7


  • Учителю
  • Əдістемелік қызмет ережесі. муғалімдерге

Əдістемелік қызмет ережесі. муғалімдерге

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұлытау ауданы, Қарсақбай кенті

Ұлытау ауданы акімдігі, Ұлытау ауданының білім бөлімінің

«Жамбыл Жабаев атындағы №15 Қарсақбай ЖОББ мектебі базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

әдістемелік қызметтінің ережелері


Автор: Жамбыл Жабаев атындағы №15 Қарсақбай ЖОББ мектебінің

оқу ісінің меңгерушісі Айнур Шалгинбаева Сабырбековна

2014-2015 оқу жылы


Ұлытау ауданы акімдігі, Ұлытау ауданының білім бөлімінің «Жамбыл Жабаев атындағы №15 Қарсақбай ЖОББ мектебі базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

әдістемелік қызмет мазмұны:

  1. Білім мазмұнын жаңғырту.

  2. Қоғамдағы әлеуметтік үрдістер теориясы мен практикасы негіздерін терең зерттеу.

  3. Жаңашыл педагогтар мен шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың тәжірибесі негізіндегі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін қолдануды зерттеу мен жобалау.

  4. Білім беру саласындағы басшы органдардың нормативті құжаттарын зерттеу.

  5. Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар саласындағы ғылыми жаңалықтармен және ұсыныстармен танысу.

  6. Оқыту мен тәрбиелеу туралы психологиялық-педагогикалық және білім беру ұйымдарындағы оқыту үрдісін басқару жайлы әдебиеттермен танысу.

  7. Мектептегі, аудандағы, қаладағы әріптестерінің озық тәжірибелерімен танысу.

  8. Мектепте мұғалімнің сапалы тәжірибесін насихаттау мен тарату.

  9. Мұғалімнің кәсіби өсуі мен оқыту үрдісінің нәтижесі жайлы мониторинг.


Әдістемелік қызмет жүйесі


Іс-шаралар

жауапты

мерзімі

1

Білім берудің жаңа технологиялары негізінде аудандық білім беру ұйымы әдіскерлерімен жүйелі әдістемелік қызметті ұйымдастыру

ҰАББ әдіскерлері

ӘК төрағасы

қыркүйек

2

Педагогтардың кәсіби құзырлылығын көтеру және шығармашылық іскерлігін жетілдіру мақсатында әдістемелік қызметті жетілдіру

ӘК мүшелері

үнемі

3

Мектепте оқу үрдісінің мониторингісін жасау, диогностикалау және болжам жасау

Оқу ісінің меңгерушілері

Үнемі

4

Педагогикалық ұжымның ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру, педагогикалық ізденіске ендіру

ӘК мүшелері

үнемі

5

Жаңашыл педагогтар мен шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың тәжірибесі негізіндегі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін қолдануды зерттеу

ӘК мүшелері

үнемі

6

Нормативтік құжаттарды зерттеу, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар саласындағы ғылыми жаңалықтармен және ұсыныстармен танысу

ӘК мүшелері

үнемі

7

Педагогтардың озық тәжірибелерімен танысу, мектепте мұғалімдердің сапалы тәжірибесін насихаттау мен тарату

ӘК мүшелері

мамыр


Әдістемелік қызмет түрлері


Әдістемелік қызмет түрлері


Атқарылатын қызмет түрлері

1. тәлімгерлік

Тәжірибе үйрету

2. мұғалімнің өздік жұмысы

Біліктілікті көтеру

3. ашық сабақ

Тәжірибені демонстрациялау

4. педагогикалық кеңес

Тиімді ынтымақтастыққа жағдай туғызу бойынша басқару шешімінің ұжымдық әзірлемесі.

5. әдістемелік кеңес

Тәжірибе алмасу, жаңаша әдістер, технологияларды меңгеру және оны іске ендіру, білім беру үрдісін жетілдіру мен педагогтардың кәсіби деңгейін көтеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтың ұжымдық әзірлемесі.

6. жас ұстаздар кеңесі

Жас мамандарды білім беру үрдісін ұйымдастыру технологиясына үйрету.

7.педагогикалық шеберлік кеңесі

Педагогтың әртүрлі бағыттағы жұмыстары бойынша тәжірибе алмасуды тиімді ұйымдастыру.

8. семинарлар, шығармашылық айлар, байқаулар

Тәжірибе алмасу трибунасы, кәсіби имиджін (бедел) қалыптастыру.

9. әдістемелік күндер

Педагогтардың кәсіби қажеттілігіне диагностика, тәжірибе үйрету, сапалы тәжірибесін тарату.

10.педагогикалық оқулар мен конференциялар

Психологиялық-педагогикалық ғылым салаларындағы жаңа ғылым жетістіктерін меңгеру тәжірибесін алмасу трибунасы, педагогикалық жобалау әдістерін меңгеру, ғылыми зерттеу мәдениетін, имиджді қалыптастыру.

Әдістемелік кеңес қызмет туралы ЕРЕЖЕ


І. Жалпы ереже

  1. Әдістемелік кеңес (ӘК) - педагогикалық қызметке шығармашылық көзқарасты қалыптастыруға бейімдейтін мектепішілік басқарудың педагогикалық алқалық органы.

  2. Әдістемелік кеңес (ӘК) білім беру үрдісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге, педагогикалық ұжымның инновациялық, тәжірибелік-ізденіс жұмыстарына бағытталған әдістемелік қызмет құрылымдарының жұмысын үйлестіреді.

  3. Әдістемелік кеңес жұмысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдарына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

  4. Әдістемелік кеңестің құрылуы және жұмыс тәртібі, құрамы мен өкілеті білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен анықталады.

Әдістемелік кеңес төрағасы болып директор орынбасарларының бірі сайланады.

Әдістемелік кеңес төрағасы педагогикалық кеңесте 1 жыл мерзімге педагогикалық кеңес мүшелерінің ашық дауысымен сайланады.

Әдістемелік кеңес құрамы білім беру ұйымының алдына қойылған кешенді міндеттерінің қажеттілігіне байланысты анықталады.

  1. Тәжірибелік-ізденіс, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын мектептерде ғылыми-әдістемелік кеңес құрылады. ҒӘК қызметі «Ғылыми-әдістемелік кеңес Ережесімен» реттеледі

  2. Әдістемелік кеңес қызметі ауданның және мектептің даму ерекшелігімен, ағымдағы оқу жылындағы жұмыстардың мақсат, міндеттерімен анықталады. Білім беру ұйымының даму жобасына сәйкес білім беру үрдісінің педагогикалық сараптамасына, жобалауы мен жоспарлауына негізделеді.


ІІ. Әдістемелік кеңес қызметінің мақсаттары, міндеттері және мазмұны


Мақсаты: білім беру үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуді, педагог мамандардың әдістемелік оқуын, мұғалімнің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру мен олардың педагогикалық шеберлігінің өсуін ұйымдастыру мен үйлестіру.

Міндеттері:

- басым және бастапқы педагогикалық мәселелерді анықтау және қалыпқа келтіру, барлық педагогикалық ұжымның шығармашылық жігерінің табысты шешілуі үшін бірігуін қамтамасыз ету;

- әдістемелік жұмыстың стратегиялық жоспарын жасау;

- мұғалімдердің педагогикалық бастамаларына қолайлы жағдай туғызу;

- мұғалімдердің білім беру үрдісінің педагог-ұйымдастырушы ретіндегі сана-сезімін қалыптастыру;

- мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық дайындығын (ғылыми-теориялық, әдістемелік) және ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын, педагогикалық шеберліктің әдістерін жетілдіру;

- білім беру ұйымдарының даму бағдарламасын жасау және бекіту, оның ішінде, мектептің бастапқы жағдайына мінездеме беріп, дамуын зерттеу, оны шешудің басым бағыттарын анықтау, бағдарламаның іске асу сапасын бағалау;


Қызметтің мазмұны:

- білім беру үрдісін әдістемелік қамтамасыз етудің мақсаты мен міндеттерін айқындау, оның жағдайына және мектептегі әдістемелік жұмысқа диагностика;.

- педагог мамандар мен олардың жетекшілерін аттестаттауға қатысуы;

- педагогтардың кәсіби біліктілігін жетілдіру мазмұнын, түрін, әдісін анықтау;

- педагог мамандардың әдістемелік оқуын жоспарлау, ұйымдастыру, реттеуді іске асыру, оның нәтижесін сараптап-бағалау;

- білім беру үрдісі мен әдістемелік жұмыстарды әдістемелк қамтамасыз етуге байланысты педагогикалық мәселелерді шешу;

- педагогикалық тәжірибені зерттеу бойынша шаралар жүйесін құрастыру, озық іс-тәжірибені зерттеу және тарату.




ІІІ. Жұмыстың негізгі түрлері

- әдістемелік кеңес отырысы;

- элективті курстардың оқу бағдарламасына сараптама;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы инновациялық іс-әрекеттерді бағалау;

- жаңаша оқу бағдарламасын апробациядан өткізуге бақылау мен көмек беру және жаңа педагогикалық әдістер мен технологияларды іске асыру;

- педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің даму бағдарламасын, жоспарын, кестесін жасау, озық тәжірибені тарату және білім беруді ақпараттандыру жөнінде шаралар өткізу;

- жұмыс бағдарламалары мен жаңа эксперименттегі бағдарламаларды талқылау, оларды педагогикалық кеңесте талқылап, бекітуге ұсыну;

- мектептегі әдістемелік, ғылыми, жаңашыл қызметтерге, ғылыми-практикалық семинарлар, дөңгелек үстелдер, әдістемелік байқаулар, көрмелер, әдістемелік күндер, апталықтар мен онкүндіктердің өтуіне жетекшілік ету;

- әдістемелік көмекші құралдар, бағдарламалар мен мектептің әдістемелік қызметінің басқа да жетістіктерін сараптап, баспасөзге ұсыну;

- мектептің даму мәселесін шешу және озат іс-тәжірибені тарату, зерттеу мақсатында басшылардың және ұстаздардың бастамасымен құрылған шығармашылық ұжым жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру.

ІҮ. Жұмыс реті

Әдістемелік кеңес жұмысы ағымдағы оқу жылының жұмыс жоспарына сай жүргізіледі. Жоспарды әдістемелік кеңестің жетекшісі құрастырады, мектептің педагогикалық кеңесінде қаралады, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарымен келісіліп, мектеп директоры бекітеді.

Әдістемелік кеңес өз жұмысын демократиялық принципте әрі педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің көзқарастарын ескере отырып ұйымдастырады.

Әдістемелік кеңес отырысы қажетіне қарай әр тоқсанда немесе екі айда бір өткізіледі. Отырыста талқыланған әрбір сұрақ бойынша шешім қабылданады, шешім хаттама журналында тіркеледі. Шешімге әдістемелік кеңес жетекшісі қол қояды.

Барлық отырыстар ашық өткізіледі, кеңеске кез келген педагог дауыс беру құқығымен қатыса алады. Әдістемелік кеңестің отырысы, егер де үштен екі құрамы қатысқан болса, заңды болып саналады. Қажетті жағдайда әдістемелік кеңес шешімі жабық дауысқа салу арқылы қабылданады.

Әдістемелік кеңес шешімі қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес қабылданады және егер қарсылық болса, мектептің педагогикалық кеңесінде қайта қаралуы мүмкін.

Әдістемелік кеңесте мектеп педагогтары ұсынған сұрақтар қарастырылады, кеңес мүшелерінің жартысынан астамы дауыс бергенде шешім қабылданады.

Әдістемелік кеңес педагогикалық ұжымды өзінің жұмыстары мен қабылдаған шешімдері жайлы үнемі хабардар етіп отырады. Қажет жағдайда ӘК шешімі педагогикалық кеңесте бекітіледі.



Ү. Әдістемелік кеңестің құжаттары


Әдістемелік кеңесте төмендегідей құжаттар болуы тиіс:

- әдістемелік кеңес құру және оның төрағасын тағайындау туралы бұйрық;

- ӘК ережесі;

- ӘК мүшелерінің және төрағасының қызыметтік міндеттері;

- өткен оқу жылында жүргізілген жұмыстарға талдау, ағымдағы оқу жылының жұмыс жоспары сараптама есебі;

- жаңа оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың мақсат, міндеттері, әдістемелік жұмыстың бағыты мен өзекті мәселесі;

- мұалімдердің өз білімін көтеруі мен кәсіби қажеттілігі туралы мәлімет;

- ӘК мүшелері туралы мәліметтер банкісін құру: сапалық және сандық

құрамы (жасы, білімі, мамандығы, пәні, жалпы еңбек өтілі және педагогикалық, кәсіби санаты, марапаттаулары, атағы, мекен-жайы, үй телефоны);

- конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, шығармашылық есептер, іскерлік ойындар, ашық сабақ және т.б. өткізу кестесі;


- жаңа оқу жылында мұғалімдерді аттестаттау кестесі және болашақ жоспары;

- жаңа оқу жылында мұғалімдердің санатын көтеру кестесі және болашақ жоспары;

- педагогтың іс-тәжірибе адресі және жас мамандармен жұмыс жоспары;

- пәндер бойынша ӘБ өткізетін апталықтар мен басқа да іс-шаралар жоспары;

- бағдарламалар (пән бойынша, факультативтер мен үйірмелер), пәндер бойынша оқу-әдістемелік бағдарламалар туралы және онымен қамтамасыз ету туралы мәліметтер;

- күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау (пән бойынша жекелей факультативтік

сабақтар, үйірмелер);

- ӘК отырыстарының хаттамасы.


ҮІ. Әдістемелік кеңес құрамы, олардың міндеттері мен құқықтары

Әдістемелік кеңес құрамына төмендегі педагог қызметкерлер өкілдері кіреді: ӘБ жетекшілері мен кафедра меңгерушілері, оқушылардың ғылыми қоғамы мен шығармашылық ұжым жетекшілері, тұрақты шығармашылық топтар төрағалары, жоғары санатты мұғалімдер.

ӘК мүшелерінің барлық кандидаттары педагогикалық кеңесте бекітіледі.

ӘК мүшелері:

- педагогикалық жаңашылдықты мектептерге енгізу үшін сараптау жасайды, оны іске асыру барысында қажетті әдістемелік көмек көрсетеді;

- педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауға қатысады;

- педагогикалық кеңес отырысын дайындау мен өткізуге және шешімдердің орындалуына бақылау жасауға белсенді түрде қатысады;

- педагогикалық кеңес отырыстарының жылдық тақырыбын және уақытша төрағаларын ұсынады;

- мектеп әкімшілігіне педагогтарды әртүрлі лайықты марапаттауларға ұсынады;

- жас мамандарға әдістемелік көмек береді, олардың сабақтарына талдау жасайды.


ҮІІ. Мектепішілік басқару ұйымдары мен әдістемелік кеңестің өзара қызметі

Әдістемелік кеңес және әкімшілік:

- әкімшілік әдістемелік кеңестің тиімді жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасайды, оның шешімдерінің орындалуына ықпалын тигізеді, педагогикалық ұжымда оның беделін нығайтады;

- мектеп әкімшілігі әдістемелік кеңес мүшелерінің басқару құзырлығын көтеруге ықпалын тигізеді;

- әдістемелік кеңес әкімшілікке әдістемелік жұмысты басқаруға, педагогикалық ұжымға шығармашылық ахуалды орнатуға көмек көрсетеді.

Педагогикалық кеңес:

- әдістемелік кеңес жұмысының негізігі бағыттарын бекітеді;

- әдістемелік кеңес төрағасын ашық дауыс арқылы сайлайды;

- қажетіне қарай мерзімінен бұрын кеңес мүшелерін оның құрамынан шығарады немесе алдын ала сайлау өткізеді;

- қажетіне қарай кеңес мүшелерінің ӘК жұмысындағы үлесі жөнінде есебін

тыңдайды және баға береді.

Әдістемелік кеңес шығармашыл топтарға педагогикалық кеңесті даярлап, өткізуіне және оның шешімдерін жүзеге асыруына көмек көрсетеді.


Пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік туралы ЕРЕЖЕ.

І. Жалпы ереже

1. Әдістемелік бірлестік- білім мекемелеріндегі әдістемелік қызмет бөлімінің құрылымы, сонымен қатар мектеп мұғалімдерінің білім саласындағы және тәрбие үрдісіндегі орталық болып табылады.

2. Әдістемелік бірлестік құрамы жеті (шағын құрамды мектептер жағдайында үш мұғалімнен кем емес)мұғалімнен, орталық жетекшісі жоғары немесе бірінші санатты мұғалім болуы керек.

3. Әдістемелік бірлестік саны оннан аспауы қажетті жағдайда ғана білім мекемелерінің алдында қойған кешенді шешіміне байланысты директордың бұйрығымен бекітіледі.

4.Әдістемелік бірлестік білім мекемелерінің директорлары мен оқу-тәрбие жөніндегі директордың орынбасарларының қатысуымен құрылып, таратылады.

5.Әдістемелік бірлестік әрекеттері оқу-тәрбие процесінің бақылауы мен жоспары, оқытуды ұйымдастыру бағдарламасы, оны жүзеге асыру шаралары мен мұғалімнің кәсіби деңгейін дамыту және педагогикалық қорытынды анализдер негіінде құрылады. .

6. Әдістемелік бірлестік жұмысы мектептің жалпы мақсаттары мен міндеттеріне сай жұмыс бағыттарын мен мазмұнын анықтап, әдістемелік кеңесте қаралып, мектеп директорына бекіттіреді.

ІІ. Әдістемелік бірлестік мақсат-міндеттері

Мақсаты:

- Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытуға жағдай жасау;

- тұлғаны оқыту, дамыту, тәрбиелеуге бірыңғай талаптар жасау ортасын

құру;

- пәнаралық байланыстың, әдістемелерді қолдану және тиімділігін

арттыру жолдарын қарастыру;

- қазіргі педагогикалық теорилар мен практиканы меңгерту;

- ұжымның шығармашылық өсуіне басшылық жасауды жүзеге асыру;

Міндеттері:

- оқытудың және тәрбие берудің тиімді әдістерін игеріп, қолдануды

қамтамасыз ету;

- мұғалімнің жалпыдидактикалық және әдістемелік дайындығының деңгейін

көтеру;

- нәтижелі педагогикалық қызметті анықтап, іс-тәжірибе алмастыру;

- оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың оңтайлы жолдарын қарастыру;

- мұғалімнің өздік білім көтеруіне жағдай туғызу, шығармашылық

жұмыстарға басшылық жасау.


ІІІ. Әдістемелік бірлестік қызмет мазмұны

  • қажеттілікке байланысты диогностикалық бақылау негізінде мұғалім, тәрбиешілердің және сынып жетекшілерінің біліктілігін көтеру формаларын таңдау;

  • пәндік күнтізбелік жоспарларды қарастыру және бейімдік пәндердің бағдарламаларын, әдістерін тексеру;

  • педагогикалық озық тәжірибелерді оқып үйрену;

  • жалпы білім беру стандарты негінде оқу-тәрбиелік және ғылыми-әдістемелік жағынан жетілдірілген бағдарламаларға сараптама жасау;

  • пән бойынша әдістемелік сабақтар мен оны өткізудің тиімді жолдарымен таныстыру;

  • мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру курстарының қорытындысын шығару;

  • пәндік тақырыптық апталықтар мен олимпиадалар, байқаулар өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын қадағалау;

  • оқушыларды зерттеу жұмысына тарту жұмыстарының ұйымдастырылуын қадағалау;

  • педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмыстарын жүргізу, мұғалімдердің өздік білім көтеру, жеке әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыстарды үйлестіру;

ІҮ.Әдістемелік қызмет жұмыстарының негізгі формалары


  • оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастыратын әдістемелік отырыстар өткізу;

  • мұғалімдердің шығармашылық есебін тыңдау, оқу-әдістемелік семинарлар мен дөңгелек столдар өткізу;

  • пән бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізу;

  • оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесі бойынша педагогика және психологиялық тақыраптарда баяндама оқу;

  • пәндік және әдістемелік апталықтар өткізу;


Ү.Әдістемелік бірлестік жұмыс реті

- әдістемелік бірлестік жұмысы оқу жылының жылдық жоспары негізінде жасалады

Әдістемелік жоспарды бірлестік жоспарды бірлестік жетекшісі жасап, әдістемелік

кеңесте қарап, келісіп, мектеп директорының бекітумен жүзеге асырады.

- әдістемелік бірлестік отырысы тоқсанында бір рет өткізіледі.Әрбір сұрақтар төңірегінде

қаулы қабылданып, хаттамалар толтырылып отырыладыү ұсыныс- пікірлер мен

шешімдерге бірлестік жетекшісі қолын қойып отырады.

- әдістемелік бірлестік әрекеті әдістемелік жұмыстар жоспарына лайықты мектепшілік

бақылау негізінде бақыланады.

ҮІ. Әдістемелік бірлестік құжаттары

  • әдістемелік бірлестік құрылуы туралы бұйрық және оның жетекшісіне шыққан бұйрық;

  • ӘБ туралы ереже;

  • ӘБ мұғалімдері мен жетекшісінің құрылымдылық міндеттері;

  • өткен оқу жылының қорытынды еседбі;

  • жаңа оқу жылың мақсат-міндеттері;

  • ӘБ жылдық жоспары;

  • ӘБ мұғалімдері туралы жалпы мәлімет, олардың сапалық құрамы

( жасы,білімі,мамандығы, пәні, жалпы еңбек өтілі, санат дәрежесі, атақ дәрежесі,

үй телефоны)

  • ӘБ мұғалімдерінің өз білімін жетілдіру тақырыптары;

  • ӘБ мұғалімдерінің ашық сабақ, танымдық ойындар, шығармашылық есеп, дөңгелек үстел, семинар, конференциялар, кеңестерді өткізу кестесі;

  • ӘБ мұғалімдерінің аттестациядан өтуінің келешектік жоспары;

  • ӘБ мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарынан өткізу кестесі;

  • педагогикалық тәжірибе адресі;

  • ӘБ мұғалімдерінің кәсіби қажеттілігі туралы мәлімет;

  • әдістемелік апталықты өткізу кестесі ;

  • бағдарламалар (пән бойынша бейімделген, факультатив, үйірме)

  • оқу жоспары туралы мәлімет және пәндік оқу-әдістемелік құралдармен қамтамассыз етілуі;

  • ӘБ жас мамандармен және жаңа қосылған мамандармен жұмыс істеу кесиесі;

  • Мектепшілік бақылау нәтижелері (экспресс, ақпараттық және сараптама анықтамалар, диогностика)

  • ӘБ кеңесінің хаттам


«Білім мекемелеріндегі әдістемелік бірлестіктердің ЕРЕЖЕСІне»


1 қосымша


ӘБ мүмкін атаулары

Білім беру салалары

1

Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ӘБ

«Филология» білім беру саласы мұғалімдері (қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері)

2

Қоғамдық-гуманитарлық пән мұғалімдерінің ӘБ

«Филология», «Қоғамтану», «Өнер» білім беру саласы мұғалімдері

3

Жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің ӘБ

«Математика», «Жаратылыстану» білім беру саласының мұғалімдері

4

Жаратылыстану-ғылыми пәндер мұғалімдерінің ӘБ

«Жаратылыстану» білім беру саласының мұғалімдері

5

Шет тілдер пәні мұғалімдерінің ӘБ

«Филология» білім беру саласының мұғалімдері

6

Бастауыш мектеп мұғалімдерінің ӘБ

Бастауыш мектепте жұмыс атқаратын әртүрлі беру саласының мұғалімдері

7

Филологиялық пәндер мұғалімдерінің ӘБ

«Филология» білім беру саласының мұғалімдері

8

Эстетикалық пәндер мұғалімдерінің ӘБ

«Өнер» білім беру саласының мұғалімдері

9

Дене шынықтыру және АӘД мұғалімдерінің ӘБ

«Дене шынықтыру» білім беру саласының мұғалімдері

10

Технология мұғалімдерінің ӘБ

«Технология» білім беру саласының мұғалімдері

11

Сынып жетекшілері ӘБ

Сынып жетекшілер

12

Қосымша білім беретін педагогтар ӘБ

Қосымша білім беретін педагогтар





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал