалімге арналған

құрал) .Алматы,Бастау-2000.

5. Демократия баршаға. А.Мұхтарова және басқ. (мұғалімге арналған

құрал).Алматы,Бастау-2000.

6.Право человека. М.С.Нарикбаев.Алматы:Издательский дом КазГЮ,2000.

7. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

8. Конституциялық құқық. Сапарғалиев.Ғ.С. Алматы,2008.

9. Қазақтың ата заңдары.Зиманов С.З. Алматы.10 том.2005-2008.

10. Әкімшілік құқық. Баянов Е.М. Алматы,2008.





«Қазақ құқығы» курсы

(қоғамдық -гуманитарлық бағыт)


қ/с

Т а қ ы р ы п т а р

сағаты

мерзімі

1.

Кіріспе

1 с

1-бөлім. Адам.Қоғам және Құқық (4 сағ)

2.

Адам-қайталанбас тұлға


3.

Қоғам және қоғамдық қатынастар

1 с


4.

Құқық түсінігі

2 с

2-бөлім.Мемлекет(3сағ)

5.

Мемлекет туралы түсінік

1 с


6.

Мемлекет құрылымы және басқару формалары

2 с

3-бөлім. Түркі кезеңіндегі заң жүйесі(2 сағ)

7.

Түріктердің «Төру» заңы

2 с

3-бөлім. Монғолдардың құқық жүйесінің ықпалы(2 сағ)

8.

Шыңғыс ханның «Жаса» заңы


9.

Алтын Орда,АҚ Орда кезеңіндегі басқару жүйесі

1 с

4- бөлім. Қазақ хандығының тірегі болған заңдар (8 сағ)

10.

Қасым ханның «Қасқа жолы»

2 с


11.

Есім ханның «Ескі жолы»

2 с


12.

Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

2 с


13.

Қазақ дәстүрлі заңдарының маңызы

2 с

5-бөлім. Кеңестік кезеңдегі Конституциялар (4 сағ)

14.

1937 жылғы Конституция


15.

1978 жылғы Конституция

2 с

6 - бөлім.Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары (9сағ)

16.

1993 жылғы Конституция.

1 с


17.

1995 жылғы Конституция

2 с


18.

ҚР Конституциясы бөлімдері мен баптары(толық нұсқасы)


19.

Құқықтық сауаттылық -заман талабы.

1 с


20.

Құқықтық мемлекет-демократиялық қоғамның кепілі.

2 с


21.

Термин сөздер

1 с


22.

Қорытынды

Барлығы:жылына- 34 сағат ,аптасына-1 сағат.

«Бекітемін» «Келісемін» ӘБ отырысында

Мектеп директоры: Мектеп директорының қаралды.ӘБ

............Ә.Ә.Тойланбаев бағдарлы оқу-ісі орынбасары: жетекшісі:

« » .............. 20.... жыл ..................Ш.А.Мәдікенова ........Т.А.Шойынбаев









«Қазақ құқығы» курс бағдарламасы

10- сыныпқа арналған

(Қоғамдық-гуманитарлық бағыт)









Құрастырған тарих пәні мұғалімі: Т.А.Шойынбаев


Саудакент ауылы

«Қазақ құқығы» курсын оқыту және курсты аяқтау формасы.


«Қазақ құқығы» курсын оқыту барысында қолданылатын оқыту формасы алуан түрлі болуы керек. Бірсарынды оқыту әдісі оқушылар- ды жалықтырып жібереді. Сондықтан оқыту әдісі де әртүрлі болуы керек.


Курсы оқыту формалары:

  • Тақырып бойынша баяндау;

  • Сабақты түсіндіру;

  • Тақырыптар бойынша пікірталастар , дөңгелек столдар ұйымдастыру;

  • БАҚ мәліметтерін пайдалана отырып , өзіндік ой-пікірлерін айтқызу.


Курс оқылып болған соң оқушылар өздері таңдап алған немесе

мүғалімнің нұсқауымен келіскен формада сынақ тапсырады.Курс бойынша алынатын сынақтардың нәтижелері «Құқықтану негіздері»

пәнінің қорытынды бағасын шығаруда есепке алынады.


Курсты оқытуды аяқтау формалары:

  • Тақырыптар бойынша рефераттар мен баяндамалар дайындау;

  • Тақырыптар бойынша билеттер арқылы жауап беру;

  • Өтілген тақырыптар бойынша тест алу;

  • Тақырыптарда кездесетін жағадаяттарды шешуде өзіндік жоба, үлгілерін ұсыну.


Тақырыбы: Кіріспе

Құқық ( 1. law (наука); 2. right) - орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қатынастарды реттейтін ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:

А) біріншісі - құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;

Б) екіншісі - құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Объективті құқық - бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.Объективті құқық - бұл белгілі бір кезеңдегі нақты мемлекеттің заңнама, құқықтық әдет - ғұрыптар, заң преценденттері және нор­мативті шарттар. Ол объективтілігі жеке адамның сана - сезімне байланысты еместігімен және оған тиесілі еместігімен түсіндіріледі.

Субъективті құқық - бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға ар-налған заңды мүмкін болатын мінез - құлықтарының өлшемі. Субъективті құ-қықтарға адамның нақты құқықтары жатады (еңбек етуге құқық, білім алуға құқық және т.с.). Ол субъективтілігі субъектімен тікелей байланыстылығымен және оған тиістілігімен және оның сана - сезіміне, ерік -жігеріне тәуелдігімен түсіндіріледі.

Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

1-бөлім. Адам.Қоғам және құқық.


Тақырыбы: Адам-қайталанбас тұлға.


Сабақтың мақсаты :

Адам мәселесі деген кешенді ұғымның мәнін ашу, адам туралы тұжырымдарды талқылау,оқушылардың санасына адами қасиеттерді дарыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  1. Адам мәселесі

  2. "Адам" ұғымы

  3. Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар


Сабақты « адамның даму сатысы» кестесіне сипаттама бере отырып бастаймыз.

Аданың даму сатысы

Өмір сүрген уақыты

Табылған жері

Епті адам

1 млн 750 мың жыл бұрын

Африка Кения жеріндегі Олдувайда

Питекантроп адам

1 млн жыл бұрын

Ява аралы

Синантроп адам

500-200 мың жыл бұрын

Қытайда

Неандерталь адам

100-35 мың жыл бұрын

Германияда

Саналы адам

40-35 мың жыл бұрын

Европада

Адам мәселесі. Ғалымдардың жорамалдауынша, бұдан 40 мың жыл бұрын Жер бетінде алғашқы адамзат өкілі Homo sapiens ("Саналы адам") пайда болған. Сол дәуірден қазірге дейінгі аралықта адамның Адам туралы, оның тегі, қызметі, өмірінің мәні, келешегі туралы ойланбаған кезі болмаған шығар. Кез келген саналы, зиялы қауым өкілінің де адам, қоғам және қоршаған орта туралы ой сараламайтыны кемде-кем. Сонау ежелгі дәуірден бергі ғүламалардың арасында да адам мен қоғам хақында азды-көпті өз тұжырымын айтпай кеткені жоқ деуге болады.

Адам мәселесімен: антропология, социология, этнология, педагогика, анатомия,физиология, психология ғылымдары айналысады. Соның нәтижесінде адам мәселесі қазіргі ғылымда жан-жақты, біршама толық зерттелген тақырып деуге болады. Өйтсе де адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланысы мәселелері - қанша зерттесе де таусылмайтын, бір қырынан кейін екінші кыры көрініс беретін, бір құпиясын ашсаң, екіншісі алдыңнан көлденең тартылатын, сырлы да ғажап дүние. Осы бір тылсым дүниеге сапарымызды адамның табиғаты туралы бүгінгі ғылымның қол жеткізген тұжырымдарын саралаудан бастайық.

Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам мәселесін құрайды. Олардың қатарында адамның табиғаты, адамның өмірі, адамды өзге жануарлар дүниесінен өзгешелейтін факторлар, адамның тәні, жаны, рухани дүниесі және олардың арасындагы байланыстар, адамның шығу тегі, қазіргі күйі, болашағы сияқты толып жатқан саралаулар мен түсініктер бар.

"Адам" үғымы. Материалистік бағытты ұстанатын зерттеушілер адамды өзге тіршілік иелерімен - жануарлармен (соның ішінде, маймылмен) генетикалық байланыста қарастырады. Адам жануарлардан еңбек құралдарын жасай алатындығымен, сөйлеу және ойлау қабілетімен жөне саналылығымен ерекшеленеді.

Адам-Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған тірі, қоғамдық-тарихи қызмет пен мәдениет субъектісі, биоәлеуметтік мәнділік.

Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар. Адам ғасырлар бойы адамзаттың жинақтаган ілімінің бәрін өз бойына дарыта алады. Бұл дарыту мәдени дәстүрлермен қауышу және биологиялық тегіне тарту тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бала генетикалық ақпарат қорларын ми құрылымы, жүйке жүйесі және ата тегінен берілген қасиеттер арқылы иеленеді.

Адами сипаттарды меңгере отырып, сәби мәдениеттің болмысымен қауышады. Бұл қауышуда адамдардың сезімдері мен дүниеге қатынастары - көру, есту, иіскеу, сезіну, түйсіну, ойлау, елестету, толқу, тілек, қызмет, махаббат, бір сөзбен айтқанда, оның даралығының барлық тетіктері қатысады.

Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Ол - әлеуметтік жаратылыс. Адамды адам ететін бірден-бір күш - қоғам ғана.

Сабақты қорытындылау: Адамзат қаншалықты жетік дамыған сайын, білім, тәрбие беру және адамды тұлға ретінде қалыптастыру проблемалары да күрделілене береді. Құқықтың, моральдың, тұрмыстың тарихи қалыптаскан нормалары, ойлау және грамматика ережелері, эстетикалық талғам т.б. адамның тәртібі мен ақылын орнықтырады, жеке адамнан белгілі бір өмір салтының, мәдениеттің немесе психологияның өкілін қалыптастырады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру.

1-бөлім. Адам.Қоғам және құқық.


Тақырыбы: Қоғам және қоғамдық қатынастар.


Сабақтың мақсаты :

Қоғам ұғымы және оның құрылымдық элементтері туралы түсінік беру, қоғамдық қатынастардың мәнін ашу.

Сабақтың түрі: дәріс сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: cұрақ -жауап, өзара пікір таластар

ұымдастыру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Сабақ жоспары:

А) Қоғам

б) Қоғамдық қатынастар

Мұғалім сабақты алдымен «қоғам деген не ?» деген сауал бере отырып бастайды.Оқушылардың ойына көз жүгірте отырып сабақты жүргізеді.

Қоғам - жалпы мағынасында, ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағы-насында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеумет-танудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолда-ныла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар туғызып отыр.

Сабағымыздың келесі бөліміне көшеміз.Анықтамалықты қолданамыз.

Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп атала-ды.Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:

1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;

2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;

3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.

Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыста-рының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар ...қоғамдық қатынастарға жататынын кеңірек түсіндіреміз.

Сабақ үстінде түрлі сұрақтар беріп,пікір алмасып, оқушылардың өзіндік ойларын айтқызу.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру.

1-бөлім. Адам.Қоғам және құқық.


Тақырыбы: Құқық түсінігі.


Сабақтың мақсаты :

Оқушыларды құқық,құқық нормасы және құқықтың пайда болу тарихымен таныстыру. Саяси білімін арттыра отырып, заңсыйлағыштыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: cұрақ -жауап, өзара пікір таластар

ұымдастыру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Сабақ жоспары:

А) құқық дегеніміз не?

б) құқық және мемлекет.

в) құқық жүйесі.


Ең алдымен оқушылардан құқық дегенімізді қалай түсінетін сұрап, содан кейін негізгі сабаққа тоқталамыз.Құқық сөзінің мәнін ашамыз.

«Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті омірде және кызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құкыктың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құкық»- ресми түрде танылған жеке және занды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу,меншікиесіболу,кәсіпкерлікпен шұғындану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылатынын оқушыларға түсіндіреміз.

Келесі кезекте құқық пен мемлекеттің ара байланысына сипаттама береміз. Құқық дегеніміз - адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты, тұлғаның бостандығын білдіретін, формалды түрде анықталған, қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.

Жалпы құқықты нормалардың түсінігінде, мазмұнында әліде болса сан түрлі сыр мен қыр бар деуге болады. Қазіргі кезде құқықты нормалар қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны сан қырлы бағытта даму үстінде. Ғалымдар құқықтық нормаларды зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап, әр түрлі қорытынды тұжырым жасауда. Жалпы құқықтық нормалардың даму тарихы сонау Ежелгі Рим заманынан бастау алады.

Сызбамен жұмыс: ҚҰҚЫҚ









Сабақ үстінде түрлі сұрақтар беріп,пікір алмасып, оқушылардың өзіндік ойларын айтқызу.Оқушылар өзінің ойларын жұмыс дәптерлеріне жазады. Сабақты қорытындылау: Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды рет-теп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеумет-тік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару

Үйге тапсырма.













2-бөлім. Мемлекет.


Тақырыбы: Мемлекет түсінігі.


Сабақтың мақсаты :

Мемлекет ұғымын түсіндіріп,мемлекеттің атқаратын функцияларына шолу жасау, мемлекетке деген құрметтерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: cұрақ -жауап, өзара пікір таластар

ұымдастыру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Сабақ жоспары:

А) Мемлекет дегеніміз не?

б) Мемлекет түрлері

Алдымен тақтаға мемлекет деп жазып, оқушылардан қалай түсінетін сұраймыз.Сабақты түсіндіруде сызбаны қолданамыз.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік . , заңдастырылған зорлықты пайдалануға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық .


Оқушыларға кесте арқылы мемлекет түрлерін түсіндіреміз.

Мемлекет түрлері

Қай елдер жатады?

Унитарлы


Федерация

Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Унитарлық ( unitas - біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, , , т.б. осы түрге жатады.

Федерация ( foederatio - одақ, бірлестік) - белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге , , , т.б. жатады.

Федерацияның негізгі белгілері:

-мемлект территориясында ұлттық немесе территориялық автономияның болуы;

-мемлекеттегі саяси билік және басқа да өкімет органдары екі деңгейде

-қалыптасады;

- мемлекеттің конституциясы екі деңгейлі болады.

Мысалы, Ресей, Қытай, Үндістан және т.б. Ресейде жиырмаға жуық республика бар (Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан, Солтүстік Осетия, Тува т.с.с.) Саяси билік екі деңгейлі, яғни жалпы мемлекеттік президент, парламент және әрбір республиканың өз алдына президенттері мен парламенттері бар. Конституциясы екі жүйелі: бүкілресейлік және әрбір республиканың өз конституциясы бар.



Сабақты қорытындылау: Мемлекет. - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Үйге тапсырма.

2-бөлім. Мемлекет


Тақырыбы: Мемлекет құрылымы және басқару формасы


Сабақтың мақсаты :

Мемлекет құрылымын және басқару формаларын түсіндіріп,мемлекеттік басқару жүйесіне шолу жасау, өзінің тұратын мемлекетіне деген құрметтерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу,талқылау.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: қима қағаз арқылы cұрақ -жауап, өзара пікір

алмасу.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Сабақ жоспары:

а) Мемлекет құрылымы

в) Мемлекеттік басқару түрлері


Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстырамыз. Жаңа сабақты түсін-діруде анықтаманы,сызбаны қолданамыз.

Алдымен мемлекет құрылымына сипаттама береміз. Мемлекеттік құрылым -кең мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын, яғни мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін, оның азаматтарының құқық-тық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік аймақтық құрылысын, мемлекеттік органдар жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада: мемлекеттік биліктің аумақтарға немесе ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет аумағының ішкі бөлінісі. Ішкі бөлініс сипатына қарай мемлекеттер , және болып жіктеледі. әкімшілік аймақтарға ғана бөлініп, бүкіл ел бір орталықтан жергілікті органдар арқылы басқарылады. Конституциясы, ел басшысы, үкіметі біреу болады. Бірақ унитарлық мемлекетте де автономиялық мемлекеттік құрылым мәртебесіндегі аймақ болуы мүмкін. - бірнеше бәлек мемлекеттерден құрылған одақ. Одақтың ортақ конституциясы, басшысы, органдары, әскері болады. ұлттық, аумақтық не аралас (ұлттық-аумақтық) негізде құрылады. - екі немесе одан да көп мемлекеттердің өз саяси тәуелсіздіктерін сақтай отырып, қандай да бір (мысалы, экономикалық) мақсаттарды көздей отырып, мерзімді шарт бойынша одақтасуы. мүшесінің кез келген уақытта одақтан шығуға құқы бар. (грек. theos - құдай, kratos - билік) монархияларда мемлекет басшысы діни жетекші қызметін де атқарады. Мұндай мемлекеттер қатарына Бруней, Сауд Арабиясы және Ватикан жатады.

Сабағымыздың келесі бөлімі Мемлекеттік басқару формалары деп аталады. Анықтамаға назар аударамыз. Басқару түрi- жоғары мемле¬кеттік органдарды, олардың қүрылу тәртібін, өз араларында және халықпен өзара байланысын білдіретін жоғары мемлекеттік билікті үйымдастыру. екі басқару түрі белгілі: және .

''Монархия'' - алғашқы тарихи басқару түрі. Онда елдегі жоғары билік бір адаммен жүзеге асырылады. басы - - әдетте билікке мұра-герлік жолмен келеді және оның билігі басқа билік түрлеріне немесе сайлау-шыларға бағынышты емес .Монархияның екі түрі бар: және . Бірінші түрінде мемлекет басы биліктің барлық түрін өз қолына шоғырландырады. Екінші түрінде билігі мемлекет шектелген. Кейбір жағдайларда ол заң шығарушы билікке қүзыры жетпей, тек өкілдік қызмет атқарады. Бүл монархия. Басқа жағдай-ларда атқарушы биліктің тізгінін өзі үстап, парламентке айрықша ық-пал етеді: ол өз алдында жауапты үкіметті тағайындайды, парламенттің шешім-дерін кері қайтару қүқына ие, жоғарғы палатасының мүшелерін тағайындауы мүмкін әрі парламент таратуға қүқылы.Бүл түрінде, көріп отыр-ғанымыздай, пен мемлекет билігін бөліседі. монархияның бүл түрін дуалистік деп атау да қалыптасқан.

басқару түрі ретінде монархиядан әлдеқайда кеш пайда болса да, ежелден белгілі. Монархиядан айырмашылығы басшылығы ауыспалы әрі сайланбалы, ал оның билігі өкілетті орган мен сайлаушылардан тәуелді болып келеді. Республиканың үш негізгі түрлері белгілі: , және .


Оқушыларға кесте арқылы мемлекеттік басқару түрлерін анықтау.

Мемлекеттік басқару

Қай елдер жатады?

Монархия


Республикалық


Диктатура


Теократтық

Сабақты қорытындылау: Мемлекеттік басқару түрі дегеніміз -саяси билік кімнің, қандай ұйымның, қандай субъектінің құзырында екендігін көрсететін ұғым. Қазіргі кезеңде мемлекеттік басқарудың үш түрі бар: монархия, конституциялық монархия және республика.

Үйге тапсырма.


3-бөлім. Түрік кезеңіндегі заң жүйесі.


Тақырыбы: Түріктердің «Төру»заңы.


Сабақтың мақсаты :

Қазақ құқығының қайнар көзі түрік кезеңінде құқықтың пайда болу тарихымен таныстыру. Саяси білімін арттыра отырып, заңсыйлағыштыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берген тапсырманы карточкалық тапсырмалар, сызбаны, кестені толтыру және сөзжұмбақ шешу арқылы үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Сабақ жоспары:

А) Түркі кезеңіне шолу.

б) «Төру»заңы.

в) Тарихи маңызы

Қазақ құқық жүйесінің шығу тарихына шолу жасаймыз.Оқушыларға мынадай сұрақ қойылады «Ерте ортағасырлық мемлекеттерде құқық жүйесі қалай қалыптасты?».Міне осы сұраққа жауап іздей отырып сабақты өрбітеміз.

Орта Азияны қоныстанған көшпелілер арасындағы ғұн, үйсін, қаңлы және түркі ұлыстары өздерінің әдет заңдарын біртіндеп өмірге алып келді. Әдет-ғұрып нормалары қоғамдардың орнығуына, экономиканық қуат алуына, мәде-ниеттің дамуына ықпал етті.

Батыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді.

Қытай тіліндегі материалдарға сүйенсек, Орта Азияны мекендеген түріктер-де Ү-ҮІ ғасырлардан бастап әдет заңдары болған. Сондағы әдет заңдарында меншік құқығы нормалары бар екендігіне және оларға ғылыми тұрғыда сипат беруге тырысайық.

Қазақ әдет құқығындағы меншік құқығы өте қызықты тақырыптардың бірі болып табылады. Көшпелі қазақ қоғамында меншік ерте дәуірден-ақ қалыптас-қан. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде қауымдық меншік орын алады. Ша-руашылықтың дамуына байланысты еңбек құралдары жетіліп артық өнім пайда болады. Бұның өзі қауымдық құрылыстың ыдырауына, рулық, тайпалық одақ-тардың пайда болуына және болашақта семьяның рөлінің артуына және отба-сылық меншіктің шығуына себеп болады. Малға, оның ішінде жылқыға таңба


салу түрік және түркі тілдес тайпаларда б.з. ҮІ-ҮІІ ғасырларында кеңінен тара-ған. Сонымен қатар, үйсін қоғамында мөр салу кеңінен тараған. Сірә, осының өзі қожайындардың меншіктерін айырып көрсетуге пайдаланылған болуы керек.Сол кезде қоғамдық байлықтың қозғалмалы және қозғалмайтын мүлікке бөлінуін алғашқы мемлекеттік құрылым ретінде қалыптасқан Батыс түрік қағанатынан көрінеді.Батыс түрік қағанатында меншік құқығы бойынша қаған және қоғамдық, рулық меншіктер қалыптасады. Жазба деректерден қағанаттың қылмыстық құқығына қарайтын болсақ, бұл кезде мүлік ұрлағаны үшін, оның ішінде жылқы ұрлағаны үшін өлім жазасы қолданып отырған.


Басқару жүйесі. Түрік қағанаты Шығыс және Батыс түрік қағанаты болып екіге бөлінді. Жоғары лауазымды бектермен тархандар иемденді. Қағанатта құқықтық ғұрыптар қалыптасты «төру» деп аталатын жазба заңдар пайда болды.
Мем­ле­кетті қаған басқар­ды. Қаған­ның әулеті жоғары тұрды. Олар янғу, шад, тегін сияқты жоғары ла­уазым­дарға ие бол­ды. Билік мұра­герлікпен беріліп отыр­ды. Қағанат он тай­паға бөлінеді. Ол «он оқ» деп ата­лады

Сабағымыздың келесі кезеңінде шағын топпен жұмыс жасаймыз.

«Ой қозғау» кезеңі. Оқушыларға сұрақ.

Қазақстан тарихында құқық саласына байланысты қандай қайраткерлерді, олардың заңдары туралы кім біледі?
Түрік қағанатының «Төру заңының» тарихи маңызына тоқталамыз;

- Қазақ халқы өзінің тарихында басынан небір қилы заманды өткізген. Көшпелі қазақ өркениетінің бай рухани және құқықтық қазынасын зерттеу болашаққа болжау жасау. Көшпелілердің әдет заңдары қоғамдық дамудың ұзақ процесінде қалыптасты, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты. Көшпелілір қоғамы бытыраңқы әрі өзгерістерге толы болғандықтан адамдар құқын тану, ру мүддесін қорғау қажеттігінен әрекет нормалары туындады. Осы әрекет нормалары қоғам дамуы, қатынастар қалыптасуы барысында әдет заңдарына айналды.

Қорытындылау: Жалпы алғанда, түрік құқықтық жүйесін меңгеру, оны түсіну мен білу қазіргі заңгерлерді қалыптастыруда зор роль атқаратынын білеміз.Түрік құқығында зерттелмеген объектілер әлі де көп.Түрік құқығын болашақ ғалымдар түбегейлі зерттеп, оған өз үлестерін қосса деп үміттенеміз.

Үйге тапсырма беру.

3-бөлім. Монғолдардың құқық жүйесінің ықпалы.


Тақырыбы: Шыңғыс ханның « Жаса заңы ».


Сабақтың мақсаты :

Шыңғыс ханның «Жаса»,заңының тарихына шолу жасау, қазақ еліне тигізген әсерін түсіндіру.

Сабақтың түрі: дәріс сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:баяндау, cұрақ -жауап, өзара пікір таластар

ұымдастыру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Сабақ жоспары:

1. Монғол империясының қоғамдық құрылысы.
2. Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.
3. «Жаса-Яса»заңы.


Алдымен тақтаға «жасақ-яса» деп жазып, оқушылардан қалай түсінетін сұраймыз.Сабақты түсіндіруде сызбаны қолданамыз. Жаңа сабақты түсіндіру - баяндау әдісі. Анықтамамен жұмыс.

Шыңғыс хан империясы - құрған мемлекет. 1189 - 1206 ж. аралығында болған қиян-кескі соғыстардан кейін Шыңғыс хан Алтайдан қорғанына дейінгі аймақта тіртұтас мемлекет құрды және ол өз мемлекетін әрі қарай кеңейте бастады.XII ғасырдың аяғы - XIII ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстан далаларындағы саяси жағдай күшті көшпелі тайпалар одағы билеушілерінің арасында басқа тайпаларға өз үстемдігін орнату жолындағы күрестің күшеюімен сипатталады. Осы күрестің барысында монғол тайпасының өкілі Темучин (Шыңғысхан) Орталық Азия тайпаларың біріктірді, сөйтіп ол Орталық Азия даласындағы ең құдіретгі жаулап алушыға айналды.

Қазақ даласын жаулап алғаннан кейінгі басқару жүйесінде болған өзгеріс-терге тоқталамыз.Сызбамен жұмыс жасаймыз.

XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс-құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшыра-ды. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан - байтақ жерін ие-ленген еді. Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құ-рамына: үлкен ( далалық ) бөлігі - Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.

Яса - - заңдар жинағы. 1206 жылы басқаруымен өткен - құрылтайында құрастырылған;

Яса - тұсында қабылданған моңғолдардың әдет-ғұрып зандарының жинағы. 13 ғасырдың басында құрылуы мемлекетті баскару үшін ортақ, жазбаша баянды етілген құқыктық нормалар мен заң ережелерін әзірлеу қажеттігін туғызды. Жаңа жағдайларға сай келетін, кодификацияланған әрі өзгерістерге ұшыраған әдеттегі құқык осы мақсатқа орайластырылды. мен бұл жиынтығы Шыңғысханның "Ұлы ясасы" деген атқа ие болды. Яса (неғұрлым толық формасы ясак, моңғол дзасак) "", "заң" дегенді білдіреді. айтуы бойынша, Шыңғысханның зандары мен қаулылары орамаларға ("") жазылып, Ясаны терең білетін неғұрлым беделді ханзадаларда сақталған. Яса түпнұсқада сақталмаған және үзінділер мен мазмұны қысқаша баяндаулар түрінде ғана белгілі. Шыңғыс-хан құрған мемлекеттіңнегізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципіалынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар - жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» - он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді».

Ұлы жасақ - тағайындаған заңдар кодексі.

Ұлы жасақтың кейбір баптары:

  1. Нәпсіқұмар, оның әйелі бар-жоқтығына қарамастан, ешбір ерекшеліксіз өлім жазасына кесіледі.

  2. Кімде-кім қасақана өтірік айтса, біреудің ізіне түсіп аңдыса немесе келіспей тұрған екеуінің біреуіне барып жақтасса, ол өлім жазасына кесіледі.

  3. Кім суға немесе күлге дәрет алса, ол да өлім жазасына кесіледі.

  4. Кім тауар алып, ақысын қайтара алмаса, тағы да тауар алып, ақысын қайтара алмаса, ол үш мәртеден соң өлім жазасына кесіледі.

  5. Кім тұтқынға рұқсатсыз тамақ пен киім берсе, ол өлім жазасына кесіледі.

  6. Кім қашқан құлды немесе тұтқынды тауып алып тұрып, иесіне қайтармаса, өлімге бұйырылады.

  7. Кімде-кім ас ішіп жатқан адамдардың қасынан өтсе, аттан түсіп, олармен бірге ауқаттануы тиіс, ал аналар бұған қарсылық көрсетпеуге міндетті.

  8. Әбу Әлидің ұрпақтары мен үрім-бұтағы, сол сияқты оқушы факирлер және заңгерлер, емшілер, ғұлама ғалымдар, дәрәуіш-кезбелер, азаншылар алым-салықтардан азат етіледі.

  9. Әскерлер соғысқа кеткенде, әйелдер ерлердің жұмысын істеуі міндетті.

  10. Егер әмірлердің бірі кінәлі болып, қаған жаза қолдану үшін оған шені ең төменгі қызметкерді жіберген күннің өзінде ол қарсыласпай, хан бұйырған жазаны құлдық ұра қабыл алуы тиіс.

  11. Әрбір адам діндердің кез-келгенін құрметтей білуге тиісті.

  12. Мемлекет ішіндегі жай-жағдаяттардан дер кезінде хабардар болып отыру үшін нояндар мен сұлтандар байланыс жүйесін жолға қоюға міндетті.

  13. Кісі өлтірген қылмысы үшін қырық алтын теңге (балаш), бір есек түрінен құн төлеп құтылуға рұқсат етіледі.

  14. Кімнен ұрланған жылқы табылар болса, ол атты иесіне тоғыз жылқы қосып қайтаруға міндетті.

  15. Кәнизактан туған балалар заңды болып есептелінеді һәм әкесінің бұйрығы болған жағдайда дүние-мүліктен енші алуға құқылы. Дүние, мүлікті бөлу былайша жүзеге асырылады: жасы үлкеннің үлесі де үлкен, кішісі әке шаруашылығын иемденіп қалады. Балалардың үлкенді-кішілі жолдары олардың шешелерінің жол-жоралғысына қарай анықталады. Әйелдердің жол реті некеге тұру уақытына орай белгіленеді.

  16. Әкесі өлген жағдайда оның мұрасына баласынан басқа адамның қақысы жоқ.

  17. Ешкімнің де нояндар мен сұлтандар және басқа да шонжарлардың Жалпы кеңесте алдын-ала сайлауынсыз қаған жариялануға құқы жоқ. Мұндайда өлім жазасына бұйырылады.

  18. Хан тұқымынан бөтен былайғы жұрттың құрметті лауазымға ие болуға қақысы жоқ.

Сабағымыздың келесі кезеңінде термин сөздермен жұмыс жасау.

а) Ұғымдардың мәнін табу.
«Жаса» («Яса») - заң жинағы.
«Құрылтай» - жылына бір рет болатын кеңес.
«Барунгар» - оң қанат.
«Кул» - орталық қанат.
«Мыңбасы» - бір мың әскердің басқарушысы.
«Жүз» - бірнеше ұлыстың бірігуі.
«Хан» - тайпа көсемі, мемлекет билеушісі.
«Ұлыс» - бөліп берілген жерлер.

б) Хронология мен тарих оқиғаны сәйкестендіру. Сандарды сөйлетейік.
1. 1162 - Есугейдің қаза табуы.
2. 1171 - Темучин монғол тайпаларының билеушісі болды.
3. 1220 - Шыңғысхан мен оның ұлы Жошының қаза табуы.
4. 1189 - Темучин дүниеге келді.
5. 1227 - Темучиннің Шыңғысхан атануы.
6. 1206 - Отырардың жау қолына көшуі.

Сабақты қорытындылау: Жасақ заңы ежелгі мен 10 - 12 ғасырларда өмір сүрген әскер құру тәртібі, ел билеу жүйесі және тұрмыс-салт заңдары негізінде пайда болды және Шыңғыс ханның оны бұлжытпай орындап отырды. Жасақтың 33 заң тармағы мен Шыңғыс хан айтты деген қосымша сөздер сақталған

Үйге тапсырма.

3-бөлім. Монғолдардың құқық жүйесінің ықпалы.


Тақырыбы: Алтын Орда,Ақ Орда кезеңіндегі басқару

жүйесі.


Сабақтың мақсаты :

Алтын орда мен Ақ орда хандарының кезіндегі басқару жүйесін, қазақ еліне тигізген әсерін түсіндіру.

Сабақтың түрі: дәріс сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:баяндау, cұрақ -жауап, өзара пікір таластар

ұымдастыру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Сабақ жоспары:

1. Алтын орда империясының қоғамдық құрылысы.
2. Ақ орда империясының қоғамдық құрылысы

Алдымен тақтаға «жасақ-яса» деп жазып, оқушылардың білімін тексере-міз. Жаңа сабақты түсіндіруде сызбаны,анықтаманы қолданамыз. Жаңа сабақ-ты түсіндіру - баяндау әдісі. Алдымен Алтын орда тарихына шолу жасаймыз. Алғашқы орталықтандырылған ретіндегі "Алтын Орда" тарихында ерекше орын алады. Оның тұңғыш билеушісі мен оның ағасы кешпелі дәстүрлер мен Шыңғыс ханның Йасы ережесіне сүйене отырып, мемлекеттіліктің негізін қалады. Бүкіл мемлекет екі бөлінді, сол жақта-ғы "" және оң жақтағы , сондай-ақ "ұлыстар" деп аталған. Ұлыстар кезі қызметін атқарып, империя басшысына бағынды. Шығыс-тықтардың басшысы болды. Мемлекет басшысы ретіндегі оның құқы-ғына әскери, және билік кірді. Монғол империясының құрылтай үлкен рөл атқарды.

- бұл шыңғыстықтар мен көшпелі ақсүйектерінің жалпы империялық жиналысы. Құрылтай жүзінде жоғары ұйымы. Үлес билеушісінің қарамағында елеулі әскери болды. ішкі басқару қызмет ететін адамдар, сондай-ақ әскери-көшпелі ақ тұратын әкімшілік-шенеунік аппарат жүйесінде орын алды. Ерек-ше лауазымды қызметтерге тағайындалды. Көшпелі-әскери шонжарлардан құ-рылған әкімшілік-шенеунік істеді. Шыңғыс ханның "Йасы" за-ңы негізінде әскери істі - , азаматтық істі - , жинау-ды - , басқақтар аткарды. Мемлекеттің қазынасын толтыру көзде-рінің бірі - жергілікті тұрғын , сондай-ақ, өзіне бағынышты аумақ-тың халқынан алынатын болып табылады. Бұдан басқа қосалкы және төтенше бірқатар міндеткерліктер мен - түрлері де болды. Мал-шылар 100 бастан 1 бас мөлшерінде төлеп отырған, ол купчур деп аталды. Отырықшы халық жер салығын төледі (егіннің 1/10 - 1/5 бөлігі). Әскерлерді астықпен, және т.б. жабдықтау үшін заттай алым - тағар белгіленді.

Сабағымызды Венн диаграммасымен бекітеміз.Ұксастығын табамыз.

Сабақты қорытындылау: Қазақ мемлекетінің болуы мен даму оның көпғасырлық дәстүрі мен терең болғандығын көрсетеді. Мон-ғолдар жаулап алуынан кейін XIII-XV ғасырларда Қазақстан аумағында бір-неше пайда болып дамыды және ыдырау кезеңін басынан өткізді. Бұл мемлекеттердің құрылу барысында жергілікті түркі тілдес елеулі рөл атқарды. Оны мемлекеттік дәстүрлі түрлерінің, кейбір сақталғанымен түсіндіруге болады.

Үйге тапсырма.

4-бөлім. Қазақ хандығының тірегі болған заңдар.


Тақырыбы: Қасым ханның заңы «Қасқа жол»


Сабақтың мақсаты :

Қазақ хандығында алғашқы болып қабылданған Қасым ханның «Қасқа жол» деп аталған заңына түсініктеме бере отырып, оқушының саяси көзқарасын дамыту, саяси сауаттылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

А) Қасым хан туралы

Б) Қасым ханның «Қасқа жолы »

В) Тарихи маңызы


Сабағымызды біріншіден Қасым ханның саяси қызметіне сиапаттама беруден бастаймыз. 1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.

Екінші кезекте Қасым ханның заңына токталамыз. Анықтама:

Қасым ханның қасқа жолы - қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. құрған кезде (1511 - 23) ел басқару ісінде қолданылған. Негізі орта ғасырларда , қолданған «ярғу» заңынан (қазақша «жарғы» - хақиқат деген ұғымды білдіреді) алынған. өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Тіпті шариғат қағидасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өткен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық биліктерге жүгіне бастады. Қасым хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мысалы, жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар, қазылық билік, т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық «жарғыны» жаңғыртып, күшейтті


Қазақ халқының құқық тық жүйесінің қалыптасуы XY ғасырдың орта ше-нінде Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі болған Қасым хан есімімен байланысты.қазақ тарихында тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Бұл жүйе осы өлкеде ғасырлар бойы бойы келе жатқан құқықтық ғұрыптарды негізге ала отырып,дербес өмір сүріп отырған Қазақ мемлекетінің жағдайына байланысты бейімделіп жасалды. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады.

«Қасым ханның қасқа жолы» бес бөлімнен тұрды:

1.Малға,мүлікке және жерге байланысты қатынастар баяндалады.

2.Түрлі қылмыстар мен оларға қолданылатын жазалар тұжырымдалған.

3.Әскери қызмет атқару ережелеріне және әскери тәртібін бұзушыларға берілетін жазаларға арналған.

4.Елшілік қатынастарды реттейтін нормалар - елшілер тағайындау,басқа елдердің елшілерін қабылдау,шет мемлекеттер өкілдерімен келіссөз жүргізу рәсімдері енгізілген.

5.Аруақтарға арнап ас беру,түрлі той - думандар,тағы басқа дәстүрлі шараларды өткізу тәртібі айтылады.

Қасым ханның қасқа жолы - қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрып-тық заң ережелерінің жиынтығы. Негізі орта ғасырларда , қолданған «ярғу» заңынан (қазақша «жарғы» - хақиқат деген ұғымды білдіреді) алынған. өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аума-ғын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Тіпті шариғат қағ-идасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өт-кен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық биліктерге жүгіне бастады. Қасым хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мысалы, жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жора-лар, қазылық билік, т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жат-қан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық «жарғыны» жаңғыртып, күшейтті. Қасым ханның «Қасқа жолының» тарихи маңызы өте зор.XVI ғасырдың бірінші ширегінде қазақ атын жер жүзіне жеткізген Қасым хан есімі қазақ халқының тарихи санасында мәңгі орын алып, жарты мың жыл-дан аса сақталып келе жатты. «Қасым ханның қасқа жолы» - осының куәсі. «Қасқа жол» - деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:
1. Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді,
2.Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді,
3.Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты,
4.Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді.


Кесе толтыру. «Қасқа жол»


Бөлімдер

Қай саланы қамтыды?

Маңыздылығы


Сабақты қорытындылау:

Міне, осы аталған себептер «Қасқа жолды» дүниеге әкеледі. Бұл заңның жазбаша мәтіні болмаса да қазақ есінде заң атының жарты мың жыл бойы сақталуы «Қасқа жолдың» қазаққа өте қонымды, қоғамдық қатынастарға үйлесімді

Үйге тапсырма беру:


4-бөлім. Қазақ хандығының тірегі болған заңдар.


Тақырыбы: Тәуке ханның заңы «Жеті жарғы»


Сабақтың мақсаты :

Қазақ хандығының саси дамуыно зор үлес қосқан Тәуке ханның «Жеті жарғы» деп аталған заңына түсініктеме бере отырып, оқушының саяси көзқарасын дамыту, саяси сауаттылығын арттыру.

Сабақтың түрі: дәріс сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

А) Тәуке хан туралы

Б) Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

В) Тарихи маңызы

Тарихи анықтаманы қолдана отырып Тәуке ханның қазақ қоғамда алатын орнына сипаттама береміз.

Тәуке хан (1626-1718) - , ханның баласы. Мұрагерлік жолмен билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келген-де бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде.

Сабағымыздың келесі кезегінде «Жеті жарғы » заңына шолу жасаймыз.

Жеті жарғы - ( - ) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған "" мен "" одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты , , бар, басында "" деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ға-сырдың басына дейін қолданылып келді. Әз Тәуке ханның жарлықтарымен би-лік құрылымында бұрын үлкен орын алған ұлыстық жүйе екінші қатарға ысы-рылып, оның орнына бірнеше сатыға жүйеленген жүздік құрылым келді. Жүз-дік құрылымның негізгі элементі болып табылатын ру, тайпа жүйесі де қайта құрылып,көшпелілердің әуел бастан бар демократиялық тәртіптері де қайта жанданып, жалпы халықтық мәслихат, жиындар жыл сайын өткізіліп отырыла-тын болды. А.И.Левшин қалдырған деректерге қарағанда бұл жиындарға тек қарулы ер азаматтар ғана қатысуға құқықты еді. Оның тәртібі«Жеті жарғыда» нақты бекітілді. Оның ең биік сатысы орда билерінен, Түркістан мен Ташкент

маңындағы отырықшы халықтың өкілдерінен, қазаққа одақтас қырғыз, қара-қалпақ сияқты халықтың басшыларынан құралған «Жеті жарғы». Зерттеушілер-дің көпшілігі «Жеті жарғы» құрамындағы қазақтың үш биін ерекше атайды. Н.И.Гродековтың жазбасы бойынша «В числе их было три знатных бия, по каждому из каждой орды: из Великой - Туле, из Средней - каз дауысты

Казыбек, т.е. Казыбек с голосом гуся, (звучным), из Малой - Айтеке»

Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.

Сызбан қолдана отырып «Жеті жарғы » бөлімдеріне жеке-жеке түсінік беріледі.

Кестемен жұмыс «Жеті жарғы»


Бөлімдері

Қамтылған мәселелер

Жер дауы


Отбасы


Неке заңы


Қылмыс


Құн дауы

Сабақты қорытындылау:

«Жеті жарғы» де­ген Тәуке хан­ның тұсын­да жа­салған да­налық заңдары Қазақ хандығының саяси дамуына, қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адам­дар ара­сын­дағы қарым-қаты­насқа қатыс­ты ту­ын­дай­тын дау-шар­дың шешімдері дер кезінде табуына зор үлес қосты.

Үйге тапсырма беру.


4-бөлім. Қазақ хандығының тірегі болған заңдар.


Тақырыбы: Есім ханның заңы «Ескі жол»


Сабақтың мақсаты :

Қазақ хандығында саси тірек болған Есім ханның «Ескі жол» деп аталған заңға түсініктеме бере отырып, оқушының саяси көзқарасын дамыту, саяси сауаттылығын арттыру.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

А)Есім хан туралы

Б) Есім ханның «Жеті жарғысы »

В) Тарихи маңызы


Есім хан - (-) билік құрған. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ жылы ағасы бірге жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан - Шығай хан-ның баласы, ол бұрын қазақ хан-дығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. 1598 жылы Еңсегей бойлы ер Есім Қазақ Ордасын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеп, «Есім ханның ескі жолы» аталған заңды құрастырды. Бұл заң жинағын-да ұйымдастырушы күш ретінде кейбір Шариғат үкімдері алынғандықтан, сұл-тандардың бір бөлігі Есім ханның саясатына қарсы шығу себептерін де түсіндіру керек.

Келесі кезекте кестені қолдана отырып Есім ханның заңын түсіндіреміз.

"Есім ханның ескі жолы" - дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдардың жиынтығы.

Қоғамның даму барысы қазақ заңдарының одан әрі жетілуіне әкеп соқты. Осындай міндетті Есім хан (1598-1645 лок.) бұрынғы қазақ заңдарына, әдеттеріне жаңадан дем беріп, әсіресе, әскери заңдардың беделін күшейтті. Бұл әрекет жоңғар қалмақтарының басқыншылығына тойтарыс беруге бағытталды. Есім хан өзінің заңдар жинағында ежелгі құқықтық әдеттерді қаз-қалпында сақтағаны үшін оған халық "Есім ханның ескі жолы" деген ат берді.

Есімнің арқасында сол дәуірдің әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы мен дәстүріне сәйкес жетілдірілді, соның нәтижесінде бұл заң халық арасында кеңінен тарады. Бұл заң ережелері жермен, малмен байланысты материалдық тарап-арыз, қылмыстық іс туралы (ұрлық, кісі өлтіру және т.б.), әйелдердің жағдайы, әскери міндеттілік, дәстүрлі шаралар, кедейлерге көмектесу және т.б. туралы мәселелерді қарады. Халық бұқарасы Қасым хан заңының ережелерін ұстауды қалады. Бұл заң жиынтығы Есім ханның құрметіне "Есім ханның ескі жолы" деп аталды

Есім хан­ның билігі тұсын­да (1598-1645) ха­лық жа­дын­да «Есім салған ескі жол» де­ген ат­пен қалған әдет-ғұрып нор­ма­ларын қалып­тастырған конс­ти­туци­ялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алын­бағанын, өз за­маны­ның орайы мен та­лабы­на қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, то­лықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жол­дың» бір нұсқасы екенін де ес­тен шығар­маған аб­зал. Түтпет кел­генде, «Есім салған ескі жол» де­ген сөздің мәні де Есім хан­ның тұсын­да жа­салған да­налық заңдарға бай­ла­ныс­ты ай­тылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адам­дар ара­сын­дағы қарым-қаты­насқа қатыс­ты ту­ын­дай­тын дау-шар­дың шешімдері осы кез­де са­ралан­ды.


Салыстырмалы кесте бойынша сабақты бекіту.


Қасым хан «Қасқа жол»

Есім хан «Ескі жол»

Ерекшеліктері

Сабақты қорытындылау:

«Есім салған ескі жол» де­ген Есім хан­ның тұсын­да жа­салған да­налық заңдары Қазақ хандығының саяси дамуына, қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адам­дар ара­сын­дағы қарым-қаты­насқа қатыс­ты ту­ын­дай­тын дау-шар­дың шешімдері дер кезінде табуына зор үлес қосты.

Үйге тапсырма беру.


5-бөлім. Кеңестік дәуірдегі Конституциялар


Тақырыбы: 1937 жылғы ҚазКСР Конституциясы


Сабақтың мақсаты :

Кеңестік дәуірдегі 1937 жылы қабылданған ҚазКСР-нің тұңғыш Конституциясына түсініктеме беріп, оқушының саяси көзқарастарын дамыту.

Сабақтың түрі:дәріс сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

А) КСРО Конституциясы туралы

Б) ҚазКСР-нің Конституциясы

В) Тарихи маңызы

Сабағымызды бастамас бұрын Кеңес Одағының Конституциясына тоқталамыз.КСРО тарихын қолдана отырып мағлұмат береміз.

жылы 1 ақпанда өткен БК(б)П ОК-тің Пленумы КСРО Конституциясына бірқатар өзгерістер еңгізу туралы қаулы кабылдады. жобасы дайындалды. жылы 12 маусым күні жаңа жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып, жария етілді. жобасын бүкілхалықтық талқылау 5 айдан аса уақытқа созылды.

Келесі кезеңде ҚазКСР-нің тұңғыш Конституциясына кеңірек тоқталамыз.

Жаңа Конституцияда жалпыға бірдей сайлау және дауыс беру енгізілді. Алайда акыл-еске Коммунистік партия жаппай бақылау қойылған және партияның өзі ұсынған бір кандидатқа беру орнату барысында бұл жаңа енгізілімдер мағынасын тез жоғалтты. органдардағы қайта құрулар да формалды сипатта болды. Кеңестердің Орталық Атқару Комитетін КСРО Жоғарғы Кеңесі алмастырды, бұл органы шын мәнінде Компартияның айтқанын ғана орындады.Қазақ КСР Конституциясына сәйкес жылы Қазақ КСР-і одақтық болып қайта құрылды, құрамында Қазақстан басқа да республикалар келіп қосылды. Ал жылдың 26 наурызы күні Республика Кеңесінің төтенше X съезінде Қазақ КСР Конституциясы Одақтық Негізгі сүйене отырып жасалды. Жаңа Конституцияның негізгі қорытындылары, ең алдымен, КСРО да социализмнің құруына арналды. Ал мұның түпкі тұжырымдары - жылдар КСРО-да экономикалық және әлеуметтік-мәдени накты нәтижелеріне сүйенді.

жылдың 5-12 маусымында Коммунистік (большевиктер) партиясының I съезі өтті. ҚК(б)П ОК-нің Бірінші хатшысы болып Л.Мирзоян сайланды. Съезд ұйымдық дәрежеде Өлкелік ұйымын большевиктерінің Коммунистік партиясы деп жүзінде бекітті


Анықтаманы қолдана отырып 1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясына талдау жасаймыз.

1937 жылғы 26 наурызда Х бүкіл қазақтар құрылтай кеңесінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім және 125 баптан құралды. Онда былай деп жазылған: «СССР Конститутциясының 14 бабынан тыс Қазақ КСР-і өзінің тәуелсіз құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өз бетімен жүзеге асырады. Сонымен қатар, 1937 жылғы Конституцияда басқа тең құ-қықты республикалармен экономика, қорғаныс бағытында өзара жәрдемдесу мақсатында ерікті түрде бірігу (13 бап), ҚазССР-дің келісімінсіз территорияны өзгертпеу (16 бап), жоғары республикалық және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қалыптастырған республиканы енгізу мәселелері, заңнаманы орын-дауды бақылау, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқығын қорғау, салық өндіру және т.б. (19 бап) қамтылғандығын оқушыларға түсін-діреміз.Сонымен қатар келесі бөлімдерге шолу жасаймыз.

Сондай-ақ, сот және прокуратура жүйесі орнатылды. Халықтық сот төреші-лері аудан азаматтарының жабық дауыс беруі арқылы бүкіл халықтық, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланды, сот жұмысы қазақ тілінде, басқа ұлттар көп аймақтарда олардың тілінде жүргізілуі керек болатын (83-90 баптар).

1937 жылғы Конституцияда азаматтардың негізгі міндеттері мен құқықтары анықталған: еңбектенуге құқылы болу (96 бап), демалысқа құқылы болу (97 бап), кәрілікте, еңбекке жарамсыздық және ауруға шалдығу жағдайында мате-риалдық қамсыздандыру (98 бап), денсаулықты қорғау, сөз бостандығы, баспа-сөз, жиналыс, митинг, көше шерулері және демонстрациялардың кепілдіктері, адамның жеке басына, баспанасына қол сұғылмаушылық, азаматтардың жат жазуына, шетелдік азаматтардың бас сауғалау құқығы.

Сабақты бекіту: Конституция баптарын талдау


Сабақты қорытындылау: Адамзат қаншалықты жетік дамыған сайын, білім, тәрбие беру және адамды тұлға ретінде қалыптастыру проблемалары да күрделілене береді. Құқықтың, моральдың, тұрмыстың тарихи қалыптаскан нормалары, ойлау және грамматика ережелері, эстетикалық талғам т.б. адамның тәртібі мен ақылын орнықтырады, жеке адамнан белгілі бір өмір салтының, мәдениеттің немесе психологияның өкілін қалыптастырады.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру.

5-бөлім. Кеңестік дәуірдегі Конституциялар


Тақырыбы: 1978 жылғы ҚазКСР Конституциясы


Сабақтың мақсаты :

Кеңестік дәуірдегі 1978 жылы қабылданған ҚазКСР-нің Конституциясына түсініктеме беріп, оқушының саяси көзқарастарын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы үй

тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

а) ҚазКСР-нің Конституциясы

б) Тарихи маңызы

Мұғалім сабақты бастамас бұрын Кеңес Одағының саяси жағдайына шолу жасайды. Оқушыларға КСРО тарихын қолдана отырып мағлұмат береді.

жылдың 26 наурызы күні Республика Кеңесінің төтенше X съезінде Қазақ КСР Конституциясы Одақтық Негізгі сүйеніп жасалды. Жаңа Конституцияның негізгі қорытындылары, ең алдымен, КСРО да социализмнің құруына байланысты болғандығын түсіндіреміз. Конституция тұжырымдары - жылдар КСРО-да экономикалық және әлеуметтік-мәдени накты нәтижелеріне сүйенді. Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстырамыз.Мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі осы кезде танылады.

Анықтаманы қолдана отырып 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясына талдау жасаймыз.

ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлімнен, 19 тараудан және 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды. Өкімет билігі мен басқару жүйесінің үстінен Қазақ КСР Коммунистік партиясы бақылау орнатты. Республиканың экономикалық жүйесі мемлекеттік, кооперативтік-колхоздық және кәсіподақ және басқа да ұйымдардың меншігі деп жарияланды.

1978 жылғы Конституцияда республиканың ұлттық-мемлекеттік және әкімші-лік-аумақтық құрылысы, жоғарғы және жергілікті билік пен басқару құзыреті, сайлау жүйесінің принциптері, халық депутаттарының құқықтық мәртебесі, эко-номикалық және әлеуметтік даму мемлекеттік жоспары институттары, мемле-кеттік бюджет, сот тәртібі, төрелік соты, прокурорлық қадағалау және т.б. мәселелер қамтылды.

1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Консти-туциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.

1990 жылдардың басында Қазақ КСР-інде, одан кейін Қазақстанда 1978 жыл-ғы Конституцияға елеулі өзгертулер енгізген бірқатар заңдар қабылданды. «Мемлекеттік өкімет құрылымдарын жетілдіру туралы» 1990 жылғы 20 қара-шадағы Заңға сәйкес Президент атқарушы және өкім етуші билік басшысы бол-ғаны туралы ереже енгізілді, Министрлер Кеңесі Министрлер Кабинетіне өзгер-тілді және жергілікті өзін өзі басқару, Қазақ Кеңестік Социалистік Республи-касының атауын өзгерту, ҚР азаматтығы туралы Заңдар және басқа да құжаттар қабылданды.

Салыстармалы кесте «1937,1978 жылғы Конституциялары»

Конституциялар

Бөлімдер

баптар

Ерекшелігі

Ұксастығы

1937 жылғы


1978 жылғы


Сабақты бекіту: Конституция баптарын талдау

Сабақты қорытындылау: 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР жаңа Консти-туциясы қабылданды. Конституцияда негізгі демократиялық бостандықтар жарияланды, бірақ олар сөз жүзінде ғана орындалды.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру:

6-бөлім. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары


Тақырыбы: 1993 жылғы Конституция


Сабақтың мақсаты :

1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына түсініктеме беріп, оқушының саяси сауаттылын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: оқушыларды 3 топқа бөліп қима қағаз арқылы үй

тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

а) Тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы Конституциясы

б) Тарихи маңызы

Мұғалім сабақты бастамас бұрын Кеңес Одағының саяси жағдайына шолу жа-сайды. Оқушыларға Конституция жайлы мәлімет береді. «Конституция» - латыншадан аударғанда «құрылыс» деген ұғымды береді. Яғни, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы. Міне, осындай конституция алғаш рет Англияда 1679 және 1688 жылдары құ-қықтар жөніндегі билль деген атпен қабылданған. Жазбаша конституция ең алғаш 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін, 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келген.

Ал,енді негізгі бөлімшеге кірісеміз. Сызбаны қолданып,Конституцияға шолу жасаймыз.


Сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.

Бұрынғы кеңестік жүйеден кейінгі кезең біздің республикамыздың суверен-ділігін жоғары құқықтық дәрежеде нығай-туды талап етіп, 1978 жылы негізін қалаған Қаз КСР Конституциясы қоғамдағы болып жатқан жағдайға түпкілікті өзгерістер енгізуге әсер ете алмады. Осы жағ-даймен бір кезеңнен екінші кезеңге өту мақсатындағы компромисті Конститу-ция 1993 жылы 28 қаңтар күні қабылданды. Және екі жылдан кейін осы тұста Негізгі заңның кезекті реформаны талап ететіндігі де кездейсоқтық емес еді. 1993ж. ҚР Кон-ституциясының қабылдануы Қазақстанның демократиялық мемлекеттігінің қалыптасуының бастамасы болды. Алайда, бұл құжат өкімет тармақтары арасындағы қақтығыстық жағдайларды шешудің нақты меха-низмдерін қарастырмады, бұл тікелей кейінгі Қазақ-стан Республикасының саяси-конституциялық дамуына белгілі бір мөлшерде ықпал етегі. Өмірдің өзі мемлекеттік басқарудың жеке бөлініс моделдерін дайындауды талап етті. 1993 жылғы Конституцияда елеулі олқылықтар орын алды. «Бұл құжатта ескі саяси жүйенің жаңа саяси жүйеге трансформациялануы заңдастырылды. Ұзақ жылдық тәжірибесі бар Батыс демократиясын елдің кеңес-тік саяси жүйе- сін жаңартуға пай-далануға әрекет болды. Өтпелі кезеңнің эконо-микалық және әлеуметтік қайшы-лықтарын жеңе алатын тиімді вертикальды ат-қарушы билік жасалынбай қалды. Осындай қателіктің салдарынан Қазақстан терең экономикалық дағдарыс қыспағында қалды». Осы тұста елдің саяси жүйесін өзгерту қажеттілігі туды.

Кесте «1993 жылғы ҚР Конституциясы»

Конституциялар

Бөлімдер

баптар

Ерекшелігі

1978 жылғы




1993 жылғы

21 тарау

131 бап




Сабақты бекіту: Конституция баптарын талдау

Сабақты қорытындылау: Конституция күні жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейтін осындай жетістіктерімізді еске алу және жоспарларды жұрт-шылыққа жеткізу әр азаматтың парызы. Өйткені, елдің жеткен биігі - біздің жетістігіміз!

Үйге тапсырма беру.


6-бөлім. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары


Тақырыбы: 1995 жылғы Конституция


Сабақтың мақсаты :

1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына түсініктеме беріп, оқушының құқықтық сауаттылын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: оқушылардан сұрақ-жауап арқылы үй

тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Конституция құрылымы

  • I бөлім. Жалпы ережелер

  • II бөлім. Адам және азамат

  • III бөлім. Президент

  • IV бөлім. Парламент

  • V бөлім. Үкімет

  • VI бөлім. Конституциялық кеңес

  • VII бөлім. Соттар және сот төрелігі

  • VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

  • IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер


Сабақты қорытындылау: Еліміз мемлекет пен қоғамның қалыптасуында көп-теген жетістіктерге жетті. Қазіргі таңда біз конфессияаралық келісімнің болуы-на, тұрақтылыққа, экономикадағы табыстардың барлығына да Конституцияның негізінде қол жеткіздік деп толық айта аламыз. Бұл таңдауды бағалауымыз және құрметтеуіміз қажет, Заңмен өмір сүру - бұл демократияның жоғарғы мектебі болып табылады.

Үйге тапсырма беру.

6-бөлім. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары.


Тақырыбы: Құқықтық мемлекет.


Сабақтың мақсаты :

Құқықтық мемлекет және оның құрылымдық элементтері туралы түсінік беру, сауаттылығын арттыру.Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәріс сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: cұрақ -жауап, өзара пікір таластар

ұымдастыру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Сабақ жоспары:

А) Құқықтық мемлекет туралы

б) Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері

в) Қазақстан-құқықтық менмлекет


Мұғалім сабақты алдымен «құқықтық мемлекет деген не ?» деген сауал бере отырып бастайды.Оқушылардың ойына көз жүгірте отырып сабақты жүргізеді.

Құқықтық мемлекет - басқару тәртібі, дамыған жүйе мен тиімді бар мемлекет нысаны. Құқықтық мемлекет - өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін жасады. Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет бірінші ширегінде пайда болып, кейін бірқатар ел-деріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі көзқарастар анти-калық заманда қалыптасып, мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқық-тарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына , , , , , , т.б. қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте биліктің, , мен құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады.

Оқушыларға анықтама арқылы «Құқықтық мемлеке белгілері» тақырыбында мәлімет ұсынамыз.

Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:
- мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы;
- қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;
- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау;
- қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;
- қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар "заңның құлы" болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай өсиет сөз бар:
Заң - мемлекеттің ақылы.
Сот - мемлекеттің жүрегі.
Мәдениет - мемлекеттің тәртібі.
Міне осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалылтасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде мемлекет орнайды.

Мұғалім оқушыларға «Қазақстан-құқықтық мемлекет»тақырыбында қысқаша мағлұмат оқу.

Ешқандай өркениетті қоғам да бірден сол саналы қалпында болмайды. Кемел дәрежеге жету үшін қай ортаға да өсу, өркендеу сатысынан өту шарт. Біздің тә-уелсіз, өркениетті Қазақстанымыз да осындай құқықтық мемлекет сипатына ену үшін көптеген өмір талқысы мен талай заманның сынағынан өтті. Біз 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда қабылданған егеменді Қазақстан Конс-титуциясының 17 жылдығын атап өтеміз. Осы өткен 17 жылда Ата Заңы-мыз демократиялық маңызын арттырып қана қоймай, Конституцияның мызғымас тұғырға қонғанын дәлелдеді. Осы жылдар аралығында біздің де өміріміз түпкілікті өзгергенін айта кетуіміз керек. Аз ғана уақытта мем-лекетіміздің экономикасы қарыштап дамып, посткеңестік елдердің көш-басшысына айналуы, тұрақтылықтың орнауы - осы Ата Заңымыздың ар-қасы. Қазақстан мемлекет-тігін нығайтып, өз саясатын тәуелсіз етіп, мызғымас шека­ра­сын белгілеп, территориялық тұтастығын қамтамасыз етіп алды. Респу-бликамыздың экономикасы әлемдік экономика нарығы­на кірігіп, посткеңестік

елдердің ішінде бірінші болып Еуропалық одақ пен АҚШ-ты мойындатты.


Сабақты қорытындылау


Үйге тапсырма беру.

6-бөлім. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары.


Тақырыбы: Терминдер


Сабақтың мақсаты :

Құқықтық саласында кездесетін терминдердің мағынасымен таныстыру, саяси сауаттылығын арттыру.Білімді азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәріс сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: cұрақ -жауап, өзара пікір таластар

ұымдастыру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Абсолютизм - бір адамның (, , ) шексіз билігі. Жоғарғы өкімет билігі толық бір адамның ғана қолында болған басқару түрі

«Яса» - заңдар мен ережелер жиынтығы

Өркениет ( сіvіlіs - азаматтық) - қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы.

"Жесір дауы" термині арқылы әйелге ерінің, түскен елінің меншігіндегі
"Жаза" - Тәуке хан жарғысында көрсетілген құқықтықтермин







Сабақты қорытындылау. Құқықтық мемлекет - басқару тәртібі, дамыған жүйе мен тиімді бар мемлекет нысаны.

Үйге тапсырма беру.


4-бөлім. Қазақ хандығының тірегі болған заңдар.


Тақырыбы: Қазақ дәстүрлі заңдарының маңызы


Сабақтың мақсаты :

Қазақ хандығының саси дамуыно зор үлес қосқан «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» деп аталған заңдардыңтарихи маңызын оқушыларға түсіндіру, оқушының саяси көзқарасын дамыту, саяси сауаттылығын арттыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, пікіралмасу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берген тапсырманы карточкалық тапсырма-лар, сызбаны, кестені толтыру және сөзжұмбақ шешу арқылы үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Ой қозғау. Оқушыларға сұрақ. Қазақстан тарихында құқық саласына байланысты қандай қайраткерлерді, олардың заңдары туралы кім біледі?
Әр оқушының ойы тыңдалып, сабаққа кірісеміз.

Түрік қағанаты Шығыс және Батыс түрік қағанаты болып 2 - ге бөлінді. Жоғары лауазымды бектермен тархандар иемденді. Қағанатта құқықтық ғұрыптар қалыптасты «төру» деп аталатын жазба заңдар пайда болды.
Монғолдардың құқықтық нормаларының тарауы. 1206жылы тарихта танымал заңдар жинағы Шыңғыс ханның «Жасасы» пайда болды. Бұл заң жаулап алған елдердің бәріне қолданып, олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік қатынастарын реттеді.
ХҮ ғасыр ортасында. Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты. Қазақ тарихында тұңғыш рет құқықтық ғұрыптары мен нормалар жүйеге келтірілді.
Қазақтың құқық жүйесіндегі келесі елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680 - 1718ж) болды. Ол «Жеті жарғы» деп аталған, өзіндік бір кодеск пішініндегі құқықтық нормалардың сындарлы тұжырымдарын жасады.
(Қосымша дерек) Қазақ ғалымдарын ішінде «Жеті жарғы» туралы алғашқы пікір білдіргендердің бірі академик Ә. Х. Марғұлан «жеті жарғыны» әуелі жеті жарғыш, жеті, яғни жеті әділ, қара қылды қақ жарған билердің билігі дегенді қолданды. жеті жарғыға арналған мақаласында оның мазмұнының 7 түрлі ережелерден құралатындығы жайлы жазады. «Жеті жарғыға» кіретін ережелер жетеу болды;
Құн заңы
Мүлік заңы Жесір дауы
Жұртшы\қ заңы
Қылмыс заңы
Елшілік
Әскери заң жоралғылары

Қазақстанның Ресейге қосылуы құқықтық жүйені өзгертіп жіберді. Оның байтақ өлкесінде өзін - өзі басқаратын жергілікті органдар құрылды. Олардың барлығы отаршылдық аппаратқа бағындырылды. Ресей империясы қазақтың әдеттегі құқықтық жүйесін ішінара сақтай отырып, сонымен бірге қазақ даласына Ресей заңдарын\ң қолдануын енгізе бастады.
Жаңа сабақты бекіту: Салыстырмалы анализ жаса?
Есім хан-------------------------------------------------------------Тәуке хан
Есім ханның ескі жолы деп-------------------заңындағы қандай ерекшеліктерін
аталу себебі?-------------------------------------байқадың?
Өйткені Қасым ханның заңын---------------Кек алудың «қанға - қан» деген түріне тыйым
өзгертпей тек Әскери міндетті салды.---Үй ішіндегі құл мен күң заң жүзінде атқару ережелерін
күшейтті, жазаны қатайтып -----------------қорғалмады.
қолданды.----------------------------------------Билік басындағы сұлтандар мен билердің
-------------------------------------------------------өктемдігіне шектеу қойылды.

Сұрақтар:
- Құқықтың ұлттық нышандарының қандай элементтерін қазіргі құқық жүйесіне енгізуге болар еді деп есептейсіңдер?
- Қазіргі заңмен қазақ хандығы жарғы, заңдарымен мүлдем салыстыруға келмейді, себебі?
- 1206 жылы қандай заң пайда болды?
- Қасым ханның заңының 5 бөлімін ата?
- Қасым ханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы деп аталы себебі неде?
- Тәуке ханның жеті жарғысын айт?
- Ислам дінінің құқыққа әсері қандай болды?
- Төру ұғымы нешінші ғасырға дейін қолданылып келді?

Кестемен жұмыс:

Заңдар

Ұксастығы

Ерекшелігі

«Қасқа жол»



«Ескі жол»



«Жеті жарғы»



Сабақты қорытындылау: Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «, « өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.

Үйге тапсырма беру:

6-бөлім. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары.


Тақырыбы: Құқықтық сауаттылық-заман талабы.


Сабақтың мақсаты :

Құқықтық сауаттылық -заман талабы екендігін оқушыларға ұғындыру, саяси сауаттылығын арттыру.Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ,тренинг сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікіралмасу,талқылау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: cұрақ -жауап, өз ойын ұсыну

ІІІ. Жаңа сабақ::

Кіріспе сөз
Мұғалім:
Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылданған Конституциясы ел дамуының тұс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлекет дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бір жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол қазақ ұлтының төл Конституциясының қабылданғанына 18 жыл толғалы отыр.

Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек қыпшақ халқындағы (Х-Х1 ғғ.) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады. Ал ХХ ғ. өзінде КСРО құрамында болып тұрған кезде 1936 жылы 28 қаңтарда және қазіргі қолданыста жүрген 1995 жылы 30 тамызда жүрген Ата заңымыздағы биліктің үш тармағының заң шығарушы (парламент), атқарушы (үкімет) және сот қызметтері бір арнаға тоғыстырып, саяси институттардың жұмысы әбден жетілдірілді және ең бастысы бұл Конституция адам және азамат құқықтарының қорғалуы жан - жақты қарастырылған орнықты құжат болып отыр.

Дүниежүзілік адамзат тарихының өткен кезінде көз бойлатып үңілсек, алғашқы адам құқықтары жайлы құжат 1644 жылы Англияда император Вильгельм Оранскийдің қаулысы «Адам құқықтар туралы билль» (қаулы, заң)
қабылданды. Ал қазіргі заманғы адам құқықтары жайлы құжат яғни, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ - ның шешімімен қабылданды.
Адам және азаматтардың құқықтары, ерік бостандықтары терең қарастырылған құжат, бұл - өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы. Бұл кезге 200 жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Соның жарқын дәлелі әрбір американдық азамат қайда жүрсе де ел Конституциясы жазылған кітапшаны өз жандарынан тастамайды екен. Егер қандай да бір уақытта өз құқығы бұзылғандай жағдай болған жағдайда дереу өз заңды міндеттерін талдауға кіріседі екен.

Яғни, олардың заңы бойынша Конституция алдында Президент те, қарапайым адамда бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие болады.
Қабылданғанына 18 жыл толған қазақ елінің Ата Заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан гуманистік (адамгершілік) принциптерге негізделген демокра-тиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта әрмен қарай жалғастыра бермек.

Сынып екі топқа бөлінеді: 1 - топ және 2 - топ. Сабақ 7 турдан тұрады. Әрбір турдан кейін баға беруші мұғалімдер жауаптың, ереженің дұрыстығы жөнінде және балдарын атап өтеді.

№1 Глоссарий «Тәртіп орнат»
1. Құқық -----------------------------------------А - Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ---------------------------------Б - Мемлекет басшысы
3. Мемлекет ------------------------------------В - Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4. Азамат -----------------------------------------Г - Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д - Заңдар жүйесі
6. Президент ------------------------------------Е - Заң шығарушы орган
7. Парламент ------------------------------------Ж - Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік --------------------------------------З - Құқығы бар ел тұрғыны
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г

№ 2 Байқау
«Құқық дегеніміз не?»
Оқушылар спикермен бірге 2 топқа бөлінеді. Топтың әр жауабынан кейін мұғалім өзінің толық жауабын оқу керек.
Сұрақ - Жауап
1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не? - Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.

2. Құқықтың қандай түрлері бар?
- Жеке (азаматтық)
- Саяси
- Экономикалық
- Әлеуметтік
- Мәдени т.б.
3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? - Туылғаннан беріледі
4. Оларды орындау үшін не қажет? - Міндеттерін орындау
5. Адамның негізгі құқығы? - Өз құқықтарын пайдалану құқығы
6. Құқық қашан және қайда пайда болды? - Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.
7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық - деген не? - Бостандық - бұл таңдау
8. Бостандықты не шектейді? Бостандық және өз қалауымен орындамалық - бұлар бірдей ме? -Бостандықты шектеу әр адамның саналығында

№ 3. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін анықтаңыз.
Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарымен пайдаланып ғана қоймай, өз міндеттерін орындау керек.
№4.Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерінің мысалдарын келтіріңіз.
Байқау ережелері: Тақтаға әр командадан бір - бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар алма - кезек бір міндеттен тақтаға жазады. Бүкіл міндеттерін дұрыс орындап, жазған топ жеңеді.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:
1. Заңдарға бағыну;
2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу;
3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу;
4. Қаржы, салықты төлеу;
5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;
6. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау;
7. Ата - аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін орындау;
8. Орта мектеп білімін алу;
9. Қазақстан Республикасын қорғау;

№ 5. Талқылау
«Жаза мен қылмыс»
1. Жол ережесін бұзу адам үшін қылмыс па? Неге?
2. Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды? Құқық туралы білімі не өз санасы.
3. Қылмыс жасағанға қоғам кінәлі ме?
4. Қылмыскерге рақымшылық беруге сіздің көзқарасының қандай?
5. Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыз?
6. Жайбарақат қараушылық қылмысқа жата ма?

№ 6. Конституцияңды білесің бе?
1. Мемлекет билігінің қайнар көзі? Халық (3 бап)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? 1992жылы
3. ҚР- ның азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма? Жоқ (10 бап)
4. Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым барма? Ия (19 бап)
5. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы барма? Ия (23 бап)
6. ҚР - ның Президентін сайлау қашан өтеді? Желтоқсанның бірінші жексенбісінде (44 бап)
7. Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса алама? Жоқ (43 бап)
8. ҚР - ның жоғары өкілетті органы? Парламент (49 бап)
9. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім? Премьер - Министр (67 бап)
10. ҚР-ның атқарушы билігін билігін жүзеге асырушы? Үкімет (64 бап)
11. Премьер - Министрдің орнынан түсуінен кейін ... өкілеттігі тоқтағанын білдіреді. Үкіметтің (70 бап)
12. ҚР нешінші Конституция пайдаланылады? Екінші
13. Заң құдайы? Фемида
14. ҚР - ның азаматы қашан болуға құқылысыз? Дүниеге келген кезде(12 бап)
15. ҚР - ның төл мейрамдарын атаңыз? -

1-мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

6-шілде - Қазақстанның Елордасы - Астана күні

30-тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

16-17-желтоқсан - Қа­зақ­стан Республикасының ұлттық мей­рамы. Тәуелсіздік күні

17-желтоқсан - Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні

10-Желтоқсан - Адам құқықтарының халықаралық күні № 7.Конституция баптарынан үзінділер оқиды.

Сабақты қорытындылау: Екі топтың ұпайлары есептеліп, жеңімпаз топты жариялаймыз.

Үйге тапсырма.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал