- Учителю
- Поурочный план на тему: 'Біздің Отанымыз - Қазақстан' (5 сынып)
Поурочный план на тему: 'Біздің Отанымыз - Қазақстан' (5 сынып)
Сабақтың тақырыбы: 10. Біздің Отанымыз - Қазақстан.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның табиғаты, жануарлар дүниесі, пайдалары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылық тапсырмалар орындату.
Тәрбиелік: өз отанын сүюге, оны қорғауға, сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қазақстан картасы, суреттер.
Әдісі: интербелсенді оқыту әдісі.
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тақырыпты меңгерту:
№1. Тірек - сөздермен жұмыс.
№2. Картамен жұмыс.
№3. «Кім жылдам?» ойыны.
№4. Сөзжұмбақ шешу.
ІІІ. Сабақты бекіту: Кесте толтыру.
IV. Үйге тапсырма беру.
№1. Тірек - сөздермен жұмыс.
-
Хантәңірі шыңы.
-
Алтай таулары.
-
Көкшетау.
-
Ірі өзендер.
-
Көлдер.
-
Жануарлар дүниесі.
-
Қазба байлықтар.
№2. Картамен жұмыс.
-
Қазақстандағы ең биік жер - Оңтүстік - шығыс Қазақстанда орналасқан Хантәңірі шыңы.
-
Қазақстанның өзен -көлдері
-
Жануарлар дүниесі.
-
Қазба байлықтары.
№3. «Кім жылдам?» ойыны.
-
Қазақстандағы ең биік жер - Оңтүстік - шығыс Қазақстанда орналасқан (Хантәңірі шыңы, биіктігі - 6995м)
-
Алтай тауының ең биік шыңы қанша метрге жетеді? (4506м)
-
Қалба жотасының биіктігі? (1608м)
-
Тарбағатай таулары биіктігі? (2992м)
-
Алтай тауларын қай мемлекеттер өзара бөлген? (Қытай, Ресей, Қазақстан және Моңғолия)
-
Ұсақ шоқылы таулар (Сарыарқа өңіріндегі Көкшетау, Баянаула, Қарқаралы, Ұлытау)
-
Қазақстанның табиғаты ең сұлу курортты аймағы? (Көкшетаудағы Бурабай)
-
Көкшетаудың ең биік шыңы, оның биіктігі? (Көкше, биіктігі 947 м)
-
Баянаула тауы Орталық Қазақстанның солтүстік - шығысында орналасқан. Оның ең биік жері? (Ақбет тауы, 1026м)
-
Қарағанды облысында орналасқан Қарқаралы тауларының ең биік тауы? (Қызыларай тауы, биіктігі 1565м)
№4. Сөзжұмбақ шешу. «Қазақстан»
-
Қазақстанның батысындағы өзен.
-
Қазақстанның оңтүстігіндегі өзен.
-
Шығыс Қазақстандағы көл.
-
Ең үлкен көл.
-
Мысқа бай аймақ.
-
Ақмола облысындағы өзен.
-
Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысында, Шығыс Қазақстандағы құнды металл.
-
Батыс Қазақстан өлкесінің байлығы.
-
Қазақстандағы ең биік жер.
Сабақты бекіту:
Кестені толтыру.
Тау, өзен, көлдері
Қазба байлықтары
Оңтүстік Қазақстан
Солтүстік Қазақстан
Шығыс Қазақстан
Батыс Қазақстан
Орталық Қазақстан
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.