7


  • Учителю
  • Сан есім. Ұранымыз: «Білекті бірді жығар,

Сан есім. Ұранымыз: «Білекті бірді жығар,

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Сан есім.

Ұранымыз: «Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар»

Мақсаты: а) Сан есім туралы түсінік беру, дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге үйрету; сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу;

ә) Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;

б) Өмір құбылыстарын танып білуге, ұлттық өнегені бойына сіңіріп, туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру



Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, баяндау, талдау, т.б.



Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру : 1.Сыныптың сабаққа қатысы.

2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтармен қорытындылау).

1.Сөз табы дегеніміз не? Қанша түрі бар?



2.Зат есім дегеніміз не?Мағыналық түрлері қанша?



3.Сын есім дегеніміз не?



4.Сын есімнің құрамдық түрлері қанша?



5.Мағыналық түрлері қанша?

ІІ. Жаңа сабақ : Сан есім.

1 «Жаңа сабақтың құпиясы» (жаңа сабақты меңгерту)

- Балалар, бүгін қарашаның нешінші жұлдызы?

- Сендер неше жастасыңдар?

- Нешінші сыныпта оқисыңдар?

- Сыныпта қанша оқушы бар?

(14,11,6,17.)

Бұл сандар заттардың қандай мағыналық белгілерін анықтап тұр?

(ретін,мөлшерін,санын)

Бұл сандар зат есімдермен тіркесіп сан есім болып табылады.

(Кесте бойынша сабақ түсіндіру.)

Құрамына қарай дара

(бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім) бес, елу, сегізінші күрделі (екі не одан көп түбірлердің тіркесуі не қосарлануынан жасалған сан есім ) елу бес, үш-төрт



Сан есім. Ұранымыз: «Білекті бірді жығар,





қарай



Құрылысына



қарай

Дара

Күрделі

Негізгі

Туынды

Бір, мың, миллион, жүз,бірінші

Мың-мыңдап, бір мың

Он, бес, жүз, тоғыз

Алт(ы)-ау, сексен(сегіз он), он-оннан





Мағыналық түрлері

Мысал

Мағынасы



Есептік сан есім

Бір сағат өтті

Уақыт мөлшері. (Нақты санды білдіреді)



Реттік сан есім

Екінші үйде тұрады

Заттың реттік саны. (Санаулы ретін білдіреді)



Жинақтық сан есім

Бесеуі жолға шықты

Заттық ұғым. (Жинақ санын білдіреді)



Болжалдық сан есім

Жетпістей адам келді

Заттың (адамдардың) мөлшері. (Дәл емес, шамалап, мөлшерлеп көрсетеді)





Топтау сан есім

Бес - алтыдан бөлінді

Заттың топталуы. Топтап көрсетеді)







Бөлшектік сан есім

Екінің бірі ән айтады

Заттық ұғымды білдіреді. (бөлшек ұғымын білдіреді)











а) Оқулықпен жұмыс:

126-жаттығу. Мәтіннен сан есімдерді табыңдар да, оларды мағынасына қарай талдаңдар.



Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі- надандық, екінші -еріншектік, үшінші- залымдық деп білесің.

Надандық- білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды...

Еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.

Залымдық- адам баласының дұшпаны. Адам адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылады.

ә) «Ең жақсы ойыншы»

-Балалар,ауыз әдебиеті дегеніміз не? Қандай түрлерін білеміз?

(-Мақал-мәтелдер,жұмбақтар,батырлар жыры, ертегілер,т.б)

-Ендеше,ауыз әдебиетіміздің бай мұралары мақал-мәтелдерде,жаңылтпаштарда және жұмбақтарда да сан есімдер бар екен.

Мысалы:Бүгінгі біздің сабағымыздың ұраны:

1) Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар,тағы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

2) Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені

3) Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер.

4) Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

5) Жеті атасын білмеген жетесіз.

-Келесі жұмбақтарға кезекті берейік.Мен сіздерге бірнеше жұмбақтар оқимын,сіздер шешуін тауып,сан есімдерді анықтаңдар.

Жұмбақтар:

1)Қос қазық,екі желі,сегіз ноқта,

Сөйлейді шежіредей адам соқса. (домбыра)



2)Көлемді,үлкен,алып аузын ашып,

Жүреді он екі аяқ қадам басып.

Әр бірінде отыздан бармағы бар,

Құтылмас ешбір адам одан қашып. (жыл,он екі ай)

3)Екі тышқан бірлесіп кесіп-пішіп береді,

Екеуі бірге жүрмесе, жоқ қой бізге керегі. (қайшы)

4)Таңертең төрт аяқты,

Түсте екі аяқты.

Кешке үш аяқты. (адамның сәбилік,жастық,кәрілік шағы)

5)Он көзі бар өзінде,

Он саны бар көзінде.

Көзіне саусақ саласың,

Жырақтан хабар аласың. (телефон)

-Ендігі кезекті жаңылпаштарға берейік, мен айтқан жаңылтпаштарды қайталап айтып,сөз ішіндегі сан есімдерді табыңдар.

1)Үш кіші ішік піштім,

Бес үлкен ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім? (3 кіші ішік піштім)

2)Оралдан оралған олардан

Омаржан оң көріп,

Он бөрік,тор беріп,тон алған.

3)Қырық құлып,

Қырық құрық..

Құрық та қырық,

Құлып та қырық.





ІІ деңгей. Мәтінмен

Артық болмас білгенің....

1) Ай-жердің серігі. Ай жер шарынан көп кіші: диаметрі жағынан 4есе дерлік, көлемі жағынан 49 есе кіші. Ай бетінде ыстық күндіз 130 градусқа жетеді. Оның есесіне түнде минус 170 градус аяз болады.



2)Адам организмінде 300 грамдай тұз бар.Ол тұздың қоры термен т.б. шығарылып, тағам құрамындағы тұзбен толықтырылып отырады.

Адамға тәулігіне 10-15 грамдай ғана тұз керек. Одан артық пайдалану зиян. Артық тұз гипертония ауруын қоздырады.



Тапсырма: Осы мәтін ішіндегі сан есімдерді теріп жазып, дара сан есімдер мен күрделі сан есімдерді анықта.



2) "Білім мен дәстүр" сыны ойыны

Осы сандарға байланысты халқымыз қазақ ұғымында 1,3,5,7,9,40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп, киелі деп есептеген. Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды.

1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата (7,9)

3. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)

4. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)

5. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)

6. Ер қаруы бес қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта)

7. Қонақтың төрт түрі (арнайы, қыдырма, құдайы, қылғыма)

8. Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)

9. Бес арыс (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)

10. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады? (тоғызқұмалақ, алтыбақан)



«Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ» дегендей, бұл сабақта Абай атамызды айтпай кетуге болмайды. Абай атамыздың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші, біздің күнделікті тұрмысымызда, той- думандарда айтылып жүрген өлең тақырыптарының кейбірі санмен аталады.

Мысалы, қандай әндерді білесіңдер? (Бір бала, Жиырма бес, Екі жирен, Бір келіншек, Он алты қыз, Сегіз аяқ)

III деңгей-эвристикалық

1-деңгей -суретпен жұмыс.Суретке қарап сан есімдерді қатыстырып, бір-екі сөйлем жазыңдар.

127- жаттығу. Жұмбақтың шешуіне мән беріп (жүген, ауыздық, тізгін мен шылбыр) мәтіндегі сан есімдердің мағынасын анықтаңдар.

Бір нәрсе бес буынды, тиегі бар,

Темірден салбыраған иегі бар,

Болғанда бірі қолда, бірі белде,

Адамға әрқашанда керегі бар.

/Жүген/.

Қорытындылау

Нені білдік? Неге үйрендік?

Біз кімбіз?



Сан есім. Ұранымыз: «Білекті бірді жығар,Сан есім. Ұранымыз: «Білекті бірді жығар,Сан есім. Ұранымыз: «Білекті бірді жығар,Сан есім. Ұранымыз: «Білекті бірді жығар,

Кеше Бүгін Ертең

3-4 жасар 6-сынып ХХІ ғасырдың

біз балдырған оқушысы болашақ

баламыз білім қуған барыстарымыз

өренбіз



Сабақтың аяқталу барысы:

1.Үйге тапсырма:128-жаттығу, ереже жаттау.

2.Бағалау.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал