7


  • Учителю
  • Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған 'Тәуелсіздік тағдыры' тақырыбының жоспары

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған 'Тәуелсіздік тағдыры' тақырыбының жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәуелсіздік-ел тірегі

Мақсаты: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: тарихи кезеңдер туралы оқушылар шығармашылыығ, нақыл сөзбен жазылған плакаттар, қазақ батырларының суреттері, видеокасета( «Астананың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі») кітаптаркөрмесі, мәдени ескерткіштер көрмесі.

1 жүргізуші: Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиындықты басынан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

2-жүргізуші: Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заманөтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»қаралы атқа ие болған 1723жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қалың халық Оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да асқан жауыздық нәубатының екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ.

1-жүргізуші: 1925-1933ж. Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп, «кіші октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық тығырығынан түгел айырылып, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды.

2 жүргізуші: 1937ж. Асыра сілтеудің кесірі біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өзі өлсе де, аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ бас иіп, олардың жолын жалғастыруда.

1жүргізуші: 1941-1945 жылдары азамат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының батыры деген абыройлы атақ берілді.

2 жүргізуші: 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізде Желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шыбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тсқа соғылды. Бастарына қара бұлт үйірілді.

1 жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздіген аңсаған жастар алаңға еріккеннен шыққан жоқ, алдарына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «арамтамақ» тәртіпсіздікті «ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл совет еліне таратылады. Қазақ-ұлтшыл халық деген атқа қалды.

2 жүргізуші. Бұл еліміздің көп жылдар бойыой санасында қолданып жатып, наным-төзімі, шыдам-шырқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді.

Топтық жарыс.

2жүргізуші. Тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салушы топтарға сөз береміз. Топ өздеріңізді таныстырып қойыңыздар.

1-топ-«Барыс». Ұраны: «Бірлік қайда болса, ерлік сонда»

2 топ-«Қыран». Ұраны: «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар»

1 жүргізуші: Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арналағн қыршын кеткен жастарды және осы күнге дейін оның ызғарынан жан азабын тартып жүргендерді құрметтеп, осы отырғандардан 1 минут үнсіз орындарынан тұру сұрады.

2жүргізуші: Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн,

Қайғы езіп елдің еңсесін,

Жаншыды-ау жанын батпан күн.

Енді қайтып келмесін

Сол бір қарғыс атқан күн.

Ән «Желтоқсан желі»

1гейм. Көсемдікке ұмтылу. Әр топ тірек сызбасымен жасалған сұрақты алу арқылы, ойларыңызды ортаағ салыңыздар.

Сұрақтар:

1.Желтоқсан алауы (себебі, мақсаты, қозғаушы күші, барысы, нәтижесі)

2. Тәуелсіздік (патриотизм, ұлттық рух, патриотизм қанға сіңген бе әлде тәрбие керек пе?)

1 жүргізуші: Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Ата-бабаларымыз аңсап қоймай, сол үшін не бір қанды ұрыстарда белді бекем буып күресті емес пе? Төгілген қан, сіңірген еңбек ешқашан да зая кетпейді.

1жүргізуші: Бодандықтың бұғауынан қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен танысуда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. Есімдерін атауға тыйым салынған аяулы Алаш азаматтарының мұралары халқымен сағына қауышуда.

2-гейм. Қазақстан жетістікткріне шолу (көрсетілгенжылдар бойынша, шежіреге кезекпен жауап беру)

3-гейм. «Сен-маған, мен-саған»(үйден дайындаған 2 сұрақ,1 кроссвордты шешу)

4-гейм Капитандар жарысы. «Жорға»

Сұрақтар:

  1. Қазақ халқының азаматтық соғыстағы сұлтаны кім? (К.Қасымов)

  2. Қазақ халқын азаттық туралы кім жырлады? (М.Өтемісұлы)

  3. Тәуелсіз мемлекет белгілері? (шекара, ақша, әскер)

  4. Қазақ халқы жорыққа шыққанда алып шығатын аспап? (Домбыра)

  5. Хан тұқымынан шыққан атақты күйші?(Дәулеткерей)

  6. «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты»кім жазды?(М.Дулатов)

  7. Қазақстан астанасы Астана ретінде тұсаукесері қашан өтті?(10маусым,1998ж)

  8. Абылай «Ақиық сұңқарым» деп кімді атаағн?(Секібай батырды

  9. Абайды дүние жүзіне танытқан кім? (М.Әуезов)

  10. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің авторы? (Абай)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал