7


  • Учителю
  • Ерліктің, еркіндіктің туы – Абылай сахналанған көрініс

Ерліктің, еркіндіктің туы – Абылай сахналанған көрініс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ 63 мектеп-гимназиясы

Сахналанған қойылым

Ерліктің, еркіндіктің туы - Абылай



Өткізген: Тарих пәнінің мұғалімі Ыбырай Г.Қ.

2015-2016 оқу жылы

Ерліктің, еркіндіктің туы - Абылай

Мақсаты: а) Отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

ә) Адамгершілікке, адамдарға деген мейрімділікке тәрбиелеу.

б) Абылай хан, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр туралы, үш жүздің билері: Төле би, Қазбек би, Әйтеке би туралы әдебиеттерді оқу арқылы бабаларымыздың ерлігін бағалай біліуге тәрбиелеу, сол арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.

Көренкілігі: Абылай ханның үлкен суреті, үш бидің және халық батырлары Бөгенбай, Науырызбай, т.б. суреттері.

1- жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағаты үш жүздің басын біріктіріп, халқымызды тоз - тоз болудан, елдігімізді ыдыраудан сақтап қалу үшін жанқиярлықпен күресе білген батыр бабамыз Абылай ханға арналады.

Күй орындалады.

1 - оқушы: Еліміз дүр сілкінді, көгерді,

Көшеміз тұлғамызға өгей еді.

Абылай даңғылымен өрлеп келеді,

Қазақтың болашағы, ел ертеңі, - деп, ақын ағаларың айтқандай Тәуелсіздік туы аспанымызда желбірегелі сол тумен бірге қазақтың асқақ рухы әуелей түскеңдей көрінеді. Алматының әр көшесін жаяу аралар болсақ, қазағыңның бүкіл тарихын аударып шыққандай күйге енесің. Иә, иә, дәл солай. Мысалы, Абылай хан көшесі, Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би, М. Мақатаев, С. Сейфуллин, Абай, Ш. Уәлиханов, Д. Қонаев т.т.с. кете барады. Кәне, кім айтады, әрбіреуі бір тарихи кезенді көз алдыңа әкелмейді деп?!

2-жүргізуші: Еңдеше, бүгінгі кешіміз сол қазақ халқының тағдыры талауға түскен кезде елін-жерін жаудан қорғап, азат еткен, қазақтың қазақ болып қалуында зор рөлі болған бабаларымыз, қазақ халқының ханы Абылай жайында болмақ.

Сахнаға қазақша киінген ұл бала шыгады, суретке қарап тұрып:

Ұлы Абылай хан алып ием,

Асқар таудай алып ең,

Қазағым деп жанып ең,

Қазағым деп налып ең,

Тосылғаңда қалың ел,

Өзінді-өзің танып ең,

Намыс өртеп жағып ең,

Ұлы Абылай, хан ием!

Қорғаным ең, бағым ең!

Көрініс

Құрманғазының "Көбек шашқан" ойнап тұр. Сахнада шұбырған ел. Жоңғарлар салған жара. Жас баланы жетелеген қарт. Бала 12-13 жаста. Қарт сахна төрінде тізерлеп отырып қалады.

Бала: Ата, тұр, жүр кеттік, жау келіп қалар, мен сүйейін.

Қарт: Жоқ, балам, енді жүре алар емеспін. Сен тоқтама, жүре бер, бірақ тыңдап ал. Сенің атаң - Абылай, Түркістанның билеушісі болған. Аты аңызға айналған. Әкең Уәли орта жүздің сұлтаны, ал сен сол екеунің бауыры Әбілмәмбетті іздеп тап, өзіңді жан адамға ашпа. Жауға сырыңды берме. Оның сәті келер. Ал, қош бол.

Бала: Жоқ ата, мен сені тастамаймын! (Қартты көтеріп алып шыгып кетеді).

1-жүргізуші: XVII ғасырдың 30-жылдары Батыс Монғолияда жоңғарлардың ескери-феодалдық мемлекеті құрылды. XVII ғасырдың 40-жылдары жоңғарлар Жетісу жері арқылы Қазақстанға баса көктеп кірді. Қазақ халқы 100 жылдан астам уақыт жоңғарлармен күрес жүргізді. Қазаққа қарсы Еділ бойындағы қалмақтар да ел тонау жорықтарын бастады. 1723 жылдан басталған қазақтардың босуы "Ақтабан шұбырынды" деп аталады.

Көрініс

Төрде Төле би, қасында 1-2 ақсақал. Есіктен үсті басы алба-жұлба, шашы сабалақ-сабалақ, бірақ көзі отты, сөзі өткір бір бала кіреді.

Бала: Асалаумағалейкум, биеке!, - деп сәлем беріп, анадай жерге отырады, астына биіктеу етіп шапанын бүктеп қояды, өзі қыран бүркітке ұқсайды.

Төле би сынай қарап: Қай баласың, аты-жөнің,

Барма еді әке-шешең, аға, інің?

Адам болсаң - хан текті, құста - сұңқар,

Байқасам, келіседі соған түрің.

Құс болсаң, ақ сұңқардың балапаны,

Адам болсаң қазақтың нағыз ханы.

Шырағым, Төремісің, Қарамысың,

Жөніңді бастан аяқ айтшы қане?

Бала: Атым да, жөнім де жоқ бір баламын,

Дәм айдап тентіреген бейшарамын.

Әке-шешем, ел-жұртым, туғаным жоқ,

Атымды сіз қойсаңыз құп аламын.

Төле риза болып: Ендеше, "Сабалақ" болсын сенің атың,

Сөзің пысық, жауабың берген батыл.

Қой жайсын, байқармыз одан әрі,

Сынақтан өтіп жатса мұның затын.

Сабалақтың мойына қоржын іліп, қолына таяқ ұстатып, шығарып салады.

Теле би: Артынан бақыландар баланың бұл,

Келбеті ақсұңқарға ұқсап ол тұр.

Түбінде сыннан өтіп білінер бұл,

Тұқымы екендігі асыл тектің.

2-жүргізуші: Сөйтіп Әбілмансұр Төле бидің қойын, жылқысын бақты, түйешісі болды. 18 жасында Төле бидің Сабалақ аталған түйешісі көп қолмен қалмаққа қарсы аттанады. Бөгенбай 80 жасында қалмақтың батырымен жекпе-жекке шықпақшы болады. Әбілмансұр Бөгенбайдан рұқсат сұрап қарсы шығады. Осы ұрыста қалмақтарды ойсырата жеңеді. Осы жеңістен соң "Абылай" аталады.

6-окушы: Сабалақ "Абылай" деп ұран салды,

Найзаны майыстырған жұлып алды.

Құлаштай сарбестіге қамшы басып,

Ағындап шауып келіп, кезек алды.

7-оқушы: Көз жетпей, сене алмай тұр көрген пенде,

Қалмақтың басы түсті әуел жерге,

Мұқыл терек секілді дене қалды,

Дулыға жерге түсіп, жарқ еткенде.

8-оқушы: Әкеліп қасқа атты да ханға берді.

Кім сыйламай тұрады мұндай ерді.

Батырларды қасына ертіп алып,

Қалмаққа тобын жазбай, қайта кірді.

Көрініс

Сахнада хан тағында Әбілмәмбет отыр.

Әбілмәмбет: Шырағым неге шаптың Абылайлап?

Босады жүйкем қатты ағамды ойлап,

Әкең кім? Ел-жұртың кім, туғаның кім?

Жөнінді бастан аяқ айтшы жайлап.

Сабалақ: Жан аға, қазақ-қалмақ ерегесі,

Мұндайда ердің қозар делебесі.

Қысылған соң аузыма түсіп кетті,

Абылай - атам, мен оның немересі.

Шын атым - Әбілмансұр әкем қойған,

Өз әкем шабындыда басын жойған.

Сұрасаң, әкем аты - Уәли хан,

Дариға-ай, кез кеткен соң шығады ойдан.

Әбілмәмбет: Қарағым, анықсың ба Әбілмансұр?

Сағынып жүруші еді сүлдерім құр.

Бір баланың қалғанын естуші едім,

Әбілмансұр екенің түрінде тұр.

Әбілмәмбет Әбілмансұрды құшақтап көріседі.

Әбілмәмбет: Жамағат, тақ иесі осы емес пе?

Өздерің көрдіңдер ғой қылған ісін.

Халайық, әкесі еді мұның хандық,

Тәңірім жаратыпты артық жан ғып.

Мен дағы қартайып ем, еріншектен,

Шүкір енді, тағыңа ие болып өзің қалдың.

Абылайды таққа отырғызады, халық үстіне шапан жауып, басына хан қалпағын кигізеді.

1-жүргізуші: Абылай 1771 жылы хан сайланады,

Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ.

Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ,

Артында ор, алдында кер, жан-жағы жау,

Дағдырған алаш енді қайда бармақ?

Қазақ елін бір арнаға бәрін жиды.

2-жүргізуші: Абылай отызға жетпей алғыр, жігерлі қайрат-қуатымен ел билігіне араласады. Абылай бірінші - ел билігі, екінші - қарулы күш болуы керектігін түсінді.

Төле би, қаз дауысты Қазбек би, Бұқар жырау, оның ақ туын ұстаушылар - қаракерей Қабанбай батыр, қанжығалы Бөгенбай батыр, шапырашты Наурызбай батыр сияқты қолбасшылары болды.

Батырлар "Абылайлап" асығыпты,

Ойына алмайды екен асылықты.

Жасап тұрған жауына қарсы шауып,

Қалмақты Алатаудан асырыпты.

2-жүргізуші: Тегеуріні темірдей, кірген жерін есік қып, шыққан жерін тесік қып жібергендей кілең әулетті, ержүрек, сайдың тасындай жігіттерді ғана таңдап алып, сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқас сала, хан Абылай халқын бірлікке, елдікке шақыра отырып, жаудан қазақ жерін азат етті.

1-жүргізуші: Көрші жатқан Қытаймен жақыңдасып, Ресеймен келісімді сақтау керектігін тапсырған, Абылайға аян беріп отырған әдеттен тыс әруаққа деген сенім қазақ халқында бұрын-сонды болмаған өжеттік дарытты. Ол 1770 жылы қырғыздарды ойсырата жеңді. Абылай хан Ташкентпен және Ходжетпен соғысып, Жизаққа дейін алумен тыңды. Ол ұзын саны 71-ге жететін ұл-қызына Орта жүз, Ұлы жүз руларын тапсырды. Өзі әулет басы ретінде өмір сүру үшін Түркістанда қалады.

Көрініс

Төрде басын ұстаған Абылай хан отыр, жанында Бұқар жырау.

Бұқар жырау: Уа, Абылай, төрт құбылаң сай, 70-ке тарта ұл-қызың бар, еліңді жаудан азат еттің, енді арманың не? Тыншитын кезің болды емес пе?

Абылай хан: Иә, иә, мені тыншытатындай не хал бар енді? Қазақтың арқасын тамға, аузын нанға жеткізгем жоқ. Елімнің бірлігін сақтар тірлікке жеткізбедім. Елімді екі бірдей айдаһардың ортасында қалдырып барамын.



Бұқар жырау: Уа Абылай, хан ием,

Асқар таудай алып ең.

Қазағым деп жанып ең,

Қазағым деп налып ең,

Өзіңді-өзің танып ең,

Намыс отын жағып ең.

Уа Абылай, хан ием,

Қорғаным ең, бағым ең..., - деп орнынан тұрьш шығып кетеді.

Абылай орнынан тұрып: Уа, халқым, бірлігіңді сақта, жеріңді сақта, елдігіңді сақта, менің айтар өсиетім осы, - деп шығып кетеді.

1-жүргізуші: Абылай 1781 жылы мамырда 80 жасында дүниеден қайтты. Одан 30 ұлы қалды.

2-жүргізуші: Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.

1-жүргізуші: Ерлерді ұмытса да елі ұмытпас. Ел жұртының ойлайтын есендігін! Ерің болса - сол ханның, осы елдігің. Қымбат емес алтын тақ, Хан ордасы Қымбат бізге, Абылай көсемдігің.

Қорытынды:

Абылай бабаның аңсаған арманына да жеттік. Еліміз тәуелсіздік алды, басқа ұлыстармен теңесіп, көк туымызды желбіреттік. Біз бабалар өсиетін, аманатын ұмытқан жоқпыз. Олардың аруағына сиына отырып, істерін алға жалғастырып келеміз. Халқымыздың осындай біртуар ұлдарының бірі, тұңғыш президентіміз - Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев. Президентіміз басқа ұлттармен достық қарым-қатынасын нығайтып, дүние жүзі қазақтарының басын қосып, құрылтай өткізді. Бұл аталар дәстүріне адалдықты, сыйластықты білдіреді.

Ерліктің, еркіндіктің туы - Абылай

Мақсаты:

Абылай хан, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр туралы, үш жүздің билері: Төле би, Қазбек би, Әйтеке би туралы әдебиеттерді оқу арқылы бабаларымыздың ерлігін бағалай біліуге тәрбиелеу, сол арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.

Тәрбие сағаты үш жүздің басын біріктіріп, халқымызды тоз - тоз болудан, елдігімізді ыдыраудан сақтап қалу үшін жанқиярлықпен күресе білген батыр бабамыз Абылай ханға арналды.Тәрбие сағатына барлық 25 оқушы қатысты. Әрқайсының өз рөлдерін жақсы сомдап шықты. Абылай ханның балалық шағынан, ер жетіп елін ,жерін қорғауға ,жоңғарлардан Қазақ елін азат етуі, көреген саясаткер хан екенін оқушыларымыз ашып көрсете білді.

Тәрбие сағатына ата-аналар да қатысып ,соңында өз ойларын ортаға салып, оқушыларға бұданда жоғарғы деңгейде қойылымдар көрсетіп, алдағы уақытта білім деңгейлерінің жоғары болуына тілектестіктерін білдірді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал