- Учителю
- 11 сынып ашық сабақ
11 сынып ашық сабақ
Алматы облысы
Қаратал аудандық білім бөлімі
А.С.Пушкин атындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар орта мектеп
"Оқушыларды тарих пәнінен
ҰБТ - ға дайындауда АКТ - ны қолданудың тиімділігі"
Орындаған: тарих - география пәнінің мұғалімі
А.С. Баймуханов
Үштөбе 2015
Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің
тарих - география пәнінің мұғалімі
Айдын Салибайұлы Баймуханов
Тақырыбы: Оқушыларды тарих пәнінен ҰБТ - ға дайындауда АКТ - ны қолданудың тиімділігі
Мақсаты: Оқушыларды ҰБТ - ға дайындауда білім сапасының жақсаруына жағдай жасау, оқушының жеке ерекшеліктерін және дайындық деңгейін ескере отырып, қысқа уақыттың ішінде тарих пәні бойынша мектеп курсын қайталау, реттеу, тереңдету, оқушыларды стандартты қателіктерді жасамауға үйрету, білімдегі бар жетіспеушіліктерді жоюдың жаңа жолдары мен тәсілдерімен мұғалімдерді таныстыру. Тарих сабағында және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ҰБТ - ға дайындаудың жаңа жолдары мен тәсілдерін көрсету. Тарих сабағында және сабақтан тыс уақытта қолданылатын тапсырмаларды орындау.
Өткізу түрі: шебер сынып
Қатысушылар: жалпы білім беру мекемелерінің тарих пәні мұғалімдері
Күтілетін нәтиже: Оқушыларды ҰБТ - ға дайындауда білім сапасының жақсаруына жағдай жасау, оқушының жеке ерекшеліктерін және дайындық деңгейін ескере отырып, қысқа уақыттың ішінде тарих пәні бойынша мектеп курсын қайталау, реттеу, тереңдету, оқушыларды стандартты қателіктерді жасамауға үйрету, білімдегі бар жетіспеушіліктерді жоюдың жаңа жолдары мен тәсілдерімен танысады. Тарих сабағында және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ҰБТ - ға дайындаудың жаңа жолдары мен тәсілдерін талқылайды. Тарих сабағында және сабақтан тыс уақытта қолданылатын тапсырмаларды орындай алады.
Жұмыс түрлері: топтық, жұптық, жеке
Жұмыс жоспары:
Кезеңдер
Уақыты
Мақсаты
Оқытушының іс-әрекеті
Тыңдаушылардың іс-әрекеті
Сәлемдесу, топқа бөлу, бағыттық карта
Суреттер таңдап алу арқылы топтарға бөлінеді.
Тақырып бойынша презентациялау
10 мин
Мұғалімнің жұмыс жүйесімен таныстыру.
««Тарих пәнінен
ҰБТ-ге дайындауда
АКТ - ны қолдану
тәжірибемнен»
тақырыбында презентация қорғау
Презентацияны тыңдап, оған байланысты сұрақтар қояды.
Топтық жұмыс
15 мин
ҰБТ - ға дайындаудың жаңа жолдарымен, әдіс - тәсілдерімен танысу.
«Оқушыларды ҰБТ - ға дайындаудағы электронды мұғалімнің рөлі» тақырыбында постер қорғауға тапсырма береді.
Постермен жұмыс жүргізеді. Оны қорғап болған, әр топ басқа топтың жұмыстарын, «екі жұлдыз, бір тілек әдісімен бағалайды.
Сергіту сәті
«Қара жорға» биі
Шығармашылық жұмыс
10 мин
Оқушылардың танымы мен шығармашылығын дамыту арқылы азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
«Менде бір ой бар...» әдісі.
Проблемалық топтарға тапсырмалар.
1 топ: Мектептегі ҰБТ - ге дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде, көңіліңіз тола ма?
2 топ: Қатемен жұмысты қалай жүргізу тиімді болады деп ойлайсыз?
3 топ: Өзіңізді 11 сынып оқушыларымыз деп есептеңіз. Мұғалімнің тестке дайындық сабақтарын өткізу әдісі сізге ұнай ма? Нәтижелі болу үшін қандай ұсыныс айтар едіңіз?
Жеке жұмыс. Эссе жазады. Әрқайсысы жеке - жеке ортаға шығып, оқиды.
Рефлексия
Не шықты?
Не шықпады?
Неліктен?
5 мин
«Бағыттық карта»
Тыңдаушының аты-жөні:
Орындалған жұмыс түрлері:
Психологиялық ахуал орнату, топқа бөлу
+ және -
Презентациялау барысындағы қойылған сұрақтарға жауаптар
Топтық жұмыс барысындағы + және -
Сергіту сәті
Шығармашылық жұмыс. Керек пе, жоқ па?
Практикалық жұмыс Керек пе, жоқ па?
РЕФЛЕКСИ Я
«Бағыттық карта»
Тыңдаушының аты-жөні:
Орындалған жұмыс түрлері:
Психологиялық ахуал орнату, топқа бөлу
+ және -
Презентациялау барысындағы қойылған сұрақтарға жауаптар
Топтық жұмыс барысындағы + және -
Сергіту сәті
Шығармашылық жұмыс. Керек пе, жоқ па?
Практикалық жұмыс Керек пе, жоқ па?
РЕФЛЕКСИ Я