7


'6 сынып' ғылыми жоба

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Қазақстан халқына жолдауында: 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады
предварительный просмотр материала

Ежелгі Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына

арналған оқулық / Т. С. Садықов, Ә.Т. Төлеубаев, Ғ. Халидуллин, Б. Сарсекеев.

-Алматы: Атамұра, 2006. -160 бет.



Б і р і н ш і б ө л і м

АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ АДАМДАР ӨМІРІ

1-тарау. АЛҒАШҚЫ ТЕРІМШІЛЕР МЕН

АҢШЫЛАР


§1. АЛҒАШҚЫ АДАМДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ


1. Адамзат баласының шығуы.

  • Адамдар жер бетінде қалай қалыптасты? Адамдар жер бетіндегі басқа тірі жәндіктер сияқты ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесінде.

  • Ежелгі дүние деп нені атайды? Адамдардың пайда болып қалыптасқан жер шары бөліктерін.

  • Адам баласының шығуы мен қалыптасуы бүкіл жанды дүниенің, өсімдіктердің, пайда болуы қалай жүрген? Тарихи дамуы сияқты қарапайымнан күрделіге қарай.

  • Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан қандай айырмашылығы болды? Ірі маймылдарға ұқсас келді, терісін қалың түк басты, қолдары аяқтарынан ұзын еді.

  • Алғашқы адамдар қолдарымен қандай жұмыстар істей алды? Жемістерді, заттарды ұстау, соғу, жер қазу сияқты қарапайым жұмыстарды орындай алатын.

  • Алғашқы адамдар қабыландай жылдам, арыстандай епті, аюдай күшті болмады, сонда олар өздерінің күш қуатын ненің көмегі арқылы арттыра алды? Еңбек құралдары арқылы шапшандығын еселеп арттыра алды.

  • Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын ата? Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар.

  • Алғашқы адамдардың еңбек құралдары неден жасалды? Тастан.

  • Ғалымдар алғашқы адамды қалай атайды? «Епті адам».

  • Алғашқы «епті адам» қай жерден табылған? Африканың Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан.

  • «Епті адам» неше мың жыл бұрын өмір сүрген? 1миллион 750 мың жыл бұрын.

  • Алғашқы адамның бірі қалай аталды? Питекантроп.

  • Питекантроптың қаңқасы алғаш рет қай жерден табылды? 1891 жылы Ява аралынан.

  • Питекантроп мөлшермен бұдан неше млн жыл бұрын өмір сүрген? 1млн жыл бұрын.

  • Адамзат дамуында питекантроптан кейінгі сатыда пайда болған адам қалай аталады? Синантроп.

  • Синантроптың Солтүстік Қытайдан табылуына байланысты қандай ат берілген? «Қытай адамы»

  • Синантроп бұдан неше мың жыл бұрын өмір сүрген? 500-200 мың жыл бұрын.

  • Питекантроп пен синантропты қандай адам деп атайды? «Тік жүретін адам».

  • Питекантроп пен синантроптан кейінгі қалыптасқан көне адамның тағы бір түрі қалай аталады? Неандерталь.

  • Неандерталь адамы қай жерден табылды? Германия.

  • Германия жерінен табылған адамның денесі қалай қалыптасқан? Бойы орташа, денесі мығым, белі енгіштеу, маңдайы тайқы, қабақ сүйегі шығыңқы келді.

  • Неандерталь баланың сүйегі табылған жер? Өзбекстанның Тесіктас деген үңгірінен.

  • Неандертальдықтар жер бетінде бұдан неше мың жыл бұрын өмір сүрген? 100-35 мың жыл бұрын.

  • Неандертальдықтар қандай материалдардан құрал жасай білген? Тастан, сүйектен, ағаштан.

  • Неандертальдықтар отты өз керегіне пайдалана алды ма? Пайдалана алды.

  • Неандертальдықтардан кейін қандай адам қалыптасты? «Саналы адам», яғни қазіргі адамдар қалыптасты.

  • Саналы адам мөлшермен бұдан неше мың жыл бұрын өмір сүрген? 40-35 мың жыл бұрын.


2. Алғашқы адамдардың кәсібі.

  • Алғашқы адамдардың табиғатқа тәуелділігі нені үйренген соң азая бастады? Қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң.

  • Алғашқы адамдар алғашында қалай өмір сүрді? Әуелде олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Жаңбыр мен жабайы аңдардан қашып, үңгірлерді паналады. Жер бетінде, ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әртүрлі жеміс- жидектерді терді.

  • Алғашқы адамдар жеуге жарамды тамырларды қазып алды. Құстардың жұмыртқасын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп не деп аталды? Терімшілік.

  • Алғашқы адамдар бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы не деп аталды? Адамдар тобыры.

  • Алғашқы қауымдағы адамдардың терімшілдіктен кейінгі келесі кәсібі, не деп аталды? Аң аулау.

  • Алғашқы қауымдағы адамдар қандай аңдарды аулады? Мамонттарды, бизондарды, маралдар мен жабайы жылқыларды, үңгір аюларын аулады.

  • Алғашқы қауымдағы адамдар алғашында аңдарды қалай аулады? Аңдарды үркітіп, жарға қарай қуатын, үріккен аңдар адамдардан қорқып, терең жарға құлады.

  • Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын, зерттеген археологтар тас дәуірін неше кезеңге бөледі? Үш кезеңге.

  • Тас дәуірінің үш кезеңін ата? 1.Палеолит-ежелгі тас ғасыры, 2.Мезолит-орта тас ғасыры, 3.Неолит-жаңа тас ғасыры.

  • Тас ғасырларының қамтыған жыл аралығы? 1.Палеолит б.з.б. 2 млн 500 мың -12 мың жыл, 2.Мезолит б.з.б. 12-5 мың жыл, 3.Неолит б.з.б. 5-3 мың жыл бұрын болған.

  • Тас ғасырының үш кезеңі бір бірінен несімен ерекшеленеді? Әрқайсысы өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдіріле жасалған еңбек құралдарымен.


3. Алғашқы адамның Қазақстандағы іздері.

  • Қазақстандық ғалымдардың пікірі бойынша, Сібірге алғашқы адам қай жерден келіп қоныстанған? Еуропадан және Азиядан.

  • Қазақстан аумағында алғашқы адамдардың іздері шамамен бұдан неше миллиондай жыл бұрын пайда болған? 1 млн.

  • Қазақстан аумағында алғашқы адамдардың болғанын не дәлелдейді? Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің бойынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратаудан табылған тастан жасалған сол заманның еңбек құралдары дәлелдейді.

  • Қазақстан аумағында бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді? Питекантроптардың.

  • Алғашқы адамдардың тұңғыш баспаналары не болды? Үңгірлер.

  • Алғашқы адамдар үңгірлердегі алып аюларды, арыстандарды немен қуып шықты? Отпен.

  • Алғашында алғашқы адамдар үңгірлердің аузына аңдарды жолатпас үшін не істеді? От жағып қойды.

  • Алғашқы адамдар еңбек құралын жасау үшін қолға ұстауға ыңғайлы тастарды таңдап алды. Оларды жарып, бөлшектеп, жүзі өткірлерін пайдаланды. Археологтар мұндай қаруды қалай атады? Чоппер.

  • Қаратау үңгірінің тұрғындары домалақ малта тасты екі жағынан егеп, жүзі өткір, ирек ара сықылды құрал жасаған. Бұл құралдың аты қалай аталады? Чоппинг.

  • Алғашқы адамдар чоппинг құралын қандай жұмысқа пайдаланған? Онша жуан емес ағашты кесуге.



§2. АЛҒАШҚЫ АДАМДАР ӨМІРІ.

ЕҢБЕК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖЕТІЛУІ


1. Еңбек құралдары.

  • Адам уақыт өткен сайын қандай жағынан өзгеріп отырды? Байқағыштығы жетіліп, өз білгендерін бір-біріне үйрете бастады.

  • Адам уақыт өткен сайын еңбек құралдарының ішінен қандай құралды жасауды үйренді, және жетілдіре түсті? Қол қашауын жасауды.

  • Қол қашауды қалай жасады? Ол үшін қалақ тасты екі жағынан қашады, белгілі бір пішінге келтіріп, оны таяққа бекітті. Мұндай шомбал құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 киллограмға дейін жетті.

  • Алғашқы еңбек құралдарының ішінде жануарлардың терісін тазалайтың, етін боршалайтын тас құралдың атын қалай атады? Шапқылар мен қырғыштар.

  • Уақыт өткен сайын адамдар тастан ұсақ әрі жұқа құралдарды жасап шығарды. Нәтижесінде қандай құралдар пайда болды? Теріні кесетін және тесетін өткір жүзді, үш бұрышты қалақшалар, өлтірілген жануарлардың терісін сыдыратын пышақ тәрізді кескіштер пайда болды.

  • Алғашқы адамдар аң аулауға қандай қарулар пайдаланды? Шоқпарлар, найзалар.

  • Алғашқы адамдар сүйектен қандай құралдар жасады? Ине мен біз.

  • Алғашқы адамдар тастан қандай қарулар мен құралдар жасады? Тастан пышақ, найзаның ұштарын, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасады.

  • Жамбыл обылысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі қандай заттар? Қашау мен үшкір заттар.

  • Алғашқы адамдар тастан біртіндеп не істеуді үйренді? Тасты өндеуді, оны бұрғылауды үйренді.

  • Тас құралдар қай ғасырлар аралығында пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады? Орта тас ғасыры мезолитте -шамамен б.з.б. 12-5 мың жыл бұрын.

  • Тас өңдеу қай ғасырда неғұрлым биік деңгейге көтерілді? Б.з.б. 5 мыңжылдықта-жаңа тас ғасыры неолитте.

  • Жаңа тас ғасыры неолитте тас өңдеу неғұрлым биік деңгейге көтерілгендігін немен дәлелдеуге болады? Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді, еңбек құралдарының жаңа түрлерін-дәнүккіш, келі, балта, қайланы т.б. ойлап тапты.

  • Адам қолының жетілуімен қатар оның миының дамуына не әсер етті? Тасты, ағашты, теріні өңдеу барысында адамның қолы жетіле түсті. Әсіресе ауыр найза мен жіңішке инені ұстау үшін басбармақтың қызметі аса қажет еді. Осындай жұмыстар адам қолының жетілуімен қатар оның миының дамуына әсер етті.

  • Алғашқы адамдарды жануарлар дүниесінен бөліп шығаруға себеп болған ненің нәтижесі? Еңбектің.

  • Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардаң басты айырмашылығы неде? Еңбек құралдарын жасай білуінде.


2. Отты пайдалану.

  • Ертедегі адамдар алғашында от жағуды білді ме? Алғашқыда адамдар өздігінен от жағуды білген жоқ. Олар найзағайдың түсуінен жанған отты пайдаланып , оны өшірмей ұзақ сақтауға тырысты.

  • Археологтар алғашқы адамдардың ұзақ жылдар бойы отты өшірмей ұзақ сақтауға тырысқаның немен дәлелдейді? Себебі археологтар алғашқы адамдардың жүздеген жылдар бойы жанып тұрған от орнын тапқан.

  • Алғашқы адамдар бірте-бірте отты өзі жағуды үйренді. Сонда олар отты қалай жаққан? Тасты тасқа ұрып, одан шыққан ұшқын мен отынды тұтатты. Ағаш таяқты бір-біріне үйкелеп, қыздырғанда, ұсақ жанқалар бықси бастады. Оған жүн немесе өсімдік талшығынан жасалған білтені жақындатқанда, ол тұтанып, от жалынға айналды.

  • Адамдар от жағуды үйренгеннен кейін неге тәуелді болудан құтылды? Кездейсоқ табылған отқа тәуелді болудан.

  • Адамдар отты неге пайдаланды? Онымен адамдар жылынды, жыртқыш аңдардан қорғанды, тамақ пісіріп жеуге мүмкіндік туды.

  • Бұдан неше мың жылға дейін жердің бетін мұз басып жатты? Бұдан 100 мыңнан 13 мың жылға дейін.


3.Жердің сууы.

  • Бұдан неше мың жыл бұрын жер беті күрт суи бастады? Бұдан 100 мың жыл бұрын.

  • Бұдан жүз мың жыл бұрын ауа райы қандай болды? Қыс ұзаққа созылды, қар мен мұз жаздың қысқалығынан еріп үлгермеді. Еуропа мен Азияның солтүстігінде алып мұздық пайда болды.

  • Ғалымдардың айтуынша Еуропа мен Азияның солтүстігінде пайда болған алып мұздық неше шақырымға жеткен? 2 шақырымға.

  • Жылы ауа райына үйренген жануарлардың жағдайы күн күрт суытып, салқындап мұз басқанда не болды? Жылы ауа райына үйренген жануарлар қырылып, тірі қалғандары алыс оңтүстік жаққа ауып кетті.

  • Жылы ауа райына үйренген адамдар күн күрт суытып салқындағанда, суықтан қалай қорғанды? Суықтан қорғану үшін адамдар өздеріне жылы киім тігіп, баспана іздестірді. Суықта үңгірлерді, паналады, от жағып, жабайы аңдардан қорғанды.

  • Ғалымдардың есептеуінше, бұдан неше мың жыл бұрын мұздық ери бастады? 13 мың жыл бұрын.

  • Мұздық ерігеннен кейін жер бетінде қандай өзгерістер болды? Мұздан босаған жерлерге түрлі өсімдік шықты, сөйтіп Жер қазіргі қалпына келді.

  • Далалық аймақтарда адамдар біртіндеп желге қарсы не жасауды үйренді? Қалқа жасауды үйренді.

  • Алғашқы адамдар ірі аңдардың сүйектерінен не жасай білді? Ірі жануарлардың сүйектерінен және ағаш бөренелерден баспана салып, үстін терімен жапты.

  • Алғашқы адамдар үстеріне киімді неден жасап киген? Хайуандардың терісінен киім тіге бастады.

  • Алғашқы адамдар инені үшкір сүйектерден жасады. Ал жіп орнына нені пайдаланды? Жануарлардың сіңірлерін.

  • Алғашқы адамдар саз балшықты күйдіріп, не жасады? Ыдыс аяқтар.

  • Ыдыс аяқ жасағанда саз балшықты күйдіру үшін, ненің көмегі арқылы пештегі отты жоғары температураға жеткізген? Пешке ағаш көмірін жағу арқылы.

§3. ТАС ДӘУІРІ (ПАЛЕОЛИТ)

  • Адамзат қоғамындағы ең ұзақ палеолит дәуірі неше кезеңге бөлінді? Екі кезеңге бөлінеді. 1. Ерте тас ғасыры. 2. Кейінгі тас ғасыры.

  • Кейде ғалымдар ерте және кейінгі тас ғасырының аралағында тағы бір тас ғасыры болғанын айтады. Ол қалай аталды? Ортанғы тас ғасыры.

  • Ерте тас ғасырларының қамтыған жыл аралығы? 1. Ерте тас ғасыры б.з.б. 2 миллион 500 мың жылдан 40-35 мың жылға дейінгі уақытты қамтиды. 2. Ортанғы тас ғасыры б.з.б.100-40 мың жыл аралығы деп есептелінеді. 3. Кейінгі тас ғасыры б.з.б. 40-12 мың жыл аралығы.

  • Тасдәуірі (палеолит) біздің заманымыздан бұрын неше мың жыл аралығын қамтиды? б.з.б. 2 миллион 500 мың жылдан - б.з.б. 12 мың жыл аралығын қамтиды.


1. Қазақстан аумағындағы тас дәуірі.

  • Не себепті алғашқы дәуірді тас дәуірі деп атады? Адамдар алғашында тас құралдарды өндірген және пайдаланған. Сондықтан алғашқы дәуірді тас дәуірі деп атады.

  • Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көне ескерткіштері қай жерден табылды? Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды өзені бойынан.

  • Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды өзені бойынан табылған құралдар қай жерден табылған ең көне құралдармен замандас еді? Шығыс Африканың Олдувай сайынан табылған ең көне құралдармен.

  • Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды өзені бойынан табылған және Шығыс Африканың Олдувай сайынан табылған ең көне құралдар қандай заттар? Жарғыш сынатас, бифас, пышақ, қырғыштар, әр түрлі үшкіртастар.

  • Бифас дегеніміз қандай құрал? Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал.

  • Үшкіртастарды қалай жасаған? Тас жарықшаларынан жасаған, кейде ұштарын ретушь әдісімен өңдеп өткірлеген.

  • Ретуш әдісі дегеніміз не? Бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік -ойықтар (араның жүзі сияқты) жасау арқылы өткірлеу.

  • Қырғыштардың сыртқы пішіні қандай болып келеді? Сопақша, үшбұрышты, ұзынша төртбұрышты болып келеді.

  • Қырғыштардың жүзін немен өңдейді? Ретушпен.

  • Сонымен қатар екі жақ бүйірі қырналған жұмыртас құралдар да кездеседі. Олардан адамдар қандай еңбек құралдар жасаған? Қырғыш, тілгіш сияқты еңбек құралдар.

  • Жамбыл облысынындағы Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан 5000-ға жуық қандай құралдар табылған? Тас құралдар.

  • Ортаңғы тас ғасырында, яғни б.з.б. 100-40 мың жыл аралығында өмір сүрген адамды ғалымдар қалай атайды? Неандертальдық.

  • Неандерталь атауы немен байланысты қойылған? Бұл атау Германияның Неандерталь аталатын жерімен байланысты.

  • Неандерталь адамы алғаш қай жерден табылған? Германияның Неандерталь деген жерінен.

  • Неандерталь адамның дене бітімі қалай қалыптасқан? Оның мойыны қысқа, басы еңкіш келген, тістері аса ірі болған. Сөйлеу қабылеті толық қалыптаспаған.

  • Неандерталь баланың сүйегі 1938 жылы қай жерден табылған? Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен табылған.

  • Өзбекстанның Тесіктас деген үңгірінен табылған бала, даму барысында немен айналысқан? Аң аулау, терімшілікпен айналысқан.

  • Неандерталь адам қандай аңдарды аулаған? Бизон, мамонт, аю, бөкен сияқты ірі аңдарды.

  • Неандертальдықтар шақпақ тастармен не істеуді үйренген? От жағуды.


2. «Саналы адам».

  • Кейінгі тас ғасырында, б.з.б. 40-12 мың жылдықта адам баласы дамуының қандай кезеңі басталды? Жаңа кезеңі.

  • Адамдардың ұжымдасып еңбек ету барысында қарым қатынасы ненің дамуына ықпал етті? Тілдің дамуына ықпал етті. Ойлау мен тілдің арасында тығыз байланыс туындап, мидың дамуын күшейтті.

  • Кейінгі тас ғасырында яғни б.з.б. 40-12 мың жылдықта қандай адамдар қалыптаса бастады? Қазіргі адамға ұқсас адамдар.

  • Қазіргі адамға ұқсас адамдар ғылымда қалай аталды? Саналы адам.

  • Жүздеген ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде бұдан неше мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға» айналды? 40-30 мың жыл бұрын.

  • Адамның жетілуінде шешуші рөл атқарған не? Еңбек, яғни адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі, миы дамыды.

  • «Саналы адам» сүйегі алғаш рет қай жерден табылды? Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған.

  • «Саналы адамды» не себепті кроманьондық деп те атайды? Табылған жеріне байланысты.

  • «Саналы адам» арғы тегі «Епті адамға» қарағанда қандай жетістіктерге қол жеткізді? Ол тік жүруді, анық сөйлеуді менгерді. Еңбек құралдарын жасап, оларды дамытты әрі қоршаған ортаға ықпал етті.

  • «Саналы адамның» миы «епті адамның» миынан неше есе үлкен болды? Екі есе.

  • Адамдар өздерін қоршаған дүниені атау үшін үнемі нені жетілдіріп отыруға тура келді? Сөздер ойлап тауып, сөздік қорын молайтуға.

  • Саналы адамның рухани жағынан жетілгенін немен дәлелдеуге болады? Үңгір қабырғаларында салынған суреттер бұған айқын дәлел.

  • «Саналы адамдарда» діни наным сенімдер қалыптаса бастағанын немен дәлелдеуге болады? Олар өлген адамдарын жерлегенде, түрлі әшекей заттарын бірге көмген.

  • Археологтар Шығыс Қазақстанның Шульбинка, Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойынан кейінгі тас ғасырының тұрақтарын тапты. Бұларда өте жақсы зерттелген қырғыштар кездеседі. Құралдардың пайдаланған мерзімі шамамен бұдан неше мың жыл бұрын болған? 25 мың жыл бұрын.

  • Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұға тұрағынан табылған қырғыштар қандай болып келеді? Жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ болып келеді.

  • Кейінгі палеолитке жататын ескерткіштердің ішіндегі көрнектілерінің бірі, көне мекен қалай аталады? Батпақ деп аталады.

  • Батпақ деп аталатын көне мекеннің мәдени қабаты жер бетінен неше метрдей тереңдіктен табылған? 6 метрдей тереңдіктен.

  • Батпақ деп аталатын тұрақтың жас мөлшері? Б.з.б. 30-25 мыңыншы жыл.

  • Батпақ деп аталатын көне мекеннен қаншаға таяу тас құралдар шықты? 300-ге таяу.

  • Батбақ деп аталатын көне мекеннен табылған қырғыштар неден жасалған? Ұзынша келген тас сынығынан.


3. Рулық қауымның шығуы.

  • Адамдарды топтастырған не? Бірлесіп аң аулау, жыртқыш аңдарға қарсы тұру, ортақтасып от жағу - адамдарды топтастырды.

  • Адамдар бірте-бірте туысқандардың ұжымына- рулық қауымға айналды. Бұл шамамен қандай адамның шығу уақытына сәйкес келеді? «саналы адамның».

  • Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды. Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды кімдер атқарды? Аналар.

  • Аналар қандай жұмыстарды атқарды? Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады, жеуге қажетті жеміс - жидектерді терді.

  • Рулық бөлініс кімдердің үстемдігімен анықталды? Аналардың.

  • Рулық қауымның ерекшелігі неде? Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Рулық қауымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді. Жер, баспана, еңбек құралдары бәріне ортақ саналды.

  • Рулық қауымның адамдары бірлесіп қандай жұмыстар атқарды? Барлығы бірлесіп орманда аң аулады, балық ұстады, ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті.

  • Рулық қауымда әйелдер мен балалар қандай жұмыстар атқарды? Жеміс - жидек жинады.

  • Рулық қауымда ерлер қандай жұмыстар атқарды? Ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдарды аулады.

  • Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті, мысалы, найзаны кез келгені пайдалана алды ма? Пайдалана алды.

  • Ру ішіндегі тіршілік пен іс - әрекетке қатысты мәселелерді қандай отырыста шешті? Жалпы жиналыста.

  • Жалпы жиналысқа қандай адамдар қатысты? Ересек адамдардың бәрі - ерлер мен әйелдер түгел қатысты.

  • Жалпы жиналыста ру мүшелері қандай мәселелер талқылады? Әрқайсысы өз пікірін білдірді. Жалпы жиналыс ақсақалдарды сайлады.

  • Ру мүшелері ақсақал етіп қандай адамдарды сайлады? Оған рудың барлық мүшелері сыйлайтын ең ақылды, ер жүрек, құрметті адамдар тандалды.

  • Ақсақалдарға қандай міндеттеме жүктелді? Даулы мәселелерді шешті, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді.

  • Ру әрбір мүшесінің мүдделерін қорғады ма? Қорғады.

  • Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін бірлесіп шешті. Мұндай рулық бірлесулерді басқаруда кімдер сайланды? Көсемдер.


§4. Орта тас ғасыры (мезолит)


1. Орта тас ғасырының ерекшелігі.

  • Орта тас ғасыры (мезолит) дәуірінің қамтыған жыл аралығы? б.з.б. 12-5 мыңыншы жылдықтар аралығын қамтиды.

  • Жалпы Қазақстан жерінде мезолит ескерткіштері көп табылды ма? Аз табылған.

  • Палеолиттің аяғы мен мезолиттің басында қандай үлкен табиғи-климаттық өзгерістер орын алды? Жер бетін басып қалған мұз еріді, қазыргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады.

  • Микролит қандай тастан жасалған құрал? Ұзындығы 1-2 сантиметрдей ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал.

  • Мезолит заманының үлкен жаңалығын ата? Микролиттер, яғни ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар пайда болды.

  • Микролит деген сөздің мағынасы? Ұсақ тас.

  • Мезолит заманының тағы бір басты жаңалығын ата? Садақ пен жебенің жасалуы.

  • Мезолит заманының адамдары үшін садақтың рөлі қандай болды. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Бұрынғы найзаларға қарағанда садақ аңшылықтың рөлін арттырды. Аңшылық осы кездегі адамдардың негізгі кәсібіне айналды.

  • Мезолит заманының тұрғындары аң аулаумен қоса тағы қандай шаруашылық түрімен айналысты? Балық аулау.

  • Мезолит заманында қандай аңдар жойылып кетті? Мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі және табын-табын болып жүретін аңдар.

  • Мизолит заманының тұрғындары ірі аңдардың жойылып кетуіне байланысты, қандай аңдарды аулауға тура келді? Енді некен-саяқ , жеке жүретін бұғы, қабан сияқты аңдарды қуып аулау қажет болды.

  • Мезолит заманының тұрғындары бір жерді ұзақ тұрақтап мекендеді ме? Үнемі жайылымын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді, сондықтан оларда тұрақты баспана болмады.

  • Мезолиттік аңшылар қандай өзендердің жағалауларын мекендеді? Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық жағалауларын мекендеді.

  • Қазақстан аумағында қаншаға жуық мезолиттік тұрақтар белгілі? 20 - дан астам.

  • Мезолиттік тұрғындар баспаналарын қалай жасаған? Олар баспананы жеңіл қос сияқты ағаштан айқастырып құрып, оның үстін аң терісімен жапқан.

  • Мезолиттік тұрғындардың жеңіл қос сияқты ағаштан айқастырып жасалған, қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын баспана қай өзеннің аңғарында табылған? Есіл өзенінің.

  • Қазақстан жерінде нешінші мыңжылдықта қолайлы климат орнады? Б.з.б. 8 мыңжылдықта.

  • Б.з.б. 8 мыңжылдықта күннің жылынуы ендігі жерде бұрынғыдай не салуды аса қажет етпеді? Үй салуды.

  • Ғалымдар мезолит дәуірінің ерекшеліктері ретінде нені айтады? Жануарларды қолға үйрету мен дәнді дақылдарды өсіруді айтады.

  • Мезолит дәуірінің құралдарын ата? Тас қырғыш, тескіш, пышақ, кескіш, ине.

  • Мезолит дәуірінің тұрғындары ағаштан қандай заттар жасады? Қайық жасады.

2. Орта тас ғасырындағы қоғамдық өзгерістер.

  • Мезолит заманыңда қандай қауым күшейді? Рулық қауым.

  • Рулар өсе келе нелерге бірікті? Тайпаларға.

  • Ерлер мен әйелдер арасында не қалыптасты? Еңбек бөлінісі.

  • Ерлер негізінен қандай жұмыстар атқарды? Аң аулады, балық аулады.

  • Әйелдер негізінен қандай жұмыстар атқарды? Терімшілікпен айналысты.

  • Қоғамда қауым мүшелерінің құқығы тең болды ма? Тең болды, бірақ балалар мен ересектердің жас ерекшеліктеріне қарай міндеттері әр түрлі еді.

  • Қауым мүшелері неше топқа бөлінді? үш топқа. 1 ші-Қариялар, 2 ші-Ересектер, 3 ші-Балалар.

  • Қариялар қауым ішінде қандай жұмыстар атқарды? Берекені сақтады, әдет ғұрыптарды іске асырды, ақылшы болды.

  • Ересектер қауым ішінде қандай жұмыстар атқарды? Тамақ тапты, баспана салды, қауым мүшелерін жаудан қорғады.

  • Балаларға қауым ішінде қандай міндеттеме жүктелді? Қауымнан өзіне тиісті үлесін - тамақ, киім, алғанымен, қауым жиналысында сайлауға қатыса алмады.

  • Ру ішінде балалар тобынан ересектер тобына өту, не арқылы жүзеге асырылып отырды? Бағыштау (иницианиясы) ғұрыптар арқылы жүзеге асырылып отырды. Мысалы, ұлдар аң аулау әдістерінен, садақ атудан, қыздар үй шаруасы, тамақ дайындаудан сынақ тапсырды.


3. Егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы.

  • Бұдан неше мың жыл бұрын егіншілік пайда болды? 10 мың жыл бұрын.

  • Ғалымдар егіншіліктің шығуы кімдердің еңбегіне байланысты деген пікір айтады? Әйелдердің еңбегіне.

  • Әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді, жемістер мен жидектерді жинады. Олар қопсытылған жерге түскен дәннен ненің өсіп шығатының байқаған? Жаңа сабақтын өсіп шығатының.

  • Терімшіліктің дамуы алғашқы адамдарды неге алып келді? Алғашқы қауымдық егіншілікке алып келді.

  • Алғашқы егіншілер жерді немен қопсытты? Таяқ қазғышпен қопсытты. Одан кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты.

  • Адамдар егін оратын қандай егіншілік құралдарын жасады? Егін оратын қарапайым тас орақ пен дәнүккіш сияқты егіншілік құралдарын жасады.

  • Мезолит дәуірінің адамдары аң аулаудан не өсіру қалыптасты? Мал өсіру.

  • Мезолит дәуірінің адамдары алғашында қандай жануарларды қолға үйретті? Кішкентай қозы- лақтар мен торайларды.

  • Мезолит дәуірінің тұрғындары қозы-лақтар мен торайларды қайда ұстаған? Оларға сырғауылдардан мықты қоршау орнатып, қолға ұстаған.

  • Мезолит дәуірінде қолға үйретілген жануарларды ата? Қой, ешкі, сиыр, шошқа.

  • Мезолит дәуірінде аңдардың ішінде қолға үйретілген қандай аң? Ит.

  • Жабайы иттер қолға қалай үйретілді? Қоныстардың маңында азық-түлік қалдықтарын жеп, жабайы иттер мекен еткен, сөйтіп, адам итті де қолға үйретті.

§5. ЖаҢа тас ғасыры (неолит)

1. Неолит тұрақтары.

  • Жаңа тас ғасырындағы адамдар барлық жағынан жоғары тұрды. Олар қандай жұмыспен айналысты? Олар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Керамикалық ыдыстарға өрнектер сала білді.

  • Жаңа тас ғасыры (неолит) неше мыңжылдықтар аралығын қамтиды? Б.з.б. 5-3 мың жылдықтар аралығын.

  • Неолиттің тұрақ-қоныстары Қазақстанда көптеп кездеседі ме? Көптеп кездеседі.

  • Жаңа тас ғасырындағы аңшылардың негізгі аулайтыны қандай аңдар? Аша тұяқты, жайылымын жиі өзгертіп отыратын аңдар болды.

  • Не себепті неолит заманында аңшылардың мекен-жайлары уақытша болған? Себебі аңшылар аңдардың соңынан жылжып-көшіп отырған.

  • Неолит заманындағы аңшыларда уақытша мекендермен қатар тұрақты мекендер болғандығын, Қазақстанның қай жерлеріндегі қоныстар дәлелдейді. Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым, Орталық Қазақстандағы Қарағанды, Зеленая Балка, Солтүстік Қазақстандағы Пеньки т.б. тұрақтар. Бұлар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналасқан.

  • Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым, Орталық Қазақстандағы Қарағанды, Зеленая Балка, Солтүстік Қазақстандағы Пеньки т.б. тұрақтар жаңа тас ғасырының қай кезеңіне жатады? Жаңа тас ғасырының соңғы кезеңіне, яғни б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады.

  • Қазақ жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі б.з.б. нешінші мыңжылдыққа тән? 5 мыңжылдыққа.


2. Неолит ескерткіштері.

  • Қазақстанда табылған неолиттік ескерткіштер негізгі белгілері жағынан қандай болып келеді? Бір-біріне ұқсас.

  • Қазақстанның Арал өңірінен табылған қандай заттар? Найзаның тас ұштары, жалпақ пышақтар, екі жүзі де өңделген жебе ұштары табылды.

  • Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақтан қандай заттар көптеп кездеседі? Тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар.

  • Сөлтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақты мекендеген адамдардың негізгі шаруашылығының түрі қандай болған? Орман, көлден құс, балық аулау, терімшілік болған.

  • Балқаштың солтүстігінде шақпақ (кремний) тастан жасалған ұсақ құралдардан, қандай заттар көп кездеседі? Тілікшелер, жаңқалар, нуклеустар, және жебе ұштары.

  • Орталық Қазақстанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан үй малының сүйектері табылған. Бұл - олардың қандай шаруашылықпен айналыса бастағанның белгісі? Мал шаруашылығымен.

  • Орталық Қазақстанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарын мекендеген тұрғындардың негізгі шаруашылығы не болған? Әр түрлі аң аулау болған. Балық аулау, терімшілікпен де айналысқан.

  • Орталық Қазақстанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтары ненің бойында орналасқан? Өзен - судың бойында.

  • Жезқазған өңірінен қандай зерттеу орындары табылды? 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары.

  • Жезқазған өңірінен табылған жерлеу орындарында адамды қалай жерлеген? Жерлеу орындарының үстіне тас үйген. Қабырдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамның басын солтүстік-батысқа қаратып, шалқасынан жерлеген.

  • Жезқазған өңірінен табылған жерлеу орындарында, адамның басын солтүстік-батысқа қаратып шалқасынан жерлеуі бұл адамдардың неге деген сенімі болғандығының куәсі? О дүниеге деген сенімі болғандығының.

  • Шығыс Қазақстан аймағынан табылған қоныстар құрал-саймандарға өте бай. Мұнда құралдың ұшы қызметін атқарған қандай тастар көп табылды? Өткір ұсақ сынатастар.

  • Шығыс Қазақстан аймағынан табылған ұсақ тастардан өткірленіп жасалған ұштар, кескіштер қандай құралдар жасау үшін пайдаланған? Құрамалы құралдар жасау үшін пайдаланған.

  • Шығыс Қазақстан аймағынан табылған құрамалы құралдарға қандай құралдар жатады? Жебе мен найза және жүзі өткір тастардан жасалған сабы сүйек не ағаш пышақ пен орақтар жатады.

  • Шығыс Қазақстаннан табылған құралдарды не себепті құрамалы деп аталады? Себебі олар екі түрлі материялдардан құрастырылған, құралдардың ұшы не жүзі міндетті түрде ұсақ өткір тастардан тұрады.

  • Сонымен қатар Шығыс Қазақстаннан қандай құралдар кездеседі? Жалпақ пышақ, жонғыш, қашаулар мен ауыр тас балталар.

  • Неолит дәуірінде Шығыс Қазақстан аймағын мекендеген адамдар қандай шаруашылық түрлерімен айналысқан? Егіншілікпен, балық аулау және терімшілікпен айналысқан.


3. Өндіргіш шаруашылыққа көшу.

  • Неолит заманының табиғи-климаттық жағдайы қандай болды? Бүгінгі күнге ұқсас болды.

  • Неолит дәуірінде Қазақстан жері мен көрші аймақтарда, қандай шаруашылық түрлері қалыптаса бастады? Егіншілік пен мал шаруашылығы.

  • Бұрынғы заманда күнкөрістің көзі терімшілік пен аңшылық болғанын білесіндер. Бұл екеуі де табиғаттың қандай байлығын пайдаланумен шектелді? Дайын байлығын пайдаланумен.

  • Таяққа бекітетін қашау неге айналды? Балтаға.

  • Тас дәуірінің дамыған кезеңі неолитте адамзат нелер ойлап тапты? Көптеген жаңалықтар.

  • «Саналы адамдар» өздерінің арғы тегімен салыстырғанда нені едәуір жетілдірді? Еңбек құралдарын.

  • Адамдар садақ пен жебені ойлап тапқаннан кейін неге көздері жетті? Жебенің қолмен лақтырған найзаға қарағанда алысқа ұшатына, әрі дәл тиетіне көздері жетті.

  • Неолит тұрғындары шыбықтан не тоқуды меңгерді? Шарбақ тоқуды, өру мен тоқу ісімен шұғылданды.

  • Еңбек құралының дамуы адамзатты қандай шаруашылық түріне алып келді? Терімшілік пен аңшылықтан, егіншілік пен мал шаруашылығына.

  • Адамдар қандай шаруашылықтың шығуына байланысты, табиғат сыйына тәуелділіктен құтылды? Егіншілік пен мал шаруашылығы.

  • Адамдар табиғат сыйына тәуелділіктен құтылды, яғни адамдар нені өздері өңдірді? Олар өмір сүруге қажетті азық-түлікті.

  • Неолит дәуірінің адамдары қандай шаруашылық түрлерімен айналыса бастады? Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады.

  • Археологтар Сексеуіл деген неолит тұрағына қандай сипаттама жазды? Сексеуіл тұрағы Қызылорда облысында орналасқан. Сексеуіл тұрағының маңында су қоймасы болған. Жануарлардың қалдықтарын зерттей келе ғалымдар олардың 80 пайызы қой мен сиырдың, қалғандары жабайы жылқылардың қанқалары екенін дәлелдеді.

  • Неолит дәуіріне жататын Сексеуіл тұрағының су қоймасы маңынан, мал сүйектерінің табылуы нені дәлелдейді? Сол жердің тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен шұғылданғандығын.

  • Мал өсірудің пайда болуының адамдар үшін қандай маңызы болды? Егер бұрын адам табиғаттың бергенін пайдаланып келсе, енді олар өздерінің қалауы бойынша мал өсіре бастады.

  • Неолит дәуірінің тағы бір үлкен жаңалығын ата? Адамдардың қыш құмыра (керамика) жасауды үйренуі еді. Бұл дәуірді сондықтан кейде «қыш құмыралар заманы» деп те атайды.

  • Көзе бұл қандай ыдыс? Саздан жасалған қыш ыдыс.

  • Қазақстан аумағында қаншаға жуық неолиттің тұрақтары табылған? 500-ден аса.

  • Неолит ескерткіштерін ата? Жебе ұштары, қыш ыдыс.



§6. Мыс тас ғасыры (энолит)


  • Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы қай ғасырдан басталады? Мыс-тас ғасырынан ( энолит ) басталады.

  • Мыс-тас ғасыры ( энолит ) бұл кезең шамамен алғанда қай жылдар аралығын қамтиды? Б.з.б. 3000 - 2800 жылдарды.

  • Мыс-тас дәуірінде қандай материалдан жасалған құралдар өндіріске енгізілді? Мыстан жасалған.


1. Еңбек құралдарының жетілдірілуі.

  • Адамдар даму барысында жасағаны, тапқаны бәрі не деп аталды? Еңбек өнімі.

  • Мыс-тас ғасырында тесені қандай құрал алмастырды? Тас тісті ағаш соқа алмастырды, кейін темір тісті соқа жасалды.

  • Мыс тас ғасырында тас тісті ағаш соқаны кейін темір тісті соқаның алмастыруы нені білдіреді? Бұл орайда адамдар тасты ғана емес, темірді де пайдалана бастағанын.

  • Мыс тас ғасырында табиғатта дайын күйінде кездескен металдың кейбір түрлерін ата? Алтын, күміс, мыс.

  • Бұдан неше мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді? 7 мың жыл бұрын.

  • Ғалымдар алғашқы адамдардың мысты кездейсоқ ашуы да мүмкін деген болжамына, қандай оқиға дәлел бола алады? Өйткені мыс отқа таспен бірге жиі түсті. Адамдар өздері «тас» деп ойлаған заттың отқа балқығанын, суыған кезде өз пішінін өзгертіп, жаңа пішін алатынын аңғарған. Адамзат үшін зор маңызға ие болған жаңалық осылай ашылған.

  • Мыс қандай металь? Жеңіл әрі қалаған пішінге келтіруге ыңғайлы.

  • Адамдар мыстан қандай құралдар жасады? қанжар, балта, әйелдердің сәнді бұйымдарын т.б.

  • Сәнді бұйымдарды мыстан қалай жасады? Ол үшін саз балшықтан немесе жұмсақ тастан қажетті қалып жасап, оған балқыған мысты құйды.

  • Ертедегі зергерлер әйелдердің әсем заттарын мыстан құйып әзірледі.Одан жасалған әшекейлер несімен ерекшеленді? Сәндігімен.

  • Шеберлер еңбек құралдарын мыстан дайындай бастады. Алайда мыстан жасалған еңбек құралдар ауыр жұмыстарға жарамады. Оған себеп не? Себебі мыс жұмсақ болғандықтан, одан жасалған еңбек құралы тез тозды.


2. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі.

  • Энолит сөзі қандай мағына білдіреді? Мыс тас ғасыры дегенді.

  • Мыс-тас ғасыры қоғамында қандай екі үлкен өзгеріс орын алды? 1-ші еңбек бөлінісі пайда болды. 2- ші аталық ру үстемдігі қалыптасты.

  • Мыс пайда болған кезде адамдар тасты мүлдем қолданыстан шығарып тастай алды ма? Тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негізгі құрал ретінде пайдаланылды?

  • Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың қандай түрлерінің бөлінуі еді? Егіншілік пен мал шаруашылығы.

  • Энолитте бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Бірыңғай егіншіліктің қалыптаспауына қандай себеп болды? Өйткені теселі егіншілік адамды тамақпен толық қамтамасыз ете алмады.

  • Энолит дәуірінде егіншілік адамдарды толық қамтамасыз ете алмағандықтан, қандай шаруашылық түрлерімен қосымша айналысуға тура келді? Мал шаруашылығы, аң және балық аулау.

  • Энолит дәуірінде мал шаруашылығымен шұғылданғандардың көп бөлігі мүлдем, қандай шаруашылық түрімен айналыспады? Егіншілікпен.

  • Мал бағу егіншілікке қарағанда өнімді қалай берді? Көп берді.


3. Мыс тас ғасырының ескерткіштері.

  • Қазақстан аумағында энолит кезеңінің ерекше ескерткіші - Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы нешінші мыңжылдықтармен мерзімделеді? Б.з.б. - 2 мыңжылдықтармен

  • Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы қанша гектар жерді алып жатыр? 15 гектар.

  • Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағын қазу барысында неше тұрғын үй табылды? 158 тұрғын үй.

  • Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағындағы үйлердің қабырғалары немен қапталған? Жануарлардың терісімен.

  • Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағындағы тұрғын үйлердің ортасына не орнатылған? Ошақ.

  • Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағынан қазба жұмысы барысында тастан, сүйектен және қыштан жасалған қандай құралдар мен заттар табылды? Садақтың ұштары, найзалар, пышақтар мен балталар табылды. Сүйектен жасалған ине , біздер және қыштан жасалған бұйымдар да ұшырасты.

  • Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағын мекендеген ботайлықтар, қандай малды қолға үйреткен? Жылқы малын.

  • Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағынан қандай аңдар мен жануарлардың сүйектері кездеседі? Бұланның, еліктің, аюдың, иттің, қабанның және т.б. сүйектері де кездесті.

  • Энолит ескерткіштері Маңғыстау жеріндегі қандай елді мекеннен жолықты? Шебір елді мекенінен.

  • Маңғыстау жеріндегі Шебір елді мекені маңынан қандай материалдан жасалған еңбек құралдар табылды? Тас пен қыштан.

  • Маңғыстау жеріндегі Шебір елді мекенінен табылған саз балшықтан жасалған ыдыстар қандай болып келді? Ыдыстардың түбі жұмыртқа тәрізді болып келеді, айналасы әшекейлермен өрнектеген.

  • Маңғыстау жеріндегі Шебір елді мекенінен табылған саз балшықтан жасалған ыдыстарды әшекейлеу үшін қандай өрнек пайдаланған? Тарақ тісі сияқты өрнек пайдаланған.

  • Шебір тұрағының тұрғындары теңіз моллюскаларының қабықтарынан не жасап таққан? Моншақ жасап таққан.

  • Шебір тұрғындары моншақтарды қалай жасаған? Моншақтардың жиектері мұқият тегістелген, ал тесіктері бұрғылау әдісімен жасалған.

  • Шебір тұрағының тұрғындары негізінен немен айналысқан? Аң аулаумен.


§7. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі.

1. Білімнің дамуы.

  • Адамдар жануарлардың, өсімдіктердің тіршілігін бақылай жүріп, өздерінің тәжірибесі мен білімін кімдерге саналы түрде мұраға қалдырып отырған? Келесі ұрпаққа.

  • Адамдар алғашында аспандағы жұлдыздардың орналасуын есте сақтап, ненің жинау уақытын анықтаған? Егінді жинау уақытын.

  • Алғашында адамдар ненің қозғалысын бақылау арқылы қарапайым алғашқы күнтізбе жасап, жылды тепе-тең айларға бөлген? Айдың.

  • Алғашында адамдар аурудың неден болатынын білді ме? Білмеді, оның себебім түсіндіре алмады, адам ағзасының қызметін ұқпады.

  • Алғашында адамдар әр түрлі сырқаттарды емдей алды ма? Емдей алды. Қарапайым емдеу тәжірибесі қалыптасты.

  • Алғашында адамдар өз білімдерін не арқылы хабарлаған? Пиктография арқылы хабарлаған.

  • Пиктография дегеніміз не? Тасқа түсірілген хат-суреттер.

  • Әрбір ұғымның өзіндік шартты таңбасы болған. Мысалы, шұбар атты салу нені білдірген? Малдың індет ауруынан Қырылғанын білдіреді.


2. Діни көзқарастың қалыптасуы.

  • Ертедегі адамдар табиғаттан бөлініп шыққаннан кейін, қоршаған табиғаттан өздерінің қандай айырмашылықтары бар екенін түсінді ме? Түсінбеді.

  • Адамдар әсіресе табиғаттағы қандай құбылыстарды түсіндіре алмады? Олар өсімдік пен жануарлардың түрлерін, іздері мен қылықтарын айыра алғанымен, көптеген нәрсені түсіндіре алмады. Дауыл қайықты аударып, балықшылар мерт болғанда, найзағай баспанаға түсіп, үйлер өртенгенде, адамдар оның себебін білмей аң-таң болған. Әрине бұл құбылыстардың бәрінің табиғи себептері болғанымен, адамдар оның себептерін білмеген.

  • Діни түсініктердің пайда болуын қандай адамдардың жерлеу ғұрпынан байқауға болады? Неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан.

  • Неандертальдықтар өлген адамды қалай жерлеген? Адамды ұйықтап жатқан сияқты бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салған. Содан соң жерленген адам маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған.

  • Неандертальдықтар өлімді қалай түсінген? Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінген.

  • Өте ерте заманғы жерлеу ғұрпында өлген адам үстіне қызыл менерал бояу сепкен. Қызыл түс қанның түсі. Ал қан жанмен байланысты екенін ертедегі адамдар білген. Мұндай сенімді не дейді? Анамизм.

  • Ең көне сенімге тотемизм де жатады. Ол қандай сенім? Адамдар өздерін белгілі бір жануардан таралдық деп есептеген. Мысалы, киік, бұғы, жолбарыс т.б. Сол аңдарды ата тегіміз деп сиынған.

  • Адамдар табиғаттың дүлей құбылыстарынан өздерін сақтау үшін не жасаған? Адамдар әр түрлі тылсым әрекеттерде жасаған. Мысалы, құлшылық етіп сиынған, құрбандық шалған, билеген, жалбарынған, қорғайды деп тұмар таққан. Осының бәрін магиялық әрекеттер дейді.

  • Адамдардың түсінігі бойынша, жер мен судың, орман мен таудың иелері болған. Сондықтан оларға не істеп тұруға тырысқан? Құрбандық салып тұруға.

  • Адамдардың түсінігі бойынша табиғаттан тыс күштері әлемді билеп тұрады, олар үрлесе, дауыл тұрады, қаласа, аңдар басқа жаққа ауып кетеді деп қандай күштердің барына сенген және оларды қалай атаған? Оларды аруақтар (рухтар), ал орасан зор күш иесін құдайлар деп атаған.

  • Адамдардың наным-сенімі ненің түріне байланысты тәуелді болды? Кәсіптің түріне. Мысалы егіншілер егіннің, малшылар табынның өз құдайлары болады деп сенген.


3. Өнердің шығуы.

  • Өнердің пайда болуы адамдардың қандай мәдениеттің дамуы туралы мағлұмат береді? Рухани мәдениеттің.

  • Адамдар мен жануарлардың ойма суреттері (гравюра), рельефтер, қандай жерлерде бейнеленген? Үңгірдің қабырғасында

  • Алғашқы қауым суретшілері сурет салуға нені пайдаланған? Ағаш көмірін.

  • Оттың көмескі сәулесі түсетін үңгірдің қап-қараңғы түпкірінде палеолит дәуірінің суретшілері әр түрлі бояумен қандай суреттер бейнелеген? Шауып келе жатқан аттарды, аңшылықтың түрлі көріністерін бейнелеген.

  • Ертедегі мүсіншілер жүгіріп жүрген еліктердің немесе аңдардың бейнесін немен ойып жасаған? Сүйек пен мүйізден.

  • Алғашқы қауымдағы суретшілер қандай суреттерді бейнелеген? Шашын таңғаларлықтай сәндеген, белін буған әйелдерді жиі бейнелеген. Кейде олар салған шым-шытырық ғажайып суреттерде кездеседі. Ежелгі суретшілер жануарларды айнытпай салған.

  • Археологтар сүйек пен мүйізден жасалған кімдердің мүсіндерін көп тапқан? Әйелдердің.

  • Археологтар тапқан олжалардың ішінде қандай заттарды ойып әшекейлеу жиі кездеседі? Еңбек құралдарын.

  • Қаратаудағы қараүңгір мекенінен табылған қыш ыдыстардың дөңгелек түптері қандай бояумен боялған? Қызыл.

  • Қаратаудағы қараүңгір мекенінен табылған қыш ыдыстардың біразына қандай өрнектер салған? Шұңқыр мен штрихтар түрінде.

  • Қарағанды облысынан табылған орындалуы бірегей қыш ыдыс қандай өрнектермен әшекейленген? Толқын тәрізді және геометриялық өрнектермен.

  • Адамдар қандай заттарды безендіріп отырған? Үйлерін, ыдыс-аяғын және басқа күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарын.

  • Қыш әдетте қандай өрнектермен безендірілген? Шұңқыр, штрих, арқан таңбасы сияқты өрнектермен.

  • Ағаш бұйымдары мен үй заттарын қалай безендірген? Түрлі өрнек салынып, түсті бояумен боялған.

  • Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді? Палеолит-ежелгі тас ғасыры, мезолит-орта тас ғасыры, неолит-жаңа тас ғасыры.

  • Тастан жасалған негізгі құралдарды ата? Қашау, қырғыш, балта, найзаның ұшы, пышақ, садақ пен жебе.

  • Алғашқы қауым адамдарының ұжымы дегеніміз не? Алғашқы адамдар - адамдар тобыры. «Саналы адам» -рулық қауымдар. 13 мың жыл бұрын - рулар мен тайпалар қалыптасты. 6 - 7 мың жыл бұрын рулық қауымдар ыдырады - ақсүйектер пайда болды.

  • Дін қалай шықты? Алғашқы қауымдағы адам табиғатқа тәуелді еді, табиғат құбылыстарының себептерін біле алмады. Бұл аруақтар (рухтар) мен сиқырға сенуді туғызды, әдет - ғұрып шықты.

  • Неолит кезеңінде адамдар қандай жаңалықтар ойлап тапты? Саз балшықтан қыш ыдыстар дайындалды, шыбықтан себет тоқылды, жіп иіру, тоқымашылық қалыптасты, қайық жасалды, үйлер салынды.


2- тарау.

Қола дәуіріндегі Қазақстан


  • Қола дәуірінде адамдар нені өңдеуді игерді? Металл өңдеуді.

  • Қола дәуірінде өндіріске металл құралдардың енуі ненің артуына себеп болды? Еңбек өнімділігінің және шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына.

  • Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан неше мың жыл бұрын басталған? Осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңыншы жылдықта басталған.


§8. ДӘУІРДІҢ НЕГІЗГІ СИПАТЫ.


1. Өндіріске металл құрал-саймандардың енуі.

  • Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металды ата? Мыс.

  • Табиғатта таза мыстан жасалған ұсақ құралдар: біздер, жебе ұштары ,мыс тілікшелер қандай дәуірде кездеседі? энеолит.

  • Тотыққан мыс рудасынан металл қорыту қандай дәуірде басталды? Қола.

  • Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді сонда ол ненің қосындысынан ғана алынады? мыс пен қалайының қосындысынан.

  • Металл кеніштері қандай жерлерде болған? Қазіргі Зыряновск, Жезқазған маңайында, Қарқаралы, Ақшатау тауларында.

  • Қазақтың қай ғалымының есебі бойынша, көне заманда Жезқазғаннан 1 миллион тоннадай кен өндіріліп, одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған, ал Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба кен орнында 1100 тонна қалайы шығарылған деп болжам жасаған? Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

  • Көне заманда кен өндірушілердің қоныстары неге жақын орналасқан? Кенішке.

  • Көне кен орындарынан кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтарда ауа үрлейтің не жасалды? Көрік.

  • Қола дәуірі қанша жыл аралығын қамтиды? б.з.б. 2800 жыл - б.з.б. 900 жыл аралығын.

  • Мысты арнаулы пешке қорытардың алдында не істеген? Отқа өртеген.

  • Қоладан жасалатын еңбек құралдары қандай қалыптарға құйылып, өңделген? Тас немесе саз балшық қалыптарға.

  • Қоладан қандай заттар жасалған? Балта, пышақ, қанжар, шаппашот, жебенің және найзаның ұштары, қайла, орақ, әр түрлі әшекейлер.


2. Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу.

  • Адамдар мыс қоспасына нені қосу арқылы қола өндіруді үйренді? Қалайы.

  • Қоладан жасалған еңбек құралдар қандай болып келді? Құралдар тастай қатты, әдемі сары түсті болып келді.

  • Қоладан жасалған бұйымдар неден жасалған еңбек құралдарың біртіндеп ығыстырды? Тас және мыстан.

  • Қандай металдан жасалған еңбек құралдар еңбек өнімділігін арттыруға ықпалын тигізді? Қоладан.

  • Жебенің ұшын немесе қанжарды жасау үшін қандай құю қалыптарды қолданған? Екі немесе үш жармадан тұратын қарапайым қалыптарды.

  • Мыстан құйылған көлемді заттарды ата? Үлкен мыс қазандар және құрбан шалатын үлкен үстелдер.

  • Құйылғаннан кейін көптеген заттар қосымша өңдеуден өтіп не істелген? Ажарландырылып, нақышталған.

3. Андрон мәдениеті туралы мәлімет.

  • Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері не деп аталады? Андрон мәдениеті.

  • Андрон мәдениетінің алғашқы ескерткіші қай жерден табылған? Андроново деген селоның маңынан.

  • Андроново селосы қай жерде орналасқан? Сібірдегі Ачинск қаласының жанында орналасқан.

  • Андрон мәдениеті деген атау неге байланысты қойылған? Табылған селоның атына байланысты.

  • Андрон тектес қола мәдениеті қандай аралыққа дейін тараған? Орал ( Жайық ) өзенінен бастап Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейін.

  • Ғалымдар 80-нен аса Андрон мәдениетінің қоныстарын қандай аймақтардан зерттеді? Солтүстік және Батыс Қазақстаннан.

  • Қазақстанның Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысының шекарасында табылған Арқайымды ғалымдар қай дәуірдегі қалаға ұқсатады? Қола.

  • Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы Петровка мен Боголюбов қоныстары нелермен қоршалған? Орлармен және дуалдармен.

  • Ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән 30 қонысты және неше обаны зерттеді? 150 обаны.

  • Дене құрылысы жағынан андрондықтар қандай нәсілдік топқа ұқсас? Еуропеоидтерге.

  • Андрондықтардың бет-бейнесін сипаттаған академик кім? В. П. Алексеев.


4. Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі.

  • Андрондықтардың басты кәсібі не болған? Мал бағу, кетпенді теселі егіншілік пен балық аулау.

  • Андрондықтар қандай өзендердің бойын бойлай қоныстанған? Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма.

  • Андрондықтар қоныстардың маңындағы егістікке қандай дәнді дақыл еккен? Бидай, арпа, тары.

  • Андрондықтарда мал өсіру негізінен қандай түрде болған? Отырықшылық, бақташылық.

  • Өзен аңғарларындағы андрондықтар жерді немен өндеген? Тесемен.

  • Археологтар андрон тұрақтарынан табылған сүзгіш ыдыстар не істеуге арналған? Сүзбе жасауға

  • Андрондықтар қандай малдардың түрлерін өсірген? Сиыр ,жылқы, ешкі, қой.

  • Археологтар андрондықтардандың ыдыстарынан табада қуырылған қандай дәнді дақылдардың күйіктерін тапқан? Ботқаның, бидайдың.

  • Андрондықтарда егіншіліктің дамығанын қандай еңбек құралдары айқын дәлелдейді? Дән тартатын диірмен, жер өндеуге арналған тесе, мыс және қола орақтар .

  • Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты? Саз балшықты ыдыс жасауға пайдалану.

  • Андрондықтарда тарақ тәрізді, немесе тегіс қалыппен өрнектеліп жасалған қыш ыдыстар арнаулы пештерге күйдіріліп, қандай пішінде жасалған? Әр алуан.

  • Қола дәуірінде ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі қандай? Көзе құмыралар жасау өнері.

  • Қола дәуіріндегі құмыралар немен ерекшеленеді? Түрінің әсемдігімен қоса, бүйірі мен ернеуіне салған өрнекті әшекейлерімен тамаша өнер туындысы саналады.

  • Андрон тайпаларында шаруашылық саласының бір түрін құраған не? Кен ісі мен металл.

  • Қола дәуіріндегі адамдар қандай күштерге табынған? Табиғат күштеріне.

  • Қола дәуірінің адамдары жерленген адамның басын қайда қаратып жатқызған? Батысқа не оңтүстік батысқа.

  • Андрондықтардың тасқа салынған суреттері табылған жерлер? Таңбалы, Жасыбай, Хантау.

  • Андрондықтардың Таңбалы, Жасыбай, Хантау жерлерінен табылған суреттерде ненің суреті бейнеленген? Билеген адамдар, жабайы бұқа, қос өркешті түйелер.


5. Андрондықтардың баспаналары

  • Андрондықтардың баспаналары қалай салынған? Жартылай жертөле сияқты салынып, сырты балшықпен сыланған. Үйдің шатырына сырғауылдар пайдаланылды, оның үстіне шөп төсеп, үстін топырақпен жапқан. Мұндай жертөленің ішінде тастан ошақ орнатылған.

  • Андрондықтар жер еденге шұнқыр қазып оған не сақтаған? Сүт өнімдері мен ет сақтаған.

  • Андрондықтар қысқы уақытта малды қолға ұстау үшін қандай әзірлік жасаған? Қысқа арнап жем шөп әзірлеген, үй жанына мал қамайтын қора салған.

  • Жануарлардың қанқаларын зерттеген ғалымдар андрондықтар туралы нені анықтады? Малдың төрт түлігін де өсіргенін.

  • Сөлтүстік Қазақстандағы Чаглинка, Петровка қоныстары қазбаларының көрсетуінше, құрылыс бағандарының қабырғалары неден тұрғызылған? Қатарластырыла қойылған тік бағандардан тұрғызылған.

  • Ғалымдар андрондықтар жасаған киіз үйдің төркөз керегелері тәрізді жасалған дөңгелек, жеңіл баспаналарына қарап кімдердің киіз үйіне ұқсайды деп есептейді? Қазақтың киіз үйіне.



§9. ШАРУАШЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДЕГІ ӨЗГІРІСТЕР.


  • Орталық Қазақстан қола дәуірінің ең соңғы кезеңі қалай аталады ? Беғазы Дәндібай мәдениеті.

  • Қола дәуірінің ең соңғы кезенінің хронологиялық ауқымы? б.з.б. 12 - 8 ғасыр

1. Климаттың өзгеруі.

  • Қола дәуірінің тұрғындары қандай шаруашылық түрлерімен айналысты ? Мал және егін шаруашылығымен.

  • Қола дәуірінің тұрғындары шаруашылықтың қандай түріне көбірек көңіл бөлді? Мал шаруашылығына.

  • Қола дәірі тұрғындарында шаруашылықтың қандай түрі көмекші шаруашылыққа айналды? Егін шаруашылығы.

  • Қола дәуірінің тұрғындары малдың қандай түрін өсірді ? Жылқы, түйе, қой.

  • Не себепті қола дәуірінің тұрғындары егін шаруашылығына көбірек көніл бөлмеді? Бұдан үш мың жыл бұрын еліміздің табиғаты құрғақ, қысы қатты әрі ұзақ болған. Жазы қысқа әрі ыстық болған, еккен егіннен өнім ала алмаған. Сондықтан көбірек көңіл бөлмеген.

  • Қола дәуірінің тұрғындарында мал санының артуы қандай шаруашылықтың шығуына алып келді? жартылай көшпелі мал шаруашылығы.


2. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

  • Беғазы-Дәндібай атауы неге байланысты қойылған? Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.

  • Беғазы -Дәндібай мәдениетіне жататын үйлердің жерлеу орындары құрылыстарында қандай өнердің жетілгендігімен ерекшеленеді? Құрылыстардың өте ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгендігімен.

  • Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын үйлердің қабырғалары мен ірі тастарымен қалағанды немен байланыстырды? Балшықпен.

  • Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жатын заттардың көпшілігі немен байланысты? Обалармен.

  • Андроновтықтардың ерекшелігі неде? Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастармен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақ тастармен бекітілген.

  • Андроновтықтар обаларда қаланған тастардың жылтыр тегіс жақтарын қайда қаратқан? Ішкі және сыртқы беттеріне.

  • Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын қыш құмыралар қалай жасалған? Ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс болып келеді, әртүрлі өрнектермен безендірілген. Тарақ жүзді және үзік сызықты үшбұрышты өрнектер көп кездеседі.

  • Қола дәуіріне жоспарлық зерттеу қай жылы басталды? 1946 жылы.

  • 1946 жылы қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан көне дәуір тарихын зерттеп, археологиялық экспедицияны құрған ғалым? Біртуар энциклопедист ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұлан және оның шәкірттері.


3. Шаруашылығы.

  • Қола дәуірінде қой, жылқы түліктерінің көбеюі мал бағудың қандай әдісіне әкелді? Үй маңындағы бақташылықтан малды алысырақ көшіп-қонып бағуға.

  • Мал шаруашылығының дамуында жылқыны пайдаланудың қандай ерекшелігі болды? Жылқыны мініске үйретуі, күш көлік ретінде пайдаланылуы.

  • Қола дәуірінде Қазақстанның түрлі аумақтарынан табылған жылқының ауыздықтары ненің дәлелі? Жылқыны энеолит, қола заманынан мініске, күш-көлікке пайдаланылғандығын көрсетеді.

  • Зерттеу кезінде Орталық-Батыс Қазақстаннан түйе сүйектерінің табылуы ненің айқын дәлелі? Қола дәуірінде түйені қолға үйреткендіктің.

  • Қола дәуірінің тұрғындары көбінесе қандай жерлерде орналасқан? Өзендердің жағасында, көл жағалауларында.

  • Қола дәуірінің тұрғындары әдетте қанша үйден тұрған? 5-10, кейде 20 шақты үйден.

  • Үйлердің алып жатқан аумағы? 100 шаршы метрден 300-400 шаршы метрге дейін.

  • Қола дәуірінің тұрғындары үйлерді неше түрге бөлді? 2 түрге. Олар: 1. Жартылай жертөле. 2.Жер бетіне салынған.

  • Қола дәуірінің соңына қарай орақтардың қандай металдан жасалған түрлері кеңінен пайдаланылды? Қола және мыс орақтар.

  • Қола және мыс орақтар Қазақстанның қай жерлерінен табылған? Шығыс Қазақстандағы Мало-Красноярка, Батыс Қазақстандағы Алексеев, Солтүстік Қазақстандағы Степняк қонысында және Жетісу жерлерінен.

  • Көкшетау жерінде зерттелген Шағалалы қонысынан Қола дәуіріне жататын қандай құрал табылды? Шалғы.

  • Негізінде Шалғы орақтардың табылуы Қола дәуірі тұрғындары қандай шаруашылық түрімен айналысқанын білдіреді? Үй маңында бақташылықпен, кетпенді-теселі егіншілікпен айналысқандығын.

  • Қола дәуірінің тұрғындары күнкөрістің қосымша көзі үшін қандай шаруашылықпен айналысқан? Аңшылық және балықшылық.

4. Қоғамдық құрылысы.

  • Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тұрғындар қандай құрылымда өмір сүрді? Рулық, тайпалық.

  • Алғашқы қауымдық құрылыс қай уақытта ыдырауы жаппай етек алды? Қола дәуірінің соңына қарай.

  • Қола дәуірінде қауым мүшелерінің ішінен малы көп байлар, басқыншылық соғыспен байығандардан кімдер шыға бастады? Қолбасылар.

  • Малды туысқандар арасында бөлісу ненің шығуына әкелді? Жеке меншіктің.

  • Көшпелілер малды өз меншігіне иеленді, ал жер кімдердің меншігінде қалды? Қауымның, рудың.

  • Жекелеген отбасылардың байлығы өскен сайын, олардың қоғамдағы билігі де арта түсті. Қауым ішінде осындай мал-мүлік теңсіздігінің шығуы барған сайын орнығып, нені тудырды? Әлеуметтік теңсіздікті.

  • Биғазы-Дәндібай кезеңінде үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына қандай құрылыстар пайда болды? Бір адам ғана жерленген.

  • Бір адам жерленген зираттар кімдерге тән құрылыстар еді? Ру, тайпа көсемдерінің беделді бай адамдардың.

  • Қола дәуірінің тұрғындары өлген адам бұйымдарын, қару-жарағын, еңбек құралдарын қоса көмген, оларда сонда қандай түсінік болған? Өлген адам келесі бір қандай жерлерде болған дүниеге ауысады деп ойлаған, яғни адам бұл өмірде кім болса, арғы дүниеде кәсібін жалғастырады деп есептеген.

  • Қола дәуірінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары пайда болды. Олар қалай аталды? Абыздар.

  • Абыздар ненің бұлжымай орындалуын қадағалады? Рудың ежелгі салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарының орындалуын.


5.Зергерлік өнер.

  • Қола дәуірі тұрғындары зергерлік өнер туындыларынан қандай заттарды қалдырды? Қолдан жасалған әртүрлі әшекей бұйымдар: сақина, білезіктер, салпыншақ әшекейлер, сырғалар, моншақтар.

  • Қола дәуірінің тұрғындарында қоладан жасалған бұйымдардан басқа қандай металдан жасалған заттар кездеседі? Алтыннан жасалған бұйымдардан бір жарым орамды алтын сырғалар.

  • Қола дәуірі әйелдерін самай шашына қыстырған сырғалар қалай аталды? Самай сырға.

  • Қола дәуірі әйелдері түрлі салпылдақтардан мойынға алқа таққан, моншақтар негізінен неден жасалған? Асыл тастардан.

  • Қола дәуірінің тұрғындары әртүрлі жыртқыш аңдардың тісін тізіп, мойынға таққан затты қалай атаған? Тұмарша.

  • Андроновтықтар қандай заттарға арналған метал құятын қалыптар жасаған? Ұршық басын, дәнүккіш, құрал - қарулар.

  • Андрондықтар сүйектен қандай заттар жасаған? Түрлі әшекейлер, шүмектер.

  • Андрондықтарда қандай заттарда тұрмыстық бұйымдар жасау өнері жақсы дамыған? Тас қашау, сүйектен әртүрлі бұйымдар.

Е к і н ш і б ө л і м

Ерте темір дәуіріндегі қАЗАҚСТАН


3-тарау.

Көшпелі мал шаруашылығы -

терімшіліктің қайнар көзі


§10.КӨШПЕЛІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.


  • Темір дәуірі қай жылдар аралығын қамтиды? Б.з.б. 8 ғасыр мен б.з- дың 6 ғасыры аралығын қамтиды.

  • Темір дәуірі неше кезеңнен тұрады? Екі кезеңнен тұрады 1 - ерте (б.з.б. 8 - 3 ғасырлар); 2 - кейінгі б.з.б. 3 ғасыр - б.з-дың 6 ғасыры)1.

  • Адамдардың өмір сүру салты, шаруашылықты жүргізу тәсілдері неге байланысты болған? Тіршілік ортасына байланысты.

  • Қазақстан жерінің көп бөлігі нелерді өсіруге жарамсыз? Жүзім мен мақта, дәнді дақылдар өсіруге.

  • Қазақстанның қандай жерлері егіншіліктен гөрі мал шаруашылығына көбірек қолайлы? Үстірт пен Маңғыстау, Бетпақдала, Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқылар, Алтай мен Алатаудың таулы аудандары.

  • Не себепті Үстірт пен Маңғыстау, Бетпақдала, Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқылар, Алтай мен Алатаудың таулы аудандары егін шаруашылығына қолайсыз болып табылады? Себебі шөлейтті дала топырағы құнарсыз, жауын шашыны аз, үнемі жел соғып тұрады.

  • Қазақстандағы ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне қарай егіншілікті бірте бірте қандай шаруашылық түріне алмастырды? Мал шаруашылығы.

  • Не себепті малшыларға малды бір жерде асырау мүмкін болмады? Себебі мал басының көбеюінен оларды бір жерде асырау мүмкін болмады.

  • Мал басының көбеюінен оларды бір жерде асырау мүмкін болмады. Мұндай өзгерістердің қандай себептері бар еді? Ғалымдардың пікірінше, негізгі себеп климаттың өзгеруі.

  • Қазақстан далаларында шамамен нешінші мыңжылдықтың ортасынан бастап егіншілікпен шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды? Б.з.б. 2 мыңжылдықтың ортасынан бастап.

  • Қазақстан далаларында шамамен б.з.б. 2 мыңжылдықтың ортасынан егіншілікпен шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды. Оның себебі неде? Себебі табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады. Бұлақтар суалып, өзендер тартылып қалды.

  • Ат әбзелдерін жетілдіру адамдарға қандай мүмкіндік берді? Жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді.

  • Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті. Мұндай жағдайда дала тұрғындары шаруашылықтың қандай жаңа тәсілін ойлап тапты? Көшпелі мал шаруашылығын.

  • Метал ауыздықтың шығуы адамдарға қандай жағдай жасады? Жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады. Атқа мінген бақташы ендігі жерде малды ұзатып жаюға мүмкіндік алды.

  • Мал басының өсуі, оның үстіне қыста да тебіндеп жайылатын жылқы мен қой санының көбеюі нені қажет етті? Жайылым ауыстырып, көшіп отыруды қажет етті.

  • Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінің көпшілік атырабында қандай шаруашылықтың қалыптасуына ықпал жасады? Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына.

  • Қазақстанның қандай аймағы ежелден егіншілік пен отырықшылыққа қолайлы және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен бірге отырықшы өмір салты, егіншілік қатар дамыды? Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.


2.

  • Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Ол қандай өнім? Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.

  • Адамдар үшін жылқының қандай ерекшелігі болды? Адамдар жылқыны азық ретінде де, мініс көлігі ретінде де пайдаланды. Жылқы суыққа төзімді тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады, арнайы қораның да қажеті жоқ. Жылқы шаруашылыққа көп пайда әкелді.

  • Мал жайылым шөбін жеп тауысып, жантаққа айналдырған кезде малшылар оларды қайда ауыстырды? Жаңа орынға.

  • Малшылар үшін қой малының қандай ерекшелігі болды? Қойлар көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Олар суық пен ыстыққа төзімді.

  • Малшылар үшін түйе малының қандай ерекшелігі болды? Түйелер жүк көлігі ретінде пайдаланылды. Олар жылдам қозғалды, ауыр жүк көтере алмады. Түйе сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.

  • Малшылар өсірген қой мен жылқыдан сиырдың қандай айырмашылығы болды? Жылқы мен қойға қарағанда сиыр малы тебіндеп жайылуға икемсіз, сондықтан оларға арнап жемшөп әзірлеу қажет еді.

  • Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында қандай ірі қараның маңызы аса зор болды? Түйенің.

  • Еліміздің солтүстігінде өсімдік пен су көздері анағұрлым мол болғандықтан, қандай малды көп өсірді? Сиырды.

  • Қазақстанның оңтүстігінде қандай мал өсіруге тиімді болды? Қой малын.


3.

  • Ертедегі тұрғындар әуелі малды қоныстардың қасында жайған болуы мүмкін. Бірте бірте ол қалай өзгерді? Уақыт өткен сайын шұрайлы жайылым іздеп, малды бір жерден екінші жерге ауыстырып отырған. Көшпелі мал шаруашылығы осылай қалыптасты. Бірқатар таулы жерлерде малды арнайы адамдар бақты.

  • Көшпелілер ат әбзелдерінен нелерді ойлап тапты? Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты.

  • Көшпелілер қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі қандай жеңіл материялдармен алмастырылды? Былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.

  • Бертін келе көшпелілер арбамен көшу әдісінен бас тартты. Оған себеп неде? Өйткені жүріп-тұруға өзен-көлдер мен төбелер кедергі жасады.

  • Көшпелілер жүк көлігі ретінде қандай малдарды пайдаланды? Түйе мен атты пайдаланды.

  • Көшпелілер түйе мен атқа қандай заттарды артты? Киіз үйін, киім-кешегін, үй-тұрмыстық заттарын артты.

  • Табын түрлерінің әр қилығы өсімдікке байланысты. Мысалы, еліміздің шөлді аудандарында шөптің неше түрі өседі? 288 түрі өседі.

  • Сиыр мен жылқы шөптің неше түрін жейді? 109 түрін жейді.

  • Түйе шөптің неше түрін жейді? 148 түрін жейді.

  • Қой шөптің неше түрін жейді? 167 түрін жейді.

  • Қой малы 180 түрлі сорттан неше түрін ғана жейді? 132 түрін.

  • Сиыр малы 180 түрлі сорттан неше түрін ғана жейді? 24 түрін.


§11. Көшпелі бақташылық -

шаруашылықтың негізгі түрі.


1. Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон.

  • Малшылар ғасырлар бойы дағдыланған мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып жылдың төрт мезгіліне байланысты көшу дәстүрін қалыптастырған. Ол қандай кезеңдер? 1.көктемде - көктеу, 2. жазда - жайлау, 3. күзде- күзеу, 4. қыста- қыстау.

  • Малшылар көшу кезінде қолайлы орынды қалай таңдаған? Олар қолда бар табынды шөппен және сумен қамтамасыз ететін жыл мезгілі мен қолайлы орынды мұқият таңдаған.

  • Көктемгі жайылым-көктеу әдетте қандай жерлерде орналасқан? Шоқылар мен қыраттарда.

  • Көктеу қандай жерде орналасқан жайылым? Көктеу-қыстан қиналып шыққан түлік ұзап алысқа өрістей алмайтын және төл алынып жатқан кездегі мал бағылатын қора маңындағы жайылым.

  • Көшпелілер көктемде уақыттарын қалай өткізген? Көктемде барлық жерде мереке қызады. Көшпелілер бар уақытын таңертеңнен кешке дейін үйден тыс жерде, ашық аспан астында өткізген.

  • Көктемде төрт түлік малдарда қандай өзгерістер болған? Көктемде қыстан жүдеу шыққан мал қонданып, қойлар, биелер мен інгендер төлдеген.

  • Көктемгі, күзгі жұмысқа қандай жұмыстар қосылған? Қой мен түйе қырқымы қосылған.

  • Қойдан неше килограмм жүн берген? Қойды екі рет қырыққанда -2-2,5 килограмм жүн берген.

  • Түйе неше килограмм жүн берген? Түйе -4-8 килограмм жүн берген.

  • Егер малшылар қыс кезі өзара қарым-қатынас жасауға қиындау болса, көктемде бір-бірімен қандай қарым қатынас жасаған? Түрлі мерекелер тойлаған.

  • Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі не болып табылады? Наурыз мейрамы.

  • Кейбір ғалымдардың айтуынша Наурыз мейрамы бұдан неше мың жылдай бұрын пайда болған? 3000 мың жыл бұрын.

  • Жыл мезгілінің ең дархан мезгілі - жазда жайлауға шығу. Жайлау қандай жайылым? Малды алысқа ұзатып жаятын жайылым.

  • Жайлауды адамдар қандай жерден таңдаған? Әуелде ол даланың бір шетінен немесе бір қиырынан таңдалған.

  • Адамдар әсіресе ең дархан мезгіл - жазда қандай ойын сауықтар өткізген? Бұл кезде көпдеген адамдар үйлену тойын жасап, ойын-сауық, ат жарыс, күрес өткізген, жыршыларды сайратып, ақындар айтысын тыңдаған. Ауыл-ауылда құрт қайнатып, май шайқаған, ірімшік жасап, қысқа азық-түлік әзірлеген. Бұл кезеңде әр үйде айран ұйытылып, қымыз бен шұбат дайындалған.

  • Көшпенділерде көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі болды. Батыс және Орталық Қазақстанда қандай тұрмыс қалыптасты? Таза көшпелі тұрмыс қалыптасты.

  • Қазақстанның қандай аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды? Шығыс Қазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында.

  • Қазақстанның қандай аймақтарында отырықшы шаруашылық дамыды? Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында.

  • Күзеу қандай уақытта қоныстанатын жайылым? Қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын жайылым.

  • Малшылар күзеуде қандай мәселелер талқылаған? Халық жиналысын өткізіп, ру мен тайпаның аса маңызды мәселелерін шешкен.


2. Көшпелілердің паспанасы.

  • Үнемі көше беру тіршілік ырғағын өзгертті. Көшу ұраны - тек қажеттілерді ғана алу. Мұндай ұстаным әсіресе неге әсер етті? Мұндай ұстаным тұрғын үй құрылысына әсер еткен. Үй меймандарын қабылдауға, отбасы салт-дәстүрін өткізуге, той-томалақ жасауға және тұрмысқа ыңғайлы болуы тиіс. Заттардың бәрі ыңғайлы, жеңіл, ықшам әрі біркелкі болды.

  • Көшпенділерге киіз үй қандай жағынан қолайлы болды? Киіз үй өте қарапайым әрі тұруға қолайлы, оны аз уақытта, шамамен, бір сағат ішінде тігуге және жығуға болады. Жүк арту үшін бір түйе немесе екі ат жеткілікті болған.

  • Киіз үй негізінен неше бөліктен құралған? 2 бөліктен: 1. жабуға арналған киізден, 2. ағаш қаңқадан құралған.

  • Киіз басу үшін қандай малдың жүні пайдаланылды? Қой.

  • Киіз үйдің ағаш қаңқасы неше бөліктен тұрады? 3 бөліктен тұрады. 1.кереге - киіз үйдің негізі, ол айқасқан қабырғаға ұқсас. 2.уық - керегеге байланған уықтар шаңырақты көтеріп ұстап тұрады. 3. шаңырақ -дөңгелек немесе конус тәрізді етіп жасалады.

  • Зерттеушілер ежелгі Қазақстанның тұрғындарының ішінде қандай тайпаларда киіз үйден басқа да кірпіш баспана түрлері болғандығын сипаттап жазған? Үйсіндерде.

  • Зерттеушілер ежелгі Қазақстанның тұрғындарының ішінде үйсіндердің баспаналарын қалай сипаттап жазған? Қыста үйсіндер кірпіш үйлерде тұрды. Сырты салынған тас немесе саман үй үлкен бір бөлмеге немесе өзара бір-бірімен жалғасқан бірнеше бөлмеге бөлінген. Мұндай төрт-бес үй ауылды құраған.

  • Көшпелілер түнде малды қамап қоятын қоршауды қайда салған? Үйдің жанында салған.

  • Көшпелілердің рулық зираттары қандай жерде орналасқан? Қоныстан біршама қашық жерде.

  • Көшпелілерде кез-келген баспананың, киіз үйдің немесе саман үйдің ортасында не орнатылған? Пеш.

  • Көшпелілер ошақты неден салған? Ошақты тастан қалап, оған тамақ пісіруге арналған қазан қондырған.

  • Көшпелілерден бізге дейін, яғни күні бүгінге дейін ошаққа байланысты қандай құрмет сақталған? Көшпелілер ошақты киелі санаған. Ошаққа мұндай құрметпен қарау қазақтарда бүгінгі күнге дейін сақталған.

  • Көшпелілер нені білуге тиіс еді? Малшылар өздері тұрған және өздерін қоршаған табиғатты түсіне білуі тиіс болды. Сондай-ақ өзен суының тасуы салдарынан малды тезірек жаңа орынға ауыстыру және ыңғайсыз жағдайда қамау үшін, жылдың қай мезгілінде судың таситынын білуі керек. Әркімнің жайылымдар мен құдықтар орналасқан жерін, көшудің қысқа да әр түрлі жолдарын білуінің маңызы зор болды.

4 -тарау

Қазақстан аумағындағы тайпалық

одақтар мен мемлекеттер.


  • Біздің еліміздің тарихында темір дәуірі қандай ғасырлар аралығын қамтиды? Б.з.б. 8 ғасырдан б.з-дың 6 ғасырына дейінгі аралықты қамтиды.

  • Темір дәуірінде қандай құрылыс одан әрі жетіле түсті? Рулық қауымдық құрылыс.

  • Адам санының өсуі, сыртқы жаудан қорғану т.б. осындай мәселелерге кімдердің көбірек араласуына әкеліп соқтырды? Ру-тайпалардың.

  • Рулардан қалай тайпалық одақтар құрылды? Рулар үлкен тайпаларға бірікті, ал тайпалардың өзара қосылуынан тайпалық одақтар құрылды.

  • Тайпалық одақтарға жататын қандай тайпалық одақтарды білесің. Оларды ата? Сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, сармат.

  • Темір дәуірінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, ру-тайпалардың ішкі-сыртқы қарым-қатынастары Қазақстан жерінде нелердің пайда болуына әкелді? Алғашқы мемлекеттердің.

  • Қазақстан жерінде алғашқы мемлекеттердің негізін қалаған тайпалық одақтарды ата? Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, сармат.


Сақтар

§ 12. Сақтардың мекендеген жері,

сақ қоғамы.


1. Сақ туралы алғашқы мәліметтер.

  • Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәліметтердің қандай екі тобы белгілі? 1.Парсы патшаларының тастағы сына жазбалары, 2.грек - рим авторларының шығармалары.

  • Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндерде қай жерді мекен еткен тайпалардың аты аталады? Қазақстанды мекен еткен тайпалардың.

  • Грек және латын тіліндегі деректердің арасынан кімдерді айтуға болады? Герадот пен Страбонды.

  • Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндерде Қазақстандағы тайпалардың аты аталады. Осындай деректерге қарағанда Грекияда, Рим империясында, Персияда, Египетте, Үндістанда кімдер туралы жақсы білгенін көруге болады? Көшпелілер туралы.

  • Сақтар - біздің заманымыздан бұрын нешінші мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар? Б.з.б. 1 мыңжылдықта.

  • Сақтар өз заманында қандай өркениетпен қарым қатынас жасаған? Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған.

  • Жалпы, сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп пікір бар. «Сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында қандай атаумен түсіндіреді? Құдыретті еркектер деп түсіндіреді.

  • Иран жазбаларында «Сақ» сөзінің мағынасын қандай атаумен түсіндіреді? Жүйрік атты турлар.

  • Ежелгі грек авторлары сақтарды қалай деп атады? «Азиялық скифтер».

  • Грек тарихшысы Герадот қай жылдар аралығында өмір сүрген? Б.з.б. 484 - 425 жылдары.

  • Грек тарихшысы Герадот сақтарды қалай атаған? Сақтарды массагет деп атаған.

  • Грек деректерінде көшпелі тайпалардың тағы да бір атауы кездеседі. Ол қандай атау? Дай (дайлар)

  • Грек тарихшылары сақтарды қалай суреттейді? Сақтар «дұшпанға - қатал, досқа- адал» болған деп суреттейді.

  • Сақтар батыр жауынгерлеріне қандай көзқараспен қараған? Жауынгерлерді ардақтап құрмет тұтқан.

  • Сақ деп аталатын тайпалардын әрқайсысының несі болған? Көсемі болған.

  • Грек авторы Ктесий: сақ әйелдері туралы қалай деп баяндайды? «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады» деп баяндайды.


2. Сақ тайпаларының қоныстануы.

  • Ғалымдар ертедегі Қазақстан тұрғындарының бір тобының қоныстарын қай жерлерде тұрғандығын анықтады? Олардың бір тобы Жетісуда, Тянь - Шань тауларында, Сырдария өзенінің орта ағысында тұрды.

  • Парсылар Қазақстанның тұрғындарын қалай атаған? Парсылар оларды шошақ бөріктілер - сақ - тиграхауда деп атаған.

  • Сақ тайпаларының екінші тобы Қазақстанның қандай жерлерінде мекендеген? Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен.

  • Парсылар Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен сақтарды парсылар қалай атаған? Сақ - парадарайа деп атаған.

  • Тиграхауда мен парадарайа сақтарының мекен еткен жерінің оңтүстігінде қоныстанған сақтар қалай аталады? Сақ - хаумаваргалар деп аталады.

  • Не себепті сақтарға хаумаварга атауы берілген? Ғалымдардың пайымдауынша мұндай атау оларға хаома сусынына байланысты берілген.

  • Тиграхауда сақтары осы күнгі қандай жерлерде өмір сүрген? Тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкент қаласы аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген.

  • Қазақстанның қандай жері «шошақ төбелі сақтардың» жиі қоныстанған орталығы болған? Жетісу алқабы.

  • Осы «шошақ төбелі сақ» деген атау ұзақ уақыт сақталып келген. Күні кешеге дейін қазақ халқы өздерін қалай деп атап келген? «Шошақ төбелі қазақпыз» деп атап келген.

  • Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде қалай деп атайды? Дайлар, аргиппейлер, исседондар.

  • Дайлар, аргиппейлер, исседондар Қазақстанның қандай аймақтарын мекендеген? Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстік өңірлерінде, Солтүстік, Орталық аймақтарында мекендеген.


3. Сақ қоғамы.

  • Ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігі орнықты. Темір дәуірінде мүлік теңсіздігі орныққанын не арқылы дәлеледеуге болады? Мұны археологиялық қазбалар мен жазба деректер дәлелдейді.

  • Сақтардың билеушісі қалай аталды? Патша.

  • Сақтардың билеушілері бірте-бірте кімдерге айналды? Құдыретті билеушілерге.

  • Сақтардың билеушілері елде қандай мәселелерді шешті? Олар соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті, келісімдер жасасты, елшілер тағайындап, әскерді басқарды.

  • Сақ патшасының билігін мұрагерлік арқылы кімге қалдырып отырды? Баласына.

  • Сақтарда халықтың басым көпшілігін кімдер құрады? Қатардағы қауымдастар - малшылар құрады.

  • Сақтарда кімдердің жиналысының рөлі күшті еді? Тайпаның барлық ересек ер адамдардың. Ол көсемдерге де ықпал жасады.

  • Халық жиналысының, яғни тайпаның барлық ересек ер адамдары жиналысының рөлі көсемдерге де ықпал ете бастаған кезі. Бұл кезенде қандай оқиға болды? Бұл алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, әскери демократияның пайда бола бастаған кезі болатын.

  • Сақтарда тайпа мүшелері өз жиналыстарында кімдерді сайлады? Тайпа көсемін.

  • Сақтарда тайпа көсемі қандай қызмет атқарды? Қолбасшылық қызмет.

  • Сақтарда тайпа көсемі елде қандай мәселелер атқарды? Тайпалар мен рулардың арасындағы даулы мәселелерді шешті, қақтығыстарды реттеп отырды. Көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалап, тайпа атынан келіссөздер жүргізіп отырды, жайылым және көші-қон мәселесін реттеді. Жер бөлісімен айналысып, оны пайдалану жолын белгіледі.

  • Сақ қоғамы неше топтан тұрды? 3 топтан. 1. жауынгерлер, 2. абыздар, 3. малшылар мен егшіншілер.

  • Жауынгерлерді ежелгі үнді - ирандық тілінде «ратайштар» деп атаған. Бұл атау қандай мағына береді? Яғни «арбада тұрғандар».

  • Сақтарда абыздардың танымал белгісі болып нелері саналды? Тостаған мен айрықша бас киімдері саналды.

  • Малшылар мен егіншілердің «сегізаяқты» деп аталатындары да болған. Бұл атау қандай мағана береді? Бұл соқаға жегетін екі өгізі барлар дегенді білдіреді.

  • Сақ жауынгерлері қандай түсті киімдер киген? Қызыл және сары-қызыл түсті.

  • Абыздар қандай түсті киімдер киген? Ақ түсті.

  • Сақтарда малшылар мен егіншілер қандай түсті киімдер киген? Сары мен көк түсті.

  • Сақ қоғамында әйелдердің рөлі қандай болған. Сақтар әйелдерге қандай көзқараспен қараған? Сақтар әйелдерін құрметтеп, қастерлеген, сыйлаған. Сақ әйелдері тайпа көсемі болып та сайланатын.

  • Сақтарда ел басқарған әйел патшайым кім? Томирис.

  • Сақтардың ежелгі деректерінде сақ жігіті сақ қызына үйлену үшін әуелі кіммен күш сынасу керек болды? «Егер сақ жігіті қызға үйленгісі келсе, онымен әуелі күш сынасуы керек. Қыз жеңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептеліп, оған толық тәуелді болады. Тек жеңген жігіт қана өз билігін жүргізе алады» деп жазды.

  • Сақтарда тайпа өміріндегі маңызды оқиғаларды қарайтын халық жиналысына кімдер қатысуға құқылы болды? Ерлер мен әйелдер.

  • Гректер сақтарды қандай халық деп есептеген? Гректер сақтарды аса жоғары құрметтеп, оларды әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық деп есептеген.

  • Сақтарда ақсүйектер мен қарапайым қауымдастарды жерлеу айырмашылықтары көзге бірден түседі. Бұл қоғамдағы ненің айқын көрінісі? Бұл қоғамдағы мүліктік теңсіздіктің орныққаның айқын көрінісі.

  • Сақтарда жер мен суды және руларға жайылымдық жерлерді пайдалануды кімдер реттеп отырған? Тайпа көсемдері.

  • Сақтарда жаңа орынға - көшіп қонуды кім басқарған? Ру ақсақалдары.

  • Ежелгі грек географы Страбонның айтуынша сақтар туралы қандай сипаттама берген? Сақтар жақсы шабантоз болған. Олар «садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген».


§13. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.


1. Сақтардың тұрмысы.

  • «Тарихтың атасы» атанған Герадот сақтар туралы қандай мәлімет жазып қалдырған? «Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді, сүт ішеді деп жазған.

  • Сақтардың көпшілігі қандай шаруашылық түрімен айналысқан? Көшпелі мал шаруашылығымен.

  • Сақтар неше доңғалақты арбалармен көшіп қонған? Екі, төрт, алты доңғалақты арбалармен.

  • Сақтар көшу барысында неше жұп өгіз немесе ат, түйе жегіп, көшіп қонған? Екі немесе үш жұп.

  • Сақтарда көшу барысында ер адамдар ат үстінде, ал әйелдер мен балалар және қарт адамдар қайда отыратын? Киізбен жабылған арбада отыратын.

  • Мал өсіретін көшпелі сақтардың неше доңғалақты арбаға орнатылған киіз үйлері болған? Төрт және алты.

  • Герадоттың жазуынша, сақтар қыс кезінде неден жасалған үйлерде тұрған? Ағаштан жасалған үйлерде тұрған. Қатты суық кездерде ағаш үйлер қалың ақ киізбен жабылған. Сақтардың шикі кірпіштен жасалған үйлері де болған, алайда үнемі көшіп - қонып жүргендіктен, олар бұл үйлерде ұзақ тұрақтамаған.

  • Сақтар аңшылыққа және соғысқа арнап күймелер де жасаған. Бұл күймелер несімен ерекшеленген? Бұл күймелер екі доңғалақты және доңғалақтары құрылысының әр түрлі болуымен ерекшеленген.

  • Сақтар соғыс күймелеріне көбіне қандай жануарларды жеккен? Көбіне аттар жегілген.

  • Сақтарда жүк арбаларына қандай жануарларды жеккен? Қос ат немесе түйе жеккен.


2. Сақтардың шаруашылығы.

  • Сақтардың негізгі шаруашылығы не болды? Мал шаруашылығы.

  • Сақтар қандай мал түрлерін өсірген? Сиыр, қой, түйе, жылқы.

  • Сақтар төрт түлік малдан қандай өнім алған? Олар бұл малдардың етімен, сүтімен тамақтанып, терісі мен жүнін күнделікті тұрмыста пайдаланған.

  • Сақтар өмірінде қандай малды өсіру маңызды орын алды? Жылқы мен қой.

  • Сақтар өмірінде жылқы мен қойдың қандай ерекшелігі болды? Жылқы мініс көлігі ретінде тиімді болса, ал қой етті, жүнді көп беретін түліктің бірі. Киіз басу, арқан есу және жіп иіру үшін қойдың жүні пайдаланылды.

  • Сақтар қандай қойларды көп өсірген? Құйрықты және биязы жүнді қойларды.

  • Шөл және шөлейт жерлерді мекендеген сақ малшылары қандай малды өсірген? Өркешті түйе өсірген.

  • Шөл және шөлейтті аймақты мекендеген сақтар үшін түйенің қандай ерекшелігі болды? Себебі түйе ыстық-суыққа, шөлге төзімді келеді. Көшкенде түйені күш-көлік ретінде қолданған.

  • Сақтар түйеден қандай өнім алған? Түйенің етін жеп, сүтін (шұбат) ішіп, жүнін, терісін пайдаланған.

  • Сақтар қандай малды аз өсірді? Жемшөпті көп қажет ететін ірі қара малды.

  • Сақтар біразы мал шаруашылығымен бірге тағы қандай шаруашылық түрімен айналысты? Егіншілікпен.

  • Археологтар қазіргі Қызылорда облысындағы Шірік - Рабат деген малшылар қоныстарының маңынан ненің іздерін тапты? Суару каналдарының.

  • Шірік-Рабат нешінші ғасырлар аралығына жататын ежелгі қалашық? Б.з.б. IV-б.з-дың XIII ғасырларына жататын ежелгі қалашық.

  • Сақтардың б.з.б. II - III ғасырлардағы қазылған арықтар орны Қазақстанның қай қалаларының маңынан кездесті? Алматының маңындағы Талғар қаласының жанынан және қазыргі Жамбыл облысының аумағынан да кездесті.

  • Сақтарда бірте-бірте отырықшы тұрғындардың қоныстары көбейіп нелер пайда бола бастады? Қалалар.

  • Сақтарда отырықшы тұрғындардың көбейуіне байланысты нелер дамыды? Қолөнер мен сауда.


3. Ертедегі темір өндіру.

  • Адамзат баласы тарихының ежелгі кезеңі нешеге бөлінеді? 3-ке 1.тас дәуірі, 2.қола дәуірі, 3.темір дәуірі.

  • Ежелгі заман тарихын тас, қола, темір деп аталған дәуірлерге бөлу неге негізделеді? Адамзат тарихыны бұлай бөлу осы аталған кезеңдердегі құрал - саймандардың қандай заттан жасалғандығына байланысты. Мысалы тас құралдар пайдаланған кезең - тас дәуірі. Қола құралдар өндіріске енген кезең - қола дәуірі. Ал адам баласы темірді ойлап тауып, одан құрал жасамаған кезеңді темір дәуірі дейді.

  • Темір құралдардың қола және мыс құралдарға қарағанда қандай айырмашылығы болды? Темір құрал-саймандар пайда болғаннан бастап еңбек өнімділігі ерекше өсті. Өйткені темір құралдар тас және қола құралдарға қарағанда әлдеқайда өткір, төзімді болып келді.

  • Темір көбіне жер бетінде қандай күйінде кездеседі? Табиғи темір жердің бетінде өте сирек кездеселді. Тек метеориттен пайда болған темір ғана балқыма күйінде ұшырасады.

  • Ертеде адамдар темірді балқыту үшін қандай тәсілді қолданған? Ертеде темір қарапайым тәсілмен, пеш-көрікпен өндірілетін. Ол үшін тастан не шикі саз балшықтан пеш салды.

  • Ертедегі адамдардың қарапайым көрікпен пештің ең жоғары температурасын көп дегенде неше градусқа жеткізуге болатын еді? 1200 градусқа.

  • Кен тасы ұнтақтарынан балқыған темір алу үшін кемінде неше градус температура қызу қажет? 1530 градус.

  • Ертедегі адамдардың 1200 градусқа ғана қыздыра алатын қарапайым пеш-көрік арқылы қандай темір алуға мүмкіндік болды? Мұндай қарапайым пештерден темірдің шала қорытылған шикі қиыршықтарын ғана бөліп алуға мүмкіндік болды.

  • Адамдар пеш-көрікпен балқытылған пештен сом темірді қалай алған? Шикі темір қиыршықтарын оттан алып, қып-қызыл шала балқыған күйінде төске салып, балғамен соғып, біріктіріп, шындап, сом темір алған.


Қосымша оқуға арналған материалдар

Геродоттың «Тарихынан» үзінді

  • Герадотты тарихтың атасы деп атаған кім? Цицерон.

  • Герадоттың тарихы б.з.б. нешінші ғасырда жазылған? б.з.б. V ғасырдың 40 - жылдарының соңы мен 30 - жылдарында жазылған.

  • Массагеттердің киімі мен өмір сүру дағдысы кімдерге ұқсас? Скифтерге.

  • Массагеттер соғыстын неше тәсілін терең меңгерген? 2 тәсілін. 1.ат үстінде, 2.жаяу да соғысқан.

  • Массагеттер найзаның ұшы, жебе және қылышты қандай металдан жасаған? Мыстан.

  • Массагеттер соғыста қандай қару түрлерімен қаруланған? Найза, қылыш, және садақпен.

  • Массагеттер садақ атуды қалай меңгерген? Олар садақты жақсы атады, бәрі шетінен құралайды көзінен тигізетін мерген келеді.

  • Массагеттердің бас куиімдері мен белдіктері, ер тұрмандары қандай металмен әшекейленген? Алтынмен.

  • Массагеттер аттардың сауытын қандай металдан жасаған? Мыстан.

  • Массагеттер не себепті темір мен күмісті пайдаланбаған? Себебі бұл металдар олардың елінде өте аз, ал алтын мен мыс керісінше өте көп.

  • Массагеттер қандай шаруашылық түрімен айналыспайды? Егін шаруашылығымен.

  • Массагеттер күнделікті өмірде немен қоректенеді? Үй малдарын және өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді.

  • Массагеттер құдайлардың арасынан неге табынады? Күнге табынады.

  • Массагеттер құрбандыққа қандай жануарды шалады? Жылқы.

  • Массагеттердің күнге табынып, құрбандыққа жылқыны шалудың мәні неде? «Құдайлардың жүйрігі күн болса, жануарлардың жүйрігі жылқы» дегенге саяды.


Страбонның «Географиясынан» үзінді

  • Страбон кім болған? Ежелгі грек тарихшысы және географы.

  • Страбон қай жылдар арасында өмір сүрген? Б.з.б.64 жыл - б.з-дың 24 - жылдары шамасында өмір сүрген.

  • Географияның авторы Страбонның кітабында қандай құнды мәліметтер келтірілген? Кавказ бен Орта Азиядағы ежелгі халықтар мен тайпалар туралы.

  • Скифтерді Каспий теңізінен бастап көбінесе кімдер деп атайды? «Дайлар»

  • Скифтердің шығысында орналасқан тайпалар қалай аталады? Массагеттер мен сақтар.

  • Массагеттер мен сақтардан басқа тайпаларды ортақ атпен қалай атаған? Скифтер.

  • Массагеттер мен сақтардан басқа тайпаларды ортақ атпен скифтер деп аталғанмен олардың арқайсысының өз несі бар? Өз атауы бар.

  • «Массагеттер, скифтер, сақтар» - осылардың барлығы кімдер? Көшпенділер.

  • Массагеттер кімдерге қарсы соғыста өздерінің ержүректілігін көрсетті? Кирге қарсы соғыста.

  • Массагеттер құдай деп күнді есептейді және күнге арнап құрбандыққа қандай жануарды шалады? Жылқыны.

  • Массагеттер қандай қарулармен қаруланған? Садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киеді.

  • Массагеттер қандай жауынгерлер? Олар ат құлағында ойнайды және тамаша жаяу жауынгерлер.

  • Массагеттер шайқас кезінде беліне не тағады? Алтын белдік.

§14. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.


1. Кир әскерінің басып кіруі.

  • Б.з.б. 530 жылы сақ жеріне кім басып кірді? Кир бастаған парсы әскерлері.

  • Б.з.б. 530 жылы парсы патшасы Кир бастаған әскерлер сақ жеріне басып кіргенде сақтардың билеушісі болып елді кім басқарып тұр еді? Томирис.

  • Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін кімге жібереді? Сақтардың билеушісі Томириске.

  • Рим тарихшысы Помпей Трог сақ билеушісі Томирис туралы не деп жазады? Томирис «әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ» деп жазады.

  • Томирис Кирдің жіберген елшісіне қалай жауап қайтарады? Сақ патшайымы Томирис келіссөз жүргізуден бас тартады.

  • Сақ патшайымы Томиристің келіссөз жүргізуден бас тартқанын естіген парсы патшасы Кир жауап ретінде қандай амал қолданады? Кир сақтардың жеріне басып кіреді.

  • Өз жерінде соғысуға қолайлы деп есептеген Томирис парсыларға неден өтуге мүмкіндік береді? Өзеннен (окстен).

  • Кир әскерін өзеннен өткізіп, біршама жер жүргеннен кейін келесі күні ол сақтарға қарсы қандай қулық ойлайды? Әдейі қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сыңай танытты.

  • Кирдің лагерін тастап қаша бастағанын көрген патшайымның баласы Спаргапис қандай амал қолданды? Спаргапис жаудың соңынан қуды.

  • Спаргапис жаудың соңынан қуып, тәжірибесіз жас болғандықтан, неге түсіп қалды? Торуылға түсіп қалды.

  • Томирис баласының торуылға түсіп қайтыс болғанын естіп не істейді? Томирис көп әскермен Кирге қарсы аттанады.

  • Сақ патшайымы Томиристін баласының аты кім? Спаргапис.

  • Герадот сақтар мен парсылар арасындағы соғысты қалай сипаттайды? «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі».

2. Шырақтың ерлігі.

  • Кир қайтыс болғаннан кейін неше жыл өткен соң б.з.б 519 жылы парсылар қайта шабуыл жасайды? 11 жыл өткен соң.

  • 519 жылы сақтарға қарсы жорықты парсы патшасы кім бастап келеді? Дарий патша.

  • «Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым» деген Дарийдің сөздері кімнің жазбаларында айтылады? Бехистун жазбаларында.

  • Парсылар патшасы Дарий мен соғыста сақтардың көсемі болып кім басқарды? Скунха.

  • Парсы патшасы Дарий тұсында сақтарды жеңіп, парсы әскері қай жерден өтеді? Сырдариядан.

  • Сақтар мен парсылар арасындағы соғыстағы Шырақ есімді сақ жауынгерінің таңғажайып оқиғалардың бірін суреттеген кім? Полиэн.

  • Шырақ есімді бір сақ парсыларды қандай айламен алдап, адастырып, сусыз шөлге апарып парсының шапқыншылық әскерін шөлден қырады? Шырақ өзінің денесін пышақпен өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетіп парсы әскерлерін сақтарға бастап барамын деп алдап оларды адастырып, сусыз шөлге апарып айласын іске асырады.

  • Парсы патшасы Дарий көптеген әскерінен айырылып, одан әрі соғыса алмай қайда қайтуға мәжбүр болды? Персияға.

  • Сақтар парсылармен соғыста кім сияқты жауынгердің арқасында өз тәуелсіздігін сақтап қалды? Шырақтың арқасында.

  • Сақтар мен парсылардың арасындағы ұзақ жылғы соғыстың аяғы немен иаяқталды? Сақтар алым-салық төлеп, парсылармен бірігіп соғысуға өз әскерін жіберіп тұрды. Мысалы, б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында парсы әскерінің құрамында гректерге қарсы сақ жауынгерлері соғысты. Сақтар парсы әскерлерімен қосылып, Египеттегі, Грекиядағы соғыстарға қатысты.



3. Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.

  • Б.з.б. қай жылдары гректер сақ жеріне қауып төндірді? Б.з.б. 4 ғасырда.

  • Александр Македонскийдің қазақша аты? Ескендір Зұлқарнайын.

  • Александр Македонский бастаған грек әскерлері Орта Азияға басып кіріп, Қазақстанның қай өңіріне қарай аттанады? Сырдария өңіріне қарай.

  • «Жеңілмейтін әскер» атанып келген Александрдың қалың қолына қарсы тұрған гректердің жылжуына кедергі жасаған тайпаны ата? Сақ тайпалары.

  • Грек - македон басқыншыларына қарсы күресте, сақ тайпасын кім басқарды? Спитамен.

  • Спитамен македон әскеріне қарсы неше жыл бойы партизан соғысын жүргізді? 3 жыл бойы.

  • Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазған ежелгі грек тарихшысы кім? Арриан.

  • Сақтар грек гарнизоны орналасқан қазіргі қай жерді қоршауға алды? Маракананы - қазыргі Самарқанды.

  • Сақтар грек гарнизоның яғни қазіргі Самарқанды қоршауға алғанда Макидонский көмекке кімдерді жіберді? Әскерлерін.

  • Спитамен грек әскерін көргенде не істеді? Спитамен шегінген сынай танытты.

  • Гректер қорқып қашқан көшпенділердің соңынан қуа жөнелгенде, сақтардың билеушісі Спитамен қандай амал қолданды? Спитамен кері бұрылып шабуылға шықты. Гректер өзендегі кішкентай аралға қарай қашты.

  • Гректердің кішкентай аралға қашқанын көрген скифтер мен Спитаменнің атты әскері оларға қарсы қандай амал қолданды? Гректерді қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды.

  • Гректер мен сақтардың арасындағы оқиғаларды суреттеп жазған грек тарихшысы кім? Арриан.

  • Кейбір деректерге қарағанда сақтар мен гректердің арасындағы соғыста Александр Македонскийге сақ сарбазының оғы қай жеріне тиіп жараланады? Санынан тиіп жараланады.

  • Сырдарияның арғы жағын мекендейтін сақтар Александр Македонскийдің қай жаққа қарай жүретін жолын бөгеп тастады? Шығысқа.

  • Рим тарихшысы Помпей Трог б.з. қай ғасырында өмір сүрген? Б.з. 1 ғасырында.

  • Рим тарихшысы Помпей Трог кімдердің арасындағы шайқас туралы оқиғаны жазып суреттейді? Томирис пен Кир туралы.



§15. Сақтардың мәдениеті.


1. Сақтардың мәдени мұралары.

  • Сақтардың көптеген ескерткіштері Қазақстанның қай аймақтарынан кездеседі? Олар Сырдария, Талас, Шу, Іле, өзендерінің бойында, Алатау бөктерінде, Қырғыстан жерінде кездеседі.

  • Сақ обаларынан табылған бұйымдар қай жердің ғалымдары айтқан мағлұматтарды дәлелдейді? Ежелгі грек ғалымдары айтқан.

  • Археологтар Қызылордадан қанша шақырым жерде орналасқан Шірік-Рабат қаласына қазба жұмыстарын жүргізді? 300 шақырым.

  • Шірік - Рабат қаласы қандай жерде орналасқан? Қыратта орналасқан.

  • Шірік - Рабат қаласының орталығында күзет мұнаралары бар не салынған? Қамал (цитадель) салынған.

  • Шірік - Рабат қаласының қамалдары немен қоршалған? Қалың қабырғалармен.

  • Археологтар цитадель орталығынан қандай бұйымдар тапты? Жебенің қола ұштарын, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар тапты.

  • Қаланың орталығы яғни цитадельден табылған заттар б.з.б. қай ғасырларға жатады? Б.з.б.4-2 ғасырларға.

  • Археологтар қазба жұмыс жүргізген сақтардың тағы бір қаласының аты? Бәбіш - Молда.

  • Бәбіш - Молда қаласының айналдыра қоршалған нелері болған? Қаланың қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары болған.

  • Археологиялық деректерге қарағанда Бәбіш - Молда қаласының тұрғындары қандай шаруашылық түрімен айналысқан? Егіншілікпен.

  • Бәбіш - Молда қаласынан ненің қалдықтары табылған? Қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған.

  • Сақтарда өнердің қандай түрі жақсы дамыған? Қолөнер ісі.

  • Қолөнер шеберлері қауым мүшелеріне қандай бұйымдар жасады? Қажетті бұйымдарды.

  • Зергерлер нелер жасаумен айналысты? Алтын күмісті балқытып, қалыпқа түсірумен айналысты. Олар аттың ертұрманы мен тұрмыстық мүліктерді әшекейлеп, асыл тастардан көз салынған алқа, сақина-сырғалар, өңіржиектер мен әсем белдіктер жасаған.

  • Ұсталар нелер жасаумен айналысты? Олар қару-жарақ соқты, ағаштан әртүрлі бейнелер мен әшекейлер ойып, оларды алтынмен қаптаған.

  • Сақтарда ағаш оюмен қатар тағы басқа қандай қолөнер түрі дамыған? Ілгек, таға, түйме, сияқты заттарды жасайтын сүйек өңдеу қолөнері де дамыған.


2. «Аң стилі».

  • Б.з.б. қай ғасырдан бастап далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу - аңдық стиль пайда болды? Б.з.б. 7 ғасырдан бастап.

  • Аңдық стильдің негізгі тақырыбы не? Аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу.

  • «Аңдық стиль» өнері қандай сипатта қолданылады? Сәндік сипатта.

  • Адамдар аңдық стильді қолдана отырып қандай заттарды әшекейлеген? Әртүрлі бейнелермен қола қазандар, құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.

  • «Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар қай жерге барған жорықтарында танысты? Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты.

  • Алдыңғы Азия мен Иран сияқты жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады. Бұл ұғым жергілікті қандай жануарлар мен аң-құстардың бейнесіне ауысты? Жылқы, қой, бұғы, ақбөкен, барыс, жолбарыс, бүркіт, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты.

  • Аталған жануарларды тек сәндік үшін бейнелеген жоқ, сақтар бұған өзіндік не берді? Мән - мағына, мазмұн берді.

  • «Аң стилі» өнерінің негізгі адамның әртүрлі жануарлардан шыққаны туралы немен байланысты екендігі аңғарылды? Ежелгі аңыздарда сақталған түсініктермен байланысты екендігі аңғарылды. Әрбір ру, тайпа өзінің шыққан тегін әртүрлі аңдармен байланыстырған және оларды өздерінің қасиетті тұмары санаған.


3. Бесшатыр қорымы.

  • Бесшатыр қорымы қай жерде орналасқан? Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан.

  • Бесшатыр қорымы неше обадан тұрады? Үлкен, орташа, шағын 31 обадан тұрады.

  • Бесшатыр обалары немен жабылған? Қиыршық тас және топырақ үйінділерімен жабылған.

  • Бесшатыр обалары неше шақырым аймақты алып жатыр? Солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 шақырым, ал шығыстан батысқа қарай 1 шақырым аймақты алып жатыр.

  • Үлкен Бесшатыр обасын ғалымдар кімдердің қорғандары деп атайды? «Патша» қорғандары.

  • Ғалымдар не себепті Үлкен Бесшатыр обасын патша қорғаны деп атаған? Себебі бұл обаларда патша сияқты ең беделді, ең даңқты адамдар жерленген.

  • Үлкен Бесшатыр обасын үйер алдында оның жер бетіндегі шеңберлі табанына не төселген? Жағалай тығыз етіп, жалпақ тастардан бірнеше қабат тас төсеніш төселген.

  • Үлкен Бесшатыр обасының үйіндісінің айналасынан неше метр қашықтықтан тас дуал өтеді? 5 -7 метр қашықтықтан.

  • Үлкен Бесшатырдан 5 - 7 метр қашықтықтағы тас дуалдың маңайына қандай құрылыстар салынған? Ірі тас бағандар (менгирлер) орнатылған және үлкен қойтастардан қоршау түрінде дөңгелек құрылыстар салынған.

  • Үлкен Бесшатыр обалары маңайындағы ірі құрылыстардың ішіндегі тік тұрған кейбір тас бағандарға қандай ру-тайпалардың таңбалары қашалып салынған? Қазақ ру-тайпаларының.

  • Бесшатырда неше үлкен оба бар? 3 үлкен оба бар. Олар 1, 3, 6, Бесшатыр обалары.

  • Бірінші Бесшатыр обасының диаметрі 52 метр, ал биіктігі неше метр? 7,6 метр.

  • Бірінші Бесшатыр обасы қандай материалдан жабылған? Бұл оба таспен жабылған және тастар неғұрлым тығыз қаланған. Тас жамылғының үстіне топырақ және қиыршық тастардан оба үйілген. Сағана жер бетінде орнатылған. Сағананың қабырғасы 16 қатар бөренеден қиып салынған.

  • Бесшатыр сағанасы неше бөліктен тұрады? 3 бөліктен. 1. Дәліз ( дромос ), 2. алдына кірер ауыз, 3. жерлеу бөлмесі.

  • Бесшатыр обасынан қандай заттар табылған? Ақинақтар, қола ұшты жебелер, темір пышақтар, шаш түйрегіштер, ақық моншақтар табылған.

  • Бесшатыр обасынан табылған заттарға талдау жасап б.з.б. нешінші ғасырға жатады деп айтуға болады? 5 - 4 ғасырға.

  • Жетісу сақтарының үлкен обаларымен қатар кіші обалары да көп зерттелді. Бұларды ғалымдар кімдердің қабырлері деп есептейді? Қарапайым сақтардың.

  • Ұсақ обалар қандай үйіндіден тұрады? Қиыршық тас, кейде малта тас араласқан топырақ үйіндіден тұрады. Қабыр жер астынан қазылады.

  • Сақ дәуірінің бастапқы кезінде қола дәуіріндегі сияқты мәйітті қалай жерлеген? Тас сандықшаларға, кейінірек жер қабырге жерлеген. Қабыр үстін көбінесе ағашпен жапқан.


4. «Алтын киімді адам».

  • Алматының күншығыс жағында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайындағы жазықта нешеден астам оба орналасқан? 40- тан астам.

  • Іле Алатауының баурайындағы жазықта 40-тан астам оба орналасқан. Соның ішінде «Есік обасы» да бар. Оның диаметрі 60 метр, ал биіктігі қанша метр? 6 метр.

  • Есік обасының үйілген топырақ құрылымы қалай сипатталады? Үйілген топырақ құрылымы айқын емес, бірақ көп қабаттан тұратыны байқалады. Малта тас қабаты қиыршық-сазды қабатпен ауысып отырған. Үйінді орталық және бүйірдегі екі қабырден тұрады. Орталық қабыр бірнеше рет тоналған. Ал бүйірдегі қабыр тонауға ұшырамай, сол күйінде сақталған.

  • Есік обасынан табылған бүйірдегі қабырдың іш құрылысы қалай сипатталған? Қарағайдан қиып, қиюластырып салынған төртбұрышты кішкене ағаш үй сияқты. Оның ішкі көлемі: ұзындығы 2 метр 90 сантиметр, ені 1 метр 50 сантиметр, биіктігі бір жарым метрге жуық. Еденіне бір-бірімен қиюластырылған 10 тақтай төселген.

  • Есік обасынан табылған бүйірдегі қабырды зерттеуші ғалымдар адамды жерлемес бұрын қабырдың ішін қалай көмкерлегенін сипаттаған? Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, еденге әр жеріне уақ алтын түймеше, қапсырмалар тігілген үлкен мата төселген. Содан соң сол төсеніштің үстіне киімі басынан аяғына дейін алтын түймешелер, қаптырмалармен қапталған мәйіт жатқызылған.

  • Есік обасынан табылған адамға қандай киім кигізіп жерлеген? Жерленген адамға мерекелік, салтанатты киім кигізілген.

  • Есік обасынан табылған адамның қабырын қандай заттармен қоса жерлеген? Мәйіт қаруымен жерленген. Оң жағына, бел тұсына ағаш қыны бар семсер қойған. Беліндегі белдікке ағаш қынды қанжар - ақинақ ілінген. Белдік аң, жануар бейнелері салынған алтын ұшты жебе, одан жоғарырақ сабы жалпақ алтын таспамен бунақтала оралған қамшы, шағын жібек қоржын жатыр. Қабырдың ішінен басқа да көп алтын түймешелер, алтынмен қапталған қола теңгелер табылды. Олардың ұзын саны 4000-нан аса.

  • Есік басындағы қабырден қыштан, ағаштан, металдан жасалған ыдыстар табылды. Арасынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша шықты. Бұл жазудың сырын ғалымдар әзірге аша алмай отыр. К. Ақышевтың пікірінше бұл жазу кімдердің өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді? Сақтардың.

  • Сақтың киімі қандай бейнелермен әшекейленген? Алтын тоғалар мен жапырақшалар, жылқы, барыс, тауешкі, құс күйіндегі және қиял-ғажайып мүсіндермен әшекейленген.

  • Сақтардың киімі күн көзі мен ай жарығында қандай сауытқа ұқсайды? Жарқ-жұрқ ететін сауытқа ұқсайды.

  • Тәж киген адам бейнеленген мөр-жүзік қандай қорғаннан табылған? Есік қорғанынан.

  • Антропологтардың анықтауынша, Есік обасында жерленген адам неше жас шамасындағы сақ ханзадасы? 17-18 жас шамасындағы.

  • Есік қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына қарап, бұл мәйіт қандай атпен аталды? «Алтын кйімді адам» деп аталды.

  • «Алтын киімді адам» сақ мәдениетінің бірегей үлгісі, жауынгер сақ тайпалары қандай халықтың негізін қалаған? Қазақ халқының негізін қалаған.


Қосымша оқуға арналған материал.

  • Сақтар адамды жерлеуге қандай табыт жасаған? Бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып саркофаг табыт жасаған.

  • Сақтар обаны неше қабат етіп тұрғызған? Бірнеше қабат етіп тұрғызған. Бірінші қабаты - 2 метрге дейін ірі тастар, келесі - ұсақ тастар және топырақ. Оның қалыңдығы 13 метр. Олардың үстіне қалыңдығы 2-3 метр болатын тас үйілген.

  • Жоғарыда аталған обаның айналасына нелер салынған? Обаның айналасына тас дуал салынды. Тас дуалдың маңайына ірі тас бағандар (менгирлер) орнатылды. Обаның іргесінен сағанаға жер астымен келетін арнайы жол дромос жасалды.

  • Сақ дәуірі археологиялық ескерткіштері негізінен алғанда не түрінде кездеседі? Оба түрінде.

  • Жетісуды мекендеген сақтардың обаларын көлемі жағынан неше түрге бөлуге болады? Үш түрге. бірінші-үлкен обалар, Екінші түрі-орташа обалар, Үшінші -кіші обалар.

  • Үлкен обаның шеңберлерінің диаметрі 48 метрден 104 метрге дейін, ал биіктігі неше метр? биіктігі 7 метрден 20 метрге дейін болады, яғни алты қабат үйдің биіктігіндей екен.

  • Ортаншы обаның диаметрі 30 метрден 45 метрге дейін, ал биіктігі неше метр? Биіктігі 2 - 6 метр.

  • Кіші обалардың диаметрі 6 - 18 метр, ал биіктігі неше метр? Биіктігі 50 сантиметрден бір метрге дейін.

  • Обалардың көлемі мен биіктігінің әр түрлі болуының өзіндік мәні неде? Обалардың үлкен, орташа, кіші болуы онда жерленген адамның бедел-даңқына, әлеуметтік-қоғамдық орнына байланысты. Мұны былай түсіну керек. Даңқы шыққан тайпа көсемдерін, аса белгілі адамдарды көлемді, зәулім обаларда жерлейтін болған.


§16. Үйсіндер тарихы, орналасқан жері.


  • Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер негізінен қай жерлерде шоғырланған? Жетісуда.

  • Жетісудың үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері нешінші ғасырларға дейінгі аралықты қамтиды? Б.з.б.3 ғасырдан б.з-дың 4 ғасырына дейінгі аралықты қамтиды, яғни бұл мәдениет 700 жылдай уақыт өмір сүрген.

  • Үйсіндер б.з.б. нешінші ғасырлар аралығында өмір сүрген? Б.з.б. ғасыр мен б.з.-дың 4 ғасыры аралығында өмір сүрген.

1. Үйсіндердің орналасқан жері.

  • Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін қандай тайпалар мекендеген? Үйсін тайпалары.

  • Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі үйсіндер қандай жерлерге өз іздерін қалдырған? Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай тауы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз ізін қалдырған.

  • Үйсіндер қандай халықтың қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады? Қазақ халқының.

  • Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.б. нешінші ғасырлардан бастап кездеседі? Б.з.б. 2 ғасырдан.

  • Үйсін атауы қытай жазбаларында қандай болып бейнеленеді? «Ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.

  • Үйсіндердің бір кездерде тұрған жерлері қандай аймақтарды алып жатқан? Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы, батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек.

  • Үйсіндердің ордасы, яғни астанасы рөлін атқарған қандай қала? Қызыл Аңғар (Чигучен не чигу) қаласы.

  • Үйсіндердің астанасы Чигучен яғни, Қызыл Аңғар қаласы Қазақстанның қандай аймағында орналасқан? Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасқан.

  • Жетісу жерінде үйсін қорымынан алынған бас сүйектер - антропологиялық жағынан қандай нәсілге жататыны анықталды? Антропологиялық жағынан еуропеоидтар. Бірақ олардың бет пішіндерінде моңғолоидтық белгілері де аңықталған.


2. Үйсіндер туралы жазба деректер.

  • Ертедегі қытай деректерінде көрсетілгендей, үйсіндер қандай шаруашылық түрлерімен шұғылданбайды, тек шөбі мен суы мол жерлерді тандап, малмен бірге бір орыннан екінші орынға көшіп жүреді деп сипатталған? Үйсіндер егіншілікпен де, бау-бақшамен де шұғылданбайды.

  • Үйсіндердің тұрған жерлері, яғни табиғаты қалай суреттелген? «Жерлері тегіс, шөптесін, жаңбырлы әрі суық келеді. Тауларында қылқан жапырақты ағаш көп өседі».

  • Өкінішке орай үйсіндердің қандай жағынан әлі де толық дерек жоқ? Үйсіндердің мәдениеті, тілі мен жазуы жөнінде әлі де толық дерек жоқ.

  • Үйсіндердің басшысын қалай деп атаған? «Гуньмо»

  • Шанью кімдердің билеуші? Сюннулардың.

  • Үйсіндердің шығу тегі туралы жазған қытай тарихшысы кім? Сыма-Цянь.

  • Қытай тарихшысы Сыма-Цянь үйсіндердің шығу тегі туралы қандай мәлімет жазып қалдырған? «Гуньмоның әкесі сюннудың батыс шекараларындағы шағын патшалықты билеген. Сюнну Гуньмоның әкесіне шабуыл жасаған кезде Гуньмо туған, әкесі оны далаға тастап кеткен. Тұмсығымен ет тістеген қарғалар оның үстінде айналып ұшып жүрді, ал қасқырлар оны емізген. Шанью бұған таң қалып, Гуньмоны ғажайып нәрсе санап, оны тәрбиелеп өсірді».

  • Үйсіндер өзімен көрші жатқан қандай ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған? Қытай сияқты ірі елдермен.

  • Алғашында үйсіндер қай тайпаға тәуелді болған, кейін күшейген соң олардың қол астында болуды қаламады? Ғұндардың.

  • Үйсіндер шығысында қай Ғұндармен, солтүстік-батысында Қаңлымен, батысында Дауаниямен, ал оңтүстігінде қандай тұрақты иеліктермен араласып тұрды? Әр түрлі.

  • Деректерде үйсіндердің үлкен гуньмосы қандай қалада тұрады деп жазған? Чигу қаласында.

  • Деректерде үйсіндердің Чигу қаласында қанша мың адам тұрады деп жазады? 630 мың адам.

  • Деректерде үйсіндердің әскері қанша мың жауынгерден құралған деп жазады? 188800.


3. Қоғамдық құрылысы.

  • Үйсіндер қандай дәрежеде өмір сүрген тайпалар? Мемлекеттік дәрежеде.

  • Үйсіндерде «Усунго», «Синго» сөздері қандай ұғымды білдірген? Көшпелі мемлекет деген ұғымды.

  • Үйсіндердің қоғамдық құрылысы туралы ақпаратты қандай деректерден табамыз? Қытай деректерінен.

  • Үйсіндер басшысы гуньмоға не деп аталған жеке тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары бағынды? «Бек» деп аталған.

  • Үйсіндерде жылжымалы мүлікке не жатқызылды? Мал жатқызыды.

  • Үйсіндерге жылжымайтын мүлікке не жатқызылды? Жер жатқызылды.

  • Үйсіндердің қызметіне байланысты кімдерден кейін кімдер тұрды? Гуньмо Бектер Тайпа көсемдері мен әскербасылар Малшылар, Егіншілер.

  • Үйсін қоғамын қандай топтар құрады? Тайпа мен ру басшылары, ауқатты адамдар, жасауылдар мен абыздар және қатардағы бұқара халық құрады.

  • Үйсіндерде қарапайым бұқара халық кімдерден тұрды? Малшылар мен егіншілерден.

  • Үйсіндер қоғамында теңсіздік қалыптасты ма? Қалыптасты.

  • Ауқатты бай үйсіндер қанша мың жылқыдан иемденді? 4-5 мың жылқыдан.

  • Үйсіндерде құлдар көбіне қандай кезде тұтқынға түскен адамдар тобынан құралды? Соғыс кезінде.

  • Үйсіндерде құлдардың еңбегі қандай шаруашылыққа пайдаланылды? Үй шаруашылығына.

  • Үйсіндердің байлары өз жылқыларын өзге жылқылардан айыру үшін оларға не салды? Таңба салды.

  • Археологтар неден жасалған таңба-мөр тапқан? Балшықтан жасалған.

  • Балшық және тас мөрлерді кімдер қолданған? Қатардағы адамдар.

  • Үйсіндерде билеушілер мен әскербасыларда, ауқатты адамдарда қандай металдан жасалған мөрлер болған? Алтын және мыс.

  • Үйсіндерде әртүрлі заттарға салынған таңбалар ненің болғанын дәлелдейді? Жеке меншіктің.

  • Үйсіндерде дәулетті адамдардың киімдері көбінесе қандай матадан тігілді? Жібектен, биязы жүннен тоқылған матадан.

  • Үйсіндерде қарапайым адамдар неден тігілген киімдерді киді? Жүннен тоқылған, былғары мен қой терісінен тігілген киімдерді.

  • Үйсіндерде жеке меншік нелерге салынған? Малға, жер, суға.

  • Үйсіндердің көсемдері мал жаятын жеріне өзгенің малын жолатты ма? «Менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» деп жеріне басқаны жолатпайтын.

  • Үйсіндерде жеке меншіктің шыққанын, мүлік теңсіздігінің пайда болғанын неден білуге болады? Үйсіндерді жерлеген зираттардан. Мәселен, үлкен обаларға бай адамдар жерленген. Олардың қасына қажетті деген бағалы қару-жарақтары мен ыдыстары қойылған. Ал қатардағы малшылар мен егіншілердің зираттары мүлде қарапайым болған.


Қосымша материал.

  • Қытайдың Хан хроникасындағы жазуға қарағанда, үйсін гуньмосы кімге үйлену арқылы қытайдың билеуші сарайымен туыс болуды ниет етіпті? Қытай патшайымына үйлену арқылы.

  • Қытай патшасы қызын бергені үшін гуньмодан көп сыйлық талап етіп, гуньмо оларға 1000 жылқы жібереді. Бұл оқиға б.з.б. қай жылы болған? Б.з.б. 107 жылы болған.

  • Қытай патшайымы үйсіндердің тілін білмеген, ал гуньмо қытай тілін түсінбеген. Үйсін даласына келгенннен кейін қытай патшайымы қандай өлең жазып шығарған? Туған жеріне арнап.


§17. Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.


1. Үйсіндердің мал шаруашылығы.

  • Үйсіндердің тұрмысында қандай шаруашылықтың маңызы зор болды? Мал шаруашылығының.

  • Үйсіндерге көп мал өсіруге, қай жерлердің табиғаты мүмкіндік берді? Жетісудың табиғаты.

  • Үйсіндерге мал бағуға қолайлы аймақтардың бірі әсіресе Мойынқұм мен Балқаш өңірлеріндегі қыстаудан шыққан мал, жаз басталысымен тау басындағы шөбі шүйгін шалғынды жайлауларға бет алатын. Бұл аймақта жайлау мен қыстау аралары қанша шақырым шамасында болған? 20-100 шақырым шамасында болған.

  • Үйсіндер ұзақ уақыт қыстаулар мен жайлауларында, әсіресе көктемгі, күзгі жайылымдарында отырып қалатын. Сол арада тұрақты үйлер салып, оның қасына егін егіп, бау-бақша салған. Үйсіндер үшін қолайлы болып саналған бұл аймақ қалай аталады? Мойынқұм мен Балқаш аймақтары.

  • Үйсіндер қандай малдарды өсірген? Қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі өсірген.

  • Үйсіндер қандай аймақтарға көшіп жүрген? Далалы аймақтан тау бөктеріне.

  • Қытай жазбаларында үйсіндер «егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерге мал-жанымен бірге көшеді де жүреді» делінді ал негізінде оларда басқа шаруашылықтын түрлері болған . Ол сонда қандай шаруашылық түрлері? Негізінде үйсіндердің бір бөлігі көшпелі өмір сүрді, әрі егіншілікпен шұғылданды.

  • Үйсіндер қандай дәнді-дақылдар өсірген? Арпа, тары өсірген.

  • Үйсіндер егіншіліктің қандай түрлерімен айналысқан? Суармалы және тәлімді егіншілікпен айналысқан.

  • Үйсіндердің егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде табылған қандай құралдар дәлелдей алады? Тас кетпендер, орақтар мен дәнүккіштердің табылуы дәлелдейді.


2. Егіншілік пен отырықшылық.

  • Үйсіндердің Ақтас қыстау қонысының төңірегінде егіншіліктің болғанын дәлелдейтін деректер кездесті. Мұнда аумағы қанша шаршы метрге дейін өңделген шағын егіс танабының орны анықталды? Аумағы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін.

  • Ақтас қыстау қонысының төңірегінде қазба жұмысы кезінде егіншілікке пайдаланатын қандай түрлі құрал-саймандар табылды? Тас кетпен, қола орақтар, тастан жасалған дәнүккіштер табылды. Дәнүккіштер ұзақ пайдаланылғандықтан әбден тозған, жұқарған.

  • Үйсіндер егіс алқабын қандай жерлерге салған? Өзен бойларына.

  • Үйсіндер егіс суаруға өзен суларынан басқа қандай суларды қолданған? Арық суларын.

  • Ертедегі деректердің мәлімдеуінше, үйсіндер «ағаш егіп» нелер салған? «Қалалар мен елді мекендер салған».

  • Суармалы егістіктер, суландыру жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің қандай қаласының айналасында орналасты? Астанасы Чигу қаласында.

  • Шу мен Кеген өзендерінің жағалауларында қазбалар жүргізген ғалымдар ненің орынын тапқан? Бірнеше көне қаланың орынын тапты.

  • Тау бөктерінде үйсіндер тұрақты үйлерде тұрған. Олардың қысқы үйлері қандай тастан қаланды? Шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйылып қаланды.

  • Үйсіндер үйдің маңайына үймен қоса нелер салған? Үйдің үлкен бөлмесі және қосалқы жайы, мал қамайтын қорасы болған.

  • Үйсіндердің үйінің ішкі құрылысы қалай салынған? Үйдің едендері балшықпен сыланды және қақ ортасына жер ошақ салынды, онымен үй жылытылды.

  • Үйсіндерде неше үй бір ауылды құрады? 4-5 үй.

  • Үйсіндерде ру және әулеттің зираты қандай жерде орналасқан? Қонысқа жақын жерде.


3. Түрлі кәсіпшілік.

  • Үйсіндерде қолөнершілер былғарыны пайдаланып, қандай тағамға арналған ыдыстар жасаған? Сұйық тағамға арналған.

  • үйсіндерде қолөнершілер сүйектен нелер әзірледі? Түйме, түйреуіш пен ілгектер әзірледі.

  • Үйсін шеберлері темірден қандай заттар дайындады? Балта, орақ, пышақ, ыдыс дайындады.

  • Қолөнер мен үй кәсіпшілігі ненің өнімдерін өндеумен байланысты болды? Мал өнімдерін өңдеумен.

  • Далалықтар былғары мен киізді шеберлікпен өңдеп, түрлі түске бояды. Мұнымен көбінесе кімдер айналысты? Әйелдер.

  • Үйсіндерде ер адамдар немен айналысты? Қару-жарақ заттарын, жүген, ер, арба жасады, үй салды, өздеріне және әйелдерге етік тікті, аң аулады.

  • Үйсіндерде ер адамдардың басты міндеті не болды? Олардың басты міндеті отбасын және мал-мүлікті қорғау болды.

  • Үйсіндердің қорғандарынан табылған бұйымдарға қарап қандай қорытынды жасауға болады? Үйсіндер темір балқыта алды деген қорытынды жасай аламыз.

  • Үйсіндер темірден қандай заттар жасай алды? Пышақ, қанжар, семсер, жебе ұштарын жасады.

  • Үйсіндер кеніштерден кен өндіріп, қандай металдарды алған? Мыс, қорғасын, қалайы мен алтын.

  • Археологтар шебер жасалған зергерлік бұйымдарды да кездестірген. Үйсін шеберлері бағалы металдар мен асыл тастардан қандай сәндік бұйымдар жасады? Асыл тастардан моншақ, сақина, сырға, білезік, айна, киімдерге тағатын әр түрлі қапсырмалар, әшекейлер мен сәндік бұйымдар жасады. Оларды көрікті ету үшін ақ, көгілдір, қызыл түсті тастарды пайдаланды. Алтын бұйымдар ұсақ түйіршіктермен, түрлі-түсті тастармен әшекейленген.

  • Үйсіндерде тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Одан күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар және киімдер тікті? Ыдыстар жасап, аяқ киім, тері шалбар, бешпет, киім-кешектер тікті.

  • Әйелдер саз балшықтан ыдыстарды қалай жасаған? Оларды арнайы ұршықшамен, сондай- ақ құм толтырылған мата қалыпта қолдан жапсыру арқылы да жасай білген.

  • Ағаш ұсталар қайыңнан қандай ыдыстар жасаған? Астау, табақ, тостағандар мен ожауларды ойып жасаған. Бұлардың арасында азық-түлік сақтайтын, су таситын, сүт құятын ағаш ыдыстар да кездеседі.

  • Үйсін қоғамында қолдан нелер жасау ісі жақсы дамыған? Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен қажетті бұйымдар жасау ісі де дамыҳан.

  • Жіп иіру иен тоқымашылық өнері арқасында күнделікті(тіршілікке қажетті қиндай істер өріётеді? Қажетті киіз басу, жүннен киім тоқу, тігін тігу ісі де өрістеген.

  • Мата тоқу үшін әйел адамдар нені қолданған? қарапайым, кәдімгі «өрмекке» ұқсас тоһыма кермесі қолданған.

  • Үйсіндерде тастан жасалған еңбек құралдарын ата? Кетпен, диірмен, келі.

  • Үйсіндерде қолданған тұрмыс заттарын ата? Ұршықбас, қайрақ тас.

  • Үйсіндер түрлі асыл тастан не жасады? Моншақтар жасады.

  • Үйсіндер сүйектен нелер жасады? Жұмырлағыштар, жебелердің ұштары істелді, түймелер мен басқа бұйымдар күнделікті тұрмыста пайдаланды.

  • Үйсіндер металды балқыту арқылы қандай заттар жасаған? Мыс пен қоладан балта, орақ, пышақ, біз, шеге, қазандар, құрбандық ыдыстар, қару-жарақ жасаған.

  • Үйсіндерде зергерлік өнері түрлі асыл тастардан не салу өнері өркендеді? Көз салу өнері.

  • Зергерлік бұйымдарға түрлі асыл тастардан көз салу өнері мұндай ескерткіштердің тамаша үлгілері қандай жерден табылып отыр? Ақтас қорымынан.

  • Зергерлік өнерде моншақ жасауға қандай бағалы асыл тастар пайдаланылды? Ақық, гауһар, жақұт сияқты бағалы асыл тастар.


4. Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни нанымдары.

  • Үйсіндерде қандай мәліметтер туралы ғылыми деректер аз? Салт-дәстүрі туралы.

  • Археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп, жерлеу дәстүрі туралы біраз мәліметтер жинақтады. Үйсін обаларының ең үлкенінің диаметрі мен биіктігі қанша метр болады? Диаметрі 20 метр, ал биіктігі 2 метрге жуық болып келеді.

  • Үйсін обалары құрылымы жағынан қандай болып келеді? Әдетте олар топырақ үйіндісі сияқты болып жатады. Кейде үйіндінің етегі не болмаса төбесіне жуық тұсы айнала кішігірім қазандай тастармен көмкеріліп қойылады. Обаның үстіндегі топырақты ашқанда, жер бетіне жақын шеңбер тәріздес тас құрылыс шығады. Тас құрылыс әдетте көлемі шәугімдей, кеседей өзеннің малта тастарынан қаланған. Қоршаудың ортасындағы ашық жерде қабыр шұнқыры орналасқан.

  • Үйсіндер өлген адамды қайда жерлеген? Қабырде жерлеген.

  • Жетісу үйсіндері мәйіттегі адамды қалай жерлеген? Мәйіттегі адамды шалқасынан жатқызып, басын батысқа қаратып қойған.

  • Ертедегі үйсіндердің түсінігінше өлген адам туралы қандай түсінік болған? Өлген адам тіріледі деп есептеген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деген заттардың бәрін қоса көмген.

  • Ғалымдар қазып, зерттеген зираттар қандай болып келді? Зираттар көлемі жөнінен де, ішіне қойылған заттар жөнінен де әр түрлі. Егер жерленген адам бай, ауқатты болса, оған ең қымбат киімдер кигізіліп, бағалы заттар қойылған. Тірі кезінде пайдаланып жүрген заттар қойылған. Көптеген бейіттерді қазғанда табылған заттар осыны дәлелдейді.

  • Үйсіндер адамдардың қасына қандай заттарын қойып жерлеген? Сауыт-сайманы, қару-жарағы: садақ, жебе, қанжар, найза, қамшы, пышақ секілді заттар.

  • Ертедегі үйсіндер жаратушы күшке сенген. Олар сол жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған. Олардың жаратушы күшке сенгенін қандай заттарына қарап дәлелдеуге болады? Олардың пайдаланған заттары, салған суреттері дәлелдейді.

  • Археологтар үйсіндердің құрбандыққа байланысты қандай заттарын тапқан? Арнайы шырақ жағатын табақ, құрбандық ыдыстарды тапқан.

  • Үйсіндер қыш заттар мен ыдыстарға ненің суреті салынған? Күннің суреті.


Қаңлылар

§18. Қаңлылар туралы деректер.

Қаңлы қоғамы.


1. Қаңлылар туралы деректер.

  • Осыдан неше мың жылдан астам бұрын қытай билеушісі батыс жағындағы елдерге билеуші жіберді? 2 мың жылдан астам бұрын.

  • Қытай билеушісінің батыс жағындағы елдерге елші жібергендегі мақсаты не еді? Оның мақсаты сол елдермен танысып, сауда-саттық қатынастарын дамыту еді.

  • Қытай билеушісі жіберген елшілік неше жыл біраз елдерді аралап, аман-есен қайтып оралды? 13 жыл.

  • Қытай елінен батыс жағына барған елшілік басшысы жол-жөнекей көрген-білгендерінің бәрін жазып отырады. Жазғандарын қытай билеушісіне береді. Бұл жазбада қандай мәліметтер баяндалады? Қытайдың батыс жағындағы көпдеген қалалары бар өркениетті елдер мен көшпелі тайпа одақтары туралы баяндалады. Арасында қаңлы елі де аталады.

  • Ежелгі иранның «Авеста» деп аталатын қасиетті кітабы б.з.б. нешінші ғасырда жазылған? Б.з.б. 6 ғасырда жазылған.

  • Ежелгі иранның «Авеста» аталатын қасиетті кітабында кімнің ұлдары туралы жазған? «Весаканның ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылыпты.

  • «Кангүй», «канха» сөздері қазақтың Ұлы жүз тайпалық бірлестіктерінің бірі қандай тайпаның атауына ұқсас? Қаңлы.

  • Қаңлылар б.з.б. нешінші ғасырлар аралығында өмір сүрген? Б.з.б. 3-2 ғасырлар - б.з. 5 ғасырларында өмір сүрген?

  • Қытай тарихшысы Сыма Цянь «Тарих жазбаларында» кімдердің өмірін сипаттаған? Көшпелілердің өмірін.

  • Қытайдың «Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерінде қаңлылар туралы не айтылған? Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, оның шекарасы, басқа да маңызды мәселелері туралы айтылған.

  • Жазба деректерді археологиялық мағлұматтар көшпелілер туралы қандай мәліметтерді толықтыра түседі? Өзен бойларында жүргізілген қазба жұмыстары олардың көшпелі ғана емес, егінші болғанын да дәлелдейді.

  • Ғалымдар өзен бойында жүргізілген қаңлылар туралы мәліметтерге қарап бұл ескерткіштерді қандай мәдениетке жатқызады? Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне жатқызады.

  • Бірқатар тарихшы ғалымдар қаңлы мемлекетінде жазу болған дейді. Оны не дәлелдейді? Оған дәлел ретінде Қытайдан барған елшілердің қаңлы ханының сарайында жазылған Заң жарғыларын көргенін келтіреді. Өкінішке қарай ол жарғылар сақталмаған.

  • Үйсіндердің саяси тарихы жөніңдегі жазба материялдар аз. Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылардың Қытайға қарсы тұрған кімдерге көмектескенін ғалымдар аңықтап отыр? Ғұндарға көмектескенін.

  • Қытай деректері бойынша, қаңлы тайпалар одағының 120 мың түтіні (отбасы) немесе шамамен 600 мың адамы, және неше мыңға дейін жауынгері болған? 120 мыңға дейін.

  • Ежелгі қытай хроникасы қаңлылардың неше астанасы болғанын жазады? 2 астанасы болғанын жазады. 1 жазғы, 2 қысқы.


2. Қаңлылардың орналасуы.

  • Қаңлы тайпасының негізгі атамекеніне қай жер жатты? Сырдария өзенінің орта ағысы.

  • Жазба деректерде қаңлылар қай жерлерде өмір сүргені айтылады? Арыс, Талас жағалауларында, Сырдарияның төменгі ағысында.

  • Қаңлыларға географиялық жағдай қай жерлермен өтетін Ұлы жібек жолын бақылап отыруға мүмкіндік берді? Сырдария арқылы Еділ бойына қарай өтетін.

  • Қаңлылардың сөлтүстіктегі көршілері кімдер болды? Сарматтар мен аландар.

  • Қытай деректерінің хабарлауынша, қаңлылар күшейіп тұрған кезде оларға қандай тайпа тәуелді болған? Сарматтар мен аландар.

  • Қаңлы мемлекеті оңтүстігінде кімдермен көршілес жатты? Қытаймен және үйсіндермен.

  • Қытай өкілінің императорға хабарларында қаңлыларды қандай деп суреттеген? «Қаңлылар өркөкірек, өжет келеді. Біздің елшілерімізге басын имейді. Орталық билік атынан келген өкілдерімізді үйсін елшілерінен төмен отырғызады. Олардың билеушілері мен ақсақалдарына тамақты алдымен береді, ал содан соң барып біздің елшілерге тартады делінеді.

  • Қаңлы мемлекетінің шекаралары осы күнгі қандай жерлерге дейін созылып жатыр? Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласы тұрған жерден асып, бір шеті Қаратау бөктерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған.

  • Қаңлы елі Қытай, Рим, Кушан мемлекеттерімен қандай байланыс жасаған? Экономикалық, мәдени, саяси байланыс жасаған.


3. Қоғамдық құрылысы.

  • Жазба деректер бойынша қаңлы елін кім билеген? Хан билеген.

  • Ханға елді басқару үшін кім көмектесіп отырған? Үш орынбасары-Уәзірі көмектесіп отырған.

  • Қаңлылар елінің астанасы, яғни бас қаласы қалай аталған? Битянь қаласы.

  • Қаңлылардың билеушісі хан мен елдің астанасы Битянь туралы жазба деректерде не деп айтылады? Елдің астанасы Битянь қаласы болған. Алайда билеуші мұнда тұрақтап отырмаған, өйткені оның жазғы ордасы бар еді.

  • Битянь қаласы кейбір жазба деректерде қазіргі қандай қаланың маңында болған деп көрсетіледі? Түркістан қаласының маңында болған деп көрсетіледі. Ал екінші бір деректерде қаңлылардың астанасы қазіргі Таразға жақын жерде болғандығы туралы айтылады.

  • Қаңлы елі өз ішінен неше иелікке бөлінген? 5 иелікке бөлінген.

  • Қаңлылардың өз ішінде бөлінген әр иелікті кімдер басқарған? Кіші хандар.

  • Кіші хандар кімге бағынған? Ұлы ханға.

  • Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды кімдер басқарған? Көсемдер басқарған.

  • Көсемдердің лауазымы әкеден балаға қандай жолмен беріліп отырған? Мұрагерлік жолмен.

  • Қаңлыларда соғыс кезінде қолға түскен тұтқындар кімдерге айналды? Құлға.

  • Қаңлылар арасында құлдық кең өріс алды ма? Алған жоқ.

  • Қаңлылар арасында құлдық кең өріс алмауына қандай жағдай себеп болды? Өйткені жайылымдық жерді ұжым болып пайдаланатын көшпелі мал шаруашылығы жағдайында бір жерде жұмыс күшінің көп болуы қажетсіз еді.

  • Қаңлыларда құл еңбегінің қолданылған жері немен ғана шектелді? Ұсақ малды күту, мал өнімдерін өңдеумен шектелді.

  • Қаңлыларда құлдар қандай кәсіппен шұғылданды? Қолөнер кәсібімен де, егін егумен де шұғылданды.

  • Қаңлыларда қарапайым халықты кімдер өздеріне бағынышты етті? Ру басшылары, бай адамдар, әскери көсемдер.


4. Археологиялық ескерткіштер.

  • Қазірге дейін археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды ғалымдар қандай археологиялық мәдениеттер деп атады? Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар.

  • Қауыншы мәдениеті қандай аралықта тараған? Ташкент төңірегіндегі көгалды аймақта, Отырар-Қаратау - Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралықта тараған.

  • Жетіасар мәдениеті қандай аңғарларды алып жатыр? Қуандария мен Жаңадария аңғарларын алып жатыр.

  • Арыс өзенінің сол жақ жағалауындағы 100 шаршы шақырымдай аумақта үлкендігі әр түрлі жиырма шақты төбе жатыр. Соның бірі - Көк-Мардан қаласының қираған үйіндісі. Көлемі мен орналасуына қарағанда Көк-Мардан ненің орталығы болған? Қала орталығы болған.

  • Көк-Мардан қаласы шағын және қандай көшелерден тұрған? Тұйық көшелерден.

  • Көк-Мардан қаласынан неше бөлмелі үйлер кездеседі? 1-2 бөлмелі.

  • Көк-Мардан қаласындағы үйлердің құрылысы қалай салынған? Үйге көше жақтан баспалдақ арқылы кірген. Есіктің қарсы алдында, үйдің ортасына жақын тік бұрышты жер ошақ болған. Оның бір жартысына от жағылған да, екінші жағына көмір мен күл үйілген. Үй қарапайым әдіспен балшықтан соғылған пешпен жылытылған. Түтін есіктен және төбедегі тесіктен шығарылған.

  • Көк-Мардан қаласындағы үйлердің ішіне адамдар үшін нелер орнатылған? Бөлмеде қабырғаларды жағалай адам жататын аласа сәкілер орнатылған. Үйдің бұрыштарына су мен азық-түлікке арналған ыдыстар қойылған.

  • Көк-Мардан қаласындағы үйлердің ішінен табылған ыдыстардың көпшілігі қандай ыдыстар? Құмандар, су таситын құмыралар, кезелер.

  • Көк-Мардан қаласындағы табылған екі бөлмелі үйдің екінші бөлмесі қойма болған. Осы қоймадан қандай заттар табылған? Құмандар, балшықтан жасалған кеспек сияқты ыдыстар тұрған.

  • Көк-Мардан қаласынан табылған қоймадағы ыдыстардың ішінде қандай дәнді дақылдар сақталған? Тары, күріш, бидай, арпа, асбұршақ.

  • Қөк-Мардан қаласындағы үйдін ішіндегі ошақтың қасында не жатқан? Дәнүккіштер немесе диірмен.

  • Қаңлылардың қандай ескерткіштерін білесің? Темір пышақ пен жебенің ұшы, қола айна, құмыра, әшекейлер.

  • Қазба жұмыстары кезінде Пұшық-Мардан қаласы маңындағы қандай қоныстары зерттелді? Қостөбе.

  • Пұшық-Мардан қаласы маңындағы Қостөбе қоныстарынан б.з нешінші мыңжылдығымыздың алғашқы жартысындағы қала орны табылды? Б.з. 1 мыңжылдықтың.

  • Пұшық-Мардан қаласы маңындағы Қостөбе қоныстарынан б.з. 1 мыңжылдығының алғашқы жартысындағы қала орны табылды. Қала ортасынан бекіністің қираған үйіндісі аршылды. Осы қаланың қандай құрылыстары сақталған? Құрылыстың бірінші қабатында күмбез тәрізді тар дәліз болған. Құрылыстың екінші қабатының 1 - 1, 2 метр биіктік қабырғалары сақталған.

  • Ғалымдардың пайымдауыша қаңлы дәуірінде пайда болған қоныстарды қай ғасырлардағы қала құрылыстарының түп-бастауына жатқызуға болады? Орта ғасырлардағы.

§19. Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.

1. Егіншілік.

  • Қазақстанның оңтүстігіндегі қандай шаруашылыққа қолайлы жерлерде ертедегі тұрғындар отырықшы тіршілік еткен? Егіншілікке қолайлы жерлерде.

  • Табиғат жағдайының қолайлығына байланысты бұдан екі мың жыл бұрын қаңлыларда қандай кәсіптер жақсы дамыды? Егін, мал, қолөнер, аңшылық, сауда-саттық .

  • Бұдан неше мың жыл бұрын қаңлыларда шаруашылықтың бірнеше түрі дамыды? 2 мың жыл бұрын.

  • Қалалардың айналасын, өзендердің жағаларын мекен еткен қаңлылар қандай шаруашылықпен айналысты? Егіншілікпен.

  • Қазақстанның қандай аймағында қаңлыларда отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады? Арал өңірінде, Ташкент алқабында.

  • Қаңлылар Сырдария аңғарларында не өсірді? Дәнді және бау-бақша дақылдарын өсірді.

  • Қаңлылар жерді қандай кетпендермен өңдеді? Тас және металл кетпендермен.

  • Қаңлылар егіс алқаптарын суландыру үшін шыршық өзенінің оң жағалауында ұзындығы неше шақырым келетін Зах каналын қазды? 20 шақырым келетін.

  • Қаңлылар шыршық өзенінің сол жағалауынан қандай атпен аталған арық тартылды? Ханарық арығы тартылды.

  • Шыршық өзенінің бойындағы қаңлылар егіншіліктің қандай түрімен айналысты? Тәлімді егіншілік түрі.

  • Қаңлыларда астық нелерде сақталынды? Арнайы қыш көзелер мен ыдыстарда сақталынды. Оны сақтайтын Ұралар-шұңқырлар да қазылған.

  • Қаңлыларда көптеген шағын арықтар қазылғанын қандай суреттер арқылы көруге болады? Аэрофотосуреттер арқылы.

  • Қаңлылардың мекендеген қоныстардан қандай дәнді дақылдардың қалдықтары табылды? Тары, арпа, бидай.

  • Қаңлылардың мекендеген қоныстарынан қандай бау-бақша дақылдарының қалдықтары табылды? Қауын, қарбыз, алма, жүзім, өрік.

  • Қаңлыларда қандай шаруашылық жақсы дамыды? Егін шаруашылығы.


2. Мал шаруашылығы мен кәсіпшілігі.

  • Қаңлылардың маңызды шаруашылығының бірі не болған? Мал шаруашылығы.

  • Қаңлылар қандай малдарды өсірді? Жылқы, қой, ешкі, сиыр.

  • Қаңлылар малдарын жаздық жайылымдарға шығарған. Жаздық жайылым Қазақстанның қандай жерлеріне дейін жеткен? Орталық Қазақстан далаларына дейін жеткен.

  • Қазба жұмыстары кезінде археологтар қаңлы қоныстарынан қандай жабайы аңдардың сүйектерін кездестірген? Елік, таутеке, арқар, киік, марал сияқты жабайы аңдардың.

  • Қазба жұмыстары кезінде қаңлылардың мекенінен жабайы аңдардың сүйектерінің табылуы, олардың қандай қосымша кәсіппен айналысқандығын дәлелдейді? Қосымша аң аулау кәсібімен.

  • Қаңлылардың шеберлері жабайы аңдардың мүйіздерінен нелер жасаған? Түрлі бұйымдар жасаған.

  • Қаңлылар қандай құстарды аулаумен де шұғылданған? Қаз, үйрек, бірқазан.

  • Қаңлылар аң аулаумен қоса тағы нені аулауды кәсіп еткен? Балық аулауды.

  • Қаңлылар балықты қандай құралмен аулаған? Сүңгімен түйреп, басқа да әр түрлі құралдармен.

  • Қаңлы әйелдері арасында қолөнер кәсібінің қандай түрі жақсы дамыған? Жүн өңдеу кәсібі.

  • Қаңлы әйелдері жүннен не жасаған? Олар жүннен киіз басып, иірілген жіптен киім, түрлі төсеніштер тоқыған.


3. Металл өндірісі.

  • Қаңлылар жерінде не жақсы дамыған? Металл өндірісі, әсіресе темір ұсталығы, қола құю, зергерлік ісі дамыған.

  • Металл өңдірісінің орталығы ненің аймағындағы қалалар мен қоныстар болды? Шаш-Илақ аймағындағы.

  • Шаш-Илақ аймағындағы қалалар мен осы аймақтағы тауларда сол ерте заманда-ақ қандай металл өндіру және оларды өңдеу кәсібі жақсы дамыды? Алтын, күміс, темір, басқа да металл өндіру.

  • Ежелгі қандай қаланың орнынан табылған қазба бұйымдар бұл жерде металл өңдеудің ірі орталығы болғандығын аңғартады? Ежелгі Құлата қаласының.

  • Ежелгі Құлата қаласының орталығы қанша гектар жерді алып жатыр? 50 гектар.

  • Қаңлылар кенді балқыту үшін қандай пештерді пайдаланды? Дөңгелек және төрт бұрышты пештерді пайдаланды.

  • Қаңлылар металл өңдіретін пештерді қайда жақын орналастырған? Пештерді кен өндіретін орындарға жақын орналастырған.

  • Қаңлыларда металл өңдеу қайда жүргізілді? Шеберханаларда.

  • Қаңлыларда арнайы шеберханаларда қандай заттар жасалған? Онда қанжар, семсер, жебе ұштары, сауыт т.б. қару жарақтар соғылған. Ат әбзелдері, кетпен, орақ, балта т.б. құрал-саймандар жасалып, сырға, алқа, білезік, сақина-сырға сияқты әшекей бұйымдар көптеп дайындалған.

  • Қаңлылар арнайы шеберханаларда қандай материалдан пышақ, қанжар, мен семсерге қын жасаған? Сүйектен.

  • Қаңлыларда белбеуге ою-өрнекті қандай материалдан жасаған қаптырмамен әсем безендірілген? Металл және сүйек қаптырмамен.


4. Сауда қатынастары.

  • Қаңлылар мемлекеті географиялық жағынан қолайлы жерге орналасты. Оның аумағы арқылы не өтті? Ұлы жібек жолы өтті.

  • Зерттеушілер қаңлы жерінен б.з. нешінші ғасырларында соғылған салмағы әр түрлі 1300 -дей теңге тапты? Б.з. 3 - 4 ғасырға жататын.

  • Б.з. 3-4 ғасырларында соғылған салмағы әр түрлі теңгелер Қазақстанның қай аймағынан кездескен? Сырдария аймағында.

  • Қаңлылар Ұлы Жібек жолының аса маңызды орталық бөлігінде қоныстанып, қандай бағытты бақылап отырды? Олар Кавказ бен Қара теңізге кететін бағытын бақылап отырды.

  • Қаңлы елі бірқатар шет елдермен қарым-қатынас жасаған. Мәселен, олар Қытаймен сауда байланысын орнатқан. Оны қай жерден табылған теңгелер дәлелдейді? Оны Отырар алқабындағы Мардам қорымдарынан табылған Қытай теңгелері дәлелдейді.

  • Отырар алқабындағы Мардам қорымдарынан табылған Қытай теңгелері б.з.б. нешінші ғасырдан бастап пайдаланылған? Б.з.б. 2 ғасырдан бастап.

  • Отырар ескерткіштерінде кездесетін моншақтар арасында кәріптастан (янтарь) жасалғандары бар. Демек кәріптастар қай жерден әкелінген? Балтық бойынан.

  • Сирияның көгілдір фаянсынан тізілген ірі моншақтар қандай жерлердегі қабірлерден табылды? Жетіасар, Отырар, Ташкент алқаптарындағы.

  • Қаңлылар мекендеген Сырдария мен Арал аймақтарындағы ескерткіштер арасында Қара теңіз бойынан, Ираннан, Сириядан, Үндістан мен Қытайдан әкелінген заттардың кездесуі нені дәлелдейді? Қаңлылардың өзге елдермен қарым-қатынасының жақсы өрістегенін дәлелдейді.


5. Мәдениеті және діни нанымдары.

  • Ертеден-ақ қаңлылардың өз заманына лайық мәдениеті болғандығы туралы тарихи деректер бар. Осы мәдениеттің қалыптасуына қандай тайпалар да қатысты? Көшпелі тайпалар.

  • Қаңлылар қоныстанған аумақтағы өзендер мен жылғалардың жағаларында олардың елді мекендер мен қалалары бар. Осылардың бірі қандай қала? Алтын-асар қаласы.

  • Алтын-асар қала жұрты қанша гектар жерді алып жатыр? 16 гектар.

  • Алтын-асар қаласындағы үйлер қалай салынған? Үйлердің қабырғалары шикі кірпішпен қаланып, балшықпен сыланған. Ортаңғы бөлмелердің бірінің қабырғасына қызыл бояумен оюлар, гүл суреттер салынған.

  • Қаңлылар арасында ән-күй, музыка, би өнері жақсы дамыды. Олардың қандай музыкалық аспаптары болған? Қос ішекті және бес ішекті музыкалық аспаптары мен сыбызғы-сырнайлары болған.

  • Қазақстанның ертедегі тұрғындары табиғаттан тыс күштерге сенген. Қаңлылар нелерге табынған? Күнге, айға, жұлдыздарға табынған. Ата-бабалар аруағына сиынған.

  • Қаңлылар күнге айға табынған. Ата-баба аруағына сиынған. Осылайша оларда не қалыптасқан? Діни ұғымдар.

  • Қаңлылар табиғаттан тыс құдыретті күштерге табынып, оларға арнап не істеп отырған? Үй малдарын құрбандыққа шалып отырған.

  • Жерлеу құрылыстары әр аймақта әр түрлі болып келеді. Мысалы қауыншы мәдениетіне жататын аймақтарда қайтыс болған адамды қалай жерлеген? Адамды киімімен жерлеген. Олардың қасына тамақ салатын, су құятын ыдысы мен қажетті заттары қойылған.

  • Қаңлылар ер адамдардың жанына қандай заттарды қойып жерлеген? Семсер, садақ секілді қарулар.

  • Қаңлылар әйелдердің жанына қандай заттарды қойып жерлеген? Моншақ, айна, сырға секілді әшекей заттар.

  • Қаңлылардың қабірге заттарды бірге жерлеу дәстүрі б.з. нешінші мыңжылдығына жатқызуға болады? Б.з. 1 мыңжылдығының алғашқы жартысына.


Ғұндар

§20. Ғұндар тарихы.

Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.


Ғұндар тарихының ерте кезеңі.

  • Б.з.б. 1 мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін қандай тайпалар мекендеген? Әртүрлі тайпалар.

  • Қытай деректерінде, «ғұн» атауы б.з.б. нешінші ғасырдың аяғында пайда болған? Б.з.б. 3 ғасырда.

  • Ғұндар кезеңі б.з.б.нешінші ғасырлар аралығын қамтиды? Б.з.б. 4 ғасыр мен б.з. 3 ғасыры аралығын қамтиды.

  • Қытай деректерінде «ғұн» сөзі қандай атаулармен берілген? «Гун руң , хун ю» т.б.

  • Қытайлар ғұндардың басшысын қалай деп атаған? «Шаньюй»

  • Қытай деректерінде ғұн мемлекетінің тарихы қалай деп пайымдалған? Мөде өз әкесімен болған күресте билікті өз қолына алады. Өзара қырқысу туралы естіген шығыс көршілері жағдайды пайдаланып, соғыс жариялауға бел байлайды.

  • Шығыс көршілері яғни Дунхудың елшілері Мөдеге қарсы соғыс ашу мақсатында одан нені талап етеді? Мөденің жақсы атын беруді талап етеді.

  • Дунхудың елшілерінің қойған талабына Мөде және оның кеңесшілері қандай шешім қабылдайды? Бұған ақсақалдар қорланып, Дунхуды жазалау үшін соғыс бастауды Мөдеден өтінді. Алайда Мөде «көрші отырған адамдардан бір ғана атты аяудың қажеті не?» деп, өзінің сүйікті атын беруді бұйырады.

  • Мөденің атын алып кеткен Дунхудың адамдары, біраз уақыт өткеннен кейін қайта келіп, Мөдеден екінші қайтара нені беруді талап етеді? Мөденің әйелін беруді талап етеді.

  • Дунхудың елшілерінің қойған талабына Мөде және оның кеңесшілері қандай шешім қабылдайды? Ақсақалдар кеңесі бұл қорлыққа шыдай алмай, құтырған көршілерді жазалау үшін, соғыс бастауды талап етті. Мөде әйелін беріп жіберді.

  • Мөденің әйелін алып кеткен Дунху үшінші қайтара келіп Мөдеден нені талап етті? Шекаралық біраз жерді беру талабын қойды. Ол жер мал жаюға қолайсыз және ешкім тұрмайтын, шағын бос жатқан жер еді. Жер иесіз болатын, оны екі жағынан: бір жағынан - Хунну, екінші жағынан - Дунхулар қорғап тұратын-ды.

  • Дунхудың елшілерінің қойған талабына Мөде және оның кеңесшілері қандай шешім қабылдайды? Хунну ақсақалдары мұндай қолайсыз бір тұтам жер үшін араздасудың қажеті жоқ шығар деп шешіп: «Беруге де, бермеуге де болады» десті. Мөде ашуланып: «Жер дегеніміз - мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?» деді. Әскерін жиып, Дунхуға шабуыл жасады, оны талқандап, олардың аумағын өзіне қосып алды. Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасы осылай пайда болды.

  • Қытай деректеріндегі Мөде мен Дунхудың арасындағы оқиғаны белгілі шығыстанушы ғалым Л.Н. Гумилев бұл оқиға б.з.б. қай жылы болған дейді? Б.з.б. 209 жылы.

  • Ғұндар қандай жерлерді мекендеген көрші тайпаларды бағындырған? Енисейдің жағалауларында және Алтай тауларында мекендеген, көрші тайпаларды бағындырған.

  • Ғұндар Қытайды не төлеуге мәжбүр еткен? Ғұндар қытайды алым салық төлеуге мәжбүр еткен.Ол жыл сайын көшпелілерге жібек маталар, мақта,күріш, әшекей заттар жіберіп тұрған.


2. Ғұндар мемлекетінің құрылымы.

  • Ғұндар бірлестігінің шыққан тегіне қандай құрылымдар кірген? Әртүрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар кірген.

  • Ғұндар мемлекеті қандай жүйе бойынша құрылған? Әскери жүйе бойынша құрылған.

  • Ғұндар мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, неше қанатқа бөлінген? 3 қанатқа. сол қанат, орталық қанат, оң қанат.

  • Ғұндар Мемлекетінің Шаньюйден кейінгі басты тұлғалары кім деп аталатын болды? «Түменбасы» деп аталатын бегзадалар болды.

  • Ғұндар мемлекетің шаньюйдан кейін басқаратын түменбасылар олар шаньюйдің нелері еді? Шаньюйдің ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары еді.

  • Ғұндар мемлекетінде түменбасылар неше руды басқарған? 24 руды.

  • 24 түменбасын кім тағайындады? Шаньюй.

  • Түменбасының әрқайсысында неше мыңнан атты әскер болған? 10000-нан атты әскер болған.

  • Ғұндар мемлекетінде мыңбасын, жүзбасын, және онбасын кімдер тағайындай алды? Түменбасы.

  • Ғұндар мемлекетінде әрбір мыңбасын, жүзбасын, және онбасына көшпелі тұрғындарымен қоса не белгіленді? Белгілі бір аумақ белгіленді.

  • Ғұндар мемлекетінде Ер азаматтардың бәрі белгілі бір неге тіркеліп отырған? Белгілі бір жасаққа.

  • Ғұндарда белгілі бір жасаққа тіркелген ер азаматтар не істеуге тиіс болған? Олар әскери жаттығулармен шұғылданып, қару-жарақ, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған.

  • Ғұндарда империяны басқару тобы кімдерден құралды? Ру-тайпа ақсүйектерінен құралды.

  • Ғұндарда барлық бегзадалар «Аспанға, Жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін» жылына неше рет шаньюйдің алдына ақсақалдар кеңесіне жиналған? Жылына 3- рет жиналған.

  • Жылына үш рет ақсақалдар кеңесіне шаньюйдің алдына жиналғандардың бәрі кімнің туысқандары еді? Шаньюйдің туысқандары еді.

  • Жылына үш рет ақсақалдар кеңесіне шаньюйдің алдына жиналғандардың бәрі қандай мәселелерді талқылады? Олар мемлекеттік істерді талқылады.

  • Қытай деректерінде Ғұндардың күш-қуаты және құдыреттілігі туралы не деп жазған? «Ғұндардың құдыреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекеттке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды...» деп жазған.


3. Ғұн тайпаларының бірлестігі.

  • Қытай жылнамаларында айтылғандай, б.з.б. қай ғасырлар аралығында Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген Ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған? Б.з.б. 4 және 3 ғасырларда.

  • Ғұндар өздерінің көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар, қандай елге шабуыл жасайды? Қытай еліне.

  • Ғұндар мен Қытай елінің арасындағы соғыс қимылдары неше жылдан астам уақытқа созылған? 300 жылдан астам уақытқа созылған.

  • Б.з.б.нешінші ғасырдың аяғында Цинь патшалығы өзінің шекарасын қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Б.з.б. 3 ғасырдың аяғында.

  • Ұлы Қытай қорғаны 4000 шақырымға созылған, биіктігі 10 метр және неше метр сайын күзет мұнарасы қойылған? 60-100 метр сайын.

  • Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп, саяси күшейген кезі б.з.б. нешінші ғасырлар аралығында? Б.з.б. 2 ғасыр мен 1 ғасыр аралығында.

  • Б.з.б. 2 ғасыр мен 1 ғасыр аралығында кімнің билік жүргізген тұсында ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп саяси күшейген кезі еді? Мөденің тұсында.

  • Мөденің қандай еңбегінің арқасында ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды? Мөденің жасаған әскери реформалары арқасында.

  • Ғұндар өздерінің оңтүстігіндегі қандай тайпаны басып алды? Дунхуларды.

  • Ғұндар Қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы кімді жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті? Лю - Банды.

  • Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхе өзенінің орта ағысына дейінгі аралықта қандай мемлекет пайда болды? Құдыретті Ғұн мемлекеті пайда болды.

  • Ғұн мемлекеті б.з.б. қай жылы оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлініп кетті? Б.з.б. 1 ғасырдың ортасында, яғни б.з.б. 55 жылы.

  • Екіге бөлінген ғұндардың қайсысы өздерінің тәуелсіздігінен айырылып, Хань әулетінің қол астына кіріп кетті? Оңтүстігіндегі ғұндар.

  • Солтүстіктегі ғұндар б.з.б. 1 ғасырдың аяғында Чжи - чжи шаньюйдің басқаруымен өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін қай жаққа қарай жылжиды? Батысқа қарай.

  • Батысқа қарай жылжыған ғұндар оңтүстік Қазақстандағы қандай тайпаның жеріне дейін жетеді? Оңтүстік Қазақстандағы қаңлы тайпасының жеріне.

  • Оңтүстік Қазақстандағы қаңлы тайпасының жеріне келген ғұндар, олармен бейбіт келісімге келіп, қандай өзеннің аймағында көшіп қонуға мүмкіндік алады? Талас өзенінің шығыс жағында.

  • Қазақстанның оңтүстік-батысы мен Арал бойына ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б.з. нешінші ғасырынан басталды? Б.з. 1 ғасырынан басталды.

  • Қазақстан жеріне келген ғұндардың екінші толқыны оларға көрсетілген жерлерге келуі ондағы қандай тайпалардың батысқа Каспий теңізіне қарай ығысуына мәжбүр етті? Алан, ас, тайпалары.

  • Қазақстан жерінде ғұндар біржола тұрақтап қала алмады. Олар жылжи отырып қандай жерге жетті? Дунай арқылы Батыс Еуропаға дейін жетті.

  • Сонымен, ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б.2 ғасырда басталып, б.з-дың қай ғасырына дейін созылды? Б.з.4 ғасыры.

§21. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.


1. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.

  • Ғұндар қандай аймақтарда өмір сүрген тайпалар мен халықтардың құрамына үлкен өзгерістер әкелді? Бүкіл Еуразия және Қазақстанда.

  • Ғұн тайпаларының жылжуы кімдердің жылжуына әсерін тигізді? Басқа да ірі тайпалардың жылжуына.

  • Ғұн тайпаларының және олардың әсерінен басқа да халықтардың жылжуы бұл тарихта қандай атпен қалды? «Халықтардың ұлы қоныс аудару» мезгілі деген атпен.

  • Ғұн қоғамы Еділ (Аттиланың) тұсында қандай мемлекетке айналды? Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпаның басын біріктірді, Әскери соғыс қуаты орасан зор құдыретті мемлекетке айналды. Еділдің (Атилланың) жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті.

  • Ғұндардың басшысы Еділ (Аттила) нешінші ғасырдың нешінші жылдары Румыния және Венгрия елдеріндегі ғұндарды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтті? 5 ғасырдың 30-жылдары.

  • Ғұндардың билеушісі Аттила қандай адам болған? Аттила ер жүрек жауынгер, дарынды қолобасшы, қаһарлы ел билеуші болдған.

  • Еділ патшаның кезінде ғұн империясы қандай жәрежеге жетті? Өз дамуының жоғарғы сатысына жетті.

  • Ғұндар Еуропаны кімдердің үстемдігінен азат етті? Рим үстемдігінен.

  • Ғұндар ненің жойылуына ықпал етті? Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал етті.

  • Еділ билігі тұсында ғұндарда қандай құрылыс нығайды? Әскери-демократиялық құрылыс нығайды.

  • Еділ (Аттила) жауынгерлері қай жылы Галлиядағы Каталаун даласында римдіктердің, франктердің т.б. біріккен күштерімен шайқасты? 451 жылы.

  • Қай жылы Аттила қайтыс болды? 453 жылы.

  • Аттила (Еділ) шамамен қай жылдар аралығында өмір сүрген? 400-453 жылдар.

  • Аттила қайтыс болған соң ғұн мемлекетінің жағдайы не болды? Ғұн мемлекеті ыдырап кетті.

  • Еділдің ерлігі, қаһармандығы, ақылдылығы,алғырлығы туралы аңыз-әңгімелер оның көзі тірісінде-ақ тарап кеткен еді. Атақ абыройы асып, ерлігі аңызға айналған Еділ жөнінде көне заман шежірелерінің бірін келтірген кім? Прииск.

  • Прииск Аттиланың ерлігін жазуға қалай қол жеткізген? Прииск Римнен шыққан елшіліктің тілмашы ретінде Аттила еліне келіп, өзінің көргендері туралы жазып қалдырған.


2. Ғұн жорықтарының маңызы.

  • Ғалымдар ғұндардың рөлін әртүрлі бағалайды. Олай болса, тарихшылар ғұндар туралы қалай пайымдаған? Кейбір тарихшылардың пайымдауынша ғұндар Еуропаны римдіктерден азат еткен дейді. Басқаларының айтуынша, ғұндар құл иеленушілік құрылысты құлатып, жаңа дәуірдің - орта ғасыр дәуірінің басталуына жол ашқан деп пайымдаған.

  • Ғұндардың соғыс кезінде жеңіске жетуіне оларда ненің басымдылығы деп көрсетеді? Әскери техниканың.

  • Ғұндар қандай әскери техникаларды қолданды? Қорған бұзғыш машинаны, тас атқыш техниканы қолданды.

  • Ғұндарда әскердің негізі құрамы неден құрылды? Шапшаң атты әскерден құрылды.

  • Ғұндарда соғыс кезінде қолданған жылжымалы жақсы бекіген қамалдар да болған. Олар бұл қамалдарды соғыс кезінде не үшін қолданған? Қамалдардың үстінде садақшылар тұрып, дұшпанға оқ жаудырған.

  • Тарихшылар қамал бұзғыш машинаны суреттеп жазған. Бұл машина қандай материалдан жасалған және оны адамдар қалай қолданған? Бұл дөңгелекке орнатылған бөренелерден тұратын құрылғы еді. Мұндай жылжымалы құрылғы қабырғаға жақындатып қойылады. Үлкен бөрененің алдынғы басы үшкір етіліп, темірмен қапталады. Байланған арқанмен бөренені әрі-бері теңселтіп тұрып соққанда, оның темір ұшы кез-келген қабырғаны қиратқан.

  • Көптеген халықтардың жадында Ұлы ғұндардың бейнесі сақталып қалған. Аттила туралы еңбектер 6 ғасырдан бастап, әлі күнге дейін жазылып келеді. Осы ұлы ғұндардың бірнеше туындылары қандай тілдерде шықты? Неміс, француз және итальян тілінде.

  • «Аттила» опарасын жазған Джузеппе Верди қай жердің атақты композиторы? Италияның атақты компазиторы.

  • Халық «Аттиланы» Еділ деп те атайды. Ал Волга өзені қазақша қалай аталады? «Еділ» деп аталады.


3. Тарихтағы ғұндар сипаттамасы.

  • Ертедегі тарихшылар ғұндарды әртүрлі сипаттайды. Әсіресе олардың жауынгерлігін ерекше атаған тарихшы кім? А. Марцеллин.

  • Тарихшы А. Марцеллин ғұндардың әскері туралы қалай деп баяндайды? «Ертелі-кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса, кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді. Олар өздеріне төніп тұрған патшаның қатал әмірін сезбейді, ал егер тайпа ақсақалдарының біреуі басшылық жасаса, жолында кездескеннің бәрін жайпай өтеді» деп баяндаған.

  • Византия елшісі Прииск ғұндар туралы қалай деп баяндайды? «Олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді» дейді. Прииск ғұндарды бейбіт халық ретінде сипаттайды. Ол ғұндар: «әсіресе жақындарын өздерінің мейірімді әрі жылы ілтипатымен және сүйіспеншілігімен бауырына тартады» деп жазады.

  • 448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның сыртқы келбетін қалай деп суреттейді? «Бір көрген адам оның азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Даусы күмістей сыңғырлайды, әрі құлаққа жағымды» деп суреттейді.

  • Аттиланың замандасы Аттила туралы не деп жазыпты? «Аттила таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң-мұқтажын тындады, күні бойы әлемнің әр түрлі елдерінен келген елшілерді қабылдады, ал кешке бізбен бірге тамақ ішті. Бәрі күміс ыдыстан ас ішті, ал Аттила ағаш ыдыстардан тамақ жеді».

§22. Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы.


1. Ғұндардың тұрмысы.

  • Ғұндардың тұрақты мекеніне жүргізген зерттеу жұмыстарының барысында жинастырылған мәліметтер, олар үй малдарының қандай түрлерін өсіргендігін айқындап отыр? Үй малдарының барлық түрін өсіргендігін.

  • Ғұндарда егіншіліктің жақсы дамығандығын қоныстарынан табылған қандай құрал-саймандар дәлелдейді? Ғұндарда темір орақ, соқа тістері, қол диірмендер, дәнүккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал-саймандар дәлелдейді.

  • Ғұндардың үй-жайларының ішінен нелер табылған? Үй-жайлардың ішінен астық сақтайтын ұралар табылса, еден, қабырғалар сылағынан, шикі кірпіштердің арасынан сабанның қалдықтары кездеседі.

  • Ғұндар өздерінің кезеңінде нелерді білген? Отырықшылық пен егіншілікті.

  • Ғұндар негізінен қандай үйлерде тұрған? Киіз үйлерде.

  • Ғұндар үй жиғаздарынан қандай заттар жасаған? Ағаш төсек және күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған.

  • Ғұндардың қолөнер шеберлері жүннен қандай заттар жасаған? Жүннен төсеніш пен кілемдер жасаған.

  • Ғұндар киіз үйдің төріне қандай заттар іліп қойған? Киіз үйдің төріне қамшы, ағаштан жасалған қынабы бар семсер, садақ, жебелер салған қорамсақ т.б.

  • Ғұндардың байлары белдеріне қандай белдік буынған? Байлары қола және күміс қаптырмалармен әшекейленген кемер белдік буынған.

  • Ғұн әйелдері денелеріне әдемілік үшін қандай заттар таққан? Құлақтарына асыл тастан көмкерілген сырға тағып, саусақтарына алтын жүзік, шашына алтын, күмістен жасалған шаш түйреуіштер таққан.

  • Ғұндар суық күндері денелеріне қандай материялдан жасалған киім киген? Ғұндар мал терісінен тігілген тон, тымақ, саптама етік киген.

  • Ғұндардың қорымдары мен қыстақ-кенттерден табылған құрал-саймандар, қару-жарақтар, ыдыс-аяқтар ненің жақсы дамығандығын көрсетеді? Қолөнедің жақсы дамығандығын.

  • Әсіресе, ғұн шеберлері, темір ұсталары не істей білген? Металды ұқсата білген.

  • Ғұндар ыдыс-аяқты қандай материалдан жасаған? Ағаштан, теріден, қыштан жасаған. Мәселен, сүт, қымыз, айран сияқты сұйықтағамдар құятын ыдыстар қыш пен ағаштан жасалды.

  • Аммиан Марцелин ғұндар туралы не деп пайымдайды? «Ғұндар жақсы шыныққан, олар отты қажет етпейді. Олар тау мен орманда көшіп жүреді, жас кезінен ыстық-суыққа, шөлге үйренген» деп пайымдайды.


2. Қоғамдық құрылысы.

  • Ғұн тайпаларында әлеуметтік теңсіздік қалыптасқандығын не арқылы көруге болады? Жерленген обалардағы табылған заттардан.

  • Ғұндардың жерленген обаларынан табылған заттар әлеуметтік теңсіздікті қалай дәлелдейді? Ауқатты отбасылардың немесе үстем тап өкілдерінің молаларынан қымбат бағалы заттар көп табылады. Кедей адамдардың қабірлерінде қарапайым жасалған арзан бұйымдар кездеседі, кейбір қабірлерден ешбір зат табылмайды.

  • Ғұндар қандай ел? Көшпелі патриархалды.

  • Ғұндарды көшпелі патриархалды елді кім басқарады? Ақсақалдар кеңесі.

  • Ғұндарды, яғни елді кім билейді? Шаньюй билейді.

  • Ғұндарда тақ қалай беріліп отырған? Тақты атадан балаға мұраға қалдырып отырған.

  • Ғұндарда ауыр қылмыстар мен опасыздық жасағандарға қандай жаза қолданған? Өлім жазасы кесілген.

  • Ғұндарда ұсақ қылмыстар жасағандарға қандай жаза қолданған? Айыптының бетін тілген және т.б. жазалар қолданған.


3. Ғұндардың мәдениеті.

  • Ғұндар қандай өмір кешті? Көшпелі өмір кешті.

  • Ғұндардың өмір салты қандай халықтарға өзгеше болып көрінді? Римдікте мен гректерге.

  • Тарихта көшпелілер туралы қандай көзқарастар кездестіреміз? Әр түрлі.

  • Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин ғұндарды қалай деп сипаттайды? «Төзімді келеді. Күні-түні ат үстінен түспейді, сауда саттығын да ат үстінде жүріп жасайды, ат үстінде ішіп-жейді, ат үстінде қалғып ұйықтайды, тіпті түс те көреді» деп сипаттайды.

  • Ғұндардың қалалары болған. Ғұн әміршісінің сарайы туралы Прииск қалай деп жазады? «Біз бірнеше өзендерден өтіп, Аттиланың сарайы тұрған үлкен ауылға келдік. Бізге басқа жерлердегіге қарағанда оның тамаша сарай екенін айтты. Сарай шеберлікпен өңделген бөренелер мен тақтайшалардан салынып, әсем безендірілген. Биік мұнаралар патша сарайының сәнін келтіріп тұр. Барлық үйлер түгелдей бөренелерден салынған. Приискіні аппақ тастан қаланған монша ерекше таңғалдырған.

  • Көшпелілер тұрмысқа қажетті заттарды негізінен былғары, жүн, киіз, ағаштан жасаған. Жазбаша деректер бойынша, олардың киімі қандай болған деп сипаттаған? Киімдері мықты әрі ыңғайлы, жеңіл және әдемі болған.

  • Көшпелілердің зергерлері қандай бұйым жасаудан тамаша жетістікке қол жеткізген?Алтын әшекей жасауда.

  • Көшпелілер бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді білген. Бұйымға ширатылған ұзын сымды дәнекерлеп жапсырған. Мұндай шеберлікті не деп атаған? Зерлеу деп атаған.

  • Әшекейлеудің тағы бір түрі безендіру кезінде бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жапсырған. Ғалымдар мұндай стильді не деп атаған? «Полихромдық стиль» деп атаған.

  • Ғұндар алтын, күміс сияқты бағалы заттардан әшекей бұйымдарын жасаған. Ауқатты адамдардың зираттарынан қандай заттар кездеседі? Алтын сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасалған кемер белдіктер кездеседі.

  • Ғұндар бұйымдарды безендіру үшін қандай аңдардың бейнесін қолданған? Жабайы аңдардың бейнесін.

  • Ғұндардың тұрақты мекен-жайларынан ұршық бастарының табылуы нені көрсетеді? Жүннен түрлі киім тоқып кигендігін көрсетеді.

  • Ғұндардың үстем тап өкілдерінің зираттарынан қай елдің қымбат бағалы маталары кездеседі? Қытай елінің.


Сарматтар.

§23. Сармат тайпаларының орналасуы.

1.

  • «Сармат» деген жұрттың аты көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. қай ғасырдан бастап кездеседі? Б.з.б. 3 ғасырдан.

  • Сарматтар еліміздің батыс аумағын б.з.б. және б.з. қай ғасырында мекендеген? Б.з.б. 8 ғасыр мен б.з.-дың 5 ғасырында мекендеген.

  • Сарматтар б.з.б. 3 ғасырдың өзінде қандай тайпа болған? Сарматтар осы ғасырдың өзінде күшейіп, басқа тайпаларға үстемдігін жүргізе бастаған.

  • Сарматтарды б.з.б. 8 ғасырда кімдер деп атаған? Савроматтар деп атаған.

  • Арал-Каспий аралығында, одан оңтүстікке қарай қандай тайпалар тіршілік еткен? Дах, (дай, даг) тайпалары.

  • Дах, (дай, даг) тайпалары кезінде каспийдің жағалауында өмір сүрген тайпаларды қалай атаған? Каспилер деп аталған.

  • Каспилер өмір сүрген кездерде Каспий теңізін қалай атаған? Гиркан теңізі деп атаған.

  • Гиркан теңіз жағалауында өмір сүрген каспилерді қалай деп атаған? Гирканилер деп атаған.

  • Сармат тайпаларының ескерткіштері біздің жеріміздің қай жерлерінен кездеседі? Батыс Қазақстан аймағынан.

  • Батыс Қазақстан жеріндегі ерте темір дәуірі ескерткіштері қай жерлерде орналасқан? Жайық, Елек, Жем өзендерінің бойында.

  • Жайық, Елек, Жем өзендерінің бойындағы обалар негізінен неден үйілген? Тастан немесе тас аралас топырақтан.

  • Атырау облысының оңтүстік-шығысындағы теңіз жағалауы аудандарында шамамен қандай жерлерге дейін саз-топырақты төбешіктер бар? Шамамен Сарықамыс елді мекенінен Құлсары кентіне дейін.


2.

  • Савроматтар б.з.б. қай ғасырда қазіргі Батыс Қазақстан жерінің батыс аймағындағы жерлерді біртіндеп жаулап алды? Б.з.б. 2 ғасырында.

  • Савроматтар б.з.б. 2 ғасырда Батыс Қазақстан жерінің батыс аймағындағы жерлерді біртіндеп жаулап, әрі қарай қандай жерлерге дейін жетті? Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті.

  • Савроматтар жөнінде қай елдің тарихшылары жазып кеткен? Грек, Рим тарихшылары Диодор, Үлкен Плиний, Полибий жазып кеткен.

  • Савромат-сармат тайпалары қандай өңірлердің мәдениеттерін байланыстырды? Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін.

  • Савромат-сармат тайпалары көршілес қандай мемлекетпен байланыс орнатып, Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады? Босфор мемлекетімен.

  • Ежелгі грек тарихшысы Герадот савроматтар туралы қалай деп хабарлайды? Герадоттың хабарлауынша, сарматтар скиф тілінде өте жақсы сөйлеген, қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған және савроматтар дах-массагеттермен, исседондармен туыстас келген.

  • Ғалымдар Оңтүстік Орал, Еділ бойы, Батыс Қазақстан жеріндегі савромат-сарматтардың мөлшерлі санын анықтау бойынша, қандай мәліметтер қалдырған? Б.з.б. 2-1 ғасырларда олардың саны 10 мыңға, ал б.з.б. 3-2 ғасырларда 20 мыңға жуық, ал б.з.б. 1 ғасыр мен б.з. 1 ғасыры аралығында 5-7 мың адам болғаны жөнінде мәліметтер қалдырған.

  • Ғалымдар савромат-сарматтардың санының күрт кемуін немен байланыстырады? Ұзақ жылдарға созылған қатты қуаншылықпен байланыстырады.

  • Савромат-сармат тайпалары қуаншылықтың әсерінен мал саны азайып, өлім-жітімнің көбеюіне әкеліп соқты. Осының әсерінен олар не істеуге мәжбүр болды? Савромат-сармат тайпаларының рулары басқа отырықшы руларға қосылуға мәжбүр болды.

  • Арал-Каспий теңіздері аралығын б.з.б. 1 мыңжылдықтың орта шенінде мекендеген тайпалар туралы кімнің жазбаларынан білеміз? Герадоттың, парсы патшасы Ксеркстің жазбаларынан білеміз.

  • Герадот пен парсы патшасы Ксеркстің хабарлауынша, АралЭЛаспий өңірлерінде қандай тайпалар өмір сүрген?0Дах (дай,дах)l`сақ-массагет тайпалары өмір сүрген.

  • Дайлар бірнеше ру-тайпадан тұтған. Б.з.б. 248-247 жылдары дайлардың апарн тайпасынан шыққан Арсақ (Аршак) бастаған көшпелілер қандай жерлерді басып алған? Парфияның үлкен бөлігін және Гирканияның онымен шектес аймақтарын басып алған. Сөйтіп олар бұл елде Аршакидтер әулеті билігінің негізін салған.


3.

  • Кейбір пікірлер, болжамдар бойынша, ерте темір дәуірінде Маңғыстау түбегін мекендеген дайлар, бүгінгі кіші жүз құрамындағы қандай тайпалармен байланыстырылады? Адайлармен.

  • Маңғыстау түбегін мекендеген тайпалардың кіші жүз құрамындағы адай тайпаларының байланыстылығына қандай пікірлер келтірген? Бұл түбі негізсіз пікір емес. Біріншіден, дай және адай деген тайпа атауларының сыртқы дыбысталу үндестігі өте жақын. Екіншіден, екеуі де ежелден осы Маңғыстау түбегінде, соған көрші аймақта өмір сүрген. Географиялық орналасуының, атауының мұндай дәл келуі көне үйсіндерге де, қаңлы тайпасына да байланысты айтылып жүр. Бұған қарап, дайлар мен адайлар бір тайпа деуге болмайды. Олардың арасын кемінде 1 мың жыл бөліп жатыр. Дегенмен де, дайлардың сақ-массагеттер сияқты қазақ халқының этногенезіне (шығу тегіне) қатысты болуы және олардың атауы адай тайпасының атауымен жалғастық табуы әбден ықтимал.


4.

  • Үстіртте зерттелген Бәйге, Терең ескерткіштерінде адамды жерлеген орындармен қоса аруақтарға арнап ас беру орындарымен қоса қандай орындар да кездеседі? Мінажат жасау үшін салынған ғибадатханалар да кездеседі.

  • Үстіртте зерттелген Бәйге, Терең ескерткіштерінің ішінде тас төселген, дөңгелектеп салынған дуал құрылыстары, құрбандық шалатын тас үстелдері бар. Айнала адам бейнесіне келетін діңгек тастар орнатылған. Олардың саны қаншаға жетеді? 30-40-қа дейін жетеді.

  • Ғибадатханалардан от жағылған орындардың белгісі көп кездеседі. Зерттеушілер пікіріне қарағанда дай-массагеттерде қандай рәсімнің болғанын көрсетеді? Отқа табыну рәсімі болғанын көрсетеді.

§ 24. Сарматтардың қоғамдық құрылысы,

шаруашылығы мен тұрмысы.


1. Қоғамдық құрылысы.

  • Сарматтарда әлеуметтік теңсіздік болғандығын қандай ескерткіштер дәлелдейді? Археологиялық ескерткіштер.

  • Алғашқы қауым кезінде, қауымдағы сарматтардың жағдайы қандай болған? Сарматтардың құқықтары бірдей болып, қауымның барлық мәселелерін ру ақсақалдары, тайпа көсемдері қауым мүшелерімен ақылдаса отырып шешкен.

  • Сарматтарда әскери демократияның заманында жағдайлары қандай болды? Қауым мүшелерінің ішкі, сыртқы мәселелерін тек әскербасылары мен қолбасшылары шешетін. Олар қарапайым қауым мүшелерімен санаспады.

  • Сарматтардағы қоғамдағы әскери демократия басқа көшпелілердікінен қандай өзгешілігі болды? Мысалы, сақтардың әскери демократиялық қоғамында демократия тек ерлер үшін, оның ішінде де әскери жасаққа жарамды жастағы ерлер үшін болды. Ал сарматтардың әйелдері де жасақ құрамына кірген.

  • Сарматардың әйелдері әскери демократияда жасақ құрамына кіргендігін не арқылы дәлелдеуге болады? Оған олардың қабырлерінен қару-жарақтың көп табылуы дәлел.

  • Сарматтар қоғамында әскери демократия кімдерге қатысты болды? Ерлерге де, әйелдерге де бірдей қатысты болды.

  • Сарматтарда әйелдердің қоғамдағы рөлі қандай болды? Әйелдердің қоғамдағы рөлі, орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды.


2. Сарматтардың тұрмысы.

  • Тұрмыс деген ұғымға қандай жағдайлар кіреді? Тұрғын үй жай, киген киім, ішкен тағам, ыдыс-аяқ т.б.

  • Сарматтар қыс кезінде қандай киімдер киген? Қысқа тон киіп, оның белін қайыс белбеумен буды. Аяқтарына қысқа қонышты етік киген. Кең шалбарының балағын етіктің қонышына салатын болған.

  • Сармат әйелдері қалай киінген? Сармат әйелдері де ерлерше киінді.

  • Сармат әйелдерінің ерлерше киінгенімен, киімдері қай жағынан ерекшеленді? Олардың киімдері әртүрлі моншақтармен безендірілді.

  • Сарматтардың әйелдері қандай сәндік бұйымдар таққан? Әсемдік заттардан алтынмен қапталған сырға, сақина, алқа, білезіктер таққан.

  • Сарматтардың ыдыстары қандай материалдардан жасалған? Қыштан және металдан жасалған.

  • Сарматтар жасаған қыш құмыралардың түбі қандай болып келді? Түбі жайпақ әрі шұңғыл болып келді.

  • Сарматтарда тамақ пісіретін қазандар қандай металдан құйылып жасалды? Темірден құйылып жасалды.

  • Сарматтарда шыныдан жасалған ыдыстар да кездескен, бұл ыдыстарды сонда кімдер жасаған? Шыны ыдыстарды сарматтар өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған.

  • Сарматтар теріден қандай ыдыстар жасап пайдаланған? Торсық, саба, көнек, мес сияқты ыдыстар.


3. Сарматтардың шаруашылығы.

  • Сарматтар қандай шаруашылық түрлерімен айналысқан? Мал және егін шаруашылығы.

  • Сарматтар қандай малдың түрін көп өсірген? Қой мен жылқы.

  • Сарматтар қой мен жылқыдан қандай өнім алған? Қой мен жылқының етін, сүтін тамаққа пайдаланса, ал терісі мен жүнінен киім-кешек, киіз жасаған.

  • Сарматар жылқының қандай түрін өсірген? Тұрқы қысқа, жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге үйренген жылқы түрін өсірген. Сонымен қатар алыс жорықтарға мінетін қазанаттар да болған.

  • Сарматтардың қазанат жылқыларына қандай адамдардың қолы жеткен? Оған тек ақсүйектердің, әскербасылардың қолы жеткен.

  • Сарматтар қой мен жылқыдан басқа түйе мен сиырды да өсірген. Бірақ оларды негізінен неге пайдаланған? Негізінен күш көлікке пайдаланған.

  • Батыс сарматтар қандай салтқа көшті? Отырықшы салтқа көшті.

  • Сарматтар өмірінде мал шаруашылығымен қоса қандай шаруашылық түрі үлкен рөл атқарады? Аңшылық.

  • Сарматтарда қандай өнер жоғары дамыды? Зергерлік өнер.

  • Сарматтарда көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыспен қатар тағы қандай түрі дамыды? отырықшылық.

  • Еділ-Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтардың көп бөлігінің шаруашылығында малшылықпен қатар, қандай шаруашылық түрі маңызды орын алды? Егіншілік.

  • Сарматтарда көшпелі тұрмыспен бірге жартылай көшпелі, тіпті қандай жұрттар да қалыптаса бастады? Отырықшы жұрттар да қалыптаса бастады.

  • Сарматтар өмірінде аңшылық қандай қызмет атқарды? Қосымша кәсіп-қызықтау, сейіл құру қызметін атқарды.

  • Сарматтар қандай аңдар мен құстарды аулады? Олар: киік, қарақұйрық, қоян, түлкі, әр түрлі құстар аулады.

  • Сарматтар аңдар мен құстарды немен ұстады? Садақпен атты, ит қосып, ұраға жығып ұстады.


4. Сарматтардың заттай мәдениеті.

  • Зерттеушілер Бесоба қорымынан қандай адамдар жерленген обаны тапты? Абыз әйелдер жерленген обаны тапты.

  • Бесоба қорымындағы абыз әйелдер жерленген оба қалай салынған? Обаның ішкі құрылысы бөренеден салынып, үстіне тал, шөп төселіп, топырақпен жабылған.

  • Бесоба қорымындағы абыз әйелдер қалай жерлеген? Бұл қабірге жерленген екі әйел де шалқаларынан жатқызылып, бастары оңтүстік-батысқа қаратылған.

  • Бесоба қорымындағы жерленген абыз әйелдердің жандарынан қандай заттар табылған? Қажетті деген заттары, қол айна, алтын сырғалар, моншақ және тістері ақсиған қасқыр бейнесі бар үш аяқты құрбандық тақта қойылған.

  • Батыс Қазақстан савроматтары ескерткіштерінің қандай өзіндік ерекшеліктерін аңғаруға болады? Біріншіден, олардың ішкі құрылымы көбінесе ағаштан жасалған; екіншіден, әр пішінді қабірлер көп кездеседі (тік бұрышты, дөңгелек, сопақ т.б.).

  • Савромат ескерткіштерінің зерттелгені қандай қорым? Сынтас қорымы.

  • Сынтас қорымының бірінші обасы немен салынған? Бөренелермен шатырланып салынған.

  • Савромат ескерткіштерінің бірінші обасында қанша адам жерленген? Үш савромат жауынгері жерленген.

  • Савромат ескерткіштерінің бірінші обасындағы үш жауынгердің ортасында кім болуы мүмкін? Әскербасы болуы керек.

  • Сынтас қорымындағы үш жауынгердің ортасындағы жауынгерді әскербасы болуы керек деп, не себепті олай есептеген? Себебі ол ортадағы адам екі жағындағылардан биіктеу орынға қойылған. Көне зираттарда әскербасы мен оның екі нөкері жерленген секілді.

  • Сынтас қорымында табылған жауынгерлердің жанына қандай заттар қойылған? Жауынгерлердің жанына жебелердің қола ұштары, темір қанжарлар, темір ауыздықтар, қыш ыдыстар т.б. заттар қойылған.

  • Сынтас ескерткіштерінен шыққан сүйек қасықтарда қандай аңдардың бейнесі бейнеленген? Басын артқа қайырып, аузын ақситып жатқан қасқыр мүсіні, киік, таутеке бастары бейнеленген.

  • Соңғы сармат кезеңінің Атырау облысы Жылыой ауданы жерінен табылған Аралтөбе ескерткішінен үш оба қазылған. Осы обадан нелер табылды? Қабірден көсемнің қару-жарағы, әшекейлі бұйымдарынан басқа абыз асатаяғының бөліктері табылды.

  • Сарматтар біз қарастырып отырған заманда қандай тайпа болған? Жауынгер тайпа болған. Олар асқан ӹнерліРхалық екем.

  • Сармат қолөнер шеберлері әр түрлі құралдар жасаумеп бірге, тағы немен айналысты? Тоқымашылыпен де айналысты.

  • Сарматцардың ішіндегі қолдары шебер зергерлер қандай заттар жасаған? Алтын, күміс, мыс, темірден әшекей бұйымдар, айна жасаған.


§25. Орталық қазақстан.


1. Сарыарқа-ұлы дала.

  • Орталық Азиядан ертеден көшпелілер жайлаған үлкен кеңістік созылып жатыр. Бұл тарихи-географиялық ауданды қазақтар қалай деп атаған? Сарыарқа деп атаған.

  • Сарыарқа ұғымы қандай мағына білдіреді? Қазақтың сары даласын шығыстан батысқа қарай бөліп жатқан аласа таулар желісін білдіреді.

  • Қазақстан жерінде кен өңдіру, ал ерте темір дәуірінде қандай металдарды өндіру жақсы өркендеген? Мыс, алтын және басқа да металдар өндіру жақсы өркендеген.

  • Сарыарқаны шығыста қандай тау сілемдері қоршап тұр? Тарбағатай тау сілемдері қоршап тұр.

  • Сарыарқаны Батыста созылып жатқан қандай ойпат қоршап тұр? Торғай ойпаты қоршап тұр.

  • Сарыарқадан Солтүстікке қарай қандай өзендер ағып жатыр? Өлеңті, Сілеті, Есіл, Нұра, Құланөтпес өзендері ағып жатыр.

  • Сарыарқадан оңтүстікке қарай қандай өзендер ағады? Аягөз, Қаратал, Жәмші, Мойынты, Сарысу,Сарыкеңгір, Қаракеңгір өзендері ағады. Олардың бәрі бір сағадан бастау алады.


2. Сарыарқаның тұрғындары.

  • Орталық Қазақстандағы ежелгі тұрғындары туралы жазба мәліметтер аз. Герадот өз шығармаларында бұл аймақты кімдер жайлағанын айтады? Аргиппейлер мен исседондар.

  • Қазіргі заманда ғалымдардың анықтауынша, ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік батысында кімдер тұрғанын айтады? Аргиппейлер тұрған.

  • Қазіргі заманда ғалымдардың анықтауынша, ежелгі заманда сарыарқаның орталығында кімдер тұрғаның айтады? Исседондар тұрған.

  • Қазіргі заманда ғалымдардың анықтауынша, ежелгі заманда сарыарқаның шығысында кімдер тұрған? Аримаспылар тұрған.

  • Дала тұрғындары яғни аргиппейлер, исседондар, аримаспылар қандай жануарлар өсірген? Жылқы, қой мен түйе өсірген.

  • Дала тұрғындарына түйе мен жылқыны және қойды ғана өсіруге қандай жағдай мәжбүр еткен? Климат жағдайлары қыста шөпті қар астынан тебіндеп тауып жеуге ыңғайлы, осындай малдың түрін таңдауға мәжбүр еткен.

  • Көшпелілер малға байланысты қандай жайттарды жақсы білген? Мысалы қай жерде қандай шүйгін шөп өсетінін, оны малдың қашан жеп тауысып, қалай сіңіретінін өте жақсы білген. Малшылар жайлау шөбі тықырланып, шаңы шықпас үшін жайылымын ауыстырып отырған. Ал қыста мал қоңды болуы тиіс. Сондықтан күзгі жайылымға арнап шөбі шүйгін жерді қалдырған.


3. Шаруашылығы

  • Жазғы мал жаю неше айға дейін созылған? 6 айдан 9 айға дейін.

  • Көшпелілер көктемгі қар еріген кезден бастап нені ауыстырып отырған? Жайылымды ауыстырып отырған.

  • Көктемгі және күзгі кезеңдерде көшпелілер малды қай жаққа қарай жылжыта жайып, жылы күндерді «қолдан» ұзартты? Оңтүстікке қарай.

  • Көшпелілер малды қай жаққа қарай жылжыту арқылы салқын, қоңыржай уақытты «көбейткен»? Солтүстікке қарай.

  • Көшпелілер қыстан арықтап шыққан мал оңалуы үшін не істеген? Көктемде асықпай көшкен.

  • Малдың қыстан арықтап шығуына не себеп болған? Өйткені ақпан мен наурыз айларында мал төлдеп, жылдам жүруге мүмкіндік бермейді.

  • Жазда малдың семіруі неге байланысты болды? Бұл жайлаудың кеңдігі мен жемшөптің жеткіліктілігіне байланысты еді.

  • Көшпелілер жайлауға қандай жерлерді таңдап алды? Жайлауға тегіс жер, шөбі құнарлы ойпаттар таңдалып, күн ыстықтарда қыраттарға жайды.

  • Көшпелілердің жазғы жайлауда ұзақ тұруы неге байланысты болды? Жазғы тұрақ күн ыстығына байланысты ұзаққа созылады, жаздағы негізгі мәселе су болып табылады.

  • Күз айларында малдарда қандай өзгеріс болады? Күзгі жайылым, яғни күзеуде мал жайылып, қондана түсуі керек.

  • Күздің соңына қарай көшпелілерде қайда көшу басталады? Қысқы жайылым қыстауға көшу басталады.

  • Көшпелілер қыста жылқыны үйірге қосады. Әр үйірде неше бас мал болады? 400-600 бас мал.

  • Көшпелілерде малға байланысты қандай жұмыстар ұжымдасып атқарылды? Мал қырқу, құдық қазу, сауын, мал күзету, төлдерді күту сияқты жұмыстар.

  • Көшпелілер малшылықтан басқа қандай кәсіппен айналысты? Аңшылықпен, терімшілікпен, қолөнермен де айналысты.


4. Ерте темір дәуірі ескерткіштері.

  • Орталық Қазақстанның жер аумағы мөлшермен қазіргі қай қалалар мен өңірлерді қамтиды? Қарағанды, Ақмола, жартылай Павлодар облыстары мен Торғай өңірлерін қамтиды.

  • Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің ескерткіштері негізінен қандай түрінде сақталған? Обалы қорымдар түрінде.

  • Орталық Қазақстанның ерте темір дәуіріне тән ескерткіштерге қандай обалар жатады? Мұртты обалар.

  • Кейбір ғалымдардың пікірінше, «мұртты қорғандар» ненің рөлін атқарған? Бағдаршам рөлін атқарған.

  • Ғалымдардың Орталық Қазақстаннан табылған мұртты обаларды бағдаршам рөлін атқарған деп есептеуге қандай себеп болды? Шындығында, «мұртты қорғандар» белгілі бір бұрышпен салынғанда оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс бағытты көрсетеді.

  • Көшпелілер табиғатқа байланысты нелерді жақсы білген? Қай тұста жайылымның немесе су көздерінің орналасқанын жақсы білген. Белгілђ бір күндері күн шыққан және батқан кезде әрбір екі тастыڣ көлҵңкесіне қарап ауа райын біліп отырған.

  • Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері қандай атпен бзлгілі> Тасмола`мәдениеті деген атпен белгілі.

  • Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері, яғни Тасмола мәдениеті қандай тайпалардан қалған? Исседон тайпаларынан.

  • Тасмола мәдениетінің алғашқы ескерткіштері қандай өңірден табылған? Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірінен табылды.

  • Орталық Қазақстаннан табылған, яғни Павлодар облысындағы Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірінен табылған ескерткіштерге ұқсас жерлеу орындары кейін қандай мәдениет деп аталды? Тасмола мәдениеті деп аталды.

  • Орталық Қазақстан ескерткіштеріндегі «мұртты обалар» неше жерлеу орнынан тұрады? 2-жерлеу орнынан.

  • Орталық Қазақстаннан табылған екі жерлеу орныны бір-бірінен неше метр қашықтықта орналасқан? 2-5 метр қашықтықта.

  • Орталық Қазақстаннан табылған обалар салынуы жағынан қалай орналасқан? Бір-бірінен қашық жатқан обалар бір қатарда бірінен кейін бірі тізбектеле орналасты.

  • Орталық Қазақстаннан табылған обалардан тура шығысқа қарай тастан қаланған мұртқа ұқсас доға тәріздес екі тас құрылыс тартылған. «Мұрт» сияқты құрылыстың ені мен ұзындығы неше метрге дейін созылады? Ені 50 сантиметрден 2 метрге дейін, ал ұзындығы 10 метрден 30-40 метрге дейін созылады.

  • Орталық Қазақстаннан «мұртты» обалардың неше түрі кездеседі? 4 түрі.

  • Орталық Қазақстаннан табылған төрт обаның 1-ші түрі туралы қандай мәлімет бар? Бірінші түрі-үлкендеу қорғанның шығыс жағынан салынған кішілеу қорған обалар. Кіші қорғанның шығыс жағынан «мұрт» сияқты тас тізбек кетеді.

  • Орталық Қазақстаннан табылған төрт обаның 2-ші түрі туралы қандай мәлімет бар? Екінші түрі-екі қорған оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар салынады және екі қорғанның оңтүстік және солтүстік шегінен шығысқа қарай мұрт (доға) сияқты тас құрылыс жүргізіледі.

  • Орталық Қазақстаннан табылған төрт обаның 3-ші түрі туралы қандай мәлімет бар? Үшінші түрінде, алдымен бір үлкендеу қорған салынады, соның үстінен тағы бір кіші қорған тұрғызылады. Үлкен қорғанның шығыс жағынан тас «мұрт» жасалады.

  • Орталық Қазақстаннан табылған төрт обаның 4-ші түрі туралы қандай мәлімет бар? Төртінші түрі үшіншіге ұқсас, яғни бірінің үстінен бірі салынған екі қорғаннан тұрады. Бұл обалардағы астынғы қорған мен үстіңгі қорғанның ара жігін қазба барысында ғана анықтауға болады.

  • Орталық Қазақстаннан табылған обалардың ішінен нелер табылған? Обалардың біреуінен адамды, ал екіншісінен мініс атын жерлеген. Өлген адамның аруағына арналып жылқы шалып, оны бірге көмген.

  • Қазақта өлген адамға арналып сойылған жылқының басы ненің үстіне қойылған? Өлген адамның қабірінің үстіне қойылған.

  • Қазақта өлген адамға арналып қойылған жылқының басы оның қабіріне қойылған әдет қандай аймақтардағы қазақтарда күні бүгінге дейін сақталған? Шығыс аймақтарындағы қазақтарда.

  • «Мұртты» қорғандар қандай өнердің өзіндік ерекше ескерткіші болып табылады? Сәулет өнерінің.

  • Жалпы «мұртты» обалар Орталық Қазақстанда мол тарағандықтан, жиі кездесетін ескерткіш түріне жатады. Мұндай «мұртты» обалар қазақстанның қандай өңірлерінен табыла бастады? Солтүстік, Шығыс Қазақстан аймағынан, республикамыздың оңтүстік өңірлерінен де табыла бастады.

§26. Солтүстік қазақстан.


  • Солтүстік Қазақстан жері оңтүстік шегінде қандай аймақпен шектесіп жатыр? Орталық Қазақстанмен.

  • Солтүстік Қазақстан жері солтүстігінде қандай аймақпен шектесіп жатыр? Батыс сібірдің орманды далаларымен.

  • Солтүстік Қазақстан жерінен ерте темір дәуіріндегі қандай екі өңірдің мәдениетінің әсері байқалады? Оңтүстік және солтүстік өңірдің.


1. Солтүхтік Қазақстанның ђабиғат ерекшеліктері.

  • Солтҿстік Қазақстанға қазіргі қапдай облыстардың солтүстік бөлігі жатады?0Қазіргі Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облысыныңРсолтүстік бөлігі жатады.

  • СолтүстЖк"Қазақстанда өзендер мен тұщы сулы көлдер мол. Сондықтан мұнда ерте кездерден бері халық қандай кәсіппен шұғылданады? Балық аулаумен және егіншілікпен.

  • Солтүстік Қазақстандағы шүйгін0жайылымдат`мен суаттардың жақындығы адамдарға қандайဠжағынан қолайлы жағдай жасаған? Емін-еркін көшіп жүруге.

  • Солтүстік Қазақстан тұрғындарының қысқы жайылымдары қандай аймақта орналасты? Оңтүстікте.

  • Солтүстік Қазақстан тұрғындары әдетте қандай аймақты таңдады? Қар кеш жауып, ерте еріп кететін аймақты таңдады.

  • Солтүстік Қазақстан тұрғындары қыста қандай жерлерге орналасуды көздеді? Қыста жел соқпайтын жерлерге орналасу көзделді. Жақын маңда қамыс болса тіпті жақсы, өйткені ол бораннан қорғаныш болатын еді.

  • Солтүстік Қазақстан тұрғындары қамысты не ретінде де пайдаланды? Отын ретінде.

  • Солтүстік Қазақстан тұрғындары қоныстанған жерлерде ненің болуын ескерді? Жақын жерлерде суат болуын.


2. Тұрғындар туралы жазба деректер.

  • Солтүстік Қазақстан халқының тіршілігі туралы баяндайтын жазба деректердің көлемі қандай? Өте аз.

  • Ертедегі грек тарихшысы Геродоттың айтуынша, савроматтар «биік таулардың бауырында» тұрған кімдермен көрші болған? Аргиппейлермен.

  • Ертедегі Грек тарихшысы Геродоттың савроматтар мен аргиппейлердің биік таулардың бауырында көрші тұрғандығын баяндаған. Осы оқиға қандай жердегі таулар туралы болып отыр? Орал таулары.

  • Геродот аргиппейлердің өмір салты туралы қалай деп жазған? «Олардың әрқайсысы қыста ағашты қалың киізбен жауып, соның астына паналайды. Мұндай адамдарға ешкім тиіспейді, өйткені оларды әулие тұтып құрметтейді. Олар өкпелескен көршілерін татуластырады, егер біреу өздеріне қорған іздеп қашып келсе, оны ешкім ренжітпейді, бұл халықты аргиппей деп атайды».

  • Аргиппейлерден шығысқа қарай қандай тайпа орналасқан? Исседондар.

  • Тіл білімі мамандары «аргиппей» сөзін латын тілінен қалай деп аударады? «Ақ жалды жүйрік аттардың иелері».

  • Кейбір тарихшылардың есептеуінше қандай тайпаларды бір халықтың атаулары деп есептейді? Аргиппейлер, сарматтар, савроматтар.

  • Б.з.б. нешінші мыңжылдықта Солтүстік Қазақстанның тұрғындары егіншілік пен отырықшылықтан көшпелі өмір салтына қашан ауысқан? Б.з.б. 1 мыңжылдықта.

  • Солтүстік Қазақстаннан табылған өнер үлгілері қандай стильге жатады? «Аң стиліне».

  • «Аң стилі» деп аталуы нелерді бейнелеуге байланысты шыққан? Аңдар мен жануарларды бейнелеуге байланысты шыққан.

  • Ертедегі адамдар аң стиліне байланысты қандай көріністі бейнелеген? Түйелердің айқасы, шауып келе жатқан қасқыр, дала қыраны сияқты көріністер.

  • Жалпы алғанда, Солтүстік Қазақстан халқының мәдениеті еліміздің оңтүстігінде мекендеген қандай тайпалардың мәдениетіне ұқсайды? Сақтардың мәдениетіне.


3. Мал бағу ерекшеліктері.

  • Солтүстіктегі шаруашылықтың басым бөлігі қандай шаруашылықпен айналысты? Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы.

  • Көшпелілердің қойлары көп еді. Бірақ шаруашылықта басты орында қандай мал түлігі тұрды? Жылқы түлігі.

  • Көшпелілерде мал жайлауда бағылды. Ауылдар аралас қонды. Күннің ыстығына байланысты жылқылар ауылдан неше шақырым алыста бағылды? 12-15 шақырым.

  • Жылдың қандай мезгілінде мал тебіндеп, жайылып, арықтап қалатын? Қыс мезгілінде.

  • Қыс кезінде малдың ұзақ жайыла алмауына не кедергі болды? Қар қалың түскендіктен.

  • Солтүстіктегі Қазақстан тұрғындары ірі қараға түнде тұратын нелер салды? Қоралар салды.

  • Солтүстік Қазақстан тұрғындары жазда мал азығына не дайындалды? Пішен.

  • Солтүстік Қазақстан тұрғындары жылы күндері малды қыратқа шығарып, ал суық күндері қайда апарып жайды? Таудың етегіндегі ық тасында жайды.

  • Қары мол аймақтар қыстың басы мен соңында, ал ойпат жерлер, шоқылар мен төбелердің теріскей беткейлері, тау бөктерлері қыстың қай уақытында пайдаланды? Қыс ортасында.

  • Солтүстік Қазақстан тұрғындары қыс кезінде қайда тұрақтап отырды? Қыстауда.

  • Қыс кезінде адамдардың қыстақта тұрақтап отыруына не себеп болды? Өйткені бұл уақытта көшу табиғат жағдайына байланысты тоқтатылады.

  • Қысқы уақытта малшылардың тірлігін не қиындата түсті? Үскірт суық, жел, қардың қалын түсуі, шөптің таусылуы, ауа райының күрт өзгеруі.

  • Қазақ даласында оқта-текте жұт болып тұрды. Бұл жұт малға қалай әсер етті? Жерді қалың мұз басып, мал шөп тауып жеу үшін тұяғымен оны жара алмайды.

  • Қазақ даласында оқта-текте жұт неше жылда бір қайталанып тұрды? 6-8, кейде 10-12 жылда бір қайталанып тұрды.

  • Дала тұрғындары көк тайғақ кезде мұзды бұзу үшін оның үстімен қандай жануардың табындарын айдады? Жылқының.

  • Жұтқа қарсы күресудің басқа да қандай әдістері болды? Қар мен жаңбыр жауған кезде малды басқа жаққа айдап әкетіп, жайылымды күреп, тазалайды немесе малды орманға апарып, қоршауға апарып қояды.


4. Ерте темір дәуірі ескерткіштері.

  • Жайық пен Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениет қалыптасуына қандай аймақтағы мәдениеттің әсері болған? Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің әсері болған.

  • Ұлыбай атырабының ескерткіштері неге ұқсас келеді? Тасмолаға.

  • Ұлыбай атырабының ескерткіштері қандай жағынан Тасмолаға ұқсас келеді? Тасмолалықтар сияқты олар да «мұртты» обаларға иесімен бірге атын қоса көмді.

  • Сақтар заманының алғашқы кезеңінің бұл өңірде жақсы зерттелгендері қандай обалар? Бірлік, Алыпқаш, Покровка, Бектеңіз.

  • Бірлік, Алыпқаш, Покровка, Бектеңіз ескерткіштерінен қандай заттар табылды? Садақ жебелері, жалпақ пышақтар, сыртында ілмешегі бар дөңгелек қола айналар, қыш ыдыстар т.б.заттар табылды.

  • Сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын қандай үш қоныс зерттелді? Қарлыға, Бөркі және Кеңөткел.

  • Қарлыға, Бөркі және Кеңөткел қоныстарынан қандай заттар табылған? Қыш ыдыстар қалдығы, қола пышақтар, әртүрлі түйреуіштер, алуан түрлі тас құралдар, темірден жасалған жебе ұштары, қанжарлар, дөңгелек және жалпақ түпті, бүйірлі керамикалық ыдыстар шықты.

  • Археологтар Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан ерте темір дәуіріне жататын қандай бекініс қалашығын зерттеді? Ақтау бекініс қалашығын.

  • Есіл өзенінің оң жағалауында Ақтау бекінісі қалашығының қабырғасы неше метр етіліп үйілген топырақ дуалдың үстіне ағаштан тұрғызылған? 5-6 метр.

  • Ақтау бекінісі жеке-жеке неше қорғаныс қалқасынан тұрады? 5.

  • Ақтау бекінісіндегі дуал қабырғаның сырт жақ беті еңкіш болып келеді, етегінен бекініске тікелей шабуыл жасауды қиындату үшін тереңдігі неше метр ор қазылған? Бір жарым метр.


5. Металл ұқсату.

  • Ерте темір дәуірінде Қазақстан жеріндегі қандай іс өте жақсы дамыды? Түсті металл қорыту, өндіру ісі.

  • Шығыс Еуропа жерінен, Кавказдан қандай жерде өндірілген металдан жасалған заттар табылды? Қазақстанда өндірілген.

  • Шығыс Еуропа жерінен, Кавказдан Қазақстан жерінен өндірілген металдан жасалған заттар б.з. нешінші ғасыр аралығын көрсетеді? 2-3 ғасыр.

  • Солтүстік Қазақстан жерінен табылған темір бұйымдар көрші аймақтардан (Батыс Сібір, Орал) табылған темір заттардан қанша ғасыр ертерек уақытпен мерзімделеді? 2-3 ғасыр.

  • Қазақстан жерінде басқа жерлерге қарағанда темір бұйымдардың табылуы нені дәлелдейді? Бұл Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалардың темір өндірісін өз көршілерінен ертерек игергенін, қазақ даласы темір қортудың алғашқы орталықтарының бірі болғандығын дәлелдейді.

  • Қазақстан жері Қазақстанның және Сібірдің қуатты металлургиялық орталықтарын қандай жермен жалғастырып жатқан байланыс-тасымалдық аймағы болған? Шығыс Еуропамен.

  • Б.з.б. және б.з. нешінші ғасырларында Солтүстік Қазақстанды мекендеген тұрғындар Жетісу мен Оңтүстік Қазақсъвнды жайлаған тайпалар мен мәдени байланыста болған? Б.з/б. 8 - б.з. 2 ғасярларында.

  • Солтүстік Қазақстанды мекендеген тұрғындар Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жайлаған(Ѣайѿалар мен мәдени байланыста болғандығын не дәлелдейді? Оны олардың осы кезге жататын қазба, мәдени мұраларындағы кейбір ұқсастықтар айғақтайды.



§27. Шығыс Қазақстан.


  • Шығыс Қазақстанға қандай жерлердің аумағы жатады? Шығыс Қазақстан облысы, бұрынғы Семей облыстары жатады.


1. Табиғат жағдайы жәпеРхалқы.

  • Шығыс Қазақстанның климаты Қазақѡтанның қандай аймағы мен климаты ұқхас? Солтүстік Қазақсъанмен.

  • Шығыс Қазақстан мен"Солтүстік Қазақстанның табиғаты қандай болып келеді Мұнда да жаз қысқа әрі4ыстық және қыс ұзақ!та қатал.

  • Шығыс Қазақстандағы аумақтың үлкен бөлігін не алып жатыр? Орман мен таулар алып жатыр.

  • Шығыс Қазақстан ненің орталығы болумен даңқы шыққан? Металлургияның орталығы болумен.

  • Шығыс Қазақстанның ежелгі тұрғындары туралы жазба мәліметтер қандай? Мәліметтер өте аз.

  • Геродоттың айтуынша, сарматтар аргиппейлермен көрші тұрған дедік. Олардан әріРқарай таулатда қандай тайпалар(мекендеген? Аримаспылар.

  • Аѐимаспылардың атауы неге баѹланыёты Ѩыққан? Алтайда алтын мен темірдің молда болуынбайланысты шыққан.

  • Шығыс Қазвқстан адамдар үшін қандай жер? Ежелден адамға жайлы, малға шұрайлы жер. Оның жайылымы мол шалғынды, аймақтары мен тау жоталары, түрлі металдарға бай кен орындары бұл жерде көне мәдениеттердің қалыптасуына себеп болды.

  • Шығыс Қазақстан аумағын ертеде қандай тайпалар мекендеген? Аримаспылар.


2. Шілікті патша қорғандары.

  • Шығыс Қазақстан жері далалы әрі таулы аймақ. Бұл өңірдің күретамыр су жүйесі қандай өзен? Ертіс өзені.

  • Алтай тауының батыс жақ бөлігі және оның жалғасы Қалба, Нарын, Тарбағатай, Маңырақ, Сауыр жоталары Қазақстанның қандай аумағында орналасқан? Шығыс Қазақстан аумағында.

  • Шығыс Қазақстан аумағында тарихи географиялық өңірдің орталығында қандай жерлер бар? Шыңғыстау жотасы, Зайсан, Алакөл ойпаттары бар.

  • Шығыс Қазақстанның далалы аймақтарында, қазіргі Зайсан ауданының жерінде тарихи қандай орындар кездеседі? Алып патша қорғандары кездеседі.

  • Қазіргі Зайсан ауданының жерінде алып патша қорғандары кездеседі. Оның ең көп шоғырланған жерін не деп атайды? Шілікті ескерткіштері деп атайды.

  • Шілікті қорымында барлығы неше оба бар? 51 оба.

  • Шығыс Қазақстаннан табылған Шілікті алып қорғандардың диаметрі және биіктігі неше метрге жетеді? Диаметрі 100 метрдің маңайында, ал биіктігі 8-10 метрге жетеді, яғни 3-4 қабат үйдің биіктігіндей.

  • Шығыс Қазақстаннан табылған қорғандар Жетісудағы қандай қорғандар сияқты ерте заманда ақ тоналып кеткен? Бесшатыр, Есік қорғандары сияқты.

  • 1960 жылы зерттелген «Алтын қорған» деген атау алған обаны үйерден бұрын қабыр шұңқырын қазғанда зерттеушілер неге куә болған? Шұңқырдың орта шенін шығыстан батысқа қарай бағыттылған дәліз (дромос) жасалған. Балқарағай бөренелерінен қабір үйін салған. Бос жеріне тас толтырылған, ал сырттан қабір үйіне алып келетін дәліздің қабырғасы таспен қаланған, төбесін көлденең қойылған сырғауыл, бөренелермен жапқан.

  • «Алтын қорған» қабірінен екі адамның жерленген қабыры табылды. Осы табылған екі адамның жасы және жынысы қандай? Оның бірі 40 - 50 шамасындағы ер адам да, екіншісі 50 - 60 жастағы әйел адам.

  • «Алтын қорған» қабіріндегі екі адамды қалай жерлеген? Екеуін жерлеген соң, қабір үйінің төбесін таспен жауып, оның үстінен топырақ пен қиыршық тастан оба үйілген. Одан кейін қабыр үйіне апаратын жер асты дәлізінің де аузы ірі таспен бекітілген.

  • «Алтын қоған» қабірінен неше қола жебе, жебе салатын қорамсақтың жұрнағы табылды. 13 қола жебе.

  • «Алтын қорған» қабірінен табылған жебелер қандай болып келді? Екі қырлы ұңғылы.

  • «Алтын қорған» қабірінен табылған қорамсақ қандай материалдан жасалған? Қорамсақ қалың теріден жасалып, қоспалары тарамыспен тігілген. Қорамсақтың сыртына бірнеше әшекей қаптырма жапсырылған.

  • «Алтын қорған» қабірінен қандай бейнедегі заттар табылған? Қабір ішінен бүркіттің, қабыланның мүсіндері, қабан, балық бейнелері, қанаттары жаюлы құс түрінде алтын қаптырма және басқа зергерлік әшекейлер табылды. Алтын бедерлі мүсіндер ғажайып шеберлікпен, көркем жасалған.

  • «Алтын қорғаннан» табылған заттарды, оның ішкі, сыртқы құрылымын саралай келіп, ғалымдар бұл обалардың салынған уақытын б.з.б. қай ғасырларға жатқызуға болады? Б.з.б. 7-6 ғасырларға.

  • Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданы жеріндегі жазықта сақ дәуірінің 200-ден аса обалары орналасқан. Оның ішінде нешеден астамы патша немесе ақсүйектердің ескерткіштері саналады? 50-ден астамы.

  • Қазақстан аумағында ең көне, б.з.б. 8 ғасырына жататын патша жерлеу орны нешінші обадан табылды? № 1-ші обадан.

  • Б.з.б. 8 ғасырға жататын №1-ші обаны ашқан белгілі археолог-этнолог, профессор кім? Әбдеш Төлеубаев.

  • Әбдеш Төлеубаев ашқан археологиялық жаңалық тарих ғылымында Қазақстан жерінен табылған нешінші алтын киімді адам ретінде танылып отыр? 3-ші.

  • Әбдеш Төлеубаев ашқан алтын киімді адамның обасының биіктігі мен диаметрі неше метрге жетеді? биіктігі 8 метр, диаметрі 100 метр.

  • Қазақстаннан табылған үшінші алтын киімді адамның обасы қандай үш қабаттан тұрады? Үстінгі қабаты топырақпен, екінші қабаты тастан үйілген үшінші қабаты ағаштан салған сағана-қабырхана орналасыпты.

  • Алтын киімді адам жерленген обаның екінші қабатындағы тас үйіндінің биіктігі мен етегінің айнала ұзындығы неше метр? Биіктігі 4,1 метр, етегінің айнала ұзындығы 67 метр.

  • Алтын киімді адам жерленген обаның үшінші қабатының қабірхана еденінің аумағы 34 шаршы метр, биіктігі 3 метр. Қабірхана жер бетіне салынған. Оның қабырғалары неден тұрғызылған? Оның қабырғалары ұзынынан екі қатар етіп қойылған жуан самырсын бөренелерден тұрғызылған.

  • Алтын киімді адам жерленген алып ғимараттың ішінде неше адам жерленген? 1 адам.

  • Алтын киімді адам қандай киіммен жерленген? Оны сом алтыннан құйылған қаптырма, әшекей түймешіктермен безендірілген киіммен жерленген.

  • Алтын киімді адамды безендірген қаптырма түймешіктерінің барлық саны қанша данадан тұрады? 4325 данадан.

  • Алтын киімді адамды безендірген қаптырмалардың көпшілігі ненің бейнесінде құйылған? Дала аңының бейнесінде.

  • Алтын киімді адамды безендірген қаптырмалардағы аңдардың көзінің, құлағының, тұмсығының, тұяғының орнына қандай тастардан көз орнатылған? Көк ақық тастан (бирюза) көз орнатылған.

  • Алтын киімді адамды безендірген қаптырмаларда қандай аңдардың бейнелері безендірілген? Оның ішінде барыстың, арқардың, бұғының, таутекенің, аюдың, қасқырдың, бүркіттің бейнелері.

  • Алтын киімді адам жерленген ғимараттың ішінде аса бір қызықтысы алтын бесжұлдыз табылды. Табылған бесжұлдыз қандай заттармен безендіріліп жасалған? Оның тіні алтын, жұлдызшалары көк лазурит тасынан жасалған, айналасы сүйекпен көмкеріліп, ортасына томпақ мүйіз орнатқан.

  • Алтын киімді адам жерленген ғимараттың ішінен табылған бесжұлдыз сол заманда ненің белгісі саналған? Биліктің белгісі саналған.

  • Алтын киімді адам жерленген қабірхананың ішінен майлы бояумен бұғының суреттері салынған тақтай қалдықтары табылды. Зерттеушілер бұл патша отыратын тақтың нелері деп есептейді? Бөлшектері деп есептейді.

  • Алтын киімді адам жерленген қабірдің іші өкінішке орай бір рет тоналған. Патшамен қойылған қандай ірі заттарды тонаушылар алып кеткен? Алтын тәж, семсер, қанжар, салтанатты аса таяғын.

  • Алтын киімді адам жерленген Шіліктінің №5-ші обасынан қаншадан астам алтын қаптырма-түймешіктер табылған? 500-ден астам.

  • Қазақстан жеріндегі Шілікті, Бесшатыр, Есік, Берел, Боралдай сияқты қорымдарда бүкіл ел табынатын ғибадатханаларда, яғни қасиетті орындарда қандай адамдар жерленген? Сақтардың патшалары, көсемдері, атақты батырлары мен ақсүйектері.


3. Берел қорымдары.

  • Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің б.з.б. 5-4 ғасыр аралығын қамтитын кезеңін қалай деп атаймыз? Берел кезеңі деп атаймыз.

  • Берел кезеңі деп аталуы қандай аудандағы Берел қорымына байланысты қойылған? Катонқарағай ауданындағы Берел қорымына байланысты қойылған.

  • Берел қорымынан нешеден астам обалар табылды? 40-тан астам.

  • Берел қорымындағы обалардың ішіндегі ең үлкенінің биіктігі неше метр? 9 метр(қазіргі кезде обаның тас үйінділері құлап, аласарып қалған).

  • Берел қорымына жерленген адам негізінде жер бетінен неше метр тереңдікте жатыр? 6-7 метр тереңдікте.

  • Берел қорымынан табылған обаның іші неден салынған? Қабір іші қарағайдан қаланып, мәйіт астау-саркофагқа салынған.

  • Берел қорымынан табылған қабірдің жанынан 16 аттың қаңқасы шықты. Аттар әр қатарда неше аттан орналастырылған? 4 аттан.

  • Берел қорымынан табылған аттармен бірге нелерді қоса жерлеген? Ер-тұрман да қоса көмілген.

  • Берел қорымынан табылған ат әбзелдері қандай метелмен қапталған? Алтынмен.

  • Берел қорымындағы обаға қандай адам жерленуі мүмкін? Тайпа көсемі, ру ақсақалы, ерекше беделді адам, бай немесе батыр жерленген болуы керек.

  • Берелдің кіші обаларынан табылған адамдар неден қиыстырып жасалған сандықшаға жерленген? Бөренеден қиыстырып жасалған.

  • Берелдің кіші обаларынан табылған адаммен қоса нелерді қоса көмген? Аттарды.

  • Берел мәдениетінің бір ерекшелігі не болып табылады? Жайпақ түпті қыш ыдыстардың таралуы болып табылады.

  • Берел мәдениетінде қыш ыдыстарды жасаудың қандай екі түрі бар? 1-сі мойны қуысырылып, кейде тік болып келетін құмыралар. 2-сі жатаған, жайпақ көзелер.

  • Берел кезеңінің соңында қола заттар азайып, орнына қандай металдан жасалған заттар көбейді? Темірден жасалған заттар.

  • Берел обаларына жататын 1998-1999 жылдары археолог-ғалым З. Самашевтің жүргізген қазба жұмыстары кезінде нөмірі нешінші оба толық ашылып, ғаламат олжа табылды? № 11.

  • 11 обаны археолог-ғалым З. Самашев қалай деп сипаттаған? Оба үйіндісі сопақша болып, оның төбесі төмен қарай ойысып, шөгіп кеткен. Қорым шұңқырынан тік төртбұрышты етіліп қиюластырыла жасалған қима қабір табылды, онда үлкен балқарағайдан ойылып жасалған астау табыт қойылыпты.

  • 11 обада табылған астау табытқа қандай адамдарды жерлеген? 45 жастағы ер адам мен одан егделеу әйел адам жерленген.

  • Ғалымдар №11 обаны радиологиялық әдіспен мәйіттердің б.з.б. нешінші жылы жерленгенін аңықтады? Б.з.б. 294 жылы.

  • 11 обада жерленген адамды айрықша сән-салтанатпен киіндіріліп қойылғандығын неден қөруге болады? Қаңқа сүйектің әр жерінде киім-кешектің шірінді қалдықтары сақталған.

  • 11-ші обада жерленген адам киімі қандай заттармен әшекейленген? Інжу-моншақтар мен алтын жапырақшалар қадалып, әшекейленген.

  • 11-ші обадан неше жылқы табылған? 13 жылқы.

  • 11-ші обадан табылған аттар туралы қандай мәліметтер сақталған? Сәйгүліктердің ат-әбзелдері ғана емес, жылқылардың терісі, жүні мен еті тұтастай сол күйінде сақталған. Тіпті жылқылардың ішкі құрылысы мен қарнындағы жеген жемшөбіне дейін бұзылмаған.

  • 11-ші обадан табылған аттарды қандай заттар мен безендірген? Әр жылқының кекілінен құйрығына дейін алтынмен апталып, күміспен күптелген таңғажайып, сән салтанатты безендірілген әбзелдері бар. Бұл аттардың біреуінің басында таутекенің ағаштан жасалған мүйіздерімен әшекейленген тері маска болған.

  • 11-ші обадан табылған әшәкейленген тері маскалар қандай мүсіндермен безендірілген? Біреуі мысық тұқымдас жыртқыш тұрпатты, екіншісі құс тұмсықты, ирек мүйізді үшіншісі қанаты бар құбыжық - барыс тектес самұрықтың көлемді мүсінімен безендірілген.

  • Ертедегі обалардан табылған адамдар мен жануалардың бұзылмай ұзақ уақыт сақталуының сыры неде? Ертедегі тұрғындар мәйітті балзамдау әдісін білген, сөйтіп оларды жасанды мұзға орналастырған. Олар желдің суықты төмен қарай әкетіп, сонда тұрақтап қалуын ойластырып, қорғанның биіктігі мен енін есептеп шығарған. Сөйтіп желдеткіш желісі орнап, температура төрт градус суыққа дейін тұрақты қалыпта тұрған.


4. Мәдениет.

  • Ғалымдар б.з.б. нешінші ғасырларға жататын түрлі түсті тастармен безендірілген алтын заттар тапқан? Б.з.б. 7 ғасырға.

  • Ертедегі зергерлер қандай стильді пайдаланған? Полихром стилін.

  • Ертедегі зергерлер алтыннан не жасай білген? Алтын түйіршіктерді зерлеуді білген.

  • Кейінгі кезде ғалымдар қандай жерден Жетісудағы үйсін мәдениетіне ұқсас ескерткіштер тапты? Тарбағатайдың теріскейінен.

  • Тегінде, ерте темір дәуірінің б.з.б. қай ғасырлар аралығында Тарбағатайдың теріскей далаларында Жетісудың үйсін мәдениетіне туыстас мәдениет қалыптасқан сияқты? Б.з.б. 3 - 1 ғасырларында.

  • Тегінде, ерте темір дәуірінің б.з.б. 3-1 ғасырларында Тарбағатайдың теріскей далаларында Жетісудың үйсін мәдениетіне туыстас мәдениет қалыптасқан сияқты болжамды антропологиялық зерттеу материялдары немен дәлелдейді? Шығыс Қазақстан далалық аймақтары мен Жетісуды осы кезде мекендеген тайпалардың бет әлпеті де ұқсас болған. Олар монғолоидтыққа жақындау аралас еуропеоидтік тұрпаттағы адамдар еді.

  • Б.з.б. 3-1 ғасырларда Шығыс Қазақстанның далалық аймақтары мен Жетісуды қандай тайпалар мекендеген? Бұл өңірді қандай тайпалар жайлағанын дәл басып айту әлі қиын. Ғылымның бүгінгі деңгейінде бұл жерді ертедегі үйсіндерге туыстас тайпалар немесе үрге деген атпен қытай жазбаларында кездесетін жұрт мекендеген деп есептеу керек.


Ү ш і н ш і б ө л і м.

Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері.

6-тарау.

Дін және мәдениет.


§28 Ежелгі Қазақстан мәденитеті.


1.

  • Ксенофонт деген ғалым парсы сарайында ұзақ уақыт тұрып, сақтардың тәрбиелілігін сипаттайтын қандай оқиғаны жазған. Бұл оқиға не туралы баяндалған? Парсы патшасы мен сақ жауынгерінін арасындағы әнгімімен.

  • Ксенофонт жазған әнгімеде парсы патшасы әр елден келген салт аттылардың ат жарысын ұйымдастырды. Жарыс жолының ұзындығы неше шақырымнан астам болып белгіленді? 5 шақырымнан астам.

  • Парсы патшасы ұйымдастырған жарыста сақ жігіті алға шығып, бәрін жарты жолда қалдырып, мәреге бірінші болып жетеді. Парсы патшасы мәреге бірінші болып жеткен сақ жігітіне патшалығын атқа айырбастауды ұсынғанда сақ жігіті бұл ұсынысқа қалай деп жауап қайтарады? Сақ жігіті ұсыныстан бас тартып, атын ержүрек адамның алғысына ғана бере алатындығын мәлімдеді.

  • Ертедегі грек географы Страбон сақтар туралы құрметпен жаза келіп, олар туралы қалай деп баяндайды? «Олардың бәрі ақ көңіл және уәдеге берік» дейді.

  • Көшпелілер арасында өнер жақсы дамыды. Мысалы қаңлыларда қандай өнер түрі дамыған? Ән-күй, би өнері.

  • Үйсіндердің шеберлері таңғажайып етіп қандай заттарды жасаған? Қыш-құмыралар.

  • Ғалымдардың болжамы бойынша ғұндарда не болған? Жазу болған.

  • Сақтарда да күміс тостағанға шегілген нелері белгілі? Жазба бедерлері.

  • Көшпелілер тұрмысындағы адамгершілік пен әкімшіліктің үйлесімді жүйесі қандай халықтардың назарын аударып отырған? Қытайлардың.

  • Қытай билеушілері ғұндардың шабуылынан ғана емес, сонымен қоса нелерінен қорыққан? Көбінесе қытайлардың далаға кетіп қалуынан да қорыққан.


2.

  • Археологтар ғұндардың баспаналарын қалай деп суреттеп жазған? Ғұндардың үйлерінде жылыту жүйесі болған: қабырғамен жапсарлас салынған түтіндік үйді толық жылытып тұрған. Түтіндіктің үстіне жататын орын немесе сәкі төсек орнатылған.

  • Көшпелілер қазіргі кезге дейін көптеген халықтардың қолданатын қандай заттарын жасаған? Күнделікті тұрмысында қолданатын заттары мен тұтыну бұйымдарын жасаған.

  • Көшпелілер қазіргі заманда ерлердің киіп жүретін қандай киімін өте ерте кезде ақ ойлап тапқан? Шалбарын.

  • Үзеңгіні алғаш рет кімдер қолданған? Көшпелілер.

  • Көшпелілер ауыр, түзу семсердің орнына қандай қаруды ойлап шығарған? Қайқы қылышты.

  • Көшпелілердің өмірінде аса қолайлы әрі әбден жетілген құрылыс үлгісі болып қандай баспана саналды? Киіз үй.


3.

  • Ескендір Зұлқарнайынның тарихшысы Арриан көшпелілердің нелері туралы суреттеп жазған? Әскери қару-жарақтарының ерекшелігін суреттеп жазған.

  • Арриан көшпелілердің ішінде қандай тайпаларды өздерін және аттарын берік сауытпен мұқият қорғағандығын суреттеп жазған? Скифтерді.

  • Ескендір Зұлқарнайынның тарихшысы Аррианның скифтер туралы жазған мәліметтерін тағы қандай тарихшы растайды? Гедодот.

  • Скифтерде сауыт-сайман киген атты әскердің болғанын қандай олжалар дәлелдеп отыр? Археологиялық олжалар.

  • Шірік-Рабат қаласының орнынан табылған сақ жауынгерінің қандай құралдары табылған? Темір қару-жарағы мен сауыт-сайманы.

  • Шірік-Рабат қаласынан табылған сақ жауынгерінен табылған темір қару-жарағы мен сауыт-сайманы болды. Мұндай қару жарақтар Еуропада қандай ғасырларда пайда болған? Орта ғасырларда.

  • Ертедегі тұрғындардан қалған обалар, бекіністі қалалар мен қоныстар сол кездегі тайпалардың қандай шаруашылық түрлерімен айналысқаны жөнінде хабар береді? Мал шаруашылығы және егіншілікпен шұғылданғандығынан.

  • Сақтар мен сарматтардың өнерінде қандай стилдің өзіндік бейнелеу өнерінің түрі болған? «Аң стилі».

  • Аң стилі б.з.б. қай ғасырларда шыққан? Б.з.б. 7-6 ғасырларда.

  • «Аң стилінде» жасалған бұйымдар қандай аймақтарда табылған? Орта Азия, Қазақстан, Сібір, оңтүстік-шығыс Еуропа аумағында табылған.

  • «Аң стилі» қандай екі жағдаймен сипатталады? 1) аңдар мен жануарлар; 2) аңдардың қимыл-қозғаласта бейнелеуі. «Аң стилі» бірте-бірте дәстүрге айналды.

  • Орталық Қазақстанда б.з.б. 7-5 ғасырларда «аң стилімен» қатар қандай стил дамыды? «Полихром стилі».

  • Көшпелілер заттарды безендіруді, яғни бұйымға түрлі-түсті тастарды жапсыруды жақсы білген. Олар заттарды түйіршіктермен әшекейлеген. Яғни б.з.б. қай ғасырлар аралығында «полихром стилі» барынша гүлденген? Б.з.б.3-5 ғасырларда.

  • «Аң стилі» бейнелерімен адамдар қандай заттарды әшекейледі? Құрал-жабдық, қару-жарақтар, киім мен ат әбзелдерін әшекейленді.


4.

  • Қазақстан арқылы ұлы жібек жолы өткен. Ол қай жерден басталып, аяқталған? Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған.

  • Геродот Ұлы Жібек жолының бір бағытын сипаттаған. Ол бағыттар қандай жерлерге бағытталған? Қара теңіз жағалауынан Донға дейін, одан әрі сарматтар жеріне, Орал маңына, одан шығып Ертіс пен Алтайға дейін созылған.

  • Геродот қара теңізден Донға дейін, Орал маңынан Ертіс пен Алтайға дейін мұнда қандай халықтар тұратынын атап өтеді? Олар-сарматтар, исседондар, аргиппейлер, аримаспылар.

  • Б.з.б. 6-3 ғасырларда сақтар қандай халықтарға сауда-саттық жүргізіп тұрған? Қытай, Үндістан және Персия.

  • Б.з.б. 6-3 ғасырларда сақтар Қытай,Үндістан және Персиямен сауда-саттық жүргізіп тұрғанына қандай жерден әкелінген бұйымдар дәлел бола алады? Сақ обаларынан табылған қытай айналары, Ираннан әкелінген бұйымдар дәлел бола алады.

  • Ғалымдардың пікірінше, Ұлы Жібек жолы арқылы жүйелі қарым-қатынас б.з.б. қай ғасырларда басталған? 2 ғасырда басталған.

  • Ұлы жібек жолы қандай тайпалардың жері арқылы өткен? Үйсіндер мен қаңлылардың жері арқылы өткен.

  • Ұлы жібек жолы арқылы әкелінген негізгі тауар не еді? Жібек мата.

  • Жібек мата қандай елден шығарылды? Қытайдан.

  • Жібек матаны әсіресе қандай адамдарға тарту еткен? Басшылар мен елшілерге сыйға тартқан, көптеген елдерде жауынгерлерге еңбекақы орнына жібек мата берген.

  • Көптеген елдердің саудагерлері осы қымбат тауарды алу үшін, қандай жерде болуға тура келген? Қазақ даласында.

  • Қазақ даласына қандай елден қандай тауарлар жеткен? Рим шынысы мен теңгелері, Қытайдың ыдыстары, айналары мен жібегі, Еуропа ілгектері, Иранның өрнекті асыл жүзіктері бізге де жеткен.

§29. Көшпелілердің салт-дәстүрі мен діни нанымдары.


1.

  • Қазақстан үлкен мемлекет, оның климаты мен табиғат жағдайы біркелкі емес. Осыған байланысты Қазақстанның нелері өзгеріп отырған? Климат жағдайларына байланысты шаруашылық жүргізу формалары, көшу жүйесінің ұзақтығы, қозғалу жылдамдығы, мал құрамы өзгеріп отырған.

  • Қазақстанның климатының әртүрлі болғандығын немен дәлелдеуге болады? Мысалы, Қазақстанның оңтүстігінде қой басым болса, батысында түйе мен жылқы көп. Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігі ірі қараның көптігімен ерекшеленді.

  • Ертедегі тұрғындар туралы жазба мәліметтер аз. Ғалымдар негізінен білімді қандай мәліметтерден алады? Археологиялық ескерткіштердің қазбалары мен көршілердің аздаған жазба деректерінен алады.

  • Грек, парсы, қытай жазбалары бойынша қазақ даласында қандай тайпалар тұрған? Сақ, ғұн,үйсін, қаңлы, сармат, тайпалары тұрған.

  • Сақтардың құрамына қандай тайпалар кірген? Массагеттер, аримаспылар, аргиппейлер, исседондар т.б. тайпалар кірген.

  • Қазақстаның аумағында тұрған көшпелі халықтар біркелкі өмір салтын ұстанған. Рулық қорымдағы көпшілік жерлеу орындары қандай обалар болып келеді? Кәдімгі қарапайым обалар болып келеді.

  • Көшпелі халықтардың «Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет-салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған» деген сөздерді ертедегі қандай елдің тарихшыларынын еңбектерінен оқи аламыз? Грек тарихшыларының еңбектерінен.

  • Грек тарихшылары әсіресі көшпелілердің қандай жақтарын атап айтқан? Көшпелілердің «басқалармен достық, адал әрі шынайы қарым-қатынасындағы» қайырымдылық пен әділеттікті атап айтқан.


2.

  • Қазақстандағы тайпалардың мәдениеті қандай болып келді? Бір-біріне ұқсас болып келді.

  • Қазақстандағы тайпалардың мәдениетінің бір-біріне ұқсас болғандығын неден көруге болады? Мысалы, олардың арасында марқұммен бірге аттарын да көму салты кең тараған.

  • Үлкен Берел қорғанындағы аттар қалай көмілген? Аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық әскери дайындықпен көмілген.

  • Тұрғындар кімдердің аруағына сиынған? Ата-баба аруағына сиынған?

  • Қыстаудың маңында арнаулы рулық зираттар орналасқан. Осы зиратқа адамдарды қандай уақытта әкеліп жерлеген? Оған өлген адамдарды жыл мезгіліне және жолдың ұзақтығына қарамастан әкеліп жерлеген.

  • Қабірге өлген адамды қандай заттарымен бірге көмген? Қабірге мәйітпен бірге оның мүліктерін бірге көмген.

  • Қабірге өлген адамның киімдері мен заттарын бірге көмудің себебі неде? Себебі адамдар о дүниеде ат пен қару қожасына қажет болады деп ойлаған.


3.

  • Ертедегі сармат ескерткіштерінде үлкен обаға қандай адамдар жерленген? Рудың, не болмаса аталас жақын туыстардың ең беделді адамын жерлейтін. Оның маңайына басқа қайтыс болған туыстарын қойған.

  • Ертедегі сармат ескерткіштерінде рудың немесе аталас жақын туысқандардың бірге жерленуінің сыры неде? Бұл тіршілікте бірге, жақын жүрген туыстар о дүниеде де бір-бірінен алыстамасын деген сенімнен туындаған дәстүр.

  • Қазақстан аумағын жайлаған ежелгі тайпалар нелерге сиынған? Ата-баба аруағына, көк тәңірге сиынған.

  • Атырау облысы, Жылыой ауданындағы Аралтөбе ескерткішінен қандай заттар табылды? Шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары табылды.

  • Атырау облысы, Жылыой ауданындағы Аралтөбе обаларындағы адамдардың бастарын қалай қаратып жерлеген? Басын оңтүстікке қаратып шалқасынан жатқызып, жерленген.

  • Атырау облысы, Жылыой ауданындағы Аралтөбе обаларындағы жерленген адамдардың жанынан қандай заттар табылған? Жүзден аса жебе салынған қорамсақ, қыш құмыра және темір қылыш пен қанжар қойылған.

  • Атырау облысы, Жылыой ауданындағы Аралтөбе обаларында жерленген зиратта қандай адамдар жерленген? Сарматтар қоғамында қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған ер адам мен оның әйелі қатар жерленген.

  • Сарматтар қоғамында қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған адам мен оның әйелі қатар жерленген обаның жанынан көсемге тиесілі несі қоса көміліпті? Көсемнің екі аты қоса көміліпті.

  • Көсемнің жанынан табылған киім-кешегі мен қару жарақтары несімен ерекшеленген? Киім-кешегі өте бай, асыл бұйымдармен, алтын әшекейлермен безендірілген. Бұл қабірден қару-жарақ, әшекейлі бұйымдардан басқа абыз асатаяғының бөліктері де табылды.

  • Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің арасында қандай қорғандар кездеседі? «Мұртты» қорғандар.

  • Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің арасында кездесетін «мұртты» қорғандардың шығысқа бағытталуы нені білдіреді? Бұл оба-ескерткіштерді салған жұрттың күнге табынғандығын білдіреді.

  • «Мұртты» обалар қандай адамдардың басына салынған ескерткіш болса керек? Ру-тайпа ішіндегі ерекше сыйлы, ең қасиетті, ақсүйек адамдардың басына салынған ескерткіш болса керек.



§30. Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні.


1. Антропология дегеніміз не?

  • Жалпы антропология ғылымы нені зерттейді? Антропология ғылымы адамның бет пішіні, түр-түсі, бойы, тісі, саусақтың басындағы бедерлері, денесіндегі түктері т.б. сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейді.

  • Сыртқы биологиялық қасиеттеріне қарай адамзат баласы неше нәсілге бөлінеді. Оларды ата? 3 үлкен нәсілге бөлінеді? Олар: 1-еуропеоидтік, 2-монғолоидтық, 3-негроидтық.

  • Адамның нәсілдік ерекшеліктері немен ғана байланысты? Нәсілдік ерекшеліктер адамның ішкі адами қабілеттеріне қатысты емес, тек сыртқы түр-түсімен ғана байланысты.

  • Адамның ішкі адами қабілеттері деп нені айтуға болады? Адамның ойлау, іс-әрекет, қайырымдылық, отансүйгіштік т.б. қасиет қабілеттерін айтамыз.

  • Антропология қандай ғылым саласы? Тарих ғылымының бір саласы. Ол тарихтың әр кезеңінде белгілі бір аймақта өмір сүрген халықтардың түр-түсі, бет пішініндегі ұқсастық, өзгерістерді зерттейді.

  • Халықтардың әр дәуірдегі антропологиялық өзгерістер нені аңғартады? Олардың тарихи байланыстарын, мәдени-этникалық аралас-құраластықтарын аңғартады.

  • Этникалық деген ұғым қандай мағынаны білдіреді? Халықтық деген мағынаны білдіреді.


2. Қола дәуірінің антропологиялық сипаттамасы.

  • Жеріміздегі ерте заманнан бастап мекендеген тайпалардың бет пішіні, түр-тұлғасы туралы деректер қандай дәуірден бастап кездеседі? Қола дәуірінен.

  • Не себепті жерімізде адамдардың бет пішіні, түр-тұлғасы туралы деректер қола дәуірінен бастап кездеседі деп есептейді? Себебі одан бұрынғы кездегі адамдардың сүйектері, әсіресе бас сүйектері сақталмаған.

  • Қола дәуірі заманында Қазақстан жерін қандай мәдениетті қалдырған тайпалар мекендеген? Андрон мәдениетін.

  • Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген Андрон мәдениетін қалдырған тайпалардың түр түсі қандай болған? Жалпы алғанда, Қазақстан жерін қола дәуірі заманында еуропеоидтік нәсілге жататын адамдар мекендеген. Олар қыр мұрынды, ат жақты, өңі ақшыл, шашы сарғыштау, бойы орташалау болып келген.

  • Қостанай жеріндегі Алексеев қорымынан табылған бір адамның бас сүйегінің бет пішінің жасаған антрополог кім? М.М. Герасимов.

  • Соңғы кезде Жамбыл облысындағы Ойжайлау қорымынан табылған адамның бет әлпеті қандай? Бас сүйегі үлкен, беті кішкене, мұрны таңқылау.

  • Жамбыл облысындағы Ойжайлау қорымынан табылған адамға ұқсас қола дәуірінің аяғы, темір дәуірінің бастапқы кезіне жататын адамның сүйегі Қазақстанның қандай аймағындағы қорымдардан да табылған? Шығыс Қазақстан қорымынан.

  • Батыс Қазақстан жерінен табылған адамдардың пішіні қандай болып келді? Басы домалақтау, беті жалпақтау, көзі шүңіректеу, мұрны дөңестеу келген.


3. Ерте темір дәуірі адамдарының түр-түсі.

  • Темір дәуірі адамдарының антропологиялық пішіні қандай тайпалар заманында өзіндік сипат алады? Сақ және сармат-үйсін.

  • Сақтардың бас сүйегі қандай болып келеді? Бас сүйегі шағын, беті жалпақтау, көз шарасы үлкен, қабақ сүйегі шығыңқы, кеңсірігі дөңестеу болып келеді.

  • Сақтар еуропеоидтік нәсілге жатқанымен, оларда андрондықтарға қарағанда, нені байқауға болады? Оларды андрондықтарға қарағанда, еуропеоидтік белгілердің көмескілене бастағанын байқаймыз.

  • Сақтарды андрондықтарға қарағанда еуропеоидтік белгілердің көміскелене бастағанын неден көруге болады? Бұл сақтардың бас сүйегінің домалақтана, маңдайының тайқылана бастауынан, мұрнының қонқақтығының азая бастауынан, көз шарасының шығыңқы бола бастауынан көрінеді. Бұл өзгерістер сақтардың түр әлпетіне монғолоидтық белгілердің пайда болуын аңғартады.

  • Монғолойдтық белгілер Қазақстанның қай жерін мекендеген сақтардан көбірек байқалады? Солтүстік және Шығыс Қазақстан жерін мекендеген сақтарда көбірек байқалады.

  • Қазақстанның қай аймағын мекендеген сақтарда монғолойдтық нышандар аздау кездеседі? Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан сақтарында.

  • Батыс Қазақстан жерін мекендеген сарматтардың бет пішіні қандай жерді мекендеген байырғы тайпалардың түріне ұқсас болып келеді? Жетісуды мекендеген үйсін тайпаларына.

  • Батыс Қазақстан жерін мекендеген сарматтардың бет пішіні Жетісуды мекендеген байырғы үйсіндерге ұқсас келгенімен, олардың қола дәуірінде Еділдің орта ағысын мекендеген қандай нәсілдік тайпалардың белгілері басымырақ? Еуропеоидтік тайпалардың белгілері басымырақ.

  • Жетісу жерін мекендеген байырғы үйсіндердің бас мүсінін байырғы адамдардың бас сүйегі бойынша жасаған антрополог ғалым кім? М.М. Герасимов.

  • Үйсіндердің бас сүйегі қандай болып келген? Үйсіндердің басы сопақ та емес, жалпақ та емес, орташа болған. Маңдайы тайқылау, бет сүйегі шығыңқы, қабақ доғасы орташа, кеңсірік бітімі дөңестеу болған. Бұл белгілер де үйсіндерде сақтарға қарағанда монғолоидтық әлпет басымырақ болғанын көрсетеді.

  • Монғолоидтық белгілер үйсіндердің ер адамдары мен әйел адамдарын салыстырғанда қайсысында көбірек кездеседі? Әйелдерінде көбірек кездеседі.

  • Монғолоидтық белгілердің үйсіндерде әйел адамдарда көбірек кездесетіндігін қалай дәлелдеуге болады? Үйсіндер, әсіресе олардың ақсүйектері қазіргі Шығыс Түркістан (Қытайдың солтүстік-батысы) жерінде сол кезде өмір сүрген монғолоидты түр-әлпеті, түрік және басқа тілдес тайпалармен құдандастық қатынастарда жиі болған.

  • Сарматтардың кейінгі темір дәуіріне жататын ескерткіштерінен табылған сүйектерде қандай нәсілдік белгілер көбейе бастайды? Монғолоидтық белгілер

  • Дегенмен қандай тайпаларда үйсіндерге қарағанда монғолоидтық элементтер аздау болды? Сарматтарда


4. Ежелгі дәуір адамдарының бет бейнесі (антропологиясы)

тақырыбында қорытынды.

  • Қола дәуірінде Қазақстан жерінде қандай түр-түстегі адамдар мекендеген? Еуропеоидтік түр түстегі адамдар.

  • Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың аты толық белгісіз. Оларды біз көбінесе археологиялық үлкен мәдени-тарихи бірлестіктің атымен қалай деп атаймыз? Андрондықтар

  • Андрондықтардың түр түсі қандай болып келген? Түсі ақ сары, көзі көкшіл, бойы орташа, басы сопақтау, мұрны қоңқақтау болып келген.

  • Ерте темір дәуірінде өмір сүрген сақтар, үйсіндер, сарматтардың антропологиялық түр-түсі жөнінде бүгінде нақты деректер бар. Жалпы, басты антропологиялық белгілері жағынан оларды қандай нәсілге жатқызамыз? Еуропеоидтік нәсілге жатқызамыз. Дегенмен, бұл жұрттарда монғолоидтық нышандар андрондықтарға қарағанда көбірек.

  • Жалпы, темір дәуірінің аясында Қазақстан жерін мекендеген көне этностардың бет әлпетінде біртіндеп қандай нәсілдік белгілер көбейе бастайды? Монғолоидтық белгілер көбейе бастайды

  • Қазақстан жеріндегі нәсілдік топтардың өзгеруі нені көрсетеді? Бұл жағдай Қазақстан жерінде әр текті, әр түсті, әр тілді жұрттардың тоғысып араласқандығын көрсетеді.

62



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал