7


'Адамды кім жаратты?' (5-Сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Қордай ауданы №28 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Балмуратова Айнур Болсыновна

Сыныбы: 5 сынып

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Адамды кім жаратты?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Адамның пайда болу туралы эволюциялық және діни ілімдердің қалыптасып, даму тарихы және адамның даму сатысы туралы білім беру.

Дамытушылық: Адамның пайда болуы туралы түсініктерін дамыту. Адамның дамуының әр сатысындағы қол жеткізген жетістіктерін салыстыра отырып, айырмашылығын, ортақтығын тауып, ой қорытындылай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға бүгінгі адамзат баласы осындай қалыпқа жетуі үшін ұзақ та қиын кезеңді басынан кешіргенін, оған еңбектің арқасында жеткенін айта отырып еңбек сүйгіштікке, ал адамның пайда болуы туралы діни түсінікті қалыптастыра отырып оларды имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

- сұрақ-жауап, көрнекіліктер арқылы түсіндіру.

- жеке жұмыс

Бағалау түрлері:

  • Кері байланыс парағы.

Сабақтың көрнекілігі:

- «Алғашқы адамдардың даму сатысы» суреті, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

  1. Сәлемдесу. Түгендеу. Назарын сабаққа аудару.

  2. «Жүректен жүрекке» тілек айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап:

  1. Тарих қандай деректер арқылы жазылады?

  2. Ауызша деректерге нелер жатады?

  3. Жазбаша тарихи деректерге нелер жатады?

  4. Археологиялық деректерге нелер жатады?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіруге даярлау.

ІV. Жаңа сабақ

Адамның қалыптасып, дамуы туралы ілімдер

Зерттеушілер

Ілімі

Карл Линей, Чарльз Дарвин

Адам мен маймыл арасындағы туыстық қатынас туралы

Ф.Энгельс

Адамның қалыптасуына еңбектің қажеттілігі тікелей әсер етті

Жан Ламарк

Маймылдың бірте-бірте дамуының барысында адам қалыптасты.


Адамның пайда болуы, дамуы, саналы адамның қалыптасуы

Алғашқы адамдардың даму сатысы

табылған жері

өмір сүрген уақыты

айырмашылығы

Гоминид

адам тектес


Африка мен Азияда


Австралопитек

маймыл адам,

«хомо хабилис»- епті адам

1974ж. американдық археологтар

Шығыс Африкада Олдувай жері, осыдан 2,5 млн. ж.бұрын өмір сүрген

Қолдары дамыған, аң сүйегін, ағашты, тасты өткірлеп қару есебінде пайдаланған.

Питекантроп

тік жүретін маймыл тәрізді адам

1890-1892 ж. Оңтүстік Шығыс Азиядағы Ява аралы

1 млн. жыл бұрын өмір сүрген


Синантроп

қытай адамы

1927 ж. Қытайдағы Чжоу-коу-дянь үңгірінен табылған.

Бұдан 500-200 мың ж. бұрын өмір сүрген

Олар от жағуды білген

Неандерталь адам


1938 ж. академик А.П. Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірі

Б.з.б. 200-35 мың жыл бұрын

баспана сала бастады,өнер туындыларын жасады, діни түсініктер қалыптасты

Хомо сапиенс

Саналы адам

Кроманьондық адам

Францияның

Кро-Маньон үңгірінен табылған

Осыдан 40-35 м.ж.бұрын

дене бітімі, түр-тұрпаты, ойлауы қазіргі адамға ұқсас

IV-Жеке жұмыс

Ойлау деңгейлері

Тапсырмалар

Оқушының жауаптары

Білу

Алғашқы адамдар қалай аталған?


Түсіну

Олдувэй, сөзі нені білдіреді?


Талдау

Табиғат пен адамның айырмашылығы неде?


Бекіту

Тобыр,терімшілік деген сөздерді қалай түсінесіңдер?



Кері байланыс парағы


Бүгін нені үйрендім?

Маған ұнады /ұнамады/

Тапсырманы орындау барысында қандай қиыншылық болды




V. Үйге тапсырма беру: п.3 /тест құрастыру/.

VІ. Бағалау.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал