7


  • Учителю
  • Іс-шара 'ХХІ ғасыр көшбасшысы'

Іс-шара 'ХХІ ғасыр көшбасшысы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Іс-шараның тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайыс.

Мақсаты: Әр оқушының Қазақстан тарихы пәні бойынша білім сайысына түсу арқылы білімдерін байқау. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.

Барысы:

І. «Сен білесің бе?»

ІІ. «Асу»

ІІІ. «Полиглот» (үш тұғырлы тіл)

І-тур «Сен білесің бе?» бөлімі бойынша 18 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

  1. Қазақтың үш биі? /Қазыбек, Төле, Әйтеке/

  2. Абайдың әжесі? /Зере/

  3. Ежелгі грек аңыздарын қалай атайды? /Миф/

  4. Афиныда алтын медаль алған боксшы? /Б.Артаев/

  5. Киіз үйдің керегесін шаңырақпен жалғастырады? /Уық/

  6. Қой сүйегімен ойналатын ойын? /Асық/

  7. Әлін білмеген адам? /Аяз би/

  8. Ертегідегі әже? /Мыстан/

  9. Ағасының әйелі? /Жеңге/

  10. Мойыны имек аспап? /Қобыз/

  11. Күзгі көш? /күздеу/

  12. Сиыр сүтінен жасалатын сусын? /айран/

  13. Байбөрінің баласы? /Алпамыс/

  14. Нәрестенің мекені? /Бесік/

  15. Қарашаштың күйеуі? /Жиренше/

  16. Баян сұлудың әкесі? /Қарабай/

  17. Жылқы иесі? /Қамбар ата/

  18. Қазақтардың «компасы» /Темірқазық/

ІІ-тур «Асу» бөлімі бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруі керек.

  1. Ол үй жиһаздарының бірі. Тұрмыс қажетіне де, сәндік бұйым ретінде де қолданылған. Ол әр түрлі қызмет атқарады, соған лайық түрлеше аталады және үй ішінің әр жерінен орын алады. Кейде онымен адамды да тасиды не жасырады. Ол не? /Сандық/

  2. Ерлердің ұлттық киімдерінің бірі - шалбар. Шалбардың балағында ерекше көзге түсетін ою шеңберлер бар, осы шеңберлер ненің символы? /Күннің/

  3. Оны отбасында бір адам қосылғанда жасайды. Жаңа келген адамға кәмпит, құрт шашады. Оны өзгелерден бөлек ұстайды. Ел тамақ жеп болған соң біреу оны өзгелермен таныстырады. Ол төмен қарап тыңдап, иіледі. Бұл қандай той. Ол кім? /Беташар тойы, келін/

  4. Қазақ халқында қыз бала бес сатыдан өтеді. 1. Бойжеткен, 2. Ұзатылған қыз, 3. Келін, 4. Ана, 5. Әже. Бас киім арқылы қалай ажыратылады? /Бойжеткен - тақия, ұзатылған қыз - сәукеле, келін - жаулық, қасаба, ана-әжелер - кимешек, күндік/

  5. Ол далада өседі. Онан үй шаруасына қажетті бұйым жасайды. Оны түрлі-түсті жұндермен өрнектеуге болады. Ол желдеткіштің де рөлін атқарады. Үйдің ішін бөлуге, құрт, ет жаюға пайдаланылған. Ол не? /Ши/

  6. Мұның қазақтарда екі түрі болған. Ол негізінен жыл мезгіліне байланысты бөлінген. Кейде жылжымалы түрі де қолданылған. Тұрмыс жағдайына қарай оның сәні де әр түрлі болған. Ұлттық ерекшеліктерімізді білдіретін кейбір бөліктері мемлекеттік рәміздердің бірінде бейнеленген. Ол не? /Киіз үй, қазақ тұрмысында кең қолданылған/

ІІІ-тур «Полиглот» бөлімі бойынша сұрақтың жауабын үш тілде жауап береді.

  1. Екі немесе одан да көп мемлекеттің әскери күштерінің немесе бір мемлекеттің ұйымдастырылған қарулы топтарының арасындағы ұзаққа созылған ұрысы? /соғыс-война-war/

  2. Тұрақты халқы, нақты аймағы, басқару механизмі айқын, басқа елдермен қарым-қатынас жасай алатын, билікті заңды түрде жүзеге асырушы адамдар бірлігі. /мемлекет-государствo-government/

  3. Қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі ұстанымдар мен нормаларды бекітетін нормативтік-құқықтық акт. /заң-закон-Iaw/

  4. Саяси қарсыластарға қарсы қолданатын саяси бақылау, қадағалау, заңсыз түртпектеу саясаты қалай аталады? /қуғын-сүргін-репрессия-repression/

Қорытынды: Сарапшылар ұпай санын есептеп шығарады, ұпайы көп сайыскер жеңімпаз атанады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал