- Учителю
- 'ҚАзақстан территориясындағы қола дәуірі' (5-сынып)
'ҚАзақстан территориясындағы қола дәуірі' (5-сынып)
Қордай ауданы №28 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Нысырбаева Марьяш Айкеевна
Сыныбы: 5 сынып
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
Сабақтың мақсаты:
Қоланың артықшылығы мен ерекшелігін анықтап, қола дәуірінің
мәдениет ескерткіштерімен танысып, салыстырып, білімін бекіту.
Сабақтың міндеттері:
-
Оқушылар қоланың пайда болуын, қола дәуірінің тарихын
сипаттай алады.
-
Оқушылар қола дәуірінің ерекшеліктерін анықтайды тас
дәуірімен салыстырады. Картамен жұмыс жасай отырып, қола
ескерткіштерін Қазақстан территориясында нақты айқындайды.
3. Топтық, жұптық жұмыстарда бірлесіп жұмыс жасайды, жеке
жұмыстар орындайды.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
-
«Жүректен жүрекке» тілек айту.
-
«Мозайка» тәсілімен топқа бөлу.
-
«Кластер» тәсілі.
-
Венн диаграммасы
Бағалау түрлері:
-
Стикер арқылы бағалау.
-
Критерий бойынша бағалау.
-
Суммативті бағалау.
-
Кері байланыс парағы.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, постер, маркер, стикер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
-
Сәлемдесу. Түгендеу. Назарын сабаққа аудару.
-
«Жүректен жүрекке» тілек айту.
-
«Мозайка» тәсілімен топқа бөлу. /4 топ/.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап:
-
Палеолит дәуірін сипатаңыз
-
Тас құралдар туралы не білесіздер?
-
Табиғаты туралы айтып беріңдер.
-
Мезолит дәуірін сипаттаңыз.
-
Неолит дәуірін сипаттаңыз.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіруге даярлау.
ІV. Жаңа сабақ
Тапсырма: «Кластер» тәсілі.
1 топ - Қола дәуірі.
2 топ - Қола дәуірінің ерекшелігі.
3 топ - Андрон мәдениеті.
4 топ - Ескерткіштер.
Бағалау: Стикерлер арқылы.
Тапсырма: Венн диаграммасы.
Тас дәуірі, қола дәуірі: жеке және ортақ белгілері.
Кері байланыс парағы
Бүгін нені үйрендім?
Маған ұнады /ұнамады/
Тапсырманы орындау барысында қандай қиыншылық болды
Бағалау критерийлері:
«3» - Қоланы, қола дәуірін сипаттай алады.
«4» - Қола және тас дәуірінің айырмашылығын біледі
«5» - Қола дәуірінің маңызын анықтап, бағалайды.
V. Үйге тапсырма беру: п.15 /тест құрастыру/.
VІ. Бағалау.