7


  • Учителю
  • Танымдық сайыс 'Тілім- байлығым'

Танымдық сайыс 'Тілім- байлығым'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

« Тілім- байлығым» танымдық сайыс

Сыныптан тыс іс -шараның мақсаты: оқушыларды Отан сүюге, тілін, тарихын, салт-дәстүрін білуге,бай сөздік қорын меңгеруге баулу.

Көрнекілігі: тіл туралы мақал-мәтелдер,ақын-жазушылардың нақыл сөздері,кітап көрмесі,» 777 жұмбақ» кітабы.

Сайыстың барысы:

Құрметті оқушылар,ұстаздар,қадірлі қонақтар .Тіл апталығы өтуде! Осы шараға байланысты істеріңе сәттілік тілей отырып, сіздерді «Тілім- байлығым » атты сайысқа шақырамыз.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Жарлығы бойынша 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.Қазақстан көп ұлтты мемлекет ,131 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде .

Біз сайысымызды бастаймыз.

1. Тапсырма . Жұмбақ шешу.

Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды.( күн-солнце)

Аяғы бар , басы бар

Арқалаған тасы бар.(тасбақа-черепаха)

Қалың киімді ұнатады

Шешіндірсен ,жылатады.(пияз-лук)

Бұдан кір қорқады,

Бұл судан қорқады.(сабын-мыло)

Өзіңше ноян,

Қорқақ кім?(қоян-заяц)

Сылдыр қағып,

Таудан құлап

Жатыр ағып

Мөлдір ...(бұлақ-ручей)

Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп,қамалып жатыр.(тіс-зубы)

Суда өседі, өнеді

2. Сөз жұмбақ шешу: Суреттер, әріптер беріледі.

Кітап Білім


3. Фразеологизмдердің баламасын табу.

.Бармағынан бал тамған-одаренный, талантливый.

Өзінің бес саусағындай-знать хорошо.

Төбе шашы тік тұрды-испугаться.

Аузы -аузына жұқпау-говорить быстро.

Оның ертені таусылмайды- ленивый.

Қара бет-бессовестный

Тас бауыр-жестокий

Тас жүрек-бесжалостный

Қара жүрек-бессердечный

Мұрның көкке көтеру-возгордиться

Кірпік қаққанша-быстро.

Өкшесін жалтыратты - убежал.

Көзге шыққан сүйелдей-как бельмо на глазу

5. Омонимдерді атандар.

1) Бірі- ағаш кесу құралы,

Бірі- шырынды бал бұлағы.( ара)

2) Санасаң

Бір үйде төртеуі бар.

Қаласаң

Ауызды өртейтін нәр.(бұрыш)

3) Кейде даланың түгімін,

Кейде түстің де бірімін.(көк)

4) Ас пісірсең, әрине,

Табыламын әр үйден.

Немесе,

Ата жұрты татардың

Ежелгі бір шаһармын. ( қазан)

5) Біресе белгілі аурумын балалардың

Біресе,

Қант берер өсімдік те

Бола аламын.( қызылша)

6. Мақал-мәтелдердің айтып, баламасын табу.

1) Өзің өзі білген ер бақытты,

Өзің өзі білген ел бақытты.

(Счастлив жигит знающий себе цену,

Счастлив народ -суверенный )

2) Отанды сүю отбасынан басталады.

(Любовь к Родине зарождается у семейного очага)

3) Отан - елдің анасы,

Ел - ердің анасы.

(Родина-мать народу,

Народ - мать жигиту)

4) Байлық-байлық емес, бірлік байлық.

(Достаток не богатство,

Единство- вот настоящее богатство)

7.Жаңылтпаш айту.

1) Моншақты тақты оншақты,

Оншақты болды моншақты.

2) Таң атты ма,

Таң атпады ма?

Таң атпаса

Оятпа Таңатты да.

3) Жапалақтап қаптап қар жауды,

Алқапты аппақ қар жапты.

4)Қаңбақ- тоңғақ!

Тоңғақ-қаңбақ.

Ұшты иық қомдап.

8. Ұлттық ойындар туралы айту.

Көкпар , Бәйге, Күрес, Қыз қуу, Бүркіт салу,Алтыбақан.

9. Әзіл өлеңдегі сөздерді табу.

(У нас ) ) ( сколько) күшік бар?

(У меня) де бар бір мысық.

(У тебя) де бар бір мысық,

(У меня) де бар көк күшік,

(У тебя) мүлде жоқ күшік.

(У меня) : (сколько) мысық бар ?

(У нас ) : (сколько) күшік бар?

Шешуін тез таба алсаң.

(Ты) (моего) күшігімді ал!

Қатасқан оқушылардың ұпайларын санап, марапаттау.


, , ,,,,

,1000 ,,, 1,,


,,, 8,,, , ,


, , ,,8,



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал