- Учителю
- Конспект 'Алтын Орданың құрылуы'
Конспект 'Алтын Орданың құрылуы'
Сынып: 7
Пән: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Алтын Орданың құрылуы
Сабақтың мақсаты:
-
Алтын Орда мен Ақ Орда мемлекетінің құрылуын, саяси экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып,орданың әлсіреу себептерін ашу;
-
Алтын Орда мен Ақ Орданың мемлекетінің тарихын басқа мемлекеттермен салыстыра отырып, оушыларды өз бетінше қорытынды жасауға үйрету, ізденіске баулу;
-
Оқушыларды өз Отанының тарихына кұрметпен қарауға, қорғауға ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: оқулықпен, картамен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, карта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп түгендеу
-
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Тест сұрақтары
1.XII ғасырдың соңында монғол
далаларында билік құрған кімдер?
а) Қыпшақ ханы
ә) Хорезмах
б) Қытай боғдыханы
в) Темүжін
2.Монғол-татар шапқыншылығы кезінде
Оңтүстік Қазақстан да билік кімнің
қолында болды?
а) Хорезшах
ә) Қыпшақ ханы
б) Қытай боғдыханы
в) Арслан хан
3.Шыңғысханның билік құрған
жылдарын табыңдар?
а) 1200-1227 жж.
ә) 1213-1237 жж.
б) 1155-1206 жж.
в) 1206-1227 жж.
4.Шыңғысхан әскери Жетісуға қашан
барып кірді?
а) 1206ж.
ә) 1208ж.
б) 1219ж.
в) 1213 ж.
5.1219 жылы Монғол әскерлері қайда
аттанды?
а) Қытайға
ә) Сібірге
б) Дешті қыпшаққа
в) Мауараннахға
6.Жетісуды монғолдар қалай бағындырды?
а) Бейбіт жолмен
ә) Зорлық әдісімен
б) Дұрыс жауап жоқ
в) Барлық жауабы дұрыс
7.Монғолдар оңтүстік өлкемізді қалай бағындырды?
а) Зорлық әдісімен
ә) Өз еркімен қосылды
б) Дұрыс жауап жоқ
в) Барлық жауабы дұрыс
8.Отырар апаты қашан болды?
а) 1219-1220 жж.
ә) 1218 жж.
б) 1216-1217 жж.
в) 1219 жж.
9. Монғолдардың орталық азияны жаулап
алуы қай жылы аяқталды?
а) 1224 жж.
ә)1216 жж.
б) 1219 жж.
в) 1237жж.
10.Қай ұлысқа Қазақстанның аймақтары
кірген жоқ?
а) Үгедей ұлысы
ә) Шағатай ұлысы
б) Төле ұлысы
в) Жошы ұлысы
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1.Алтын Орданыі құрылуы.
2.Батый хан.
3.Алтын Орданың қоғамдық құрылысы
4.Алтын Орданың ішкі және сыртқы жағдайы
5.Алтын Орданың әлсіреуі
Бұл тақырыптағы орасан зор аймақты бағындырған монғолдар құрған мемлекеттің атауы, жер аумағы, билеушілері оқушыларды қызықтыратыны сөзсіз. Алдымен «Алтын Орда» атауының шығуын деректерге сүйеніп түсіндіремін.
Жазба деректерде:
«Алтын Орда» атауы XVI ғасырдың аяғында пайда болған.Орыс деректерінде «Алтын Орда деп аталса, Жұңғоның тарихи деректерінде « қыпшақ ордасы деп аталды.
Еуропа саяхатшысы Плано Карпини:
«Алтын Орда» деп монғол Үгедейдің баласы Күйікті ұлы хан етіп хан тағына отырғызған кездегі алтынмен әшекейленген киіз үйді атаған.
«Шыңғыснама шежіресінде»:
Шыңғысхан Батуды Жошының орнына хан етіп сайлағанда босағасын алтынмен аптаған Алтын Ордаға кіргізгендігі айтылады т.б.
Ақ Орданың ішкі және саяси жағдайын баяндағанда, алдымен Орданың билеушілерімен таныстырамын. Ақ Орда хандарының мемлекеттің дамуына қосқан үлестері мен Орданы сақтап қалу үшін жүргізілген соғыстары туралы төмендегі кестені пайдаланып, түсіндіремін.
Ақ Орда хандары
Хандардың мемлекеттің тарихындағы қызметтері.
Ақ Орданың халқы диқаншылықпен және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Оқушыларға төмендегі сұрақтарды негізге алып, аталған шаруашылық түрлеріне сипаттама беру тапсырылады.
1.Диқан деген кім?
2.Диқаншылық қай жерлерде жақсы дамыды?
3.Олардың негізгі өсіретін дінді дақылдары мен бау-бақша өнімдерін атаңдар
4.Диқаншылар қандай еңбек құрал-саймандарын пайдаланды?
5.Көшплеі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы деген не?
6.Малдың қандай түрлері көп өсірілді?
7.Жайлауға, қыстауға қандай жерлер таңдап алынды?
8. Көшпенділер отырықшы халықпен қандай байланыстар жасады?
ІҮ. Сабақты бекіту:
-
Алтын Орда қанша уақыт өмір сүрді?
-
Алтын Орда туралы мәліметтерді қандай деректреден білеміз?
-
«Орда» ұғымы қандай мағынаны білдіреді?
-
Мұсылман діні қай хандардың тұсында қабылданды?
-
Алтын Орданың ыдырауына не себеп болды?
-
Ақ Орда қай кезде құрыла бастады?
-
Ақ Ордаға қарсы Темір әулетінің соғыстары қашан аяқталды.
-
Ақ Орда тарихында ерекше рөл атқарған хандарды атаңдар?
-
Ақ Орда тарихы қандай кезеңдерге бөлінді?
-
Ақ Орданың орнына қандай мемлекет құрылды
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Қосымша әдебиеттерді оқу.