7


  • Учителю
  • Интеллектуалдық сайыс 'XXI ғасыр көшбасшысы' 8 сынып

Интеллектуалдық сайыс 'XXI ғасыр көшбасшысы' 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: XXI ғасыр көшбасшысы: Ұлтым-басқа, тілім -қазақСабақтың барысы 1. Ұйымдастыру: сәлемдесу, сабақтың мақсатын ашу, шарттарымен таныстыру, әділ қазылар алқасын сайлау. 2. Жарыс ұйымдастыру 3. Жеңімпазды анықтап, құттықтау Мұғалімнің кіріспе сөзі: құрметті әріптестер, оқушылар,
предварительный просмотр материала

Өтес орта мектебі ММ


XXI ғасыр көшбасшысы

«Ұлтым - басқа, тілім - қазақ»




Дайындаған: Ізтілеу С.





2014 ж.


XXI ғасыр көшбасшысы: Ұлтым-басқа, тілім -қазақ


Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру: сәлемдесу, сабақтың мақсатын ашу, шарттарымен таныстыру, әділ қазылар алқасын сайлау.
2. Жарыс ұйымдастыру
3. Жеңімпазды анықтап, құттықтау
Мұғалімнің кіріспе сөзі: құрметті әріптестер, оқушылар, тіл мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған XXI - ғасыр көшбасшысы «Ұлтым - басқа, тілім - қазақ» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Енді бүгінгі ойынымызға қатысатын 8 - сынып оқушыларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1-ші қатысушы - Алданазар Еркін

2-ші қатысушы - Жақаев Ақжол

3-ші қатысушы - Қуатқалиева Ақтілек

4-ші қатысушы - Жақсыбай Ақтолқын

5-ші қатысушы - Жұмабаев Жансейт

6-шы қатысушы - Есқуатова Нұрсулу

7-ші қатысушы - Егінбек Дәнекер

8-ші қатысушы - Медетова Марта

9-шы қатысушы - Көмекбай Әсел

10-шы қатысушы - Жәнібекұлы Бекмырза

- Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру - ҚР азаматының парызы.

Бүгінгі интеллектуалды ойын бес кезеңнен тұрады:

1 - кезең. « Бәйге». Ауызша сұрақтарға жауап беру.

2 - кезең. «Қызықты жетілік». 9 ұяшықтан таңдап алынған сұрақтарға жауап беру.

3 - кезең. «Полиглот» сұрақтарға 3 тілде жауап беру

4 - кезең. «Сен білесің бе?» Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері көрсетіледі атын, қай қалада орналасқанын тауып айту керек және қазақтың патриоттық әндер минусовкасы беріледі, қандай ән екенн табу

5 - кезең. « Жорға»

1-кезең Бәйге. Ауызша сұрақтарға жауап беру. Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай

Сұрақтар:

1.Дүниедегі ең үлкен арал ( Гренландия)

2.Қиылыспайтын екі түзу (параллель)

Жүз жасаған ақын? Жамбыл

4.Патша әйел Томирис қай тайпадан шыққан?(сақ)

5.Қазақстанның қай қаланың жанында ядролық полигон орналасқан? (Семей)

6.Қазақстанның эмблемасындағы қай жануар Қызыл кітапқа енгізілген? (барыс)

Халықтра қалай дұрыс айтылған?

А) Кім өзінің 5 атасын білмеген надан.

Б) Кім өзінің 6 атасын білмеген надан.

В) Кім өзінің 7 атасын білмеген надан.

Қазақтың батыр қыздары. Маметова, Молдағұлова
9.Ақшадай және заттай құрбандық (садақа)

10. Көмір өндірілетін жер. Қарағанды

11.Қасиетті рухани тілек. (Бата)

12.Қазақстанның жаңа әнұраны ресми түрде қашан қабылданды? (10.01.06)

13. Әбілхан Қастеев- кім? Суретші
14. Қазақ хандығы қашан пайда болған? (1465ж.)

15. Ұлы жүздің биі. Төле би

16. Сәулет құрылысы, биіктігі астанамыздың Алматыдан Астанаға көшкен жылына сай (Бәйтерек)

17.Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)

18.Қыс мезгілінің екінші айы (қаңтар)

19.Абайдың шын аты (Ибраһим)

20.Шығыстың Аристотелі кім (Әбу Насыр әл-Фараби)

2 - кезең « Қызықты жетілік». Шарты: 9 ұяшықтан таңдап алған
сұрақтарға жауап беру.
Ғылым 10 20 30
Тұлға 10 20 30
Спорт 10 20 30
"Ғылым"
10. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика )
20. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы. (археология )
30. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина )
"Тұлға"
10. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР - ның Халық Қаһарманы (Т. О. Әубәкіров )
20. Еліміздегі жетім балаларды қорғау үшін құрылған «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті (С. А. Назарбаева)
30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, (Қ. И. Сәтбаев )
«Спорт»
10. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев )
20. Азиада - 2011дің нышаны ретінде қандай жануардың бейнесі таңдалды? ( ілбіс)
30. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді? (Бес дүркін чемпион).

3- кезең - «Полиглот»
«Жеті тілді білсең, бар әлемді билейсің» деп бекер айтылмаған болар.
Осы кезеңде, сіздердің назарларыңызға мақал-мәтелдер беріледі. Керекті сөздің орнын тауып, үш тілде аудармасын табу керек.
Кім жылдам, әрі тез болса сол оқушы табысты болады.
1.Гүл өссе - жердің көркі,
. . . өссе - елдің көркі (қыз-девушка- a girl )
2. Ел іші - алтын ... (бесік - колыбель -cradle )
3. Білімді өлсе,
Қағазда ... қалар (есімі- имя -name)
4. .... - үлкен мектеп (Өмір - жизнь- life)
5.... - алтын қазына ( тіл - язык- language)
6.... - отбасынан басталады (отан - родина-country)
7. ... - ақылдың көркі (Білім - знание -knowledge)
8. ... - білім бұлағы (оқу - учеба-study)
9. ... - ғылым - тілсіз мұғалім ( кітап - книга-book)
10.... алды - қызық тіл (өнер - искусство- art)
- Қорытынды жасаймыз.

4 - кезең. «Сен білесің бе?» Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері көрсетіледі атын және қай қалада орналасқанын тауып айту керек. 10ұпай.
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.
Келесі кезекте ұпай сандары аз 2 оқушыны ойыннан шығарып саламыз.


5-кезең «Жорға»

Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып

Ең үздік деп аталған екі оқушымызға қол шапалақтап, демеу берейік!
Алдымен, ұпай аз оқушыдан бастап, сұрақтар қойылады.

Ойынның шарты: екі ойыншымызға да 15 сұрақтан беріледі. 1минут ішінде неғұрлым көп сұраққа жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.
1 - Ойыншыға сұрақ.
1. Сиырдың пірі( Зеңгі баба)
2. Жылдан құр қалған жануар( түйе)
3. Бір заттың өлшемін кішірейтетін не?( масштаб)
4. ҚР - ң мемлекеттік тілі( қазақ тілі)
5. Басты байлық ( денсаулық)
6. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды адам( Президент)
7. Қара алтын( мұнай)
8. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келген ән
( «Елім - ай»)
9. 12 ай( жыл)
10. « Кел балалар оқылық!» өлеңінің авторы( Ы. Алтынсарин)
11. Алтын киімді адам қай жерден табылды? ( Есік обасынан 1969ж)
12. Абайдың әжесі ( Зере)
13. 2008 жылы жазғы олимпиада өткен қала( Қытай)
14. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? ( Керей, Жәнібек)
15. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі( карта)
2 - ойыншыға сұрақ.
1. Түйенің пірі ( Ойсыл қара)
2. Жыл басы ( тышқан)
3. Жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты ( топырақ)
4. ҚР - ң ұлтаралық тілі ( орыс тілі)
5. Үкіметті кім басқарады? ( Премьер - министр)
6. Ақ алтын ( мақта)
7. Жеті күн( апта)
8. Шоқанның әжесі ( Айғаным)
9. Елбасы Н. Ә. Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккен
шың. ( Талғар шыңы)
10. 30 - тамыз қандай мереке ( Конституция күні)
11. Айтыскер адам ( ақын)
12. 16 - желтоқсан қандай күн ( Тәуелсіздік күні)
13. Баланы тәй - тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең ( тұсаукесер)
14. Менің атым Қожа повесінің авторы ( Б. Соқпақбаев)
15. Қазақстанның « Швейцариясы» аталатын қала ( Көкшетау)

Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Әділ жауабын беріңіздер!
Жеңімпазды анықтап, марапаттау.
Бүгінгі көріп тамашалаған интеллекуалды шоу «ХХІ- ғасыр көшбасшысы» ойыны мәресіне жетті.
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысым шексіз






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал