- Учителю
- Архитектура және өнер (VI-IX ғ)
Архитектура және өнер (VI-IX ғ)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түркітілдес халықтардың мәдениетінде өнер салаларының даму тарихына тоқтала отырып,VI-IX ғ Қазақстан жеріндегі тарихи жәдігерлердің мәдени мұра құндылығы жайында мәлімет беру.
Оқушыларды түркітілдес халықтардың мәдениетмен және өнерімен таныстыра отырып,жүйелі ойлау мен талдай білуге, жан-жақты іздене білуіне,еркін сөйлеп,ойын жеткізе білуге үйрету.Картамен жұмыс,тест сұрақтары арқылы есте сақтау қабілеттерін шыңдау.Тарихи термин сөздермен жұмыс істеу барысында өзіндік жұмыстар ұйымдастыру,ой-өрісін дамыту.
Оқушылардың бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру.Отанымыздың мәдени мұрасын қастерлеп,бағалай білуге,құрметпен қарауға,қасиет тұтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы,тарихи ескірткіштердің суреттері,ғұламалардың портреттері,интерактивті тақта,қосымша әдебиеттер,кесте,тест сұрақтары.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі:Интерактивті,тестілеу,оқулықпен жұмыс,термин сөздермен жұмыс,кестемен жұмыс,өз бетінше қосымша әдебиеттермен жұмыс,көрініс.
Пәнаралық байланыс:Ежелгі дүние жүзі тарихымен,георафиямен,өмірмен.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Өткен тақырыпты бекіту
1.Қолға мал үйрету басталды
А)тас ғас.орта кезең В)тас ғас.басында С)тас ғас.аяғы Д)тас ғас Е) тас ғас.1ширегінде
2.Мал шаруашылығының дамуы-А)қола дәуірі В)тас дәуірі С)мыс-тас дәуірі д)неолит е)мезолит
3.VI-IX ғас.қалалық мәдениет дамыған-
А)шығыс Қазақстан В)Солтүстік Қазақстан С)Батыс Қ Д)Оңтүстік Қ Е)Орталық Қ
4.Қытай жылнамаларында Испиджаб қаласының аты кезігеді,бұл қала Махмуд Қашқаридың жазуында қалай аталады.
А)Сығанақ В)Сайрам С)Сауран Д)Жетісу Е)Суяб
5.Қалалардың құрылыс жүйесі қанша бөліктен жасалған?
А)Бес В)Төрт С)Алты Д)екі е)үш
6.Үшінші бөлікте кімдер тұрған?
А) қала тұрғынд,қолөнер шеберлері В)бай-шонжарлар С)егіншілер,кедейлер Д)Әскер қызметкері Е) абыздар
7.Орталық бөлікте кімдер тұрған?
А)қала тұрғынд,қолөнер шеберлеріВ)бай-шонжарларС)егіншілер,кедейлер
Д)Әскер қызметкері Е) абыздар
8.Орталық бөлікті қоршай орналасқан екінші дәрежедегі үйлерде кімдер тұрған
А)қала тұрғынд,қолөнер шеберлеріВ)бай-шонжарларС)егіншілер,кедейлер
Д)Әскер қызметкері Е) абыздар
9.Киіз үй туралы хабар..... деректерде кездеседі
А)Парсы және араб В)Қытай және араб С)Иран және араб Д)Соғды және араб Е)Сирия және араб
10.Үйлердің құрылыс материалдары неден жасалған?
А)Ағаштан В) Қамыстан С)Тастан Д)Шикі кірпіштен Е)Тас,ағаш,қамыс,шикі кірпіштен
Жауаптары:1.А, 2.А ,3.Д ,4.В, 5.Е ,6.С, 7.В ,8.А, 9.В ,10.Е
Тақырыптағы жаңа сөздермен жұмыс
Шонданай-қайрақ,шапқы сақталған
Қын-пышақ сақталған
Оқшантай-мылтықтың оқ-дәрісі сақталған
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Архитектура (сәулет өнері)
2.Діни сәулет өнері
3.Бейнелеу өнері
4.Мүсін өнері
5.Қолданбалы өнер
Өнер-ауқымы кең ұғым.Өйткені өнер сан-салалы.Мысалы сөз өнері,саз өнері,зергерлік өнер ж/е т.б
Сәулет өнері «архитектура»деп аталады.Бұл сөз латынша «құрылысшы»деген мағынаны білдіреді.Ал құрылыс дегеніміз-жобасы күрделі,биік әсем салынған архитектуралық ғимарат.Архитектура-латынша «құрылысшы»
Құрылыс -жобасы күрделі,биік әсем салынған архитектуралық ғимарат.
Сәулет өнеріне ескірткіштер,зәулім ғимараттар,мешіттер, сарайлар,зауыт құрылыстары,фабрика,оқу-ағарту,білім үйлері,театр және т.б жатады.Біздің түсінігімізде сәулет өнері (архитектура) күнделікті адамдар өмірі үшін салынған ғимараттар.
Астанадағы салынып жатқан ғимараттар. (слайд шоу)
Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Тараз,Қызылөзен,Құйрықтөбе,Баба ата,Қостөбе қалаларында іргетасы ғана сақталған еңселі тұрғын үйлердің архитектуралық құрылыс жүйелері табылған.
1. Архитектура
Ғимарат Салынған мерзімі Орналасқан жері Ерекшелігі,аталу себебі
АқыртасБілеулі VII-VIII ғ. Тараз қаласының 40км қашықтықта орналасқан Ғимарат белгісіз себептермен бітпей қалған.Құрылыс материалдары тас және пішіні малға шөп салатын ақырғы ұқсас болуына байланысты аталған.
Білеулі XIV ғ. Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасында орналасқан Ақыртастан кішілеу.Атауы А.И.Левшиннің айтуынша Білеулі ата деген жергілікті әулиенің атына немесе осы жерден шығатын білеу тасқа (қайрақ тас) байланысты алынуы мүмкін.
Мырза Рабат сардобасы VI-IX ғ. Мырзашөл керуен жолының бойында салынған. Құдықтардың үстіне салынған күмбездері киіз үйдің жобасына ұқсас ескірткіштер.Бір күмбезді және көпкүмбезді
Якка сардобасы VI-IX ғ. Мырзашөл керуен жолының бойында салынған. Құдықтардың үстіне салынған күмбездері киіз үйдің жобасына ұқсас ескірткіштер.Күмбездері бір-біріне жалғастырылып жасалған.
Сардоба-құдықтардың үстіне салынған күмбезді киіз дәптерлеріне үйдің жобасына ұқсас ескернкіштер.
Мұғалім сөзі:Сәулет өнеріне «Әлемнің жеті кереметі» жатады.
Египет пирамидалары.(оларға қысқаша тоқталу)
Арыстан баб кесенесі-Отырарда
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі-Түркістанда
Алаша хан кесенесі Ұлытауда орналасқан.
2.Діни сәулет өнері
Ғимарат Салынған мерзімі Орналасқан жері Ерекшелігі,аталу себебі
Дың ескерткіштер VIII ғ Орталық Қазақстан,Жетісу,Тарбағатай,Маңғыстау Құрылыс жүйесі киіз үйдің жобасына ұқсас.Дың қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған
Будда ғибадатханалары VII ғаяғы мен
VIII басы Ақбешім,Суяб,Тараз,Баба ата қаласы Сурет өрнектермен әшекейленген.Қабырғаларында будда құдайлары мүсінін қоятын арнаулы ойықтар бар.
Баба ата мешіті IX ғ.екінші жартысы Сыртқы көрінісі жартылай сфера тәрізді бес күмбезден тұрады.Ғимараттың сырты тізілген кірпіштерден көркемделіп ерекше қаланған.
3.Мүсін өнері
Ғимарат Салынған мерзімі Ораналасқан жері Ерекшелігі,аталу себебі
Мүсінтас Түрік дәуірінде Орталық Қазақстан,Жетісу Зерттеуге қарағанда,балбалдар қаза болған батырдың өз бейнесін көрсетпейді.өлген адамдарға құрмет көрсетіп,ескеркіш қоюдың бір түрі
«Блбл»-көне түркі жазуындағы тас мүсіндер
«Балбық»-Орхон жазуындағы тас мүсіндер
«Балбал»-мүсінтас
Күлтегін жазуы-ежелгі жазба ескерткіш
4.Қолданбалы өнер
Терракота-ғимаратқа сән беру үшін қолданатын шағын көзе кірпіш.
IV. Сабақты қорыту
«Архитектура және өнер» (VI-IX ғ) кестесін толтыру
Өнер салалары Қысқаша сипаты Ерекшеліктері Аталу себептері
Архитектурав
Діни сәулет өнері
Бейнелеу өнері
Мүсін өнері
Қолданбалы өнер
V. (Оқушыларды бағалап,үйге тапсырма беру)