- Учителю
- Тарих пәнінен 'Ғұндар' тақырыбының жоспары
Тарих пәнінен 'Ғұндар' тақырыбының жоспары
Сабақтың тақырыбы: | Ғұндар тарихы. 6-сынып |
Мақсаты: | Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы туралы білім беру; Мемлекеттердің қалыптасуының алғы-шартын, оның белгілерін анықтай білуге дағдыландыру; Тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу. |
Сабақтың әдісі: Бағалау: | түсіндіру, талдау,іздену, өз бетінше жұмыс,ой-қозғау |
Ұйымдастыру кезеңі: | Ізгі арманын, үмітін Бабалардың жалғаймыз! Білім көкжиегінде Жалындаймыз, самғаймыз!- дегендей қазір бізде қай сабақ? -Қазақстан тарихы сабағы -Қазақстан тарихы пәніне дайын болу үшін біз не айтамыз? |
Үй тапсырмасын тексеру | Ә) Үй тапсырмасын тексеру -Балалар үйге қандай тапсырма берілді? (Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы.Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.) -Дұрыс,міне поездға міндік. -Астанаға бару үшін жолдың ақысын төлеу керек.Яғни билет алып,Астана қаласына түсу үшін өткен сабақты еске түсірейік |
Қызығушылықты ояту | «Өз елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп жарытпас» (хормен айту) Міне балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр. «Келгенше қонақ ұялады, Келген соң үй иесі ұялады»,-демекші,біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық. |
Мағынаны тану | Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады? Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап беріңдер? Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы не білесіңдер? Қаңлыларда егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы қалай дамыған және өзіндік ерекшеліктері қандай? |
Ашық сұрақтар қою | Тағы басқа қандай кәсіппен айналысқан? Мәдениеттің қандай түрлері жақсы дамыған? |
Сергіту сәті | Әуенге билеу |
Шығармашылық жұмыс | Шет елдермен сауда байланысы болғанын дәлелдейтін нәрселерді ата. Постер қорғау |
Қорытынды Рефлексия | Реферат жазып келу. Өз көңіл-күйлеріңді «Бас бармақ» әдісімен көрсетіңдер |