- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Жиреншенің хан сынағына түскені
Сабақтың тақырыбы: Жиреншенің хан сынағына түскені
Күні: 17.11.2015
Сынып: 5 «а» , «ә»
Сабақтың тақырыбы: Жиреншенің хан сынағына түскені
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды Жиренше шешен туралы аңыздаздармен таныстыру, түсінік беру,
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Аңыз - әңгімелер жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу туралы әңгімелеу.
«Ыстық орындық» әдісі
ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап
-
Жиренше неге үйленбей көп жүреді?
-
Жиренше жолаушыға не дейді?
-
Жиреншеге кезіккен қандай қыз еді?
-
Жиренше қызға неге ғашық болып қалады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Мазмұндау жоспары:
1.Ханның Жиреншені шақыртып, 40 сиыр беріп ішек-қарнын тірідей тазалап әкелуге тапсырма беруі;
2.Жиреншеге әйелі Қарашаштың 40 сиырдың ішек-қарнын қалай тазалауға болатынын айтуы;
3.Ханның Жиреншеге жолмен де жүрмесін , жолсызбен де жүрмесін деп үйіне шақыртуы;
4.Ханның үйіне Жирншенің ит пен ешкіні қосақтап алып баруы;
5.Ханның Жиреншеге 80 еркек қой (қошқар) беруі;
6. Жиренше мен Қарашаштың ақылдасып, ханға жауабын соңында Қарашаштың өзі беруі
ІV. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
-
Хан Жиреншеге қырық сиыр беріп қалай сынады?
-
Хан Жиреншеге: «Біздікіне келгенде жолмен де жүрмесін, жолсызбен де жүрмесін» - деген сөзіне қалай жауап берді?
-
Хан Жиреншеге сексен еркек қой беріп : «Көктемде қой қоздағанда осы қойларды қоздатып кел» - деген сөзіне қандай айла тапты?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
-
Мәтіннен қазақ халқының ақыл иесі әйелдерді қадірлейтінін аңғарыңдар.
-
Ханның аталы сөзден жеңілгендігін мойындаған жерін тауып оқыңдар
-
Аңыздан қандай тәлімдік өнеге алуға болады?
Топтастыру:
V.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
VІ.Үй тапсырмасын беру.
-
Жиреншенің хан сынағына түскені туралы аңызды әңгімелеу.