7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему 'Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар'

Открытый урок на тему 'Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

пән мұғалімі

Г.С.Титов атындағы №20 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Сахова Ажар Байдосқызы

пәні

Қазақ тілі

сыныбы

9

өтетін күні

24.11.2014

сабақтың тақырыбы

Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар

сабақтың мақсаты

оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту; әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуын түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;

күтілетін нәтиже

Құрмалас сөйлемді меңгеріп, музыкалық аспаптармен танысады.

бұрын меңгерілген білім

Киіз үйдің ішкі құрылысы

сабақтың ресурстары

Кесте, тірек-сызба, кеспе қағаздар, интерактивті тақта, стикерлер, постерлер


кезең

уақыт

сабақтың барысы

мұғалімнің іс-әрекеті

оқушының іс-әрекеті

кіріспе

10

Психологиялық дайындық жасау, «Шаттық шеңбері» тренинг, тілек айту

Үй тапсырмасын сұрау. 6-тапсырма. Берілген қатардағы артық сөздерді тап

Оқушылар бір-біріне тілек айтады

негізгі

25

Сыныптағы оқушыларды киіз үй мен домбыраның суреттері негізінде 2 топқа бөлінеді.

Жаңа сабақты меңгерту. «Ой шақыру».

Айгүл Үлкенбаеваның орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдау, видео тамашалау.

Сұрақтар:

  • Күйді кімдер тартады?

  • Күйді қандай аспапта орындайды?

  • Қандай күйшілерді білесіңдер?

  • Қандай ұлттық музыкалық аспаптарды білесіңдер?

Бүгінгі сабағымызда «Қазақтың музыкалық аспаптары» жайлы мағлұмат аламыз.
Сіздерге шағын мәтін беріледі. Сол мәтінді түсініп оқып, аударма жұмысын жасап, мазмұндап, мәтінге тақырып қоясыздар. Сөздікпен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдерді аудармасымен сәйкестендір.

Домбыра.

Ұлттың ұлы мұрасының бірі ғалымдар қазақ жерінде сақталған жеті қазынасының біріне есептепті. Дұрыс шешім деп бас иіп қосыламыз.
Қазақтың музыкалық аспаптар ( домбыра, адырна, жетіген, шертер), ыспалы аспаптар ( қобыз, қылқобыз, нарқобыз, сазген), үрмелі аспаптар (сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз), ұрмалы-сілкімелі аспаптар ( дабыл, даңғыра, дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ, т.б.) деп топтауға болады

Ученые считали что семь сокровищ является великим наследием, которое сохранилось на казахской земле. Мы считаем что это правильное решение. Казахские музыкальные инструменты ( домбра, адырна, жетіген, шертер) можно разделить на группы, смычковые инструменты ( қобыз, қылқобыз, нарқобыз, сазген), духовые инструменты

( сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз), ударные

( дабыл, даңғыра, дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ) и др.

Домбыра - қазақ халқының ұлттық болмысын, жан дүниесінің тылсым сырларын сыртқы дүниеге паш еткен таңғажайып аспап.
Домбыраның пайда болуын археолог ғалымдар тасқа салынған суреттердің ішінде домбыраның бедері кездескеніне қарап, неолит дәуіріне ( б.з.д 4000 мыңжылдық) жатқызады.
Домбыра тым ерте пайда болып, уақыт озған сайын түрленіп, дамып отырған екі шекті, 9-16 пернелі болып келетін жұмсақ қоңыр үнімен ерекшеленетін, әр қазақтың үйінің төрінде тұрған аспап.

Домбра- это инструмент, который прославил национальное естество и внутренний мир казахского народа. Ученые археологи относят историю появления домбры по каменным рисункам, которые были в эпохе неолита ( 4000 тысячелетие до н.э.) С ранним появлением домбра со временем усовершенствовалась, и сейчас двухструнная, 9-16 перне которая висит на почетном месте в каждом казахском доме, отличается своим мягким звуком

Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындаймыз.

ІІІ деңгей.

  1. Домбыраның құрылысына қатысты сөздермен танысып, 2 сөзді септе.

  2. Септелген сөздерді қатыстырып сөйлем құра

ІІ деңгей.

Тірек сызбаға сүйеніп диалог құрау

І деңгей.

«5 қатарлы өлең» әдісімен домбыра, күй сөздерін сипаттау

Не? __________________________
Қандай? _________________________
Не істейді? ____________________________
Синоним (ұқсас сөз) (1 қатарға) сөз, сөз тіркестерін жазу.
Жалпы ойды қорытатын бір сөйлем жазу _______________________.

2- тапсырма. Нақыл сөздерді оқып, септік жалғауын тап, сөз құрамына қарай талдау жасау.

А) Қолдан жасалған қос ішекті домбырадан мұндай нәзік, мұндай әсем дыбыстар шығады дегенге еш уақытта сенбеген болар едім. (А.Е.Алекторов)
Б) Домбыра деген қазақтың қасиетті дүниесі. Өздерің тарта алмасаңдар да, қадірлей біліңдер. Баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру осындайдан басталады. (Б.Момышұлы)

3-тапсырма. Тірек сызбаға сүйеніп тек берілген сөз таптарымен сипаттау


Тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларға асық беріледі.

Сұрақтарға жауап береді

Аудармаларды сәйкестендіріп жабыстырады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындайды


Сөйлемдерден септік жалғауларын анықтайды.


Сөз құрамына қарай талдайды.

қорытынды

10

Бүгінгі сабағымызда қазақтың музыкалық аспаптары туралы және септік жалғауларын өттік. Сіздер мына плакатқа схема түрінде ме, сурет саласыздар ма, өлең шумақтарын жазасыздар ма
ол өз еріктеріңізде.Өтілген тақырыпты, жұмыстарыңызды тұжырымдауларыңыз қажет.

Қай ұлттың болмасын өзінің ұлттық аспабы болады. Музыкалық аспап белгілі бір ұлттың музыкалық өнерін насихаттаушы құралы.Қазақ халқының музыкалық аспаптары сан алуан.Ерте заманда өмір сүрген ата-бабаларымыз аспапты ойлап тауып, қолдан жасап ойнай білген. Әр аспап өзіндік дыбыс шығару ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

Оқушыларды бағалау. Жинаған асықтарының негізінде жекелеген оқушыларды, топты бағалау.

Үйге тапсырма: 5-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп оқып, жалғау түрлерін анықтаңдар.

Екі топқа постер жасату


Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

рефлексия


Бүгінгі сабақтан не білдім, не ұнады, не ұнамады, қосарың бар ма? Смаиликтерден таңдау.

Титов атындағы № 20 мектеп-гимназия


Тақырыбы: «Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар»

Сыныбы: 9 Г

Мұғалім: Сахова А.Б.

2015-2016 оқу жылы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал