- Учителю
- 'Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен мемлекеттер' (қайталау сабағы)
'Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен мемлекеттер' (қайталау сабағы)
Пән: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен мемлекеттер (қайталау сабағы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректер арқылы өткен тақырыптар бойынша қайталау.
Тәрбиелігі: Ежелгі тайпалардың тарихын, шаруашылығын, мәдениеті мен білімін талдай отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру.
Сабақтың түрі:Білімді жинақтау, қорыту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру, білім биржасы, сөзжұмбақ, басқатырғыш.
Көрнекіліктер:карта, компьютер (слайд), сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Класты 5 топқа бөлу.
ә) Сабақ мақсатымен таныстыру.
-
Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
-
Оқушылар білімін тексеру.
-
Топтарға әр түрлі тапсырмалар беру.
-
Қорытындылау.
-
Бағалау.
Класты 5 топқа бөлу:
1-топ - «Сақтар»
2-топ - «Үйсіндер»
3-топ - «Қаңлылар»
4-топ - «Ғұндар»
5-топ - «Сарматтар»
1-тапсырма - Әр топтың капитаны өз топтарының атауына байланысты мәлімет береді.
2-тапсырма - «Білім биржасы» ойыны (топ бойынша жұмыс)
Топ мүшелері кезекпен, берілген тапсырмаларға жауап беру арқылы акция жинайды.
1 деңгейлік тапсырма - қызыл акция -20 ұпай
2 деңгейлік тапсырма - көк акция - 10 ұпай
3 деңгейлік тапсырма - жасыл акция - 5 ұпай
1 деңгейлік тапсырма сұрақтары (қызыл акция - 20)
-
Грек тарихшысы Геродот сақтарды қалай атады? (массагет)
-
Үйсін атауы қытай жазбаларында нешінші ғасырдан бастап кездеседі? (б.з.б. 2 ғасыр)
-
Қаңлылар жерді немен өңдеді? (тас және металл кетпендер)
-
Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекеті нешеге бөлінді және қалай аталады? (Екіге, солтүстік және оңтүстік)
-
Б.з.б. 8 ғасырда сарматтарды қалай атады? (савромат)
-
Иран жазбаларында сақтарды қалай деп атаған? (жүйрік атты турлар)
2 деңгейлік тапсырма сұрақтары (көк акция - 10)
-
Сақ қоғамы неше топтан тұрады және қалай аталады? (абыздар, жауынгерлер, малшылар ман егіншілер)
-
Үйсіндердің астанасы? (Қызыл Аңғар)
-
Қаңлылардың астанасы? (Битянь)
-
Нешінші ғамырдың аяғында Цинь патшалығы Ұлы Қытай қорғанын салды? (Б.з.б.3 ғасырдың аяғы)
-
Сарматтар қандай ыдыстарды өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған? (шыны ыдыстар)
-
Каталаун шайқасы қай жылы болды? (451 жылы)
3 деңгейлік тапсырма сұрақтары (жасыл акция - 10)
-
Ғұндардың билеушісін қалай деп атайды? (шаньюй)
-
Үйсіндердің билеушісін қалай деп атайды? (гуньмо)
-
Сақтар неше топқа бөлінеді және қалай аталады? (3)
-
Қаңлы елін кім басқарды? (хан)
-
Ғұндардың зергерлері қандай стильді пайдаланды? (полихромдық)
-
«Алтын адам» қай қорғаннан табылды? (Есік қорғаны)
3-тапсырма - Әр топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі.
1-топ «Сақтар» - пантамимо
2-топ «Үйсіндер» - топтастыру «Үйсіндер»
3-топ «Қаңлылар» - жұлдызды сәт (сұрақ-жауап)
4-топ «Ғұндар» -пантамимо
5-топ «Сарматтар» -сөзжұмбақ
3-топ «Қаңлылар» - жұлдызды сәт (сұрақ-жауап)
-
Қаңлылар сауда байланысын қандай елдермен жасаған? (Сирия, Индия, Қытай, Иран, Балтық бойымен)
-
Қаңлылардың астанасы? (Битянь)
-
Қазақстан аумағынан қаңлылардың қанша теңгесі табылды? (1300 теңге)
-
Үйсіндер қысқы үйлерін неден тұрғызған? (шикі кірпіштен және тақтатастан)
-
Сақ қоғамында ақ түсті киімді кімдер киген? (абыздар)
-
«Аң стилі» қай ғасырда пайда болды? (б.з.б. 7 ғасыр)
-
Еділ (Аттила) туралы қай таихшы жазды? (Прииск)
5-топ «Сарматтар» -сөзжұмбақ
-
Батыс Қазақстан аумағын б.з.б. 8ғ. мен б.з. 5 ғ.-да қандай тайпа мекендеген? (сармат)
-
Сақтардың А.Македонскийге қарсы күресі туралы жазған тарихшы? (Арриан)
-
Тарих атасы (Геродот)
-
Қаңлы елін кім басқарды? (хан)
-
Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін кім басқарды? (Томирис)
-
Сарматтар туралы жазған тарихшы кім? (Диодор)
-
С
А
Р
Р
И
А
Н
Г
Е
Р
О
Д
О
Т
М
Х
А
Н
Д
Т
О
М
И
Р
И
С
О
Д
О
Р
4-тапсырма-Бас қатырғыш (Анаграмма)
КРИ-КИР ТАСИПНЕМ-СПИТАМЕН
ТИАТАЛ-АТТИЛА РОГОЕТД-ГЕРОДОТ
МОРИТСИ-ТОМИРИС КЕІС-ЕСІК
НЬУМОГ-ГУНЬМО АОХАМ-ХАОМА
МТАСРА-САРМАТ ТЬЯБИН-БИТЬЯН
ЫҚАЛҢ-ҚАҢЛЫ РШЫҚА-ШЫРАҚ
5-тапсырма - «Түймедақ» атты сұрақ-жауап тапсырмасы
-
«Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді» деп «тарих атасы» Геродот жазған. (сақтар)
-
Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» деп бейнеленеді. (үйсіндер)
-
Өзен бойларында жүргізілген қазба жұмыстары олардың көшпелі ғана емес, егінші болғанын да дәлелдейді. Ғалымдар бұл ескерткіштерді Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттеріне жатқызады. Бұл қай тайпаның мәдениеттері? (қаңлылар)
-
Марцеллин олардың жауынгерлігін ерекше атаған: «Ертелі-кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса, кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді. Олар өздеріне төніп тұрған патшаның қатал әмірін сезбейді, ал егер тайпа ақсақалдарының біреуі басшылық жасаса, жолында кездескеннің бәрін дайпап өтеді» деп қай тайпа туралы айтқан ? (ғұндар)
-
Қоғамынжа әскери демократия ерлерге де, әйелдерге де бірдей қатысты болды. Әйелдердің қоғамдағы рөлі, орны басқа көшпелі тайпалрға қарағанда жоғары тұрады. Қай тайпа туралы осы мәлімет айтылған? (сармат)
Қорытындылау.
Бағалау.