7


  • Учителю
  • Урок по истории Казахстана на тему 'ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі'.

Урок по истории Казахстана на тему 'ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі'.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тарихы: ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Жаңа тақырыпты меңгеру үшін қажетті болатын өтілген материалдарды білу, жаңа сабақ туралы білімдерін есепке алу.

  2. Оқулықпен жұмыс жасау, көрнекі құрал арқылы ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, өз бетімен тақырыпты меңгере отырып тапсырмаларда орындату.

  3. Оқушылардың білімге саналы көзқарасын дамыту және шығармашылыққа үйрету.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тақырыпты өз бетімен оқу, тапсырмалар орындау, оқушыларды ізденуге, өз бетімен ойлауға үйрету, топпен жұмыс істеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, сызба, карта, жапсырма қағаз, кескін карта, тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар.


Сабақтың барысы:

І кезең: Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Өткенді пысықтауға арналған сұрақтар «Жорға» ойыны арқылы жүргізіледі (5 минут).

1 топ сұрақтары (ауызша жауап береді):

  1. Ресей империясы Қазақстанды отарлауы қай жылы басталды? (1731 ж.)

  2. Ресейдің Қазақстанды өз қол астына алу туралы грамотаға қол қойған патшайым кім? (Анна Ивановна)

  3. Абылай ханның шын есімі кім? (Әбілмансұр)

  4. Қазақтар 1773-1775 жылдары қандай шаруалар көтерілісіне қатысты? (Е. Пугачев)

  5. Қай хан 1731 жылы Ресейдің қол астына өтуге ант берді? (Кіші жүз ханы Әбілхайыр)

2 топ сұрақтары (ауызша жауап береді):

  1. 1836-1838 жылдары кіші жүздегі шаруалар көтерілісін кімдер басқарды? (Исатай, Махамбет)

  2. Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды? (1824)

  3. К. Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылы болды? (1837-1847 ж.ж.)

  4. Верный бекінісінің негізі салынуы қай жылы басталды? (1854 ж.)

  5. 1867-1868 жылдардағы реформаның негізгі мақсаты қандай болды? (қазақ жерін билеп төстеуді енгізу)

Сызбаны кім түсіндіреді: 1867-1868 жылдардағы реформаға байланысты әкімшілік бөлу.


Генерал-губернаторлықтар

Түркістан

Орынбор

Батыс Сібір

Облыстар

Сырдария, Жетісу

Орынбор, Торғай

Ақмола, Семей


Уездерге, болыстарға, ауылға бөлінді.

ІІ кезең: Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру кезеңі (15 минут)

1 топ оқушыларына

  1. Көтеріліс болған аймақтар

  2. Көтерілістің себептері

2 топ оқушыларына

  1. Көтеріліс басшылары

  2. Көтеріліс нәтижелері


Картамен жұмыс істеу

1 топ оқушыларына: Кескін картада белгілеу

2 топ оқушыларына: Картадан тауып жапсыру


ІІІ кезең: «Теңге алу» ойыны (20 минут)

Кері байланыс: Оқушылардың алған алғашқы білімін тексеру және біліктілігі мен дағдысын тереңдетіп, дамыту кезеңі.

Деңгейлік тапсырмалар:

І - деңгей

1. 1968-1969 жылдары шаруалар көтерілісі болған аймақ:

а) Орал, Торғай б) Жетісу, Сырдария в) Сібір

2. 1870 жылы отаршылдыққа қарсы күрес болған аймақ

а) Сібір б) Орынбор в) Маңғыстау

3. Орал мен Торғайдағы көтерілістің басшыларының бірі

а) Тәжұлы б) Мұңайтпасұлы в) Байбатырұлы

4. Маңғыстаудағы көтерілістің басшыларының бірі

а) Тіленбайұлы б) Байбатырұлы в) Асауұлы

5. Орал, Торғай өлкелеріндегі көтерілістің ерекшеліктерінің бірі:

а) Шаруалар қатысуы б) Жалдамалы жұмысшылар қатысуы

в) балықшылардың қатысуы

ІІ - деңгей

  1. Қазақ даласы бойынша барлығына міндетті _____________ енгізілді.

  2. Земство салығын қосқанда _____________ көтерілген салық қазақ шаруаларын ____________________ етті.

  3. Жерді патша үкіметінің ______________ деп жариялады, оны аймақтық негізде пайдалану ғасырлар бойы __________________ болды.

  4. 1869 жылы ___________________________________ шабуыл жасады, оған __________________________ қатысты.

ІІІ - деңгей

Орал, Торғай, Маңғыстаудағы көтерілістің жеңілу себептері:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


ІҮ кезең: Сабақты бағалау кезеңі (5 минут)

Үйге тапсырма беру. Тапсырмаларды аяқтау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал